Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Музыка / Видеоуроки / Ашық сабақ " Музыкалық шығармамен жұмыс"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Ашық сабақ " Музыкалық шығармамен жұмыс"

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Музыкалық шығармамен жұмыс»

Мақсаты: Оқушыға музыкалық шығарманы талдап, жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылығы : Музыкалық шығармалар арқылы оқушының ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелігі : Оқушының өз халқының музыкалық шығармаларына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып , сол шығармаларды дәріптей білуге тәрбиелеу.

Білімділігі: Оқушыға шығарманы сауатты түрде талдау арқылы, білімін көтеру.

Сабақтын әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, ойнап көрсету ,сұрақ – жауап, қолма – қол ескертпелер, оқушының қабылдау қабылетін бақылау.

Көрнекілігі: «Негізгі динамикалық күш өзгешеліктерінің кестесі», «Шығармалардағы екпіндердің итальянша-қазақша сөздігі», «Домбыра ойнаудағы оң қол мен сол қол шартты белгілері» жазылған плакаттар. Музыкалық кітаптар жинақтары : «Саржайлау», «Бозінген», «Домбыра мен фортепианоға арналған шығармалар», »Жетісу күйлері».

Оқытудың құрал- жабдықтары: пульт. домбыра, фортепиано , үн таспа.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезең. ( амандасу, құрал-жабдықтарын әзірлеу, асаптың құлақ күйін келтіру)

Үй тапсырмасы тексерілмес бұрын оқушыға Д-dur гаммасы ойнау арқылы жаттығулар ойнатылып, сұрақ-жауап арқылы, оқушының білім деңгейін тексеру.

-Гамма дегеніміз не? (оқушы жауап береді)

-Гамма дегеніміз -тоникамен оның келесі октавалық қайталану тәртібімен орналасқан ладтық дыбыстар.

- Д-dur гаммасында неше кілттік белгі бар?

- екі диез белгісі

- Арпеджио дегеніміз не?

- Арпеджио (итальян тілінде – біірінен соң бірін)- яғни, аккорд дыбыстарын бір мезгілде емес , бірінен соң бірін жалғастырып, , үзбей ойнау тәсілі.

Гамманы әр түрлі ырғақтарда ойнатып, саусақ басу кестесін толық сақтау. Арпеджионың қыска, ұзын түрлерін екі октавалық гаммалар ойнатып, көрсету.

2.Үй тапсырмасы.

Құрманғазы «Көк ала ат»

- Күйдің шығу тарихы туралы не білесің?

- Орда түрмесінен қашып шыққан Құрмаңғазы түрмеге отырғызған би төрелердің қорлығына шыдамайды. Сол өңірге аты шыққан Ақбай Төренің ауылына келіп, бәйгеге жаратып қойған көк ала атына мініп, қашып кетеді. Қуғыншыға жеткізбей кеткен күйші астындағы көк ала аттың шабысына риза болып шыққан күй.

Оң қол қағыс ерекшелігіне, орама қағыстардың күйдің мазмұнына қарай ойналуына, сондай- ақ дыбыс шығару мүмкіндіктеріне ден қою.

Құрманғазының басқа да күйлерімен салыстырылып, орындаушылық дәстүрде мағлұматтар беру.

3. Жаңа сабақ Е.Үсенов. «Поэма»

Оқытушы:

Ермұрат Үсенов Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Қарқара жайлауының Тады ауылында 1952 жылы дүниеге келген. Қ.Жантілеуов,

Б. Қарабалина, Х.Тастанов, К. Күмісбеков, Е. Рахмадиев, Н.Тлендиев секілді дәулескер домбырашылар мен әйгілі композиторлардан тағылым алады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетін насихаттауға сіңірген еңбегі зор. «Саржайлау», «Бозінген», «Домбыра мен фортепианоға арналған шығармалар», »Жетісу күйлері» сияқты жинақтары бар. Симфониялық және үрмелі аспаптар оркестріне,халық аспаптар оркестріне, хор мен капеллаға және ұлт аспаптарына арнап жазған шығармалары республика жұртшылығына, шет елдерге кеңінен танымал.

«Поэма» 3 бөлімнен тұрады, тональдігі а-moll ортаңғы бөлім cis-moll , соңғы бөлім а-moll. Өлшемі ауыспалы 6/8, 12/8. Шығарма ішінде кездейсоқ кілттік белгілер, сол қол саусақ басылымдары өзгеріп отырады. Бірінші бөлім жылдам екпінде, ортаңғы бөлім бас бармақпен сұқ саусақтың ауысып ойнауы арқылы әдемі, сазды әуенмен ойналады. 3-ші бөлім жылдам екпінде аяқталады. Оқушы нота мәтінін бөліктерге бөліп, бөлім бөліммен ойнады. Шығарманың техникалық қиын жерлеріне аса көңіл бөлініп, жай екпінде бірнеше қайтара ойналды. Шығарма толық талданғаннан кейін, күй сандықпен қосылып ойналды. Сабақ барысында оқушы белсенділік танытып, аспапта ойнауда орындаушылық шеберлігін көрсетті.

Үй тапсырмасы беріліп, сабақ соңында оқушы еңбегі «өте жақсы» деп деген бағаланды.

4. Үй тапсырмасы:

Е.Үсенов «Поэма» мәтінін жаттау

Саусақ қойылымдарына, альтерация белгілеріне шығарма мазмұнына көңіл бөлу.

Әрқашан жүйелі, белгілі бір уақытта жұмыс жасау.

Сөйлем мазмұнын ұқыпты, нотаны білгендей түсініп, есте сақтау.

Ең қиын деген жерлеріне көп уақыт бөлу.

5. Қорытынды:

«Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдері мен көңіл – күй әлемі. Ол – дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы». А. Н. Серов. Бізде шығармарларды ойнауда, оны жеткізуде дыбыс үндестініге көңіл бөлеміз. Музыкалық шығарманы талдау жұмысында барлық заңдылықтар сақталып, композитор ойы ашылып, маңызды бөліктермен талдаулар жасалынды. Оқушы берілген тапсырманы тез ұғып, әдіс- тәсілдерді жетік меңгерді. Сабақ соңында шығарма толықтай ойналып, күй сандықта сүйемелденді. Сабақ қойылған мақсатына жетті.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.03.2016
Раздел Музыка
Подраздел Видеоуроки
Просмотров292
Номер материала ДВ-509844
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх