Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Ұлттық ою - өрнектер"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Ашық сабақ "Ұлттық ою - өрнектер"

библиотека
материалов

Ұлттық ою- өрнектермен танысу

Жуканова Наргүл Кинбаевна

/ Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, № 2 қарауылкелді орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі /

Класы: 7 класс

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ою-өрнектермен танысу

Сабақтың типі: Жаңа білімді хабарлау

Сабақтың мақсаты: а/ ою-өрнектер туралы түсініктерін кеңейту, ою-өрнектердің ою әдістерін үйрету;

ә/ Оқушыларды сәндік қолданбалы өнерге, шеберлігін, икемділігін дамыту;

б/ Оқушыларды ұқыптылыққа, ұлттық өнерді біліп тануға тәрбиелеу;

Сабақтың көрнекіліктері:

Слайд, тест сұрақтары, ұлттық ою-өрнек түрлері, оюланған қолөнер бұйымдары.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

а/ Амандасу. Журнал толтыру

ә/ Оқушыларды түгендеу.

б/ «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Негізгі бөлім

Ойын ұйымдастыру арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу. / бір оюдың суретін қиып, оны құрастыру арқылы/

Класқа тақырыпты ашу үшін Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» өлеңін тыңдатамын.

«Қызықты сұрақ» әдісі 1. Ф.Оңғарсынованың өлеңі не жайында?

2. Оюдың қандай түрлерін білесіңдер?

3. Ою қандай бұйымдарға салынады?

- Бүгін біздер қазақтың ұлттық ою – өрнектерімен кеңірек танысамыз.

«Ғажайыпстанға саяхат» мультфильміндегі «Ою - өрнектер» туралы бейне – роликті ұсынамын.

Слайд арқылы ою – өрнек түрлерін көрсетемін.

Әдемі киімдер тігіп, оны өрнектеген шеберлер де аз емес. Қазақ халқы өз қолөнерінде ою - өрнектерді кеңінен пайдаланған. Айналамызға зер салып қараңдаршы, сол ою - өрнектер біздің залымыздың төрінен де орын алған жоқ па? Әдемі де, сәнді ойылған ою - өрнек қолөнеріміздің сәнін де, мәнін де беретіні бәрімізге белгілі.

Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген. Мысалы: төсеніш, ұлттық киім, үй мүліктері. Ою - өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген.
Қазақ ұлттық ою - өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Қазақ халқының тұрмысында ағаштан жасалған заттар өте көлемді. Жазы - қысы пайдалануға келетін «ағаш уықты, киіз туырлықты» киіз үй киіз бен ағаштың өте күрделі үйлесінен тұрады
Ою – түрлері:
1. Өсімдік тектес оюлар
2. Жануарларға байланысты
3. Аспан әлеміне байланысты
4. Геометриялық оюлар
Оқушылардың ойын ортаға салу.
- Ою - өрнек туралы сендер не білесіңдер?
Ою - өрнек өте ежелгі өнер. Онын ұзақ та, қызық тарихы бар. Бұдан екі жүз жыл бұрын адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем ерекше көзбен қараған. Табиғат олардың анасы еді, ол адамдарды асырайтын, киіндіретін, емдейтін сонымен бірге, құрметтеп күтпегені үшін жазалап та алатын.
Ай мен күн, теңіз бен шөп, жел мен жартас, жануарлар мен өсімдіктер ойнай біледі, сезеді, сөйлей алады, адамға көмек бере алады, олардан кек те қайтарады дегенге пенделер сенген.
Қазақтың ою және өрнек деген сөзі бірге келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Ою белгілі бір затты ою (тас, ағаш, темір, сүйек, тері, қағаз, мата). Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, желімдер жапсырып әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
Ұлттық киім үлгілерінеде әр түрлі ою - өрнектермен заманына қарай әшекейлеп, әсемдейді.
Ендеше ұлттық киім үлгілеріне назар аударайық.
Мұғалім: Ал, ою оюшыны кім дейді?
Ою оюшыны шебер дейді. Оюшы шебер іскерлігімен қатар аталып құрметтелетін өнерде өзіндік орны бар адам. Ол өзіне дейінгі дәстүрді ою - өрнектің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны одан ары дамытушы.
Қуанышын да, қайғысын да жан – жануар, аң - құс, ай мен күн, жұлдыз, тау, тасқа байланысты деп түсінген көшпелі қазақтардың сол сезімдері қолөнер туындыларында да қалыс қалмаған. Бертін келе осы өрнектердің кейбір ұқсастығына қарай атауларға ие болған.

ІІІ. Практикалық жұмыс

а/ қауіпсіздік ережесін еске түсіру

ә/ жұмыс орнын жабдықтау

б/ жұмысқа кірісу

технологиялық карта тарату, оюды қию, матаға орналастыру

ІV. Қорытынды бөлім

а/ оқушыларды бағалау

ә/ жұмыс орнын жинастыру

б/ Үйге тапсырма беру


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров584
Номер материала ДВ-140961
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх