Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ «МТЗ-80 тракторының иінді-шатунды механизмінің құрылысы мен жұмысы»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ашық сабақ «МТЗ-80 тракторының иінді-шатунды механизмінің құрылысы мен жұмысы»

библиотека
материалов

«МТЗ-80 тракторының иінді-шатунды механизмінің құрылысы мен жұмысы»


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Иінді –шатунды механизмнің құрылысы мен жұмысын


таныстырып және ақауы бар немесе жұмыс мерзімін атқарған бөліктерін айыр бастау үшін Д-240 дизелді двигателін бөлшектеуді менгерту.


Дамытушылық: Теориядан алған білімдерін, практикамен ұштастырып, двигательді бұзып шашу әдісін қолдана отырып білімділігін арттыру.


Тәрбиелік: Тиянақтылыққа, жинақылыққа және тапсырмаларды нақты, дәл орындауға тәрбиелеу.


Сабақта пайдаланылған көрнекі құрал-жабдықтар: Нұсқау картасы, плакат, Д-240 двгателінің макеті және кілт құрал-жабдықтар.


Сабақтың әдісі:Түсіндіру, көрсету, өз бетімен тапсырманы орындау.


Сабақ түрі: Аралас


Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу


ІІ. Қауіпсіздік ережесі: 1) Ауыр тетіктерді аяқ қолға түсіріп алмау үшін, стенд болмаған жағдайда екі адам көтеру керек.


2) Ұстағанда қол таймас үшін кілт-құралды, тетік, агрегаттарды жақсылап майынаң тазалап сүрту қажет.


3) Жұмысқа жарамсыз кілт-құралдарды, жұмыс істеуге пайдалануға болмайды. Сонымен қатар жұмыс аяқтағаннан кейін, орнын жинастырып кету керек.


ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру:


Иінді-шатунды механизмнің бөлшектерін қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер деп екі топқа жатқызуға болады.Қозғалмайтын бөлшектерге цилиндрді, ал қозғалатын бөлшектерге поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері жатады.


Цилиндрлер тобы двигатель түрлеріне қарай әртүрлі бөлшектерден құралады. Өйткені, жоғарғы тарауда аталғандай, двигательде бірнеше цилиндр болады және әртүрлі орналасуы мүмкін. Мұндағы төрт цилиндрлер біріктірліп, бір қатарға орналастырылған.


Цилиндр көптеген двигательдерде бөлек жасалады. Олардын ішкі поршень жүретін беті ең жоғарғы класпен өнделеді.Оны цилиндр «айнасы» деп атайды.Поршеньмен үйкелісі аз болуы үшін көбінесе сұр шойыннан құйып жасайды.Мұндай цилиндрлердің екі түрі болады. Егер сыртқы бетіне тікелей суытатын сұйық келіп түратын болса, онда оны «дымқыл» ал керісінше болса «құрғақ» цилиндр деп атайды. Олар үшін арнаулы ұя жасалып, сонда престеп-тығыздап орналастырады. Цилиндрлерді арнаулы құйылып жасаған блоктағы ұяларға бекітеді. Егер цилиндр «дымқыл» болса, онда оның төменгі және жоғарғы беттері ғана ұяға жанасады. Ол жерді арнаулы аралық төсемдермен, сүйық ақпайтындай етіп бітейді. Ал «құрғақ» цилиндрлерді өн бойында бітеу жасалған ұяларға престеп орнатады.


Осы цилиндрлер бекітетін қорапты двигательдердің блогы деп атайды. Оны алюминни қоспасынаң немесе сұр шойыннаң құйып жасайды. Блоктың астынғы жағы кеңейтіліп картерді құрайды. Олар арнаулы астаумен жабылып, майлау жүйесіне қажетті жағар майқорын ұстап түрады. Оның үстіне, сол картер бөлігінде иінді білік бекитін арнаулы орындар қаралған.


Блоктың үстінгі жағы арнаулы аралық төсем қойылып, цилиндрлер басымен жабылады. Цилиндрлер басы мен блоктың екі қабат қабырғалары болады. Сол екі қабырғаның аралығы «су көйлегін» құрайды, яғни сол екі аралықта суыту жүйесінің сүйықтығы толып тұрады. Осыларға қосымша блок пен цилиндрлер басына қосымша газ тарату механизмдерінің бөлшектері, суыту мен майлау жүйелерінің бөлшектері бекітіледі және бірнеше тесіктер мен каналдар жалғасып жатады.Цилиндр басы да алюминний қоспасынаң құйылып жасалады. Көптеген двигательдерде жану камерасының бір бөлігі осы цилиндрлер басында орналасады. Сол камерада соратын және шығаратың клапандар да қойылған. Сол себепті онда соратын және шығаратын каналдар бар.


Поршень тобына поршеннің өзі, сақиналары және саусағы жатады. Поршень алиминни қоспасынаң құйып жасалады. Оның өзі газ қысымын қабылдау үшін, түбі жазық етіп жасалған поршень басынан және етегінен құралады. Поршень басында тығыздағыш сақиналар орналасатын кесіктер жасалған және төменгі май сыдырғыш сақиналар орналасатын кесіктерде поршеннің өн бойынан өтіп тұратын тесіктер болады. Осыған қосымша, поршень түбі арнаулы беріктік қабырғалармен жабдықталады. Поршень етегінде орнатылатын қалың құйылма жасалған және саусақты жылжып кетуден сақтайтын сақиналар тұратын кесік бар.Поршень етегі шатун әрі-бері бұрылып, бұлақтаған кезде пайда болатын жандық күшті цилиндр бетіне беріп тұрады. Сондықтанда оның көлденең қимасы элипис тәрізді жасалады. Күш түскеннен кейін ол дөңгелек қалпына келеді. Қызған кезде ұлғайып цилиндрге тығыздалып қалудан сақтау үшін поршень етегіне П-немесе Т-тәрізді кесіктер жасалады. Тіпті кейбір двигательдерде оның етегінің екі жағынан ұзындық бағытпен кесіп алып тастайды.Цилиндрмен жақсы жанасу үшін, оның бетіне жұқа қабатпен қалайы жағады.


Поршень сақиналары қызметі жағынан екі түрге бөлінеді: тығыздағыш және май сыдырғыш сақиналар. Тығыздағыш сақиналар поршень мен цилиндр аралығындағы санылаудан газ өткізбеу қызметін атқарады. Сондықтанда олар көбінесе шойыннан, кейде болаттан жасалған сақина түрінде жасалады. Соның салдарынан цилиндр бетіне, серіппелі күшінін әсерінен үнемі тақалып тұрады Олардын ішкі жоғарғы бетінде кесік немесе конусты қисық бет жасалады. Ондай сақиналар цилиндрге кигізілгенде аздап иілгендіктен, Олардын төменгі қыры шығынқы болып, цилиндр бетіне қырымен жанасады да, жақсы бітеледі.


Май сыдырғыш сақиналар цилиндр бетіндегі майлау жүйесімен шашылып берілетін жағар май қабатын сыпырып алып, поршеннің өн бойындағы тесіктер арқылы қайтадан картер арқылы қайтадан картерге жіберу қызметін атқарады.Өйткені ол жағар май қабаты цилиндр ішінде қалса, жану процессі кезінде күйеді де бөлшек беттерінде күйе түсіп, оның тез тозуына себепші болады. Май сыдырғыш сақиналар екі шетінде түратын жарық сақиналар мен ось бағытында және радиус бағытында керіп тұратын кеңіткіш сақиналардан құралады.Сондықтан олардын аралығында үнемі май жүретін санылау сақталады да олар өз қызметін атқаруға мүмкіндік жасайды.


Шатун тобының бөлшектері негізгі шатуннан, жоғаргы және төменгі басындағы подшипниктерінен (ішпектерінен) құралады. Шатун өзінін ішінде ішпегі бар жоғарғы басынан, сол сияқты төменгі басынан және өзегінен құралады. Жоғарғы басы, ішіндегі ішпегімен ( көбінесе қоладан жасалады) поршень саусағына кіріп тұрады да оны поршеньмен жалғастырады. Ол үнемі өзара қозғалып тұратындықтан, үйкелетін саусақ пен ішпек беттерін майлайтын тесік жасалды. Өйткені ол жұмыс кезінде өте күрделі зандылықпен өзгеріп отыратын күштерге душар болады. Кейбір двигательдерде шатун өзегіне май жүретін тесік жасалып, сол арқылы поршень саусағын майлайды. Шатунның төменгі басы екіге жарылып жасалғандықтан, оны иінді біліктін мойына кигізуге мүмкіндік туады. Сол сияқты оның ішпегі де екі жартыдан құралады. Шатунның төменгі бөлігін оның қақпағы деп атайды және ол болттар арқылы иінді білік мойына киілгеннен кейін, шатун басының екінші жартысына бекітіледі.


Шатун төменгі басындағы жартылай ішпектер болатқа жапсырылған үйкелісі аз материалдан жасалады. Үйкелісі аз материал үшін көбінесе қалайы немесе қорғасын негізінде баббиттен, тағы сол сияқты қалайысы көп мөлшердегі (қалындығы 0,1: 0,6: мм) жасайды. Олар иінді білікпен бірге айналып кетпес үшін, оларға шығып тұратын кесік құлақшалар жасалады да сол арқылы шатун басындағы ойыққа кіріп тұрады.


Иінді білік негізгіқызметі шатуннанкелген күшті иін түрінде жасалған шатун мойыны арқылы қабылдап, тірек мойындар арқылы айналмалы қозғалыс жасайды. Тірек мойындары мен шатун мойындарымен жақтау арқылы жалғасып тұрады. Кейбір жақтауларға тірек мойындарын ортадан тебетін күштерден жеңілдету үшін қарсы жүктер бекітіледі.Иінді біліктің алдыңғы жағынан шестерня бекітіледі. Ол шестерня газ тарату механизімін іске қосады белдікті беріліс үшін шкив бекітіледі де онымен суыту жүйесінің, электр генераторларын және т,б осындай қосымша құралдарды қимылға келтіреді.


Иінді біліктің артқы жағына арнаулы флянец арқылы махавик бекітіледі. Иінді біліктің осы көрсетілген бөлшектері біртүтас біріктіріліп болттан қалыптастыру штамтау арқылы жасалынады. Сондықтан олар бөлшектенбейді. Иінді біліктің пішіні двигательдегі цилиндр саны мен жұмыс тәртібіне қарай заводта бір рет жинақталып құралады. Тірек мойындарындағы, ішпектер жоғарыда айтылған, шатун ішпектері тәрізді жасалады. Олар арнаулы жарты төсемелер арқылы цилиндр блогының картеріне болттармен бекітіледі.


Иінді біліктің өн бойында жағар май жүретін қуыстар жасалып, арнаулы бітегіштермен жабылып қойылған. Сол қуыстар арқылы тірек және шатун мойындары қысыммен келетін маймен майланып тұрады. Әрі сол майлар ортадан тепкіш күштін әсерінен тазаланады, яғни майдың құрамындағы лас заттар сол қуыстардың керегелеріне жабысып қалады. Двигательді капиталдық жөндеу кезінде арнаулы бітегіштерді ашып, сол қуыстарды тазалап отырады.


Иінді біліктің мойындарында, поршеньде, цилиндр бетінде жұмыс істегендіктен үйкеліс күштерінің әсерінен тозық пайда болады. Сондықтанда әрбір двигательде бірнеше жөндеу мөлшері қаралған.Мысалы: иінді біліктің тозған мойындарын арнаулы станокта жонып кішірейтеді де келесі жөндеу мөлшеріндегі ішпектерді қояды, ал тозған цилиндр бетін кеңейте жонып басқа ұлғайтылған жөндеу мөлшеріндегі поршень қояды.


ІV. Сабақты бекіту:


1. Иінді-шатунды механизмнің бөлшектерін қандай топқа бөлеміз?


2. Двигательдің иінді-шатунды механизмдері қандай бөлшектер тобынан құралады.


3. Поршен басымен және төменгі жағы сақиналарын қалай атаймыз.


V. Қорытынды:


Жеке тапсырманы тапсыру, жетістіктері мен артықшылықтарын атап көрсету. Кемшіліктерін түзетіп, қайтадан оындату.


VІ. Үйге тапсырма:


Техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтау.


Өтілген жаңа сабақ мазмұның қайталау.

Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров338
Номер материала ДВ-229565
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх