Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ математикадан "Білімді тиянақтау"

Ашық сабақ математикадан "Білімді тиянақтау"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы

Ақжар ауданы

Горьковский селосы

Горьковский орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Дюсенова К.К.


Математика

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты: Әр алуан іс – әрекет барысында кестелік қосу және азайтуды өрнектермен, теңдеулермен, есептермен байланыстыра жүргізу. Екі амалмен шығарылатын есептерді орындауға машықтандыру. Геометриялық фигураларды тану, периметрін табу. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды сүйіспеншілікке, ұқыптылыққа, тиянақтыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, жүлдыздар, ғарыштын суреті, зымыран, скафандр, микрофон, фотоаппарат.

Сабақтың әдісі: Саяхат сабақ.

Сабақтың түрі: Өткен сабақты қорыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Балалар, бүгін бізге көп қонақ келіп отыр, барлығымен амандасып шығайық.

Сәлеметсің бе күннің көзі!

Сәлеметсің бе көк аспан!

Сәлеметсің бе жер ана!

Сәлеметсің бе сен!

Сәлеметсің бе мен!

Сәлеметсіңдер ме қонақтар!

Жақсы, балалар, отырыңдар. Бүгін біз де жай сабақ емес, бүгін біз саяхат жасаймыз. Сендер білесіңдер ме немен ғарышқа ұшады? Дұрыс, зымыранмен. Жер әлемінде ең бірінші ғарышқа кім ұшты? Дұрыс, Юрий Гагарин. 1961 жылы Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? Дұрыс, Тоқтар Әубәкіров. Жарайсыңдар! Ал, енді ғарыш туралы өлеңді хормен айтайық:

Біздің ғалым ағалар,

Біздің ғалым апалар. .

Ашты жолды аспанға.

Біз де ұшамыз алысқа

Алыс айға, Марсқа

Бүгін біз де ғарышқа ұшамыз. Міне, біздің картамыз. Мынау біздің скафандрымыз, киіңдер бастарына. Дайынсыңдар ма? 5, 4, 3, 2, 1. Кеттік.

ІІ. Өрнектер планетасы. Математикалық диктант жазамыз.

23+77 29+15 95-15 38+34 44+20 67+27 53-26 42-18 81-63.

Балалар, бір-бірінің өрнегін тексереді, баға қояды. Кеттік, әрі қарай.



ІІІ. Геометриялық фигуралардың планетасы.

Геометриялық фигураны тану, айту. Үш бала тақтада үшбұрыш, тік бұрыш, шаршының периметрін табады.

Қабырғасы 4 дм. Шаршының перметрін табу. Қабырғалары 5 см және 3 см тік төртбұрыш сызу, периметрін табу.

Жарайсыңдар! Әрі қарай ұшамыз.

IV. Марсиандардың планетасы. Сергіту сәті. Марсиандар балаларды билеуге үйретеді.

V. Теңдеулер планетасы. Теңдеулерді шешу үш бала тақтада, карточкамен жұмыс істейді. Жарайсыңдар! Кеттік ұшып.

VI. Есептер планетасы. Есеп оқу, шығару.

Оқ.беті 152 №2. Екі бала тақтада шығарады.

Өрнек құру. №4. Өзіндік жұмыс. Тексеру.

VII. Қорытынды. Мектепке ораламыз. Балалар, міне өз жерімізге, мектебімізге ұшып келдік. Балалардан ең бірінші ғарышқа ұшқан 2 сынып балалары біз болдық. Қарандаршы, міне корреспондент келіп тұр, сендерден интервью аламын деп. Ғарышта не көрдіңдер, не істедіңдер, не білдіңдер? Жарайсыңдар!

VIIІ. Бағалау. Үйге тапсырма.






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров96
Номер материала ДВ-338449
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх