Инфоурок Музыка Другие методич. материалыАшық сабақ Көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы

Ашық сабақ Көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы

Скачать материал

Күні:   21.12.

Сыныбы: 3 «Б»

Сабақтың тақырыбы: «Көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы»

Мақсаты:

Білімділік: Көне аспаптар жайлы мәлімет беріп, оқушылардың білімдерін шыңдау.

Дамытушылық: Оқушылардың музыкаға деген қызығушылықтарын арттырып, ән айту қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан –ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ,  ашық сабақ.

Көрнекілігі:    Ән   мәтіні, суреттер, оқулық, әртүрлі көңіл – күй белгілері

Пәнаралық байланысы:  Әдебиет , қазақ тілі, т. б.     

Әдісі:  түсіндірмелі,талдау,әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, түгендеу. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың барысы:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі көңіл – күйлерің қалай?

Топқа бөлу

Психологиялық дайындық:

Армысың сен әлем,

Армысың сен жарық күн,

Армысың, армысың

Абзал адам армысың!

Здравствуй, мир

Здравствуй, свет

Здравствуй, добрый человек!

 

Үй тапсырмасын сұрау

1. «Отырар сазы» оркестрін құрған кім?

2. Оркестрге қандай аспаптар енгізілді?

3. «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі дирижері кім болды?

4.  Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі мен «Отырар сазы» оркестрінің арасында қандай айырмашылық бар?

 

Жаңа сабақ .   «Адасқан әріптер» әдісі    «Көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы»

         Сарыбаев Болат Шамғалиұлы   (1927-1984)

Өткен ғасырлар үніне құлақ түрсек, біздің ата – бабаларымыз тастан, ағаштан, өсімдіктен, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан т. б. алуан түрлі заттардан дыбыс шығаруға болатынын аңғарып, қарапайым музыкалық аспаптар жасап алды. Сол ұмыт болған қазақ халқының аспаптарын қайта жаңғыртып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді.
            Болат Шамғалиұлы Сарыбаев көне аспаптарды жинауға 1960 ж. бастап кіріскен екен. Сол жылдары Алматы консерваториясының ұстазы Б. Сарыбаевтың үйі ерекше мұражайға айналды. Ол жинаған аспаптар саны 300 - ге жетті. Зерттеуші еліміздің түрлі аймақтарынан көне аспаптарды тауып, оларды зерттеп, жетілдіріп, орындау әдістерін меңгерді, шәкірттерін баулыды. 1968 жылы көне ұлттық музыкалық аспаптардан ансамбль ұйымдастырды. Б. Сарыбаев аспаптарды ойнау тәсіліне қарай мынадай түрге бөледі: үрлемелі, ұрмалы, сілкімелі, ысқышты, ішекті, шертпелі, тілшекті.
«Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра» - деп ақын жырлағандай, халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылығы мен дүниетанымын дәл суреттеп жеткізе алатын қоңыр үнді домбыра екені даусыз.

Домбыраны қазақтар «Нағыз қазақ қазақ  емес, нағыз қазақ домбыра» деп аса құрметтесе, ал  Қорқытты өлімнен құтқарған аспап  қобыз аспабы  болатын.  Міне, бұл аспаптар  ұлт аспаптар оркестрінің құрамына кіреді.

Осындай ұлттық музыка  аспаптарды жинап, зерттеп білген  Болат Сарыбаев.

Болат Сарыбаев  - музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б. Сарыбаев "Қазақтың халық аспаптары" монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен "Қазақтың музыкалық аспаптары" әдемі альбомы жарық көрді.

             Б. Сарыбаев музыка тануда ежелгі аспаптарды біліп, тауып, мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қана қойған жоқ, сондай-ақ, бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне ендірді. Сарыбаевтың ұмытылған ескі аспаптарды жаңартып, оларды іздеуі, зерттеуі нәтижесінде біз қазақтардың ерте кезден музыкаға, әнге, әуенге құмар екендігін, ерте кезде олардың әлемдегі ең бай аспаптарды қолданғандағын білеміз.

 Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор, себебі-ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады, ол - қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып, толығып отырады.

             Болат Сарыбаев қазақтың көне музыка аспаптарын жинап, зерттей бастайды. Қазақстанның түкпір – түкпіріне барып, қолөнер шеберлерімен кездесіп, көне аспаптар жайлы мәліметтер жинайды. Көптеген археологиялық қазбаларға қатысып, онда табылған музыка аспаптарын тек жинап, зерттеп қана қойған жоқ, оларды қайта жаңғыртты, аспаптарды жетілдіре келіп, тұңғыш фольклорлық ансамбль құрды. Қазақтың жойылып бара жатқан жетіген, шертер, шаңқобыз, сазсырнай, асатаяқ сынды көптеген аспаптарын жарыққа шығарды. Сөйтіп, Болат Сарыбаев Диинаның берген батасын ақтап, халқымыздың көптеген көне музыкалық аспаптарын қайта дүниеге келтіріп кетті.

 

Ән орындау.   

«Аяз ата». Әнін  жазған Ж.Еңсепов. Өлеңін жазған .Т.Молдағалиев.  Оқушылардың әнді орындағанда денесін тік ұстап, дұрыс тыныс алуына назар аударған дұрыс.

Әннің өлшем бірлігі: 2/4

 


1.Аяз ата – ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата.

Асып өтіп асқар тауды,

Жеттің бізге таң ата.

Қайырмасы:

Бәріміз де әсем әнбіз,

Шаттық күйміз бәріміз.

Алыс жолдан келсең жалғыз,

Көбейеміз әлі біз.

 

2.Алыс – алыс жерден келдің,

Отыра ғой, деміңді ал.

Өңкей бала төңірегің.

Бізбен бірге әнге ал.

Қайырмасы:

 

3.Әлі – ақ күліп, мәз боларсың,

Кәне, кәне, төрле ата!

Сыйлығыңды озған алын,

Озбағанға берме, ата!

Қайырмасы:

 

 

 

 

 

 

 


Сергіту сәті

Аяқпенен топ-топ-топ.

Ал қолменен соқ-соқ-соқ

Бір оңға, бір солға

Билейікші кел, мұнда.

 

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқаймыз,

Бір оңға, бір солға

Билейікші кел, мұнда.

 

1.       Үрмелі аспаптар

А.  Сыбызғы, үскірік, сазсырнай.

2.        Ысқышпен ысып ойнайтын музыкалық аспаптар

Ә. Барабан, литавра, дабыл,дауылпаз.

3.       Ішекті аспаптар

Б. Қобыз, қылқобыз. скрипка

4.       Ұрып ойнайтын аспаптар

В.  Домбыра , қобыз, шертер

 

«Бас бармақ» әдісімен бағалау.

Конверттің ішіндегі қағаз қиындыларынан аспап құрау.

«Бас бармақ» әдісімен бағалау.

 

Бүгінгі сабақта өздеріңнің естеріңде қалған суреттерді саласыңдар.

«Бас бармақ» әдісімен бағалау.

 

Сабақты бекіту

1. Болат Сарыбаев қандай көне музыкалық аспаптарды қайта жаңғыртты?

2. Болат Сарыбаев көне аспаптарды жинауға қандай үлес қосты?

3. Қазақтың қандай көне музыкалық аспаптарының үнін естідің?

 

 «Сұхбат немесе бос микрофон» әдісі сабақтан алған әсерлерін, ойларын білу.

 

Үй тапсырмасы :  берілген тақырыпты  оқып келу.

                                    «Аяз ата» әнін  жаттап келу.

 

Бағалау. Сабаққа белсенді қатысып, толық жауап берген оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.  Үрмелі аспаптар

А.  Сыбызғы, үскірік, сазсырнай.

2.   Ысқышты  аспаптар

Ә. Барабан, литавра, дабыл,дауылпаз.

3.  Ішекті аспаптар

Б. Қобыз, қылқобыз. скрипка

4.  Ұрмалы  аспаптар

В.  Домбыра , қобыз, шертер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


кнеө апсапатрдңы 

жңааша жңағрыуы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ Көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Консультант по финансам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 021 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2017 1911
    • DOCX 56.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметкали Айткул Бакытбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметкали Айткул Бакытбековна
    Ахметкали Айткул Бакытбековна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21730
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на баяне, аккордеоне

Преподаватель игры на баяне, аккордеоне

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 47 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные проблемы развития исполнительских навыков учащихся в деятельности педагога ДМШ, ДШИ

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 165 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания по классу фортепиано: начальный уровень подготовки (практический курс)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 227 человек

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыка в мире: народные и культурные аспекты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе