Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ "М.Мақатаевтың шығармашылығы"

Ашық сабақ "М.Мақатаевтың шығармашылығы"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:           Мұқағали Мақатаев шығармашылығы

 

Сабақтың мақсаты:

1)   Білімділік:  М. Мақатаев поэзиясының өміршеңдігін таныту.

2)   Дамытушылық: Оқушылардың өлеңге деген ынтасын арттыру, көркемсөз оқу шеберлігін, сахналай білу қабілеттерін қалыптастыру.

3)   Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге, адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өлеңді, өнерді, сезімді бағалауға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: әдеби-композициялық сабақ.

 

Сабақтың көрнекілігі: М. Мақатаевтың портреті, кітаптары, газет-журнал материалдары, үн таспа.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) амандасу,  түгендеу.

ә) психологиялық  ахуал.

«Өлді деуге сыя ма ойландаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткен оймақтай ойы, сабағымыздың шырайын келтіріп тұр. Сонымен балалар, өткен сабақта біз сендермен ақиық ақынымыз М. Мақатаевтың өмірбаяны туралы айтқанбыз.

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

(сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып)

1.      М. Мақатаев нешінші жылы дүниеге келді?

2.      Ақынның туған жері қай жер?

3.      Қандай тілдерді білген?

4.      Мұқағалидың ата-анасының есімдері кім?

5.      Отбасы жайлы не білесіндер?

6.      Ақын неше жаста, нешінші жылы дүниеден өтті?

-          Жарайсыңдар, балалар.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

-          Ақиық ақын ағамыздың қаламдас қаламгері, үзеңгілес жолдасы – Фариза Оңғарсынова былай деп айтқан екен: «Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір, сырлы, мұңлы поэзия». Шынында да,  сөз семсерінің жарқылы ақын ағамыздың қай өлеңін алсақ та, оның бойынан өлеңге деген  іңкәрлікті, тазалықты сезінбеу мүмкін емес. Ол ең алдымен өлең тәңіріне сыйынып өткен. Ендеше, балалар ақиық ақын ағамыздың поэзиясына шолу жасайық.

1 оқушы: «Поэзия»

2 оқушы: «Үш бақытым»

3 оқушы: «Фантазия»

4 оқушы: «Мен таулықпын»

5 оқушы: «Барлығы да сендердікі»

(Оқушылар М. Мақатаев өлендерін мәнерлеп оқыды)

Ән: «Саржайлау»  М.Мақатаев.

-          «Ғажайып даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталады» - деп Әбділда Тәжібаев ағамыз айтқандай, Мұқағалидің қай өлеңін оқысақ та, онда поэзияға деген адалдық аңқып тұр. Ақын туралы ойлаған кездерімізде өзегіміз өртенеді. Неге десеңіздер, 45 жасында қыршын кеткен ол күллі қазақтың баласы, атақты ақыны болатын сезген жоқ. Мұқағали ағамыздың өміріне көз жүгіртіп, сәл де болса елестетейік.

1 көрініс

Мұқағали сахнада құлап, жерде жатады. Адамдар қасынан бір-бір қарап өтіп жатады. Екі жас келе жатып жігітті менсінбей: «Сонша ішкені несі, жатысың қарашы!» - деп өте береді.

Бір кезде жас қыз бала Мұқағалидың құлап жатқанын көріп, танып, қасына жетіп барып: «Мынау – Мұқағали аға ғой, құтқарыңдар!» - деп, жүгіріп шығып кетеді. Бір кезде 2 дәрігерді қасына ертіп әкеледі. Екеуі ақынды алып кетеді.

-          Көк аспан мен Қара жердің арасында не құбылыс бар, соның барлығы да ақын жүрегінен сүзіліп барып, жыр қазынасына айналады.

2 көрініс

Мұқағали аурухана дәлізінде ойланып жүріп, «Өзімнің есебімше» атты өлеңін дүниеге әкеледі.

«Өзімнің есебімше» өлеңін ақын оқиды.

 (Оқып болған соң ойланып шығып кетеді, содан соң  Мұқағалиды құтқарған қыз сахнаға шығады)

«Кім ұрлап кетті, кім ұрлап кетті ауамды?» өлеңін қыз мәнерлеп оқиды.

-          Осыдан соң-ақ қазақтың ақ теректей жайқалған ақиық ақыны 45 жасында дүниеден озды. Әйтсе де, артына мол мұра қалдырған Мұқағали ағамыздың рухы тірі, ол өлмейді. Мұқағали – біздің заманымыздағы теңдесі жоқ, орны ерекше ғажайып ақын. Ауыз әдебиеттің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, тәлім алып келген ақын.

Ақын ең бастысы өз Отанын сүйе білді, туған жердің әрбір тасын, құсын, жәндігін жырға қосты.

7 оқушы: «Отанды сүйем»

8 оқушы: «Туған жерге»

Ән: «Наурыз тойы»

-          Махаббат, сұлулық, аққу – осы үш сөзді бірдей теңестіріп, теңдестіре білген кім десек, ол – Мұқағали Мақатаев. Сұлулықты аққудай, аққуды махаббаттың символындай суреттей білген жаны нәзік, кеудесі тылсымға толы Мұқағалидың қарымды қаламы бұл тақырыпты өте кең қамтыды.

(Әуен ойнайды)

Өлең-диалог: «Махаббат диалогы»

Орындайтын: 5 сынып оқушылары

9 оқушы: «Ғашықпын» өлеңін мәнерлеп оқиды

-          Өткен күнде тоқтау жоқ. Өмір қиыншылықтарына төтеп беріп, келешек ұрпаққа өзі туралы жақсы естелік қалдыра білген ақынның көзі тірі болса, биыл 80 жасқа толар еді.

3 көрініс:

«Бүгін менің туған күнім.»

Орындайтын: 5 сынып оқушылары

Ән: «Есіңе мені алғайсың» М. Мақатаев

 

IV. Қорытынды

-          Ал енді балалар , бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін М. Мақатаевқа «топтастыру» стратегиясын жасайық.

Сонымен бүгінгі сабағымызды бекіту үшін ақынның өз өлең жолдарымен өрнектеймін:

Құлпыртып Қарасаздың бар әлемін,

Бөлеген жыр гүліне дала белін

Мұқаңдай пір тұтқан жан жоқ-ау сірә,

Қазақтың құдіретті қара өлеңін!

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам соған жұртым елеңдестің,

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "М.Мақатаевтың шығармашылығы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 169 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2015 1159
    • DOCX 25.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муханбеталина Гульмира Кайроллиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7853
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе