Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыАшық сабақ: "Ұлт азаттық көтеріліс"

Ашық сабақ: "Ұлт азаттық көтеріліс"

Скачать материал

Әлімжан Нұржанат Ниязханқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы

 Ордабасы ауданы, Ынталы елді мекені

Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

 

Ашық сабақтың  әдістемелік жоспары

 

                  

Организационная диаграмма

 

Прямоугольник: скругленные углы: Сабақты пысықтау
/5  мин/

                                                                                       

 

 

 

Прямоугольник: скругленные углы: Сабақты қорытындылау
/3 мин/
                                                                                                

 

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 


              

                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы:  ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы

Сабақтың мақсаты:   ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызын түсіндіріп, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру.
Міндеттері:

 Ұлт-азаттық көтерілістің жеке тұлға үшін, қоғам үшін, мемлекет үшін маңыздылығын, рөлін түсіндіру.

Оқушыларды өзіндік және топтық жұмысты ұйымдастыру негізінде, өзін-өзі  басқару, бақылау, бағалау  дағдысын  қалыптастыру  және дамыту.

Пән аралық байланысты қолдана отырып,  оқушыларды барлық ғылымға қызығушылықтарын арттыру, ұқыптылыққа, жауаптылыққа, жеке тұлға  ретінде қалыптасуына тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап әдісі, баяндау-түсіндіру әдісі, пікірталасу әдісі, логикалық ойлау әдісі;

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
- тарих
- әдебиет

-география
Сабақтың типі: Жаңа білім меңгеру;

Көрнекі құралдар: Проектор, экран, слайдтар, үлестірме суреттер.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

 

І. Ұйымдастыру кезеңі (3мин.):

  • Сәлемдесу
  • Оқушыларды түгендеу және топқа бөліп отырғызу.
  • Үй тапсырмасына бетбұрыс жасау

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 

Үй жұмысы 2 кезең арқылы тексеріледі:

І-кезең «Түгел білгім келеді» (сұрақ-жауап әдісі)

ІІ-кезең «Сәйкестендір!» (суреттердің сәйкесін табу)

 

«Түгел білгім келеді» кезеңінің сұрақтары (Топтарға сұрақтың 3 жауабы беріледі, шапшаңдықты қажет етеді, әр жауап 1 ұпаймен есептеледі. Сұрақ слайд арқылы көрсетіліп тұрады):

1.        Қай жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы заңы қабылданды және 21 желтоқсанда ТМД құрылды? (1991)

2.        Қай жылы қазан айында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады? (1992)

3.        Қай жылы тұңғыш конституция қабылданды және 12 қараша төл теңге дүниеге келді? (1993)

4.        Қай жылы мемлекеттің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді және 30 маусымда ұшқыш Т.Мусабаев аспан көгіне көтерілді? (1994)

5.        Қай жылы 30 тамыз жаңа Ата заң қабылданды? (1995)

6.        Қай жылы Алматыда тұңғыш тәуелсіздік ескерткіші ашылды? (1996)

7.        Қай жылы Елорда Астанаға көшірілді және Қазақстан-2030 жолдауы шықты? (1997)

8.        Халықтар тұтастығы мен тарих жылы  (1998)

9.        Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы (1999)

10.    Мәдениетті қолдау жылы (2000)

11.    Қазақстандағы Ресей жылы (2001)

12.    Денсаулық жылы (2002)

13.    Ауыл жылдары (2003-2005)

14.    Қай жылы тәуелсіздікке 15 жыл, желтоқсанға 20 жыл, 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды? (2006)

15.    Қазақ тілін қолдау жылы (2007)

16.    Қай жылы Астанаға 10 жыл толды? (2008)

17.    Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) саммиті қай жылы өтті? (2010)

18.    Қай жылы 1 желтоқсан Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты президент етіп сайлады? (1991)

19.    Қай жылы маусым айында Қазақстан БҰҰ-на мүше болды және маусым айында Тәуелсіз Қазақстан рәміздерін Елбасы қабылдады? (1992)

20.    Қысқы VІІ Азияда олимпиядасы болған жыл? (2011)

21.     Қай жылы қазақ хандығына 550 жыл толы? (2015)

22.    Қай жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл толды? (2016)

 

«Сәйкестендір!» кезеңінің сұрақтары (әр топқа 4 сурет беріледі солардың астына бірнеше жауаптың ішінен сәйкесін тауып ілуі керек және осы суреттердің бірін сөйлетуі қажет):

 

1-топ тапсырмасы

Суреті

Сұрағы

Сәйкесі

Описание: LibraryImageRenderer

"Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы деуге болады.

Описание: http://www.massaget.kz/userdata/users/user_51387/1365670898.JPG

Описание: Шәмші Қалдаяқов: «Мені іздеп келген аяғыңнан айналайын»

Ән ұран авторларының бірі

Шәмші Қалдаяқов

Картинки по запросу тәуелсіздікке 25 жыл

25 жыл бұрын Тәуелсіздігімізді бірінші болып таныған ел

Описание: Картинки по запросу туркия

 

2-топ тапсырмасы

Суреті

Сұрағы

Сәйкесі

Описание: nazhimedenov

Ән ұран авторларының бірі

Жүмекен Нәжімеденов

Описание: Картинки по запросу елтаңба ту әнұран

Ту авторы

Описание: Картинки по запросу ту авторы

Шәкен Ниязбеков

Картинки по запросу әнұран суреті

Ән ұранымыздың жаңа мәтіні қай жылы жазылды?

2006 жылы

ІІІ. Жаңа тақырыпты зерделеу:

Жоспар:

1.1916 жылғы Ұлт-азаттық қозғалыс  кезіндегі Қазақстанның либерал-демократ зиялылардың ұстаған бағыты
2.Амангелді Имановтың бастауымен болған Торғай көтерілісі.

3.Көтерілістің шығу себептері мен барысы
4.Көтерілістің нәтижесі


  • «Ой қозғау» сәті. «Көтеріліс» қай кезде туындайды? (оқушылардың пікірлерін білу) Бейнекөрініс (10 минут)
  •  «Ойлан,  топтас,  жұптас!» сәті.  Қозғалыстың тарихи маңызы (ізденіс жұмысы алдын ала үйге берілген.)

 

       1916 жылғы қазақстандағы ұлт азаттық көтеріліс отандық тарихта ерекше орын алады. Аталған көтеріліс еркін сүйгіш қазақ халқының өз тәуелсіздігі үшін жан аямайтынын анық көрсетті.
        1916 жылғы казақ халқының ұлт азаттық көтерілісі отарлы патша өкіметінің жүргізіп жатқан әлеуметтік және ұлттық езгіге қарсы жауабы болатын.
        Ресей империясы тарапынан отаршылдық езіп-жаншудың барлық кезеңі ішіндегі қазақ халқының азаттық күресінің шарықтау шегі болды. Өкімет билігімен басқарудың институттарын қайта құру, қарулы күштерді ұйымдастыру, белсенді саяси күреске санасы оянған халықтың ұлттық сана-сезімінің өсуі, бізге ұлттық азаттық қозғалыс туралы айтуға негіз береді, ол саяси егемендікке жетуді және мемлеткеттілікті қалпына келтіруді өзінің мақсаты етіп қойды. Осының бәріне Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі белең ала бастаған белгілі бір алғышарттар себін тигізді.
Көтерілістің басты себебі әлеуметтік экономикалық қоғамдық саяси және рухани мәдени мәселелерге тікелей байланысты болды. Атап айтқанда олар Қазақстан мен Орта Азия халықтарының жерін отарлаушыларға тартып әперудің тез қарқынмен жалғасуынан, салықтар мен басқа алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюынан қалың бұқараның өмір сүру жағдайының күрт төмендеуінен өз көрінісін тапты.
 Мысалы, 1914-1916 жылдар аралығында Жетісу облысында әр түтінге салынатын салық 3 сомнан 8 сомға өсті. XX ғасырдың басында бір пұт ұнның бағасы 94 тиын болса, 1916 жылы ол 40 сомға дейін көтерілді. Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстарында 1916 жылы бидай ұнының бағасы 1,5 есе, ал еттің бағасы 2 есеге дейін жоғарылады.
           Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының басым бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, халықты рухани езгіге де түсірді.

           Оны тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында жымысқылықпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды.
          Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық пен аш-жалаңаштықтың етек жаюы – міне, осының бәрі халықтың басым көпшілігі тарапынан жаппай наразылық туғызды.
            Көтерілістің бұрқ ете қалуына патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы Қазақстанның, Орта Азияның және ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» ер-азаматтарын 19-43 жас аралығында майданның тыл жұмыстарына, қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас жолдарын салуға, окоптар қазуға тағы сол сияқты «реквизиция» туралы жарлығы тікелей сылтау болды. Жарлық бойынша тыл жұмыстарына Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам, соның ішінде қазақтардан 240 мыңға жуық кісі алу белгіленді. Егер сол кездегі қазақ шаруашылықтарының саны 700 мыңнан сәл асатынын ескеретін болсақ, патша жарлығы тұтастай орындалған жағдайда әрбір үшінші шаруашылық өзінің негізгі еңбек етушісінен айырылады екен. Ал мұндай мөлшерде жұмысшы қолы майданның тыл жұмыстарына әкету Қазақстанды ұлттық апатқа ұшыратуы мүмкін еді.
          Жарлық Қазақстанның барлық аймақтарында дерлік жаппай наразылық тудырды. Алихан Бөкейхановтың сөзімен айтсақ: «Қалың елдің дариядай толқуы» басталды.
Қазақстанның әр аймағында стихиялы түрде басталған патша жарлығына қарсы әрекеттер бірте-бірте ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты.
          Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтыды, алайда оның ірі ошақтары алдымен Жетісуда, одан кейін Торғай, Ырғыз өңірінде калыптасты. Көтерілістің негізгі қозғаушы күшін ұлттық шаруалардың қалың тобы сондай-ақ сол кезде қалыптасу үрдісін бастан кешіп жатқан жұмысшы тобының өкілдері құрады. Сонымен бірге оның ұлт азаттық сипатта өрістеуіне оған қазақ халқының басқа әлеуметтік топтарының байлар мен ауқаттылардың және патшаның билік жүйесіндегі төменгі баспалдағының жекелеген өкілдерінің қатысуы әсер етті.
          Көтеріліске қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, қырғыздар, дүнгендер және жекелеген басқа халықтардың өкілдері қатысқан оңтүстік және солтүстік-шығыс аймақты сол кездегі Сырдария, Жетісу облыстарын қоспағанда Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысы өзінің ұлттық құрамы жағынан бір ұлттық қазақтық күрес болды.                                               Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылғы шілде айының бас кезінде пайда болды. Халықтың ашу-ызасының бастапқы соққыларына жұмыстарға алынатындардың тізімдерін тікелей жасаған болыс басқармалары, ауыл старшындары және жергілікті әкімшіліктердің басқа да қызметкерлері ұшырады. Өйткені тізім жасаудағы бұрмалаушылық әуел бастан жаппай парақорлық пен қиянат жасаушылыкты туғызған болатын.

           Көтерілістің алғашқы ошағы Жетісу облысында пайда болды. Мұнда патша жарлығына қарулы қарсылық шілде, тамыз айларында бұқаралық сипат алды. Патшалық үкімет органдары Жетісуға ірі жазалаушы әскери күштер жеткізе бастады. Жергілікті гарнизондар нығайтылды, қазақ және қырғыз көтерілісшілерін жазалау үшін облыстағы селолары мен қазақ станцияларының тұрғындарынан қарулы жасақтар құрылды.
Өкімет органдары қудалаған 300 мың қазақтар мен қырғыздар немесе Жетісудың байырғы тұрғындарының төрттен бірі Қытайға босып кетуге мәжбүр болды. Генерал губернатор Куропаткин бекіткен сот үкімдері мен Түркістан өлкесінде өлім жазасына 347 адам, каторгалық жұмыстарға 168 түрмеде тұтқындауға 128 адам кесілді. Хан сайлау дәстүрін және олардың халықтың кандай әлеуметтік топтарының өкілі болғандығын атап айтқанда, сұлтандар әулетінен сайланатынын жетік білетін. Әбдіғаппар өзін әмір деп атаған, кейіннен 1916 жылғы қарашада 13 болыс  (6 болыс қыпшақ, 6 болыс арғын және 1 болыс найман) өкілдерінің құрылтайында Әбдіғаппар Жанбосынов Торғай уезінің ханы болып танылды. Осы құрылтайға қатысушылардың келісімімен Кенесары хан Қасымұлының серігі – атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов Үдербайұлы көтерілісшілердің сардарбегі, қолбасшысы болып тағайындалды.
            Амангелді Үдербайұлы Иманов (1873 ж. 3 сәуір - 1919 ж. 18 мамыр) қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған ұлт азаттық көтерілістің басшысы Торғай уезі Қайдауыл болысының үшінші ауылында кедей шаруа отбасында туған. 7 жасында әкесі бес жылдан кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалды. Ол байларға жалшы болды. Еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көрді. Оның самодержавиеге байлар мен билердің езгісіне деген өшпенділігі осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқаңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянды. Амангелді бала кезінен әділетсіздікті жаны сүймейтін. Социал демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны «Сенімсіз» адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызды.

Амангелді Имановтың есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты.

Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халық бостандығын көздеді.

 

ІV.Пысықтау. «Блиц» сұрақ-жауап әдісі (сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріп, соңынан себебін түсіндіреді.)

1.    Ұлт-азаттық қозғалыс қай жылы болды және қай жерде?

2.    Көтерілістің алғашқы ошағы?

3.    Амангелді Үдербайұлы Иманов кім?

4.    Ұлт-азаттық қозғалыс өршіген  аймақтарды геогрфиялық картадан көрсет?

5.    Сол қозғалыс кезіндегі туындаған әдеби шығармаларды жатқа кім айта алады?

 

V.Сабақты қорытындылау. Нәтиже:

         ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызын меңгереді. Оқушылар  өзіндік және топтық жұмысты ұйымдастыра, бақылай, бағалай  алатын деңгейге жетеді,   дағдысын  қалыптастырады және дамытады.

 

VI.Үй тапсырмасы

  ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызы.

 

VII. Бағалау. 

 

Негізгі әдебиеттер:       Ч.Мусин мен С.Жолдасбаевтың Қазақстан тарихы оқулығы;

 

Қосымша әдебиеттер:  Ғаламтордан арналған мәліметтер, әдістемелік журналдар;

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: "Ұлт азаттық көтеріліс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2017 1186
    • DOCX 834.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакирова Эльмира Айдакашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакирова Эльмира Айдакашевна
    Шакирова Эльмира Айдакашевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48464
    • Всего материалов: 21

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ИКТ-компетенции обучающихся в процессе организации проектной деятельности при изучении курсов истории

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1354 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 913 человек

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе