Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы"

Ашық сабақ "Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы"

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі:

________


Пәні: химия

Күні: 4.04


Сабақтың тақырыбы:

Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы, қаныққан көмірсутектер. Метан.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі:

Лекция

Сабақтың мақсаты:



Білімділік:

Оқушыларға алкандардың алынуын, физикалық, химиялық қасиеттерін және таралуын меңгерте отырып, химиялық реакция теңдеулерін сауатты жазуға

дағдыландыру.

Тәрбиелік:


Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу. Тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Дамытушылық:


Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру. Белсенділіктерін арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту.

Күтілетін нәтижелер:

Білуі керек:


  • көмірсутектердің құрылысын

  • номенклатурасын, халыраралық атау бойынша айта алуы

  • гомологтық қатарын білуі

Істей алуы керек:

  • көмірсутектердің құрылымдық формулаларын жаза алуды

  • Изомерлер бойынша формула құрастыра алуы

  • Оларды ажырата алуы

  • Номенклатура бойынша химиялық формулалар құрастыра алуы

Пәнаралық байланыс:

Биология, физика


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

3 минут

  1. Мұғалімнің іс-әрекеті



    Психологиялық дайындық. Біз мықтымыз. Біз бәрін білеміз. Біздің қолымыздан бәрі келеді.

Оқушының іс-әрекеті



Оқушылар сәлемдесіп, орындарынан тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді.

II. Үй тапсырмасын сұрау

5 минут

Білу.

1. «Даналық ағашы» іскерлік ойыны.



«Даналық ағашы» іскерлік ойынының сұрақтары:

1.Алкандарды басқаша қалай атауға болады ? Не себепті?

2. Алкандар неге қаныққан көмірсутектер деп аталады?

3. Гамологтар дегеніміз не?

4. Гомологтық қатар дегеніміз не?

Келесі сұрақ тәжірибе сұрақ:

5. Белгісіз қаныққан көмірсутектің молекулалық моделі берілген.

Сұрақ: Малекулалық моделъ арқылы қаныққан көмірсутекті табу және оның изомері құрастыру.

6. Келесі сұрақ «Бейне сұрақ»

Сұрақ: Қаныққан көмірсутектердің барлығында көміртегі атомының тотығу дәрежесі бірдей емес, мысалы: метан молекуласында -4;

Ал этан молекуласында көміртегі қандай тотығу дәрежесіне тең?

Жауабы: -3;

Сұрақ: 2-метил 4-этил гександа қанша изомер бар? Жауабы: екі изомер бар.



2. Химиялық сурет

Келесі үй тапсырмасын сұраудың шарты сурет бейнеленген химиялық құбылысты табу. (презентацияда көрсетілген)





Бұл ойында оқушылар жеміс ағашындағы жемістерді алу арқылы өздеріне ұпай яғни фишка жинайды.

Ең көп ұпай санын жинаған оқушыға жеміс ағашының ең ұшындағы «Білім кілті» табыс етіледі. Яғни «5» деген бағаны иемденеді. Қалған оқушылар жинаған ұпай санына қарай бағаланады.





III. Жаңа тақырып 13 минут

ІІІ. Түсіну.

І топ. • Алкандардың алынуы

ІІ топ. • Алкандардың қасиеттері

ІІІ топ. • Алкандардың таралуы



Тақырыпты хабарлау, мақсат қою, маңыздылығы, қасиеттілігін сезіндіру, түсіндіру.

Оқушылар дайындалып, постер құрастырады.

ІV. Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар

7 минут

Қолдану

1. Баламалы тест

Сұрақтары:

«Батпақ газы» деген атауға ие болған газ.

Отын ретінде қолданылатын газ.

Табиғи газдың құрамында болады.

«Сығылған газ» немесе «балон газы» деп аталады.

Мұнайға серік газдың құрамында бар.

Шахтадағы жарылысты туғызатын газ.

Қандай газ қызыл жолақты цистерналар арқылы тасымалданады.









Метан мен пропанды салыстыру арқылы оқушылардың білімдерін нақтылау. Дұрыс жауапқа «+» дұрыс емес жауапқа «-» белгілері қойылады.





5 минут

Талдау

2.«Химиялық сурет» арқылы алкандарға тән химиялық реакция типін анықтау керек.

Химиялық реакция теңдеуін жазу

4 минут

Жинақтау.

«Сөздер қоржыны»

Оқушылар тақырып бойынша ойларын жинақтайды.



3 минут

Бағалау 3 минут. Қорытындылау:

1. Электронды оқулықпен жұмыс: (тапсырма №3)

Топ басшысының жиынтық бағалауы.

Үй тапсырмасын беру 2 минут

Үйге тапсырма: Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы және изомериясы, қаныққан көмірсутектер. Метан.

Үй тапсырмасын білу. Түртіп алу.

Рефлексия

Екі жұлдыз бір тілек

Екі жұлдыз ерекше ұнаған екі зат

Бір тілек бұл жақсартуға болатын зат

Сабақтан алған әсер туралы жазу.

Сабақтан алған әсерлерін.ұсыныстарын стикерлерге жазу

Бағалау. Әрбір тапсырмадан соң формативті бағалап отырамын. (стикерлер, бас бармақ, бағдаршам, ауызша бағалау арқылы формативті бағалау).

1. Білу: Нақты қойылған сұраққа – 2 ұпай.

2. Түсіну: Түйінді ой қосқандар- 1 ұпай

Биологиялық тілді дұрыс қолдана білу. -1 ұпай

3. Қолдану: Ойын толық тұжырымдап жеткізе білуі -2 ұпай

4. Талдау: Әрбір дұрыс жауапқа 1-ұпай.

5. Жинақтау: Бір атау жазса-1ұпай

6. Бағалау: Ойын толық тұжырымдап жеткізе білуі.-1ұпай

10-12 ұпайға –«5» 6-9 ұпайға - «4» 3-5ұпайға - «3»





























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 12.11.2015
Раздел Химия
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров922
Номер материала ДВ-149380
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх