Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ Менің Досым

Ашық сабақ Менің Досым



  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің досым.
Сабақ мақсаты: 1. Тақырып бойынша алған білімдерін бақылау;

2.Жүйелі ойлау дағдыларын дамыту. Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алуға икемділіктерін, дағдыларын дамыту;

3. Достыққа, татулыққа тәрбиелеу. Қазақ тіліне қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Алған білімді жинақтау.
Сабақтың әдісі: Жарыс, сұрақ - жауап, ойын, топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық: Шаттық шеңберіне тұрып, бір - біріне жақсы тілектер айту.
Қайырлы таң достым! Қайырлы күн құрбым! Қуанышқа толсын бұл - күн!

Сәттіліктер сенімен болсын! Күнделігің беске толсын!


ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Достық» тақырыбына мақал - мәтелдер жаттап келу.

«Доп лақтыру» ойыны арқылы бір оқушы мақалдың басын бастап, екіншісі жалғастырады. Мысалы: 1-оқушы: Досы көпті-
2-оқушы: жау алмайды.
ІІІ. Жаңа сабақ. Бүгінгі сабақ топтық жұмыс түрінде өтеді. Тақтаға ілінген түрлі гүлдерді алуларына байланысты 2 топ құрылады «Ізеттілік», «Мейірімділік»
Топтардың атауы анықталған соң топ басшылары сайланады.
1.
«Көсіле сөйлеу- өнерім» айдары бойынша жұмыс.

«Достық» тақырыбына мақал - мәтелдер жарысы. Интербелсенді тақтаға жазылған мақалдардың жалғасын айту. Дұрыс табылған мақалға бір ұпайдан беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
Дос егіз - ...

Доссыз адам- ...

Адам досымен.... 
Досы көппен сыйлас - ...

Жолдасы көптің -.... 
Досыңды мақтағаның -....
 
Досы жоқ адам -....

2.
«Тапқырларым не дейді?» Тапсырма: Әр топқа постер беремін. Олар берілген сөздің соңғы дыбысына байланысты жаңа сөзді тауып жазу керек. 6 минут ішінде кем дегенде 10 сөз жазу. Тақтада қорғау. Жұмысқа қойылатын шарт: 1- таза, әдемі жазылуы.

2- қорғаушы анық сөйлеп, дұрыс оқуы керек.

Мысалы: Сыйластық - қайырымдылық т.б.

«Ізеттілік» тобына «Бірлік», ««Мейірімділік» тобына «Бақыт» сөзі берілді. Әрі қарай оқушылар өздері жалғастырып әкетеді. Ең көп сөз айтқан топ жеңіске жетеді, әр сөзге бір ұпайдан беріледі.

3.
«Қазақша сайраймын» айдары. Дәптермен жұмыс. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін аудара отырып мәтін құрастыру. Әр топтан кез келген 2 -3 оқушыны тұрғызып, мәтінің тығдаймыз. 1. Моя подруга 2. Пример 3. Добрый 4. Умный 5.Рост 6.Смелый 7. Младший 8.Хобби 9. Красивый. 10.Характер 11.Заболтивый 12.Высокий. 13.Волосы. 14.Глаз.

4.
«Кімнің ойы жүйрік» Топ басшылары сайысы. Топтың басшылары шығып, кезектесе отырып, бір- біріне сипаттама береді. Әр дұрыс айтылған, дұрыс құрылған сөйлемге оқушылар қол соғады.

IV. Бекіту: Ережеге мән беру! Қосымшаның неше түрі бар?

1.Топ басшысының нұсқауы бойынша әр топтан 1 оқушыдан тұрып ережені айтады.

2. Тақтадағы берілген екі сөзді септеу «Мейірімділік» тобына "Кітап" сөзі,

«Ізеттілік» тобына " Білім" сөзі.

V. Қорытыдылау. Топ білімдері ұпай саны бойынша анықталады. Сондай-ақ оқушылар "Екі жұлдыз, бір тілек" айдарымен өздеріне сабақтан алған әсерлерін, не тілектерін стикерге жазып, іліп кетеді.

VI. Үйге тапсырма: Кітапша жасауға "Менің досым" суреті мен сипаттамасы болуы шарт.

VII. Бағалау




Автор
Дата добавления 21.07.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров140
Номер материала ДБ-145216
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх