Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Рабочие программы / АШЫҚ САБАҚ "МЕНІҢ ОТАНЫМ"

АШЫҚ САБАҚ "МЕНІҢ ОТАНЫМ"


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

«Менің Отаным – Қазақстан»


Қазақстан дейтін менің  бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам  қолға ту алған.

Бұл далаға  жылап келіп,уанғам,

Бұл  даланы көріп алғаш  қуанғам,

Бұл далада  өскен жанда жоқ арман!


Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің отаным – Қазақстан. Мен Отанымды сүйемін. Қазақстан – мен үшін , менің ата – бабаларым үшін өте қасиетті мекен . Осы елде дүниеге келіп , еңбек етіп , білім алып келеміз және қазақ тілінде сөйлеуді, қазақ халқының салт – дәстүрін білу міндетіміз деп санаймын.

     Менің  Еліме деген махаббатым жүрегімнің түпкірінде жатыр. Отанға деген адал махабатты, қандай заң, қандай құбылысы болсын өшіре алмайды.

Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 17 млн дан артық халық тұрады. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады.

     «Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды.»,-дейді  қазағым,  ал менің Отаным сонау Каспийден бастап Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке . Қазақстан тәуелсіздік жолында не көрмеді десеңші ?!  Еліміздің  басынан азап та , аштық та , сұм соғыс та өтті.Қазақстанның тәуелсіздігін аңсаған, мәңгілік жарыққа ұмтылған Қайрат, Ләззат, Ербол сияқты аға – апаларымыз ұлтты үшін өлімге бастарын тікті.

Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.

Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.

Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасы

Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуға армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақын-жазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репресияға ұшырады.
1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздеріде қалыптасады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – Қазақ тілі.
Туымыздың көк түсі бейбітшілікті, ашық аспанды білдіреді. Ортасында алтын арайлы күні мен қыраны бар. Ою-өрнегі шетінде орналасқан. Елтаңба шеттерінде екі алтын пырақ, ортасында шаңырағы бар.
1991 жылдан 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді. Еліміздің басқа да жетістіктері көп.
Қазақстан байтақ жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұлда біздің үлкен мақтанышымыз.
2015 жылдың 16 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 24 жыл болады. Бұл үлкен мереке.
Қазақстанның ең басты мақтанышы ол өз астанасы – Астана. Бұл қалаға қазір 16 жыл. Астана қаламызға шетелден келген адамдар көп болады. Астана қаласында парламен үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар.
Мен өз әсем, көркем, көрікті, байтақ еліме, жеріме өте мақтанамын. Қазақстан азаматтары да өз елін мақтан тұтады деп ойлаймын.
Мен Қазақ жерін сүйіп, мына өлең жолдарын арнаймын:
Менің Отаным – Қазақстан,
Жасара бер әрқашан.
Президент ата Нұрсұлтан
Біздің елді басқарған.

Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным!
Мен өз отанымны суйемін. Мен Қазақстан жерінде тұылғанымға мақтанамын

Біздің Отанымыз, еліміз, кіндік қанымыз тамған жеріміз ол-Қазақстан. Біз ең атақты елдерге кетсек, өз елімізді қатты сағынамыз. Әр адам өз туған жерін аңсайды. «Әркімнің өз елі-Мысыр шаһары» деген мақалды бекер айтпаған. Бұл шыныда дұрыс айтылған. Теледидардан көрген хабарларымда қазақ еліннен кетіп, басқа елде өзінің жеке бизнесі болып, ауқатты тұрып жатқан адамдардың өзінің ата-бабасы жатқан елге тағзым еткенде олардың көздерінде ерекше ұшқын, сүйіспеншілікті көруге болады. Соған қарап мен қарапайым өмір сүріп жатсам да отбасыммен, туған жерімде оқып, өз елімде жүргеніме қуанам.

«Отан отбасынан басталады» Осы мақалда менің ойымша отбасына ғана емес, Отанға деген сүйіспеншілік туралы айтылған. Мен кішкентай отбасымды сүйем. Отбасымыда әкем, анам, мен, сіңілім бар. Өйткені менің отбасым да Отаныма қызмет етуде. Біз кішкене ғана бөлшегіміз. Өйткені менің үлкен атам Отанды қорғауға үлесін қосып, соғысқан. Ал мен сауатты адам болу үшін аянбай оқып, үлгілі біліміммен үлесімді қосып келемін. Мен жұмысымды адал істеуге тырысамын. Өйткені менің жұмысым сабақ. Сабақты босатпай, ұстаздардың айтқанын бұлжытпай орындаймын.

Менің Еліме деген махаббатым жүрегімнің түпкірінде жатыр. Отанға деген адал махабатты, қандай заң, қандай құбылысы болсын өшіре алмайды.Бүгінгі күні Қазақстан бақыт ордасына айналып отыр. Әркім қалаған еңбегін істеуге, оқуға, демалуға ерікті.«Құс ұясыз болмайды, адам Отансыз болмайды.»,-дейді қазағым, ал менің Отаным сонау Каспийден бастап Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке . Қазақстан тәуелсіздік жолында не көрмеді десеңші ?! Еліміздің басынан азап та , аштық та , сұм соғыс та өтті.Қазақстанның тәуелсіздігін аңсаған, мәңгілік жарыққа ұмтылған Қайрат, Ләззат, Ербол сияқты аға – апаларымыз ұлтты үшін өлімге бастарын тікті.

Біздерде Абылайдың саясаткерлігі, Қабанбайдың ерлігі , Қазыбектердің биліктері, Жиреншешелердің шешеншігі , Абай – Махамбеттердің ақылдылығы бар. Оған қоса , ата- бабалар мұра етіп қалдырған асыл - қазына жеріміз бар. Біздің жерімізде кең, қасиеті ғана емес, қазба байлығымен дүние жүзінің алдыңғы көшін бастауда. Асты кенге, талай дүлділ адамдарды өмірге әкелген кенді өлке Қарағандыда туғаныма қатты қуанам. Сол байлықты біздер игеріп , иемденеміз , алға басып дамимыз .

Мен кандай мамандық таңдасам да, құстай биік ұшып, тауға өрлеп шықсамда еліме құшағымды жайып жүремін.

Мен – егеменді елімнің ертеңімін «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та , бар қалан » , - деп Абай атамыз айтқандай , Отанымның болашағы үшін өз үлесімді қосуға тырысамын.

Біз жастар Қазақстанның болашағымыз, туып өскен жерімізді, елімізді оп – оңай бере салмаймыз. Еліміз үшін барлық қиындыққа төтеп беруге дайынбыз. Өйлаған арманым көп. Мен болашаққа сенемін. Өскесін Алла қаласа ғалым боламын. Болашағымның жарқын болатынын лүп-лүп еткен жүрегім сезеді. Отан алдындағы борышым-ел болашағы үшін қызмет ету. Қазақстанды гүлдендіру, көркейту, жағымды жаңалығыммен қуанту. Еліміздің болашағы-біздерміз. Ата-анасын, Отанын сыйлаған жастар ғана еліне адал қызмет етеді. Мен өз еліме тыныштық, жақсылық тілеймін!





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Рабочие программы
Просмотров103
Номер материала ДВ-409581
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх