Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Мемлекеттің негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек" (7 класс)

Ашық сабақ "Мемлекеттің негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек" (7 класс)

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 7-сынып. Пәні: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Cабақтың тақырыбы: Мемлекеттің негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек
Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру.
Тәрбиелік: Хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандар суреттері арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік қалыптастырады.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Әдісі: СТО технологиясы әдістері, диолог
Ресурстар : Қазақ хандығының картасы , Жәнібек, Керей хандардың , Әбілқайыр ханың, М.Х.Дулатидың суреттері, стикер, маркерлер, ватман, түрлі-түсті қағаз, карта, оқулық, смайлинк.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру

Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар,сәлеметсіңдер ме ? бүгін біз сабағымыз сайыс сабақ ретінде өткізгелі отырмыз.Сыныбымызда кім кезекші сынып жайында мағлұмат берсеңіз, үйге берілген тапсырма қандай? Сайысымызды бастайық.
Қызығушылығын ояту: “Өз жартыңды тап” ойыны. ( 3 минут )

Шарттары:

1.Әр оқушы стол үстінен кезекпен 1-ден 8-ге дейінгі сан жазылған сары және қызыл жетондарды алады. Сары жетонда сұрақ жасырылған, ал қызыл жетонда өз жартысының сұрағының жауабы жасырылған.

2. Оқушылар кезекпен сұрақтарын оқып жауап береді де жартысын табады. Ал жартысы өз сұрағына жауабын беріп дұрыстығына көз жеткізеді. Мысалы сары жетондағы сұрақтың жауабы қызыл жетондағы жауаппен сәйкес

келу керек.

3. Әр оқушы өз жұптарын тапқаннан кейін 1,3,5,7 жұп бір топ, 2,4,6,8 жұп екінші топ құрып орындарына жайғасады.

Сары жетонның тапсырмасы:

1. Ұлы Отан соғысының биыл неше жылдығы аталып отыр?

2. Абай Құнабаевтың туғанына неше жыл болды?

3.Халықтар Ассамблеясына неше жыл?

4. Ата-заңға неше жыл толды?

Қызыл жетондардың жауаптары:

1.70 жыл

2.170 жыл

3.20 жыл

4. 20жыл

Мағынаны ашу: “Қозыбасы тауы” ойыны ( 10 минут )

Шарттары:

1.Қазақ хандарының саясатынан сұрақтар жасырылған аялдамалар.

2.Оқушылар аялдамалар арқылы жылжып отырады. Әр аялдамада әр топқа бір сұрақтан берілген.

3.Сұраққа жауап беріп келесі аялдамаға өтіп отырады.

4.Соңында Қозыбасы тауының басына шығып қазақ хандығының туын тігеді.

5.Топ мүшелері ақылдаса келе қарсы топтың ойыншыларын өздері бағалайды.

«Керей хан» тобының тапсырмасы:

1.Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы жағдай қандай дәрежеде болды?

2. Қазақ хандыының құрылу қарсаңында Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы арасында талас-тартыс неден туды ?

3. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?

4. Қазақ хандығының құрылуына экономиканың

дамуы қалай әсер етті?

«Жәнібек хан» тобының тапсырмасы:

1. Қазақ хандығының құрылуының қандай тарихи қажеттілігі болды?

2. Қазақ хандығы алғашында Қазақстанның қай аумағында құрылды?

3. Кереймен Жәнібек хандармен бірігіп көшкен ру-тайпайлардың алғашқы атауы?

4. Қазақстандағы ру-тайпалар қандай басты үш аймаққа шоғырланды?

Мәнді цифрлар” ойыны (5 минут )

Шарттары:

1.Екі топқа 4 цифрдан тапсырма беріледі. Оқушылар әр цифрдың мәнін ашуы тиіс.

2. Жауапты әр топ кезекпен береді.

3.Топ мүшелері ақылдаса келе қарсы топтың ойыншыларын өздері бағалайды.

«Керей хан» тобының тапсырмасы:



«Жәнібек хан» тобының тапсырмасы:



Сергіту сәті: «тренинг ойын» (3 минут )

Тренинг мақсаты: зейінің шоғырландыру, ойын бір жерге жинақтау.

Шарты: Оң қолымен және сол солына қалам ұстап тұрып, бір мезетте оң қолымен үш бұрыш, сол қолымен төрт бұрыш салу керек.

1. Жаттығуды орындағанда қиындық туғызған сәт?

2.Тапсырманы неше рет қайталағанда зейініңді шоғырлана алдың деп ойлайсың?

Жаңа сабақ ( 8 минут)

Мемлекеттің негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек
Дарындылаққа бейім оқушы : Омарханов Салихан: Керей мен Жәнібектің өмірбаяны туралы мағлұмат береді.

«Математикалық есеп» ойын ( 5 минут )

(Кубик лақтыру арқылы есеп таңдалады )
4000/2 - 532= (Әбілқайыр ханның қайтыс болған жылы)жауабы:1468ж
700х2+73 = (Керей ханның қайтыс болған жылы)жауабы:1473ж
10х100+480 = (Жәнібек ханның қайтыс болған жылы)жауабы: 1480ж
728х2+10 = (Қазақ хандығының құрылған жылы) жауабы: 1466ж

5000/5+428 =( Барақ ханның қайтыс болған жылы) жауабы:1428ж

750/2+41= (М.Х.Дулатитидің «Тарих-и рашиди» еңбегінің жазыла бастаған жылы)жауабы: 1541

Ой толғау:

«Тарихи домино» ( 5 минут )

«Керей хан» тобының тапсырмасы:

1465 жылдары Қозыбасыда құрды. қазақ 1466 хандығын

Жауабы: 1465-1466 жылдары Қозыбасыда хандығын құрды.

«Жәнібек хан» тобының тапсырмасы:

Жылы хан Керей көктемде қазақ хандығы сұлтан сайланып құрылған 1458

Жауабы: 1458 жылы көктемде Керей сұлтан хан сайланып, қазақ хандығы құрылған.

Венн диаграммасы: (8 минут )

«Керей хан» тобы - Керей мен Жәнібекті Н.Ә.Назарбаевпен

салыстырады.

«Жәнібек хан» тобы - Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады.

Ревлексия: (2 минут)

Білемін. Білдім. Білгім келеді?

Бағалау: (2 минут)

Үй тапсырмасы: Мемлекетің негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек 151-154 беттерді оқу

«Егер мен хан болсам.....» деген тақырыпта ой толғау жазу.









Краткое описание документа:

«Керей хан» тобының тапсырмасы:

1.Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы жағдай қандай дәрежеде болды?

2. Қазақ хандыының құрылу қарсаңында Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы арасында талас-тартыс неден туды ?

3. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?

4. Қазақ хандығының құрылуына экономиканың

дамуы қалай әсер етті?

«Жәнібек хан» тобының тапсырмасы:

1. Қазақ хандығының құрылуының қандай тарихи қажеттілігі болды?

2. Қазақ хандығы алғашында Қазақстанның қай аумағында құрылды?

3. Кереймен Жәнібек хандармен бірігіп көшкен ру-тайпайлардың алғашқы атауы?

4. Қазақстандағы ру-тайпалар қандай басты үш аймаққа шоғырланды?

Автор
Дата добавления 28.04.2015
Раздел История
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров752
Номер материала 258147
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх