Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Рабочие программы / Ашық сабақ "Әмір Темір шапқыншылығы"

Ашық сабақ "Әмір Темір шапқыншылығы"


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Пән мұғалімі: Қуандық Мөлдір Сағындыққызы
Сабақтың тақырыбы: §25.
Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары 
Сабақтың мақсаты: 
а) Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер – Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстанға жорықтары жайлы баяндап, басқыншылық зардаптарын 
көрсету. 
ә) Тәрбиелік: Адамгершілікке, қандай да болсын басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге  тәрбиелеу. 
б) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, ойын жеткізе білуг
е дағдыландыру. 
Сабықтың түрі: Аралас сабақ 
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау,
жеке, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, суреттер, хронологиялық 
кесте, ВЕНН диаграммасы, бағалау парағы. 
Пәнаралық байланыс: География, әдебиет
 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі: А) Психологиялық дайындық

Күнмен сәлемдесу

Сәлем күн Анамыз (қол жоғарыда)

Қуанатын күн бүгін (қол ұстасамыз)

Қайырлы таң! Қайырлы күн! (қол көкіректе)

Күліп шықты күн бүгін! (қол жоғарыда)

Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгелдеу, оқушылардың назарын 
сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Ой қозғау әдісі

Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді: Бағалауды топ басшысы бағалайды.
І топ – «Түркістан» 
ІІ топ – «Отырар» 
«Бәрін білгім келеді?» ойыны арқылы сұралады. Интерактивті тақтада 10, 20, 30 сандарынан тұратын үш қатардан ұяшықтар беріледі. Сол ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтар қойылады. Әр ұяшықтың сұрағына жауап берсе, 1 ұпай беріліп отырады.
10 ұяшығының

1 сұрағы: Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды? Жошы ұлысының
2- сұрағы:
Алтын Орда мелекеті кімнің басқаруымен құрылған? Батыйдың

3- сұрағы: Монғол империясы қашан құрылды? 1206 ж

4-сұрағы: Отырар опаты қашан болды? 1218 ж

5- сұрағы: Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды? Шағатай ұлысының

20 ұяшығының

1 сұрағы: Қай ханның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан мүлдем оқшауланды? Ұрысханның

2-сұрағы: Алтын Ордада қай ханның тұсында Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды? Берке хан

3- сұрағы: Ақ Орданың орталығы қай қала? Сығанақ

4-сұрағы: “Батпақ шайқасында” кім жеңіске жетті? Ілияс-Қожа хан

5-сұрағы: Монғол мемлекеті қанша түмен әкімшілік билікке бөлінді? 95

30 ұяшығының

1-сұрағы: Жасақ (Яса) дегеніміз? Мемлекеттің басты заңы

2- сұрағы: Шыңғысханның балаларына бөліп берген жерлері? Ұлыс

3 - сұрағы: Тоқтамыс қай жылы Мәскеуді өртеді? 1382 ж

4-сұрағы: Ақ Ордада Ерзен хан тұсында не болды? қалалық мәдениет дамыды

5-сұрағы: Моғолстанның құрылуында басты рөл атқарған тайпа, дулат тайпасы.

Үйге берілген жазба жұмысын тексеру: «Түркістан тобына» Моғол мемлекетінің хронологиялық кестесін жасап келу, «Отырар» тобына Моғолстан мемлекетінің хандары туралы әңгіме құрып келу тапсырылған.

ІІІ. Мағынаны тану бөлімі.

Жаңа сабақ

Жаңа сабақтың жоспары:

І. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары

ІІ. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жасаған жорықтары

ІІІ. Әмір Темірдің жорықтарының зардаптары.

Әмір Темір 1336 жылы Түркістан қаласында Барлас тайпасының биі Тарағай бектің отбасында дүниеге келген – қолбасшы, мемлекет қайраткері. Әмір Темір алғашында 1361 ж Қашқария уәлаятынның билеушісі болды. 1370 жылы Мауараннахрды өзінің қолына алды. Содан 35 жыл бойы -1405 жылға дейін жеке – дара билік жүргізді. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. ХІҮ ғ 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ – даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол Ақсақ Темір, ирандықтарға Тимурләнг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Әмір Темірдің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 – 1388), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания ( Оңтүстік Әзербайжан, 1384), Иран мен Ауғанстан толық бағындырылды. Ол Қазақстан мен Қырғызстан аумағын – Шығыс Дешті Қыпшаққа, Жетісу мен Тянь- Шаньға басқыншылық мақсаттарын асқан қатыгездікпен жүзеге асырды. 

Уақыты. Оқиғалар. Жорық зардаптары 
1370 ж Мауараннахрды басып алады. Содан 35 жыл бойы жеке – дара билік жүргізеді. Бұл аймақтарда өмір сүріп жатқан халықтардың шаруашылығы күйрейді. 
1376 ж Ұрұс ханның ұлы Мәлік оғланның 10 мың әскерін талқандайды. Еларалық байланыс үзіледі. 
1391 ж 200 мың әскермен Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанады Халық қырғынға ұшырап, қолға түскендері құлдыққа айдалып, Орта Азия қалаларындағы базарларда саудаға түсті. 
1395 ж Тоқтамысқа қарсы тағы жорыққа шығады. 
1371 – 1372 жж 
Моғолстанға әскер аттандырады 
Қалалар қирап, жермен – жексен болды. 
1371 – 1390 жж Моғолстанға он шақты рет жорық жасаған 
1376 ж Моғолстанның атақты қолбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Ауа көшу, қоныс аудару етек алады. 
1377 ж Моғол әмірі Қаратау етегінде және Бұғым шатқалында Әмір Темір әскерінен күйрей жеңілген. Халықтардың қалыптасу жүйесін бұзды. 
1384 – 1391 жж Алтын Орда мен Моғолстанға бірнеше рет жорық жасап, Моғолстанның түкпір – түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына орасан зиян келтірді 
1390 ж Моғолстан Темірге толық тәуелділікке түсті. 

Оқулықпен жұмыс: топтарға тапсырма беру, мәтінді оқу

І топ: Венн диаграммасы (Шыңғысхан мен Әмір Темір) ұқсастығы

ІІ топ: Екі бөлімді күнделік: Әмір Темірдің (жағымды, жағымсыз жағын анықтау).

(Шыңғысхан мен Әмір Темір) ұқсастығы

  • Әлемнің жартысын бағындырған қолбасшылар.

  • Екеуі де империялық мемлекет құрды.

  • Екеуі де жаулап алған елдеріндегі ғұламаларды, ұсталарды өлтірмей өздерінің империясына қызмет еткізген.

  • Екеуінің де бәйбішесінен төрт баласы болған.

  • Қазақ жеріне шабуыл жасап, ойрандады. Мемлекет болып дамуына көп жылға дейін кедергі жасады.

  • 70 жастан өте қайтыс болған.

  • Олардың құрған империялары өздері қайтыс болғаннан кейін, аз уақыт өтер-өтпестен ыдырап кетті.

  • Жалпы айтар болсақ, Екеуі қанқұмар, жауыз адамдар болған.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Алты қалпақ әдісі бойынша оқушылар өз ойларын білдіре отырып, берілген тапсырмаларды орындайды.

І топ: Сезімтал: эссе (қызыл) тақырып бойынша топпен эссе жазады.

ІІ топ: Қашан? Қайда? Кім? сұрақтарына жауап береді.

V. Қорытындылау.

Әмір Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн шаршы шақырымға жетті. Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққан жолда Отырар қаласында қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай өмір сүрді. Сүйегі Самархандағы Гүр - Әмір кесенесіне жерленді. Әмір Темір өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемлекеті ыдырап кетті. Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394-1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 – 1530) сынды атақты адамдар шықты. 
Әмір Темір әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінде саясаткер ретінде қалған. Орта Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, шөл далалардағы суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Әмір Темір есімімен тығыз байланысты. Әмір Темір қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш – қасиетті Қожа Ахмет Йасауи кес
енесін салып қалдырды. 
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі – ортағасырлық тарихи ескерткіш. Түркістан қаласында орналасқан. 1396 – 1399 жж Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Йасауи қабірінің басына тұрғызылған. Бұл кесене мешіт, медресе қызметін де атқарған. Қазіргі таңда Қожа Ахмет Йасауи түрік халықтарының рухани атасына, ал кесенесі түрік дүниесі табынатын кіші Меккеге айналып отыр.

Кері байланыс парағы: Оқушылар бүгінгі сабаққа өз ойларын білдіреді.  
VI. Бағалау . Топ басшылары топтағы сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалап, қорытынды шығарады.

VII.Үйге тапсырма: §25-ті оқып келу, Әмір Темір туралы шағын әңгіме жазып келу, хронологияны жаттау.
Біз бүгінгі сабағымызда сыныпты екі топқа бөліп, оны «Түркістан» және «Отырар» деп атауымыздың мәні зор. Өйткені Отырар мен Түркістан ежелгі тарихи қала. Оны қанша айтсаңда жырласаңда тауса алмайсың. Осы тарихи маңызы зор, ежелгі қалаларымызды ақындарымызда жырларына арқау еткен. М. Жұмабаев «Ер түріктің бесігі» деп Түркістан қаласының тарихын тереңнен қозғаса, М. Шаханов Ойрандалған Отырардағы ата - бабаларымызыдың жанқиярлықпен отанын қорғағанын жырлап, сол кезде Отырар қаласынан қашып шыққан жас ақын мен боламын деп Отырар қаласының билеушісі Қайыр бабасына үн қатады. Сабағымызды аяқтаймыз,
Рахмет!












Автор
Дата добавления 11.03.2016
Раздел История
Подраздел Рабочие программы
Просмотров202
Номер материала ДВ-519150
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх