Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Логопедия / Конспекты / Ашық сабақ "М дыбысы мен әрпі "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Логопедия

Ашық сабақ "М дыбысы мен әрпі "

библиотека
материалов


Сабақтың тақырыбы: «М» дауыссыз дыбысы

Сабақтың мақсаты:

1) М дыбысына артикуляциялық сипаттама беру, М дыбысы бар байланысты сөздермен таныстыру , сөздерге дыбыстық талдау жасау . Сөз ішіндегі дыбыстың

орнын анықтау , сабаққа деген қызығушылығын арттыру

2) балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, дыбыстарды дұрыс айту, анық айтуға үйрету.Фонетика-фонематикалық есту қабілетін арттыру.Сөздік қорын молайту

3) балалардың рухани өсуіне басшылық жасау, мәдени қарым-қатынасқа тәрбиелеу

Сабақ түрі: жаңа сабақ, ойын

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Балалардың зейінін сабаққа аудару

Өткен сабақты қайталау

«Орнын тап» ойыны арқылы өткен сабақты пысықтау. Мына суреттерді атауларын тауып, «Ы» әріпін орындарына қой

Тыныс алу жаттығуы: Мұрынмен дем алып, демді дауысты дыбыстарды айтып шығару

Жаңа сабақ

Моншақ, мақта, мысық, мата, машина деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіп тұрмыз, білесіздер ме?

  • М дыбысы.

М дыбысына артикуляциялық сипаттама: [м] дыбысын айтқанда еріндер жұмулы; ауа ағысының жолында кедергі бар; ауа ағысы еріндерді жарып өтетін тәрізді.

  • Балалар тақтадан ненің суреттерін көріп тұрмыз. Қане осы сөздерге сөйлем құрастырайық. Мысалы: Асанның үлкен ала мысығы бар.

  • Марат пен Мұрат өсіп тұрған мақтаны көріп, қызығып тамашалап тұр.

Сергіту сәті:

  • Балалар мысық туралы сергіту сәтін жасайық

Мен – мяу мысықпын

Мяу-мяу-мяу

Өзім сондай пысықпын

Мяу-мяу-мяу

Қастық ойлап дұшпанға

Мяу-мяу-мяу

Жолбарысша атылам

Мяу-мяу-мяу

Тісті аямай батырам

Мяу-мяу-мяу


Саусақ қимылдарын арттыру арқылы мақта шиттетіп, қолдың ұсақ моторикасын дамыту

  • Балалар мақта неге ұқсайды?

  • Түсі қандай?

  • Ол жұмсақ па, қатты ма?

  • Оны кімдер егеді?

  • Бізге пайдасы бар ма?

Тілді жаттықтыру

Ық-ық-ық - мысық

Ақ-ақ-ақ - моншақ

Та-та-та - мақта

Ай-ай-ай - май

«Сиқырлы әріпті сандық ойынын ойнау» арқылы сабақты пысықтау

Балаларға ойын шартын түсіндіру

1-сандыққа М дыбысы сөздің басында келетін суреттерді салу

2-сандыққа М дыбысы сөздің ортасында келетін суреттерді салу

3-сандыққа М дыбысы сөздің соңында кездесетін суреттерді салу

Сергіту сәті:

Алақанды жаяйық

Аяқтарың орнында я-я-я

Тек алақанды соғайық я-я-я

Енді алға созамыз соқ-соқ-соқ

Енді арқаға созамыз тез-тез-тез

Биік - биік соғамыз соқ-соқ-соқ

Төмен-төмен соғамыз соқ-соқ-соқ

Енді қолды шайқаймыз шоқ-шоқ-шоқ

Демаламыз қане біз уф-уф-уф

Сабақты қорыту

  • Балалар, біз қандай дыбыспен таныстық?

  • М дыбысы қандай дыбыс екен?

  • М дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?

  • Сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: М дыбысы бар сөздерге сөйлем құрау


Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Логопедия
Подраздел Конспекты
Просмотров283
Номер материала ДБ-007091
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх