Инфоурок / Информатика / Конспекты / Ашық сабақ "Контурды жасау және редакциялау"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ) в соответствии с ФГОС" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 224 курсов со скидкой 40%

Ашық сабақ "Контурды жасау және редакциялау"

библиотека
материалов

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарағайлы кенті, ЖББ №16 орта мектебінің ІІ санатты информатика пәнінің мұғалімі:

Әділхан Назым Әділханқызы

hello_html_6dd3307b.pngҚатысатын категориясы: информатика

Сабақтың тақырыбы: Inkscape бағдарламасында контурды жасау және редакциялау. (7 сынып)

Сабақтың мақсаты: басқа нысандардан арнайы құралдарды пайдаланып, контур жасап үйрену, нысандармен әрекет жасау
Оқушылар білуі тиіс:
- Контурды анықтауды;
- Қарындаш, Қалам, Каллиграфиялық қалам құралдарының көмегімен контур кезеңдерін салуды.
Оқушылар үйренуі тиіс:
- Қарындаш, Қалам, Каллиграфиялық қаламды пайдаланып, фигуралардан контур жасауды, ерекшелеуді, түйін (узел) құралының көмегімен түйіндерді редакциялауды;
- контурлық әсерлерді қолдануды
Дамытушылығы:

  • Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тапсырма орындаған кезде тиімді пайдалану;

  • Алдына қойған мақсатқа жетуді ұғындыру;

Тәрбиелілігі:

  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • өз бетімен жұмыс істеуге үйрету;

  • құралдарды тиімді қолдану, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: көрсете – түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:
слайд, видеопроектор, лездік тест, таратпа тапсырмалар, сәйкестендіру тесті, шыңға шығу макеті, жұмыс дәптер, компьютерлер, оқулық.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, геометрия, логика.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

ІІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІV. Білімді өзектендіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

VІ. Қорытындылау

VІІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында психологиялық дайындық өткізу.

Балалар, сіздердің алдарыңызда «жазғы табиғат» көрінісі, бұл табиғат сіздерге жақсы көңіл-күй сыйласын. Мұндағы табиғат көрінісін, әдемі түстермен, Күнге – сары түс берсек, аспанға – көк түс, өсімдіктерге – жасыл түс беріп жандандырайық. Бұл түстердің мағынасын ашайық:

Сары түс – белсенділік белгісі.

Көк түс – әділдік, мейірімділік, тұрақтылық белгісі.

Жасыл түс - бүгінгі сабақта жақсы жетістіктерге жетуге әкеледі.

Сәттілік тілеймін!

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру (слайд 2, 3)

  1. Сәйкестендіру сұрақтары

Ctrl пернесін басып тұру қажет

Нысанда ретін өзгертуге

белгілеу құралын таңдап, фигураның біреуін шертіп, Shift пернесін басып тұрып, басқа нысандарды шерту арқылы ерекшелеуге болады

Пропорционалды тіктөртбұрыш алу үшін

Түзету – Қосарлау бұйрығымен

Салынған бірнеше фигураны

Бос орынды басып тұру қажет

«Ізбе –із көшіру» үшін ...

болады


  1. Лездік сұрақтар

  1. Нысанды ерекшелегеннен кейін оны .................... болады.

(жылжытуға, өлшемін және түсін өзгертуге, түрлендіруге, бұруға, бейнелеуге)

  1. Нысанды қосарлау үшін ...............................................бұйрығы қолданылады.

(Түзету – Қосарлау немесе Ctrl + D)

3. Клондау бастапқы нысанды өзгерте отырып, клон – нысандарды ............... мүмкіндік береді. (өзгертуге)

4. Бірнеше нысанға бір уақытта әрекеттер жасау үшін оларды ............................

(ерекшелейді (Shift басып тұрып) және топтпастырады Ctrl + G)

5. Топтастыру амалына кері амал - ....................... (нысанды бөлу (Ctrl + Shift + G))

ІІІ. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою (слайд 5)

ІV. Білімді өзектендіру

Өткен сабақтағы компьютерде орындалған тәжірибелік тапсырмалардың орындалуын талдау, кездескен қиыншылықтар мен уақытты көп алған тұстарына тоқталу.

V. ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ

Проблемалық жағдай. Қалаған суретті алу үшін фигураларды қолдану жеткілікті ме? Тек қана сурет салу құралдарын пайдалану арқылы кескінді алуға болмайтын суретті көрсету (слайд 6). Оқушыларға өз тәсілдері арқылы кескінді алу мүмкіндігін беру. Осыдан, оқушылар нысандарды түрлендіру жеткіліксіз екендігі, редактордың арнайы мүмкіндіктерін пайдалану керектігі туралы қорытынды жасауы қажет.

(Сабақты түсіндіру кезінде, слайдпен қатар Inkscape бағдарламасын қолданып, оқушыларды өзіме ілестіріп, көрсетіп отырамын).

  • Контурларды жасау және редакциялау үшін Қарындашты, Қаламұшты, Кал-лиграфиялық Қаламұшты, Түйіндерді пайдаланамыз.

  • Контур – құйып бояу мен жиектеу параметрінен тұратын қисық сызықтардың тізбектелуі.

  • Контурлар - Түйіндер құралын қолданумен редакцияланады:

hello_html_75a32af1.png

Контурды жасау. Контур – Нысады контурлау (Оконтурить объект). Контурлармен жұмыс істейтін құралдар:

hello_html_16cecf96.png

Түйіндерді редакциялау, фигураларды өзгерту, қисық сызықтармен жұмыс жасау үшін қолданылатын құралдардың ерекшеліктерін көрсету (слайд 7, 8, 9, 10)

Қарындаш – кез келген түзудің суретін салу үшін қажет. Қарындаш параметрлері:

  • Тегістеу hello_html_3038d0a1.png

  • Пішін hello_html_m47d5a937.png

Қарындашпен салынған қисық сызықтардан көптеген түйіндері бар қисық алынады. Жеке түйіндерді құралдар параметрлерінің панеліндегі Түйіндердегі батырмамен жоюға болады.

Қаламұш

Құралдар қисықтармен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.

Қаламұшта төрт режім қолжетімді:

  • Безье қисығы;

  • Спиро қисығы;

  • Тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты кез-келген бұрыштарда);

  • Тік кесінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты тікбұрыштарда).

Контурдың Түйіндер санын автоматты түрде Контур – Жеңілдету (Упростить) (Ctrl+L) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.

Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады. Котурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады. Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады.

Контурларды біріктіруге, үзуге, тегістеуге және түзетуге, түрлендіруге болады.

hello_html_70b25747.png

Каллиграфиялық қаламұш

Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған параллель екі котурды құрайды. Каллиграфиялық суретті қаламұшпен құру:

Тапсырма

hello_html_m45e38e3e.png Қаламұштың әртүрлі пішінін пайдалана отырып, әр режімде S әрпін алуға тырысыңдар.

hello_html_m45e38e3e.png Каллиграфиялық қаламұш құралының баптауы мен пішінін өзгерте отырып, бірнеше контур жасаңдар. Нәтижелерді салыстырыңдар.

V. Тәжірибелік жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау (оқулықтың 129 бетіндегі А, В, С деңгейлері).

А деңгейі. Киім үлгісін салу.

В деңгейі. Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасау.

С деңгейі. Киіз үйді салып, оны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендір.

VІ. Қорытындылау

«Шыңға шығу» макеті арқылы өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беріп, тұжырымдама жасау.

hello_html_m18572698.png

Кері байланыс:

  • Маған қызықты болғаны .....

  • Маған қиын болғаны ......

  • Сабақ несімен ұнады ....т.б.

VІІ. Бағалау. Компьютерде тәжірибелік тапсырмаларды орындауды бағалау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру. § 24 оқу, 128 беттегі бақылау сұрақтарына жауап жазу.



















Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

  • 776
  • 22.04.2016
Номер материала: ДБ-048676

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"