Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ "Монополистік бәсеке, оның ерекшеліктері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ашық сабақ "Монополистік бәсеке, оның ерекшеліктері"

библиотека
материалов



Пән «Экономикалық теория негіздері»

Курс тақырыбы «Монополистік бәсеке»

Сабақ тақырыбы Монополистік бәсеке, оның ерекшеліктері.

Білім алушылар білу керек Монополистік бәсеке, оның ерекшеліктері туралы білуі керек

Білім алушылар жасай білу керек Бүгінгі сабақ тақырыбы бойынша берілген сұрақтарға жауап бере білу. Тақырып төңірегінде өз ойларын еркін жеткізе білу.

hello_html_1823cac8.gifОқытушылық Білім алушыларға ммонополистік бәсеке, оның

ерекшеліктері,жетілген бәсекелестіктен айырмашылықтары туралы айту

Дамытушылық Экономикалық ой-өрістерін, тіл байлықтарын пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік Болашақ қаржыгер бойына адамгершілік, адалдық,

ұқыптылық сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру

Сабақ түрі: дәріс

Сабақта пайдаланатын әдістер: өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап.

Сабақтың жабдықталуы:

  • көрнекілік құралдар тақта, бор ,ТСО,

  • үлестірмелі материалдар Тест,үлестірмлер

оқытудың техникалық құралдары ТСО

Пәнаралық байланыстар:

  • қамтамасыз ететін: Экономикалық теория негіздері ,экономика негіздері

  • қамтамасыз етілетін: Экономикалық теория негіздері

Әдебиет: Я.Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері»

Г. Жолдасова «Экономика негіздері»,

А.Б.Молдахметова «Микроэкономика»




Сабақтың мазмұны (содержание урока):


Элемент №

элемента

Сабақтың элементтері, оқу мәселелері, оқыту әдістері мен формалары

Элементы урока, учебные вопросы, формы и методы обучения

1.




2.


















3.





















































































































































4
















































5



6



Ұйымдастырушылық кезең: (3 мин)

- аудитория мен білім алушыларды сабаққа әзірлеу,

- білім алушыларды түгендеп, журнал толтыру;

- сабақ мақсатымен және мазмұнымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

Үй тапсырмасының презентациясы слайд түрінде, үлестірме

2.1. Деңгейлі сұрақтар.

1.10 Бәсеке дегенді қалай түсінесің?

2.10.Бәсеке түрлерін ата

3.10 Бәсекелік күрестің әдістемелері қандай? йдалану

4.10 Бәсеке нысандарын ата

1.20 Монополияға түсінік бер

2.20 Жетілген бәсеке сипаттамасы

3.20 Жетілген бәсекелестік қандай талаптарды қанағаттандыру керек?:

4.20 Жетілдірілмеген бәсеке сипаттамасын ата

1.30 Монополияның түрлері қандай?

2.30 Монополиялардың ұйымдастырылу шаралары

3.30 Қазақстан Республикасындағы теріс пиғылды бәсеке қандай түрлерге бөлінеді?

4.30 Монополияға қарсы заңдар

2.2 Үлестірмемен жұмыс

3. Жаңа тақырыпты игеру (30 мин)

Жоспар:

1. Монополистік бәсеке түсінігі, белгілері

2.Өнімді саралаудың нысандары.

3.Монополистік бәсеке жағдайында экономикалық пайда

4.Монополистік бәсеке тепе-теңдігі


Монополистік бәсеке - деп ұқсас, бірақ бірдей емес өнімді өндірушілердің салыстырмалы үлкен санын айтамыз.Салада өзіндік ерекшеліктері бар тауарларды өндіретін және өзара бәсекеге түсетін бірнеше фирма болатын, сонымен қатар олардың ешқайсысының нарықтық бағаны бақылауға толық билігі болмайтын нарық құрылымы.

Монополистік бәсекенің белгілері:

  • Нарықта салыстырмалы түрде сатушы саны көп,оның әрқайсысының нарықта өз үлесі бар.

  • Фирманың нарықта монополиядағы сияқты ерекше билігі жоқ.

  • Әр фирма өз саясатын өзі анықтайды;

  • Монополистік бәсекенің ең ерекше белгісі болып өнімді саралау табылады.

Өнімді саралаудың нысандары:

  1. Өндірушілер арасында бағалық және бағалық емес бәсеке болады, ол көбінесе өнімнің қасиеттеріне, сапасына, өнімдерге жаңалық енгізуге, сыртқы келбетіне, стандарттарға сәйкестігіне байланысты болады.

  2. Қызметтер және сервис деңгейі;

  3. Өнімдер таратылуы және қол жететіндігі негізінде саралануы мүмкін (үйдің қасындағы ұсақ дүкендер супермаркеттермен бәсекелеседі);

  4. Әр түрлі жарнама, сауда белгілері мен маркаларын қолдану нәтижесінде өнімнің саралануы.

Монополистік бәсекеде маңызды рөлді бағадан тыс бәсеке алады (өнімнің сапасы, жарнама, өнімді сатумен байланысты жағдайлар, өткізуді ынталандыру әдістері). Монополистік бәсеке оншақты фирма шаруашылық еткенде және олардың арасында жасырын келісімдер мүмкін емес жағдайда пайда болады.Әр фирма өз жауапкершілігінен тәуекел етіп, өзінің бағалық саясатын анықтайды. Бәсекенің басқа барлық қатысушыларының әрекеттерін болжап, есептесу мүмкін емес.

Монополистік бәсеке өнімді саралау қажет жағдайда және өз тауарларының өтімі үшін тұтынушылардың көзқарасын есепке алғанда өркендейді. Монополистік бәсеке тұтыну бұйымдарын өндіретін салаларда кеңінен көрсетілген. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету саласында бізге көптеген мысалдар береді: көйлек, костюм, пальто, тері өнімдері, кафе, театрлар және тағы басқалар. Өнімді саралау тауардың сапа ерекшеліктерінде ғана негізделіп қана қоймай, сонымен қатар оның қызмет өтуіне де байланысты. Әдемі безендіру, дүкеннің орналасқан жері мен жұмыс істеу уақыты, келушілерге ең жақсы қызмет көрсету, бағадан жеңілдікпен қамтамасыз ету тұтынушылардың таңдауының себебі болып табылады.

Экономикалық игіліктерді саралау жағдайында бірдей өнім шығаратын немесе бірдей қызмет көрсететін екі фирма табу қиын. Монополистік бәсеке нарығында әрбір фирма тауардың ерекше түрін сатады, ол жоғары сапамен, безендірумен ерекшеленеді және осының есебінен тұтынушыда бағалық емес қалау қалыптасады. Монополистік бәсекелестік кезінде фирмалар бірдей емес жетілдірілген өнімді сатады және осылайша өз тауары маркасының монополисі болады.Мысалы, «Сникерс» шоколадының қарапайым сүтті шоколадтан дәмдік қасиеті бөлек,ал, «Колгейт» тіс пастасының «Фтороденттен» құрамы бөлек. Нәтижесінде кейбір тұтынушылар «Сникерс» пен «Колгейтке» басқаларына қарағанда көп ақша жұмсайды.

Монополистік бәсеке жағдайында салаға ену үшін жоғары тосқауыл жоқ. Масштаб эффектісі жоғары мағына бермейді, ал істің басталуын қажет ететін капитал көлемі көп болмайды.

Салаға жеңіл ену, салаға жеңіл ену үшін кедергі жоқтығын білдірмейді. Олар өнімге патенттер, лицензиялар немесе тауарлық маркалар болуы мүмкін.

Монополистік бәсекелестік жағдайында фирманың өндіріс көлемі мен бағасы қалай анықталады? Қысқа мерзімді кезеңде фирмалар шекті шығын теңдігінен шығатын пайданы көтеріп, шығынды азайтатын өнімнің мөлшеріндегі бағаны таңдайды.

Монополистік бәсеке жағдайында фирма өнімінің сұранысы икемді болмайды, сондықтан шекті кіріс қисығы сұраныс қисығының төменгі жағынан өтеді.

Монополистік бәсеке нарығында экономикалық пайда мен шығындар ұзаққа созылмайды.Ұзақ мерзімге шығынға ұшыраған фирмалар саладан шығуға ынта білдіреді,ал жоғары экономикалық пайда оған жаңа фирмалардың енуін ынталандырады.

Экономикалық пайданың болмауы жаңа фирмалардың салаға ену ынтасын жоғалтады.

Нақты өмірде фирмалар пайданы ұзақ уақыт аралығында алуы мүмкін. Бұл өнімді саралаумен байланысты.

Фирма аз уақыт ішінде пайданы қалай алса, шығынды да солай шығарады. Бірақ, салада жоғары тосқауылдың болмауы, нақты экономикалық пайда табатын фирмалар, басқа кәсіпкерлердің ұмтылуына әкеп соғады. >

Монополистік бәсеке жағдайында фирманың өнім шығару көлемі, жетілген бәсеке жағдайындағыдан аз, ал орташа жалпы шығын мен баға жоғары.

Өнімнің аз көлемде жоғары бағамен сатылуы монополистік бәсекенің жетілген бәсекеден тиімділігі аз екенін көрсетеді. Егер жетілген бәсеке жағдайында Р=MC болса(баға мен шекті шығын тең) , онда монополистік бәсеке жағдайында P>MC.

Осылайша баға өнім бірлігінің шығынын МС=МR (шекті шығын тең шекті табыс)болатын өнім көлемінде жабады, ұзақ мерзімде тепе-теңдік орнайды.

Экономикалық тиімділік үш жақты теңдікті талап етеді: баға - шекті шығындар – орта шығындар. Р=MC=AC

Баға мен шекті шығындардың теңдігі Р=MC ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізу үшін қажет. Баға мен ең төменгі орта жалпы шығындардың теңдігі Р=АC жоғары өндірістік тиімділікті, тиімді, аз шығын жұмсайтын технологияны пайдалануды ұсынады. Бұл теңдік тұтынушылардың ең арзан бағада көбірек өнім көлемін алатындығын білдіреді. Монополистік бәсеке нарығында ресурстарды тиімді пайдалануға да, өндірістік тиімділікке де қол жеткізілмейді. Монополистік бәсекедегі сала жиі толық емес ауыртпашылықтағы фирмаларға толы болады, яғни ұтымды қуаттылыққа жетпей қызмет етеді. Монополистік бәсеке саласындағы баға мен көлем таза бәсеке шартындағыдан көп ерекшеленбейді, негізгі өнімдердің әр түрлілігі қамтамасыз етіледі.

Монополистік бәсеке жағдайында бағадан тыс фактордың рөлі өте жоғары және маңызды. Бағадан тыс бәсекенің маңызды құралы болып жарнама табылады. Қоғамда жарнамаға қатысты екі жақты пікір бар, біреулері қолдаса, кейбіреулері қарсы.

қолдау

қарсы

Таңдау жасауға көмектесетін ақпарат береді.

Мақсаты – ақпарат беру емес, көндіру

Ұлттық байланыс жүйесін қолдайды.

Шығындары өнімді емес, олар қоғамның гүлденуіне ешнәрсе қоспайды.

өнімді өзгертуге көмектеседі.

Сыртқы шығындары да баршылық, пейзажды бүлдіреді, ішімдікті тұтыну артуда

Өндірісті кеңейту мүмкіндігі.

өзіндік нейтралдануға бағытталады, өйткені қымбат жарнамалар жүргізіледі.

Бәсекенің қозғаушы күші

Монополияның болуына жағдай жасайды

Тұтынушы шығындарын ынталан-дыра отырып, толық жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.

Жарнама өндіріс пен жұмыспен қамтылу деңгейіне әсер ете алмайды.



Монополистік бәсеке жағдайындағы фирма ең жоғарғы пайданы іздеуде 3 ауыспалы факторды негізге алуы керек. Баға, өнім, жарнамалық қызмет.

Сабақты бекіту.(25 мин)

4.1. «Тұжырымдамалар дұрыс па?»

Берілген сұрақтарға оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді.

1.Монополист әрдайым сұраныс қисығының икемсіз ауданына сәйкес келетін өнім шығаруды таңдайды.(жоқ)

2.Монополия жетілген бәсекемен салыстырғанда жоғары деңгейде тиімді болғандықтан, өте жоғары пайда алады.(жоқ)

3.Монополия өзінің тауарына әр түрлі нарықта баға белгілеу арқылы жалпы пайдасын жоғарылыта алады.(иә)

4.Егер монополист өнімнің 1 бірлігіне шаққандағы пайданы мейлінше арттырмаса, онда ол шекті түсім мен шекті шығындар теңдестігін қамтамасыз ете алмайды.(жоқ)

5. Монополияның тауарына сұраныс қисығы әрдайым горизонталь түзу болады.(жоқ)

6.Монополия да жетілген бәсеке нарығы сияқты қазіргі заманғы экономикада сирек кездеседі.(иә)

7. Баға мен шекті шығындардың теңдігі Р=MC ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізу үшін қажет.( иә)

8. Баға өнім бірлігінің шығынын МС=МR болатын өнім көлемінде жабады, ұзақ мерзімде тепе-теңдік орнайды. (иә)

9.Пайдасын мейлінше арттыратын монополист әрдайым жалпы түсімін арттыруға ынталанады.(жоқ)

10. Монополистік бәсеке жағдайында фирма өнімінің сұранысы икемді болмайды, сондықтан шекті кіріс қисығы сұраныс қисығының төменгі жағынан өтеді (иә)

11.Патенттер мен лицензиялар – салаға кіруге қойылатын кедергілердің бірі.(иә)

12.Монополиялық бәсеке нарықтарында ресурстарды тиімді пайдалануға қол жетпейді.(иә)

13.Монополиялық бәсеке кезінде өндіріс саласындағы әрбір фирманың өнімі ерекше болады, оны ауыстыратын басқа өнім болмайды.(жоқ)

14. Монополистік бәсеке нарығында экономикалық пайда мен шығындар ұзаққа созылмайды.(иә)

15. Экономикалық пайданың болмауы жаңа фирмалардың салаға ену ынтасын жоғалтады. (иә)

4.2. «Өз біліміңді тексер» тест арқылы өздерін тексеру.

4.3.«Ғажайып жетілік».

1.Монополистік бәсеке деген не?

2.Монополистік бәсекенің белгілері қандай?

3.Өнімді саралаудың нысандарын ата.

4.Монополистік бәсеке не үшін маңызды

5.Монополистік бәсеке жағдайында салаға ену үшін жоғары тосқауыл бар ма?

6.Монополистік бәсеке жағдайындағы фирма ең жоғарғы пайданы іздеуде қандай ауыспалы факторды негізге алуы керек

7.Экономикалық тиімділік қандай теңдікті талап етеді ?

Үйге тапсырма: (2 мин)

А.Б. Темірбекова 118-119 бет

А.Б.Молдахметова «Микроэкономика»

Сабақты қорыту: (5 мин)

Білім алушыларды бағалау








Оқытушы қолы: _______________ Тушкенова Э.З.

аты-жөні hello_html_m4d466bb7.png


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров393
Номер материала ДВ-406200
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх