Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ "Лексикадан өткенді қайталау"

Ашық сабақ "Лексикадан өткенді қайталау"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:  Лексикадан өткенді қайталау

Сабақтың мақсаты : Білімділік: алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру;

Дамытушылық: сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету;

Тәрбиелік: тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, венн диаграммасы, семантикалық карта, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Үлестірме қағаздар, бағалау парақтары, техникалық құрал - компьютер құрылғысы, слайд,

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, география.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру.

а) Оқушыларды түгелдеу, журналға белгілеу; ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу. б) Кім айтады, үй жұмысына не берілді? (Лексиканы қайталап келу).


ІІ. Кіріспе бөлім. Қызығушылықты ояту.

«Кезеңдер бәйтерегі»

Ерте, ерте, ертеде, грек елінде Лексика деген патша өмір сүріпті.  Лексика патшалығындағы халықтар өте тілге бай, ділмар, шешен болыпты. Сол патшаның бағында бір ғажайып алма ағашы өседі екен. Бірақ осы күнге дейін сол алманың дәмін ешбір адам татып көрмепті дейді. Оның себебі, алманы жегісі келген адам, алма ағашындағы тапсырмаларды дұрыс орындап жауап беріп, бірнеше кезеңнен өтеді. Сонда ғана дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиюге береді екен.

Балалар! Бүгін біз де бағымызды сынап, Лексика патшалығына қонаққа келіп, сол тапсырмаларды   дұрыс  орындап, сұрақтарға  жауап беріп көрейік. Мен сіздерге сабаққа сәттілік тілеймін  және дәмі тіл үйіретін алмадан ауыз тиетіндеріңізге сенемін.


«Лексика» патшалығында қандай қалашықтар бар екенін еске  түсірейік. Топтастыру жұмысы.


Лексика

ІІІ. Негізгі бөлім. Мағынаны тану.

Дәптерлерімізді ашамыз, бүгінгі күнді жазамыз: Қаңтардың жиырма бірі.

Зымыран сұрақтар.

1-топ. 1.Лексика ғылымы нені зерттейді?
2.Сөздің тура, ауыспалы мағыналары дегеніміз не?
3.Көп мағыналы сөздер қандай сөздер?
4.Омонимдер дегеніміз не?

2-топ. 1.Синонимдер қандай сөздер?
2.Антонимдер дегеніміз не?
3.Табу дегеніміз не?
4.Эвфемизм, дисфемизм.

3-топ. 1.Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
2.Мақал - мәтелдер дегеніміз не?
3.Көнерген сөздер, түрлері туралы айтыңдар?
4.Диалект сөздер дегеніміз не?

4-топ. 1. Кірме сөздер туралы айтыңдар.

2.Жаңа сөздер қандай сөздер?

3.Диалект сөздер дегеніміз не?
4.Терминдер дегеніміз не?


1-тапсырма. Кітаппен жұмыс.

1-топ. 220-жаттығу.

2-топ. 221-жаттығу.

3-топ. 225-жаттығу.

4-топ. 227-жаттығу.


2-тапсырма. Үлестірме қағаздармен жұмыс.

1-топ. Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.      

А) Терең ой, терең сай, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық;

Ә) Алтын қазына , алтын қол, алтын сақина, алтын сөз , алтын тас, алтын уақыт;



2-топ.  Берілген сөздердің  антонимін     тауып жазыңыздар: Аласа,  жылдам, қара, ақылды, ыстық, дұшпан, жақсы, қатты, ескі, үлкен, жомарт.

3-топ.  Семантикалық картаны толтырыңыздар.

Сөздер

Эвфе-

мизм

Дисфе-мизм

Табу

Кө-

нер-ген сөз

Диа-

лект

Жаңа сөз

Кәсі-

би

сөз

Тер

мин

Кірм

сөз


Тұрақ

ты тірке

Аға сұлтан











Шырайлым











Лекси-

ка











Үнтас-

па











Сым











Тәрелке











Қолды болды











Мыл-жың











Әңге-лек































Көзге ілмеу













4-топ. Диалект сөздер. Сөздер беріледі, карта бойынша табу.

Тәртіп – нұсқау, бұйрық, сым – шалбар, тұқым – жұмыртқа, жар – қабырға, дөкей – үлкен, бітти – кішкентай, нән – үлкен, дәу – үлкен.

3-тапсырма.

1-топ. Венн диаграммасы. Мақал-мәтелді салыстыру.

Мақал

Ортақ

Мәтел

Себебі мен салда-

ры қатар айтылады

Құрмалас сөйлем

түрінде келеді.

Ой нақты, дәлелді

жеткізіледі.

Лексиканың құра-

мына кіреді, нақыл сөз.


Лексика

Нақыл сөз

Сөйлем








Ой тұспалдап, иша-

мен жеткізіледі.

Жай сөйлем түрінде келеді. Лексиканың құрамына кіреді,на-

қыл сөз.







2-топ. «Бір сөзбен шеш».

1. Қой аузынан шөп алмайды –

2. Жүрек жалғап алу – 
3. Төбе шашы тік тұру – 

4. Қас пен көздің арасында – 
5. Бетінен оты шықты – 

6. Ит терісін басына қаптады – 
7. Қырғи қабақ болу – 

8. Тонның ішкі бауындай болу – 
9. Бармағын тістеу –

10. Аузына құм құйылу –

3-топ. Венн диаграммасы. Көп мағыналы сөздер мен омоним.

Көп мағыналы сөз

Ортақ

Омоним

Сөз жеке тұрып бір-

неше мағынаны білдіреді.Мағыналары

басқа-басқа,әртүрлі сөз табынан болады.

Лексика, сөз, тіл білімі




Тіл білімі

Лексика

Сөз




Сөз басқа сөзбен тір-

кесіп көп мағынаға ие болады. Мағыналары

жақын, бір сөз табы-

нан болады. Лексика.

Сөз. Тіл білімі.




4-топ. Терминдер





Әріптер

Қазақ тілі

Әдебиет

Математика

Жаратылыстану

А





Б





М





Т





К





4. «Тапқыр болсаң тауып көр» ойыны.

1-топ. Мына сұрақтарды ойластырып, мақалмен жауап бер.

Ас несімен тәтті?

Ердің атын не шығарады?

Кімнен сұрау керек?

Ақыл мен өнер неге жеткізеді?

Еріншектің несі бітпейді?

Отан қандай?

Түкіріктен көл құрала ма?

Сиырдың сүті қай жерінде?

Адамның қанаты бар ма, болса ол не?


2-топ. Тұрақты тіркестерден жіберілген қатені тап.

Жерден алты қоян тапқандай.

Жылқыға таңба басқандай.

Жүрегі мұрнының ұшына келу.

Сабағын балта шаппайды.

Отқа су құю.

Сөздің бояуын тамызу.

Ауызды ашып-жұмғанша.


3-топ. Төмендегі тұрпайы сөздердің сыпайы түрлерін табыңдар.

Өтірік айту, мылжың, ұрланды, өсекші, саңырау, соқыр, ұрлықшы, ақсақ, сақау, туды.

4-топ. Төмендегі іс-әрекет, құбылыстар, ұғымдар қандай мақал-мәтелдермен бейнеленеді?

Өнердің пайдасы.

Еңбектің пайдасы.

Отанды сүю.

Ананың балаға деген мейірімі.

Ұрлықтың, өтіріктің зияны.

Тілдің құдіреттілігі.

Сөздің күші.

Оқудың оңайлықпен табылмайтындығы.

III. Қорытынды бөлім. Ой толғаныс.

1-топ. Көнерген сөзге үш сөз, үш сөйлем құру.

2-топ. Кірме сөзге үш сөз, үш сөйлем құру.

3-топ. Кәсіби сөзге үш сөз, үш сөйлем.

4-топ. Жаңа сөзге үш сөз, үш сөйлем.


Мұғалім : - Балалар, бүгін сіздер  «Лексика » тарауынан өткен тақырыптарды  қайталап, еске түсіріп  өз біліміміз бен біліктілігімізді көрсеттік. Ендеше, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? «Рефлексия» парағын толтырамыз.

Бағалау: Белсенді оқушылар бағаланады.

Үй жұмысы: 1. Ереже жаттау. 2. 230-жаттығу.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров179
Номер материала ДВ-139348
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх