Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ашық сабақ. Ғ.Мүсреповтың өмірі мен шығармашылығы. «Ұлпан» романы

Ашық сабақ. Ғ.Мүсреповтың өмірі мен шығармашылығы. «Ұлпан» романы

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_3d9d2847.gifhello_html_16b7f2ac.gifhello_html_1d93a89c.gifhello_html_9869190.gifhello_html_m542c331b.gifhello_html_37a7fb25.gifhello_html_2fd2b6a8.gifhello_html_m66f9a643.gifhello_html_m66f9a643.gifhello_html_m3518fa5e.gifhello_html_m3518fa5e.gifhello_html_m3518fa5e.gifhello_html_m3518fa5e.gifhello_html_m3518fa5e.gifҚазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрлігі


63 негізгі орта мектеп












Пән мұғалімі: Н. Абилдабекова










Шымкент


9а сынып

Қазақ әдебиеті

1.Сабақтың тақырыбы: Ғ. Мүсреповтың өмірі мен шығармашылығы.

«Ұлпан» романы

2.Сабақтың білімділік мақсаты: Ғ. Мүсреповтың өмірі мен шығармашылығы

туралы білімді өз бетінше меңгеруіне ықпал ету.

3.Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Жазушы өмірі мен еңбегінен үлгі алып, өзін-

өзі тәрбиелеуге жетелеу, халықтың сүйікті, адал перзенті бола білуге тәрбиелеу.

4.Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық жұмыс

істеуіне ықпал жасау, зерттеуге дағдыландыру, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін дамыту.

5.Сабақтың түрі: Іздену – зерттеу сабағы

6.Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, лекция, модульдік оқыту, СТО

стратегиясы элементтері.

7.Сабақтың көрнекілігі: Портреті, Венн диограммасы, хронологиялық

кесте, үлестірме кеспелер, «Қазақ

энциклопедиясы» Ғ. Мүсрепов туралы

естеліктер, дәйексоздер.

8. Пәнаралық байланыс:

9.Сабақтың барысы:

Қазақ тілі, тарих.


  1. Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

  2. Өткен сабақ материалдарын сұрау.

1. Ой шақыру.

«Қазақ жазушыларымен, әрине Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да - Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үніме ақылдан туған, сыннан туған сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазылған пікірді кім толғаған деп жазылған пікірді кім толғаған деп ойлайсыңдар? - деп оқушыларға сұрақ қою отырып, үй тапсырмасын сұрай бастаймын.

1. Мұхтар Әуезовтың өмір жолы. Өмір жолын график сызбамен көрсету. Оқушылардың өздері дайындаған сызбасы.





1959


1949

1945

1897 1961

1908 1923

1913 1930




  • М. Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысы қазіргі Абай ауданында туған.

  • 1908-1913 жылдары Семейдегі орыс училищесінде оқиды, одан кейін осы қаладағы мұғалімдер даярлайтын төрт жылдық семинарияда оқиды.

  • 1923 ж Ленинград университетінің филология факультетіне түседі.

  • 1945 ж Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш толық мүшелерінің (академиктерінің) бірі.

  • 1949 ж КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

  • 1959 ж Лениндік сыйлыққа ие болады.

  • 1961 ж қайтыс болады.

  1. «Өз жартыңды тап» ойыны.

Оқушыларға сұрақтар жазылған әр қилы кесілген кеспелерді таратып, әр оқушы өз жартысын тауып, жұптаса отырып, берілген тапсырманы орындайды.

Кеспедегі сұрақтар, тапсырмалар.

  1. М. Әуезовтың тұңғыш жарық көрген туындысы «Адамдық негізі - әйел» көсемсөзінің тақырыбы мен идеясы.

  2. Жазушының қандай прозалық шығармалары бар? Қазақ ауылындағы кедейлер өмірі, жетімдік тақсыреті туралы әңгімелеріне шолу жасау.

  3. М. Әуезовтың алғашқы драмалық шығармалары, «Еңлік - Кебек» пьесасы.

  4. «Абай жолы» эпопеясы неше томнан тұрады, бөлімдерін атап, түсінік беріңдер.

  5. Абайдың адам, азамат ретінде қалыптасуына ықпал еткен әке Құнанбай образы мен оның іс-әрекеттері туралы әңгіме.

  6. «Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған» дегендей Абай мен Тоғжан махабаты, Абайдың Тоғжанды алғаш көргендегі сезім толғанысын айтып беріңіздер.

  7. Абайдың қазақ ауылының қоғамдық тұрмыс - тіршілігіне араласуы. Жас Абайдың әке тапсырмасымен Байдалыға баруы. Абай бұл кездесуден қандай ой түйді?

  8. Абай ауылына Біржан салдың келуі, ақынның өнерге, әнге деген сүйіспеншілігін әңгімелеңдер.

  1. «Сандар сыры» бөлімі.

Үй тапсырмасын қорыту үшін деңгейлік тапсырмалар беріледі.

1)

30

30

30

2)

40

40

40

3)

50

50

50




Әр санның астында сұрақтар берілген.

  1. а) М. Әуезов қай жылы, қай жерде туылған?

  2. э) Жазушының қандай әңгімелерін білесің?

  3. б) М. Әуезовтың ең алғашқы пьесасы қалай аталады? Қай жылы, қай жерде қойылды?

  1. а) «Қазақтың өзгеше мінездері» көсемсөзінің тақырыбы не? ә) «Абай жолы» эпопеясының басты кейіпкерлері.

б) Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесің?

  1. а) Құнанбайдың Абайға айтқан үш міні.

э) Сенің әкең Құнанбай сияқты болса, көнерме едің?

б) Ғ. Мүсреповтың «Абай жолы» романындағы кейіпкерлерге мінездеме.


II. Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі.

Олай болса, көркем сөз өнерінің хас шебері, халқымыздың алып ойшылдарының бірі, қазақтың ХХ ғасырдағы өскен әдебиетін бүкіл әлемге әйгілеген дарындар қатарынан орын алған, көркем сөздің ғажайып құдіретін танытып кеткен суреткер Ғабит Мүсреповтың өмір жолы мен шығармашылығына арналған сабағымызда әйгілі жазушының өз сөзімен бастасақ:

«Қыран қанаты талар қияға шырқап шығу үшін өнер адамына ешқашан талмайтын қуатты қос қанат керек. Оның бірі - талант десек, екіншісі жан- тәнімен беріліп істейтін еңбек».

Ғабит әлемінің шыңы







Шеберлік жолы (өсу жолдары)



Ана - мәңгілік жыр



Реалистік драма жолы



Суреткерлік



Теңдессіз талант



Сабақтың жоспары бойынша «Ғабит әлемнің шыңына» жету үшін жазушы айтқан «талант пен еңбекке» өз талабымызды қосып саралап айтып көрейік.

1. Шеберлік жолы

Ғабит Мүсреповтың өмірі мен шығармашылығы хронологиялық кесте арқылы түсіндіріледі.


Жылдар

Өмір жолы

1

1902 ж 22 наурыз

Солтүстік Қазақстан облысы «Жаңа жол» ауылында дүниеге келген

2

1917 ж

Бекет Өтетілеуовтен сабақ алады

3

1918 ж

Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге түседі

4

1923 ж

Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түседі

5

1926 ж

Омбы қаласындағы ауыл шаруашылық академиясында оқиды




6

1928-1938ж

Баспасөзде, әр түрлі орындарда қызмет атқарады

7

1938-1955ж

Біріңғай әдебиетпен айналысады

8

1956-1966ж

«Ара», «Шмель» сатиралық журналының бас редакторы. Қазақстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы қызметін атқарады

9

1966ж

Біріңғай жазушылық қызметпен айналысады. Алты рет Қазақ КСР жоғары кеңесіне депутат

10

1962ж

КСРО Жоғары Кеңесіне депутат болып сайланады

11

1974ж

Социалистік Еңбек Ері құрметті атағы беріледі

12

1985ж 31 желтоқсан

Қайтыс болады



Ғабит Мүсреповтың шығармашылығы

Әңгімелері, повестері

романдары

пьесалары

1

«Қос Шалқар», «Шұғыла», «Өмір жорығы», «Жапон балладасы», «Айгүл қойшының бір күні», «Кездеспей кеткен бір дүние» «Көк үйдегі көршілер»

«Күсен», «Талпақ танау», «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ер ана», «Ақлима»

«Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Оянған өлке» «Жат қолында»

«Қыз Жібек»,

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Ақан сері- Ақтоқты», «Амангелді»



Оқушыларға кесте бойынша Ғабит шығармашылығы туралы түсінік беріледі.

Жазушы 1929-1932 жылдары «Қос Шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Күсен», «Бір адым кейін, екі адым ілгері», «Талпақ танау» әңгімелерін жазды. Бұл әңгімелерде Ғабит Қазақстанда егіндік, шабындық жерлерді бөліске салу, ауылшаруашылығын ұжымдастыру, колхоздастыру кезіндегі қиыншылықтар, сол кездегі таптық күрес, астыртын әрекеттер туралы айтылады.

2. Ана - мәңғілік жыр.

Отызыншы жылдардың орта шенінде Ғ. Мүсреповты орыс жазушы М. Горькийдің ана тақырыбында жазған шығармалары қызықтырады. Ол М. Горькийдің «Келді адам өмірге» әңгімесіне «Адамның анасы» деп тақырып қойып және «Өлімді жеңген ана» новелласын аударды.

Ал өзі «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» әңгімелерін жазды.

Бұл әңгімелерде жазушы кәдуілгі қазақ даласында өскен: Қапия, Нағима, Ақлима ананың өздері де, сөздері де өткір, өктем. Жыртқыш аң, долы табиғат, жауыз да батыр ана алдында бас иеді. Ана - өмір ажары, ана - мейір, ана - махабаттың баламасы.

Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармашылығының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді.

«Ұлпан» - тарихи ел шежіресінің мазмұнына құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүзжылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп қыз

айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады.

  1. Реалистік драма жолы.

Ана туралы топтамен қатар Ғабит 1930 жылдардың бас кезінде драматургия саласына да қалам тартты.

«Қыз Жібек» (1934) музыкалық драмасы, «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (1939), «Ақан сері-Ақтоқты» (1941) пьесалары театр сахналарына қойылып,

50-60 жыл бойы театр репертуарынан тұрақты орын алып келеді.

Ғ. Мүсіреповтың тарихи тақырып жазған елеулі шығармасының бірі - «Амангелді» пьесасы (Б. Майлинмен бірге жазды).

  1. Суреткерлік.

Жазушының өзіндік қолтаңбасы - стильдік ерекшелігі сол-ол кейіпкерлердің ішкі күйініш-сүйініш уақиға үстінде іс-әрекетпен байланыстыра бейнелеп береді. Оның әңгімелерінде басы артық сөз кездеспейді. Сөйлемдерді қысқа, нақты, кейде ащы юмор болып келеді. Оның шығармаларында өткір теңеулер, астарлы мағналы сөз, нақыл боларлық терең ойлы тіркестер жиі кездеседі.


5. Теңдессіз талант.

Ғ. Мүсірепов теңдессіз талант иесі екенін қаламгер достары, замандастары, артынан ерген ізбасарлары, қазақ халқы, әлем әдебиеті мойындады.

III. Сабақты бекіту.

  1. Топтастыру эдісі.

Қоғам қайраткері

image1



көркем сөз шебері

2) Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығына байланысты жеке тапсырмалар беру

1). Ғ. Мүсірепов жылы ауданында дүниеге келді.

2). Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқыды.

3).Ғ.Мүсіреповтың ана тақырыбына жазған ________________________ мынадай әңгімелері бар.

  1. романдары бар

  2. поэмасы үшін



  1. Ғ. Мүсіреповтың драмалық шығармалары, пьесалары.

  2. Жазушыға 1974 жылы құрметті атағы берілді.

  3. «Ұлпан» романының тақырыбы.

  4. Ғ. Мүсірепов кім?

ІҮ. Оқушыларды бағалау.

Ү. Үйге тапсырма:

«Ғ. Мүсірепов - көсем сөз шебері» ой толғау, жазу. Жазушының өмірі мен шығармашылығын оқып келу.




Автор
Дата добавления 28.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДВ-389245
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх