Инфоурок / История / Научные работы / Ашық сабақ на казахском языке на тему "Күш моменті"

Ашық сабақ на казахском языке на тему "Күш моменті"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгереді, жоспар құрады, тақырыбын ұғынады, кейіпкерлер бейнесін ашады, өз пікірін қорғайды, салт-дәстүрдің мәнін түсінеді, пікір алысады, талдайды, кейіпкерлер  бейнесін жинақтайды, қорытынды жасайды;

Дамытушылық мақсаты: Мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы мысалдар келтіріп, қосымша мәліметтер іздестіреді, танымдық қабілеттерін дамытады, ойлану нәтижесінде өз ойын тиянақтайды, оны дәлелді түрде жеткізеді, басқалардың пікірін сыйлап, онымен санасады, бірнеше ойды салыстырады, қарама-қарсы қояды;

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, халықтық салт-дәстүрді білуге баулу;

Сабақтың түрі: Практикалық оқуға негізделген ізденіс.

Типі: іскерлік пен біліктілік дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайд.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, этнография.

Құрал-жабдықтар: парақшалар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесіп, сабақ әзірлігін бақылау.

  2. Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың ерекшелігі стратегиялық бағытта жүргізіледі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: мазмұнын айту, сұрақ-жауап ұйымдастыру, бірін-бірі толықтыру.

  1. «Еркін жауап» стратегиясы.

Берілетін сұрақтар:

- Әңгіме кімнің атынан баяндалады?

- Әңгімеге арқау болған қандай оқиға?

- Әңгімеге сендер қандай атау берер едіңдер?

- Қайсар қалыңдығын алып қашуға неге мәжбүр болды?

- Мәселені басқаша жолмен шешуге болмас па еді?

 ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:

  1. 2.      «Түсіну» стратегиясы

Сабағымызды  жазушы өмірімен байланыстырамыз. Ол үшін интербелсенді тақтадағы мына хронологиялық кестені толтырамыз.

Ғ. Мүсіреповтың өмірінен хронологиялық кесте 

Мерзімі

Болған оқиғалар

1902 жыл

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келді

1923-1926 жыл

Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түсті

1926-1927 жыл

Омбыдағы ауылшаруашылық институтында білім алады

1958 жыл

КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болады

1974 жыл

Социалистік Еңбек Ері құрметті атағын алады

2. Жазушы өмірінен, елеулі оқиғалары мен кезеңдерінен мәлімет алдық, ендеше жазушы Ғабит Мүсіреповтың шығармашылығына кезек берейік

Шығармалары

Поэма

Қара сөз

Роман

Әңгіме

Өлең

Проза

Пьеса

Повесть

Аударма

Баллада

«Ананың анасы»

 

 

 

P

 

 

 

 

 

 

«Қазақ солдаты»

 

 

P

 

 

 

 

 

 

 

«Боранды түнде»

 

 

 

P

 

 

 

 

 

 

«Аманкелді»

 

 

 

 

 

 

P

 

 

 

«Ақлима»

 

 

 

P

 

 

 

 

 

 

«Өлімді жеңген ана»

 

 

 

P

 

 

 

 

 

 

«Қыз Жібек»

 

 

 

 

 

 

P

 

 

 

«Ашынған ана»

 

 

 

P

 

 

 

 

 

 

«Оянған өлке»

 

 

P

 

 

 

 

 

 

 

«Кездеспей кеткен бір бейне»

P

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жапон балладасы»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

P

«Ақан сері-Ақтоқты»

 

 

 

 

 

 

P

 

 

 

«Ұлпан»

 

 

P

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. Ал, балалар, біз үй тапсырмасын бекітіп, бүгінгі сабағымызға арқау болған Ғ.Мүсіреповтың «Боранды түнде» әңгімесін сатылай кешенді талдау жасайық.

Ендігі  кезекті 3. «Танып білу стратегиясына» берейік. Мақсаты: Шығарма мазмұнын қандай деңгейді меңгергендерін пысықтау үшін шығармадан үзінділер келтіру, оқушыларға «Кімнің сөзі? Қай кезде айтылды?» деген сұрақтар беру. («Семантикалық карта»)

4.«Талдап білу» стратегиясы. (Сатылай кешенді талдау).

Сатылай  кешенді талдау:

1.Шығарманың авторы: Ғабит Мүсірепов

2.Тақырыбы: Екі жастың сүйіспеншілігі. Қыз алып қашу дәстүрі.

3.Идеясы: Адам бақыты жаны қалаған адаммен өмір сүру

4. Жанрлық түрі: Әңгіме

Компазициялық құрылым:

  1. Оқиғаның басталуы: Ашуға мінген Қайсар;

  2. Оқиғаның дамуы (Сюжеттік байланыс): Қыз алып қашуға аттану;

  3. Оқиғаның шиеленісуі: баланың адасуы. Бейтаныс үй;

  4. Оқиғаның шарықтау шегі: Кәменді балаға ілестіру;

  5. Оқиғаның шешімі (аяқталуы): Бала мен Кәменнің үйге келу

5.«Түсініктеме күнделігі» стратегиясы. Салт-дәстүрге, әдет-ғұрыптарға байланысты ұғымдарды түсіну. Мәтіннен іздестіріп, жауап жазады.

1. Баланы сүндетке отырғызу;

2. Балаға сүндет ат беру;

3. Қыз айттыру;

4. Қалың мал беру;

5. Қыз алып қашу;

6. Ұзатылар қыздың қоштасуы;

7. Бата беру;

8. Келіншектің қайын інісіне ат қоюы;

9. Аңшылық;

6.«Пәнаралық байланыс» стратегиясы. Келесі тапсырма қазақ тіліне қатысты болмақ. Дисфемизм деген не? Атын тікелей айтуға  тыйым салынған сөздерді «дисфемизмдер» деп атаймыз. Мәтіннен осы  сөздерді табайық:

1. Боқмұрын

2. Оттамасын

3. Иттің ғана баласы

4. Қатын

5. Өсекші.

Оларды қандай сөздермен алмастыруға болады? Оларға антонимдес, сыпайы сөздерді қалай атаймыз?

Тапсырма: Графикалық диктант. Дисфемизм сөздерді эфемизм сөздермен алмастырып жазыңдар.

1. Боқмұрын

2. Оттамасын

3. Иттің ғана баласы

4. Қатын

Сөзжұмбақтың сұрақтары:

  1. Әңгіменің авторы кім?

  2. Қайсардың қалыңдығы

  3. Қыз алып қашу операциясы кімнің кесірінен сәтсіз аяқталды?

  4. Қасқырдың терілері қайда үйіліп  жатыр?

  5. Қайсардың қимасы

  6. Жеті қазынаның бірі, Қайсардың сенімді серігі

Сонымен, балалар «табу» сөз дегеніміз не? Ол қай жағдайда айтылады екен? Неліктен Кәмен баланы атымен атамай, «Інішек» деп атады?

7.«Кейіпкерлер» стратегиясы. Мақсаты: Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.

1. Қайсар, Бала, Асылхан. (Ер балалар осы кейіпкерлерге сипаттама береді).

Іс-әрекеті

Мінезі

Кейіпкер мінезін толықтыру

 

 

 

2.Кәмен, Бәден апайдың, Кәменнің сіңлісі кішкентай шошақай қызға.  (Қыз балалар осы кейіпкерлерге сипаттама береді).

Ү. Қорытындылау: 8. «Пікір алысу» стратегиясы.

Шығарма несімен ұнады?

Сүйікті кейіпкерлерің

Кейіпкерге хат

Жасалған қорытынды

Қызықты, оқырман таңдамайтын, тілі жеңіл, юморлық шығарма

Бала, Кәмен, Қайсар

Бала, бастысы жеңгелі болдың, соның арқасында ат міндің

ол да

Шығармадан түсінгенім кез келген адам өзі қалаған адаммен өмір сүру

ҮІ. Үйге тапсырма  беру:

  1. Үйлену салтына байланысты мәлімет дайындау.

  2. Өзіңнің басыңнан өткен қызықты  бір оқиғаны жазып кел.

Бағалау парағы:



















Иса Байзақовтың «Құралай сұлу» поэмасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Иса Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтарын кеңейтіп «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясын ашу, кейіпкерлер бейнесін талдау.
Дамытушылық: Өз пікірін қорғай білуге, ойын еркін әрі әдеби жеткізуге баулу, шығармашылық ізденістерін дамыту
Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүйетін адал да жанашыр адам болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, салыстыру, баяндау, талдау жасау, өз пікірін қорғау.
Сабақтың көрнекілігі: Иса Байзақов өмірі жайлы видео, слайд - презентация.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, сыныпты түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Иса Байзақовтың «Құралай сұлу»поэмасын оқып келу
1. Тақырып дегеніміз не?
- Шығарма белгілі бір тақырыпты қозғайды, белгілі бір өмір шындығын өзіне арқау етеді. Тақырыпсыз шығарма болмайды.
2. Иса Байзақов поэманың тақырыбын неліктен «Құралай сұлу» деп атаған?
3. Егер жазушы болып осы поэманы жазсаңдар өздерің қалай атар едіңдер?
4. Идея дегеніміз не?
- Жазушы тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Сол арқылы өз мақсат - мүддесін, арманын білдіреді.
5. «Құралай сұлу» поэмасының негізгі идеясы неде?
6. Сюжет дегеніміз не?
- Көркем шығарманың сюжеті оқиғалар жүйесінен құрылады. Оқиғалар бір - бірімен байланысып, желісі үзілмей, үнемі өрбіп отырады.
7. Композиция дегеніміз не?
- Шығармадағы оқиғалардың байланысуы.

ІІІ. Мағынаны тану.
Композициялық жоспар
- Ендеше сабағымызды «Құралай сұлу» поэмасына композициялық жоспар құрумен жалғастырайық.(Оқулықта поэма берілмегендіктен көшірмелері алдарына таратылады)
Оқиғаның басталуы: Елге сыйлы Ойбас Қыпшақ Монтай би.
Оқиғаның дамуы: Монтайдың Келден баймен кездесуі.
Оқиғаның шиеленісуі: Келден байдың жан баласына ашпаған сырын ашуы.
Оқиғаның шарықтау шегі: Қалмақтың Сейқын ханының қызы Құралаймен кездесуі
Оқиғаның шешімі: Келден батырдың Құралайдан айрылуы.

ІҮ. Салыстыру
- Біз алдыңғы сабақта Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесін өткенбіз, осы екі шығарманы салыстырып ұқсастық пен айырмашылықтарына талдау жасайық
І топ орындайды
Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»
Кейіпкерлері
Ана
15 жасында күңдікке сатылған ана. Әке - шешесінен айрылған қайратты, сөзге шешен, ақылды. Өзінің ақылымен, өжеттілігімен қырық батырға төтеп беріп, қызын аман алып қалған.
Батыр
Жалпақ батыр
Батыр, ер жүрек, ақылды, мейрімді, қара күш иесі, тәуелді. Ананың айтқан сөзін тыңдап ақылмен шеше білген.
Жанр түрі: Әңгіме
Әйтілес қарттың ескі күндердің әңгімесін шертіп, аңызға айналған адамдардың басынан өткен оқиғаны әңгімелеуі.
Идеясы
Жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған. Халықты байлар басқарған, шешімді билер беріп сөзге тоқтам салған. Және ананың балаға деген махаббат айқын көрініс тапқан.

ІІ топ орындайды
И. Байзақов «Құралай сұлу»
Кейіпкерлері
Ана
Құралайдың анасы 15 жасында Қалмақ ханы Сейқынға әйел болған. Қалмақтар қазақ еліне шабуыл жасап сұлу әрі көрікті қазақ қызын алып қашып, хандарына тарту еткен.
Батыр
Келден батыр
Батыр, ақылды, қара күш иесі, қайсар, өжет, айтқанынан қайтпайды. Артынан қуып келген жүз шақты қалмаққа бір өзі тойтарыс берген.
Жанр түрі: Поэма
Қазақ пен қалмақ елі арасындағы тартысты күндерді Келден батыр еске алып өзін тұтқындықтан босатып аман алып қалған ғашығы Құралай сұлу туралы жырлайды.
Идеясы
«Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысы шынайы суреттелген, ел бірлігі, патриотизм идеясы көтерілген. Ананың балаға деген махаббаты және екі жас арасындағы сүйіспеншілік сезім жырланады.

Ү. Бес жолды өлең әдісі
І топ: Ана
1. Зат есім Ана
2. Сын есім Мейрімді, қамқор
3. Етістік Мәпелейді, тәрбиелейді, аялайды
4. Сөйлем Ана өміріме сән берген.
5. Синоним Ана – шеше
ІІ топ: Батыр
1. Батыр
2. Ержүрек, батыл
3. Қорғайды, күзетеді, шабуылдайды
4. Батыр ел үшін туады
5. Батыр – қаһарман

ҮІ. Білімді бекіту
І топ: Иса Байзақовты біз кім деп танимыз?
• Ақын
• Жазушы
• Актер
• Әнші, жыршы
• 40 - тан астам әнге сөз жазған
• Суырып салма ақындығымен
ІІ топ: Қандай эпикалық шығармаларын білеміз?
«Құралай сұлу» 1925ж
«Қойшының ертегісі» 1926ж
«Алтай аясында» 1939ж
«Ұлы құрылыс» 1933ж
«Қырмызы Жанай» 1940ж аяқталмаған ерекшеленді
«Кавказ» 1941ж
«Ақбөпе» 1945ж

ҮІІ. Қорытындылау
Иса Байзақов поэма жанрын дамытуға зор үлес қосқан. Оның дәлелі жаңа өздерің атап өткен эпикалық шығармалары. Көлемді шығармаларында өткен заман оқиғалары, кейінгі дәуір шындығы көрініс тапқан. «Құралай сұлу», «Алтай аясында» поэмаларында жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды» заманындағы қазақ тұрмысын шынайы суреттеп, ел бірлігі, патриотизм идеясын көтерген.
ҮІІІ. Білімді бағалау
Сабақ барысында оқушылардың сабаққа араласуына, жауап беруіне қарай таңбалар таратылып отырған. Соған байланысты оқушыларды бағалап өту
ІХ. Үйге тапсырма
«Қасиет дарыған, құт мекен – қазақ жері» тақырыбында эссе жазу.





ақтың тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі

http://oky.ucoz.ru/_pu/51/91204971.jpg

Сабақтың мақсаты

  • а) Әңгіме мазмұнын толық меңгере отырып, кейіпкерлер  бейнесін ашу, жазушының суреттеу тіліне талдау жасау;

  • Ә) Оқушыны жеке жұмыс жасауға, ізденуге  ойын анық еркін айта білуге үйрету;

  • Б) Ананың бөбегіне деген киелі махаббатын ұғындыра отырып, ананы құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілік  ізгі қасиеттерге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: білімді жинақтау, қорыту сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Ғабит Мүсірепов портреті, интерактивті тақта, слайдтар, кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үйге тапсырма сұрау. «Ой толғау» стратегиясы.

Зымыран сұрақтар:

1. Ғабит Мүсірепов кім?

2. Әңгіме неге Ананың анасы” деп аталған?

3. Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

4. Әйтілес кім?

5. Әңгімедегі оқиға қай кезеңді суреттейді?

6. Әйтілес қандай әңгіме айтты?

7. Бала би Жалпақ батырға не деді?

8.Бидің тілегі қандай, батырдың тілегі не?

9. Сауға деген не?

10. Қырық жігіт пен Жалпақ батырды тізе бүктірген қандай күш?

ІІІ. Жаңа сабақ:  Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» әңгімесі.

http://oky.ucoz.ru/_pu/51/19684489.jpg

Шығарманың құрылысы:

Басталуы

1.  Әңгіме қалай басталады?

Байланысуы

2. Әңгіме қалай байланысады?

Шиеленісуі

3. Барымташылар қолында кеткен қыз тағдыры  немен аяқталады?

Шарықтау шегі

4. Ана сөзіне қарсы тұрған кім?

Шешімі

5. Жалпақ балуан қандай шешімге келді?

Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу.

Мәтінмен жұмыс:

І топ

  1. Портрет дегеніміз не?

  2. Ананың портретін тауып оқы

ІІ топ

  1. Жалпақ балуанға, Кейкіге мінездеме беру

ІІІ топ

  1. Диалог дегеніміз не?

  2. Ана мен Жалпақ батырдың диалогін тауып оқу

Әңгімедегі теңеу, эпитетдисфемизм, көнерген сөздерді табу.

І топ

Әңгімедегі теңеуді табу.

Тұрақты тіркесті табу.

ІІ топ

Әңгімеден эпитетті табу.

Географиялық атауларды ата.

ІІІ топ

Дисфемизм, көнерген сөздерді табу.

Әңгімедегі салт-дәстүрді ата.

Венн диаграммасы

«Әдебиет үйірмесі»

І топ

Ана туралы мақал – мәтелдер жазу.

ІІ топ

«Бес жолды өлең» стратегиясы.

ІІІ топ

«Әлемдегі асыл жан» (ойтолғау)

Ана – жұмысшы, ана-ақын, ана-жазушы, ана батыр, ана әнші, ана дәрігер, ана-депутат, ана мұғалім, ғалым, ел басқарушы.

Жүректен жүрекке. Анаға арналған тілектерін жазу.

Үйге тапсырма: «Ана – бәйтерек, ана- аққу, ана - жүрек» тақырыбына шығарма жазу.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-550902
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>