Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ "Кәсіпорынның негізгі қорының тозуы және"

Ашық сабақ "Кәсіпорынның негізгі қорының тозуы және"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ КОЛЛЕДЖІ







Мамандық: 1218000 «Азық-түлік өндірісі»

Пән: Өндірістің экономикасы, ұйымдастрылуы және басқарылуы

Тақырып: Негізгі қорлар құрамы,құрылымы, динамикасы.


Ашық сабақ әзірлемесі
















Семей

2012 ж



Алғысөз


1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы ________«___» ____201 ж.Касымова Г.А. 1

қолы аты-жөні санат


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Гуманитарлы - экономикалық» ПЦК отырысында


Хаттама «____» ____________ 201 ж., №___

күні

ПЦК төрайымы ___________Касымова Г.А.

қолы


3 МАҚҰЛДАНДЫ

Әдіскер ___________Тоқтаубаева Б.А.

қолы


«____» ____________ 201 ж.

күні


4 КЕЛІСІЛДІ

Директордың оқу ___________ Турсунбаева А.К.

ісі жөніндегі орынбасары қолы


«____» ____________ 201 ж.

күні












Сабақ тақырыбы: Кәсіпорынның негізгі қорының тозуы және амортизациясы

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға негізгі қорлардың экономикалық мазмұн ерекшелігін, оларды бағалаудың түрлерін және нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымдардың кәсіпорын экономикасына ықпалы жайында түсіндіру.

Тәрбиелік:Оқушылардың экономикалық білімдерін арттырып,нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытының қазіргі жағдайын танып білуге тәрбиелеу.

Дамыту: Экономикалық ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Сабақ түрі: Аралас

Құрал-жабдықтар, көрнекілік құралдар: тақта, бор ,ТСО,

Пайдаланылатын әдебиеттер.

Т.Түсіпбеков«Кәсіпорын экономикасы » Астана-2008 ж

К.Ж.Оразалин «Кәсіпорын экономикасы» Алматы -2007ж

Сабақ жоспары.

1.Ұйымдастыру - - 5 мин

2.Үй тапсырмасын тексеру - 20 мин.

2.1. Деңгейлі сұрақтар.

2.2 Карточкамен жұмыс

3.Жаңа тақырып түсіндіру - 25 мин

1.Негізгі қорлардың экономикалық маңызы,құрамы, құрылымы.

2. Негізгі қорлар құндылығының бағалануы.

3. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.

4. Негізгі қорлар тиімділігінің көрсеткіштері

4. Жаңа тақырыпты бекіту - 25 мин

4.1.Есептер шығару

4.2. Карточкамен жұмыс.

5.Сабақты қортындылау - 10 мин

5.1. Оқытушы сөзі

5.2.Оқушылардың білімін бағалау.

6. Үй тапсырмасы. - 5 мин.

Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу

б) оқушыларды түгендеу

в) аудиторияның дайындығын бақылау

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Кәсіпорынның айналым қорларының құрамы мен құрылымы.

2.1.Деңгейлі сұрақтар.

I.1. Айналым қорлары дегеніміз не?

1.2. Жоспарлануына байланысты айналымдағы қорлар нешеге бөлінеді?

I.3. Айналым капиталының мөлшері қамтитын уақыт кезеңдері?

II.1. Айналым қорлары неше бөлімнен тұрады?

II.2. Өндірістік айналым қорлары мен өндірістік негізгі қорлардың айырмашылығы?

II.3. Өндірістік айналым қорлары қандай топтарға бөлінеді?

III.1. Айналым қорларын ұйымдастырудың негізгі мақсаты?

III.2. Айналым капиталының саралануы?

III.3. Айналым қорларының құрамына нелер кіреді?

IV.1.Түзілу көздеріне қарай айналым капиталы нешеге бөлінеді?

IV.2. Мөлшерленетін және мөлшерленбейтін айналым капиталы?

IV.3. Айналым қорларының айналымын жылдамдату мақсаттары?

2.2 Карточка

1. Меншікті айналым қаражаты дегеніміз не?

2. Қарызға берілген айналым қаражаты?

3. Айналым қорларының кезеңі дегеніміз не?


3.Жаңа тақырыпты түсіндіру

3.1. Негізгі қор деп материалдық өндіріс саласында , сонымен қатар өндіріс емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құны шығарылған өнімге,орындалған жұмысқа , көрсетілген қызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады. Негізгі қорлар- ұлттық байлықтың маңызды бөлігі болып табылады және олардың құрамы мен құрылымын анықтау үшін негізгі қорлардың сыныптамасын жасау керек. Негізгі міндеті мен атқаратын жұмысының сипатына қарай салалар, кәсіпорындар, бірлестіктердің негізгі қорлары келесі саралану түрлеріне сәйкес бөлінеді:

1.Ғимарттар-еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау арқылы өндіріс үдерісін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрлыс нысандары(шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиь жолы). Барлық жағдай бар әрбір жеке ғимарат мүліктік нысан болып табылады;

2.Құрылыстар – өндіріс процесінде қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік құрылыс обьектілері.

3.Жөнелту құралдары (қондырғылар) - электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары

4.Машиналар мен құрал-жабдықтар

Негізгі қордың бұл тобы бес ішкі топтан тұрады.

а) күш беретін машиналар мен жабдықтар,

ә) жұмыс машиналары мен жабдықтар;

б)өлшеуі және реттеу аспаптары мен қондырғылар және зертханалық жабдықтар;

в) есептеу техникасы;

5.Тасымалдау құралдары- кәсіпорын көлеміндегі адамдар мен жүктерді тасымалдауға қажетті көліктер.

6. Құрал- сайман- өндіріс процесіне қажетті элементтер.

7. Өндірістік түгендеме-өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті(жұмыс столы, қорап т.б)

8. Шаруашылық түгендеме- көбейту және қайта түсіру аппараттары, стол, шкаф т.б

Негізгі қорлар заттай құрамы бойынша біркелкі емес және өндірістік процесте әр түрлі қызмет атқаратын «активті» және «пассивті» еңбек құралдарынан тұрады. Мысалы: негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін, ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық үрдісін дамытуға көмектеседі. Мұндай негізгі өндіріс қорының бөлігін пассивті немесе енжарлы бөлігі дейміз.Ал, қондырғылар, өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс қорларын белсенді немесе активті бөлігі дейміз

Өндіріс барысындағы орнына байланысты негізгі қорлар «өндірістік» және «өндірістік емес» деп бөлінеді. Өндірістік негізгі қорларға өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын еңбек құралдары жатады (өндірістік ғимараттар, қондырғылар, транспорт құралдары және т.б) Өндірістік емес негізгі қорларға өндірістік үрдіске тікелей қатымсспайтын, өндірістік емес тұтыну мақсатындағы қорлар (тұрғын үйлер, емханалар, демалыс үйлері және т.б) жатады.

3.2 Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығында қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар - негізгі қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.

Негізгі қорлардың бастапқы құны- қорларды дайындауға , жинауға, әкелуге, кеткен шығындардың жиынтығы.

Қайта өндіру құны - негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалдық құн - негізгі қорларды тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

3.3. Негізгі қорлар қолданылуына байланысты өндіріс процестерінде тозады. Тозудың 2 түрі болады: табиғи тозу және моральдық тозу. Табиғи тозу дегеніміз - негізгі қорлар элементтерінің материалдық тозуы. Олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құны жоғалтуы.

Моральдық тозу - жабдықтың технологиялық прогреске байланысты ескіріп құнсыздануы.неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланылып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп құнсыздануы.

Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амартизациялық аударымдар қолданылады.

Амартизация дегеніміз- негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі,сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін,қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амартизацияның ақшалай сипаты амартизациялық аударымдар болып табылады. Амартизациялық аударымдар дегеніміз- негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімдердің өзіндік құнының және айналым шығындарының элементін құрайды. Амартизациялық аударым көлемі амартизация нормасы арқылы анықталады. Амартизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы нормасын анықтайды. Амартизациялық аударым нормасы мына формула арқылы анықталады:

А- Н*Ф

Мұндағы: Н - амортизация нормасы

Ф-негізгі қордыңорташа жылдық құны.

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенд мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек.

- негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі

- моральдық тозу

- техникалық қайта құрудың жоспары;

- жабдықтардың балансы;

3.4.Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып қор қайтарылымы есептелді. Қор қайтарылымы - бұл өнім өндіру үшін пайдаланылған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептегендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

ФО=Т \Ф

мұндағы: ФО -қор қайтарылымы Т-тауар өнімінің көлемі,Ф- негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны. Қор қайтарылымын ұлғайту бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді. Қор қайтарылымына кері көрсеткіш - қор сыйымдылығы болып есептелінеді.

Қор сыйымдылығы бұл - негізгі өндірістік қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

4. Жаңа тақырыпты бекіту.

Негізгі өңдірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді: шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикалау деңгейі, мамандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және географиялық жағдайлары және т.б.

4.1.Есептер шығару .

1.Кәсіпорын жыл бойы салыстырмалы бағаға және жағдайға 198000 теңгеге өнім өндірді, ал осы мезгілде орта жылдық негізгі қордың құны сол мезгілде -180000 теңге болды. Қор сиымдылығын есепте.

2. Негізгі өндіріс қолының үдемелі құрылымын анықтау керек, егер белсенді бөлігі (НӨҚ белсенді) 100000 мың теңгені құрып,енжарлы бөлігі (НӨҚ ен) = 250000 теңге болғанда.

3. Кәсіпорында негізгі өндіріс қорларының топтары бойынша жыл мезгілінде және жыл басында, жыл аяғына дейінгі өзгеруі (мың тенге):



Негізгі қордың топтары

Жыл басында

Жыл бойы өзгеруі: өсуі+ , кемуі-

1

Өндірістік үйлер

341510

-

2

Ғимараттар

64610

-

3

Беріліс қондырғылары

36920

+440

4

Жұмыс машиналары және жабдықтар

378430

+23500

5

Күш машиналары мен жабдықтар

18460

-530

6

Өлшеуіш приборлар мен зертханалық жабдықтар

23998

-810

7

Есептеуіш техника

21229

+750

8

Көлік құралдары

22152

-910

9

Басқадай негізгі құралдар

15691

-230


Барлығы

923000




Бір жылғы тауарлы өнімнің көлемі 1236820 мың теңгені құрайды. Негізгі өндіріс қорының жыл басындағы құрылымын және қор қайтарымдылығын анықтау керек.

4. Станоктың толық бастапқы құны 10,2 мың теңге, қызмет еткен мерзімі – 8 жыл. Жаңартуы 2,3 мың теңгені құрды, демонтаждау шығыны – 0,2 мың теңге, станоктың қалдық құны – 0,5 мың теңге. Жылдық амортизациялық көшірім соммасы мен амортизация мөлшерін (линейлік әдісте есептеуде)анықтау керек.

5.Сабақты қортындылау

Оқушылардың жауабын түсіндіре отырып бағалау

6.Үй тапсырмасы.

Тақырып : Негізгі қорлар құрамы,құрылымы, динамикасы.

Пайдаланатын әдебиеттер:

К.Ж.Оразалин «Кәсіпорын экономикасы» Алматы -2007ж 125- 130 бет


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров228
Номер материала ДВ-406190
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх