Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ "Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсекелестік"

Ашық сабақ "Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсекелестік"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ № 14

Сабақ тақырыбы: Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсекелестік

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс пен ұсыныс,баға мен бәсекелестік туралы толық түсінік беріп білімдерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың экономикалық білімдерін арттырып,нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытының қазіргі жағдайын танып білуге тәрбиелеу.

Дамыту: Экономикалық ой-өрістерін, тіл байлықтарын дамыту

Сабақ түрі: Тәжірибе

Құрал-жабдықтар, көрнекілік құралдар: тақта, бор ,ТСО,

Пайдаланылатын әдебиеттер.

Ө.Қ.Шеденов «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе -2004 ж

Я.Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» Алматы -1998 ж

Г.Жолдасова «Экономикалық теория негіздері» Астана -2008 ж

Сабақ жоспары.

1.Ұйымдастыру - - 2 мин

2.Үй тапсырмасын тексеру - 20 мин.

3.Жаңа тақырып түсіндіру - 30 мин

1.Сұраныс.Сұраныс заңы

2.Ұсыныс .Ұсыныс заңы

3.Баға және тепе-теңдік бағасы.

4. Бәсеке,оның түрлері

4. Жаңа тақырыпты бекіту - 20 мин

5.Сабақты қортындылау - 5 мин

6. Үй тапсырмасы. - 3 мин


Сабақ барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу

б) оқушыларды түгендеу

в) аудиторияның дайындығын бақылау

2. Үй тапсырмасын тексеру

Берілген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру


hello_html_3f4e4b30.gif



1.Нарық дегеніміз не?

2. Еңбек нарығы деген не?

3.Нарық инфрақұрылымдарын ата

4.Нарық қаржы саласы бойынша қалай бөлінеді?

5.Нарық рухани сала бойынша қалай бөлінеді?

6.Жалпы ішкі ұлттық нарықты неше түрге бөлуге болады?

7.Өндіріс –құрал жабдықтар нарығы

8.Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңі

9.Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері


3.Жаңа тақырыпты түсіндіру



1.Сұраныс – бұл нарықта болатын, ақшамен қамтамасыз етілетін қажеттіліктердің көріну нысаны. Басқаша айтқанда, сұраныс – төлем қабілеті бар қажеттілік. Тауардың нарықтық бағасы мен сұраныс мөлшерінің арасындағы барлық уақытта да белгілі бір арақатынас болады. Оны графикті түрде сұраныс қисығының сызығы деп атайды

hello_html_m6dbe1dd7.gif

Рhello_html_2a4858ae.gifhello_html_3c86e4f1.gif2

hello_html_m2b549b5a.gif





hello_html_m71327c4d.gifhello_html_82ef7d8.gif

Р1

hello_html_660c1ce4.gif

0 Х1 Х2

1-график

Р - нарықтық баға

Д - сұраныс қисығы

Х - сұраныс мөлшері

Графиктегі көледнең білік – бұл сұраныс мөлшері, ал тік білік – нарықтық баға. Көріп отырғанымыздай баға – Р1, сұраныс мөлшері – Х1, баға Р2 > Р1 сұраныс мөлшері Х2 < Х1 сәйкес келеді.Тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, оған деген сұраныс төмен болады.

Сұраныс заңы бойынша, егер баға төмендесе, әдетте тұтынушылар тауарды көп мөлшерде сатып алады. Егерде тауарға баға өссе, онда оларға деген сұраныс азаяды. Сұраныс қисығының сызығы бір қалыпта тұрмайды, ол мезгіл-мезгіл жылжып отырады. Қисық графигінің оңға қарай ойысуы тауарға сұраныстың өскенін, ал солға қарай ауысуы сұраныстың азайғанын көрсетеді.



hello_html_3d81f5ce.gifhello_html_m1bfb4fb2.gifhello_html_m718c4fbd.gif



hello_html_m33dad2e7.gif

hello_html_551b80fb.gif

hello_html_551b80fb.gif

hello_html_551b80fb.gifhello_html_21e3944f.gifhello_html_m796c0e23.gifhello_html_551b80fb.gifhello_html_21e3944f.gifhello_html_m796c0e23.gif Р2 Д

Д2


hello_html_m71327c4d.gifД1

hello_html_82ef7d8.gif Р1



hello_html_660c1ce4.gif

0 Х1 Х2

2-график


Нарықтық сұраныс толып жатқан факторлардың әсері арқылы қалыптасады: бағаның деңгейі; сатып алушылардың ақшалай табысы; тұрғындардың ұнатуы және артық бағалауы; нарықтық шамасы: жиналған мүлік; сатып алушылардың саны және басқалар. Баға неғұрлым жоғары болса, соғұрлым тауарға сатып алушылар тарапынан болатын сұраныс азаяды.


Сұраныстың бағадан тыс факторлары

hello_html_m5dfc7bb2.gifhello_html_m2635b5b4.gifhello_html_m3fd2b769.gifhello_html_m3fd2b769.gifhello_html_m3fd2b769.gifhello_html_m3fd2b769.gif


Тұтыну-

шылар-

дың

кірістері


Өзара

алмастырушы

және өзара

толықтырушы

тауарлардың бағалары


Тұтыну-

шылар-

дың

талғамы



Тауарлардың

күтілісі









2. Ұсыныс – бұл нарықта тұрған немесе соған жеткізуге болатын, белгілі бір бағасы бар тауарлар жиынтығы. Ұсыныс, өндірілген тауарлардың ассортименті (әр алуан тауарлар жиынтығы) және олардың бағалары арқылы сұранысты құрайды, өз кезегінде сұраныс тауар ұсынысының көлемі мен құрлымын белгілейді, себебі тек қана тұтынумен танылатын тауар ғана қайта өндірле алады. Нарықтық баға мен өндірушілердің ұсыныс қисығының сызығы деп аталатын белгілі бір арақатынас болады.


hello_html_m22e9d5be.gif

hello_html_m6770467b.gifhello_html_2d9aabbd.gifhello_html_711d87e4.gif



hello_html_7c7296a9.gifР2

S

hello_html_m1e794f70.gifР1


hello_html_m2e8c6fdc.gif

0 Х Х2

3-график

Көрсетілген кесте шығарылатын өнім көлемінің (х) нарықтық бағаға (р) тәуелділігін көрсетеді. Баға – Р1, өнім – Х1-ге сәйкес, ал баға – Рс және Р2-ге дейін төмендесе, онда өнім Хс және Х2-ге сәйкес, басқаша айтқанда тауардың бағасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оны өндіру пайдалы, соғұрлым өндірушілер оны көбірек өндіруге және нарықта сатуға дайын болады. Ұсыныс мөлшерінің көбеюі ұсыныс қисығының сызығын оңға қарай (S2S2), ал ұсыныс мөлшерінің азаюы солға(S1S1) қарай жылжытады.


hello_html_m4a299c81.gifhello_html_m1fa3a6cd.gifhello_html_m4f8f23df.gif





hello_html_m241d85e8.gif

hello_html_6bbbbb55.gifS2


hello_html_6bbbbb55.gifhello_html_6bbbbb55.gifР2 S


hello_html_m973892f.gifhello_html_2bec302c.gifS1


S2

hello_html_m1e794f70.gifhello_html_711d87e4.gifS

Р1

hello_html_m2e8c6fdc.gifS1

0 Х1 Х2

4-график

Ұсыныс шамасы ресурстардың бағасына, қолданылатын өндіріс технологиясының сипатына, салықтар мен дотацияларға, берілген тауар мен оған ұқсас тауарлардың бағасына, бағаның өзгеруін күтуге, сатушылардың санына, климаттық жағдайларға, өндірістік шығындарға тәуелді болады.



Ұсыныстың бағадан тыс факторлары




hello_html_79ebe228.gif

hello_html_m56ada989.gif

hello_html_49a87502.gifhello_html_66876760.gifhello_html_m560f918f.gifhello_html_49ee3825.gifhello_html_49ee3825.gifhello_html_5c8a0b18.gif


Салық пен

жәрдем

қаражаты

Тауар-

лардың

күтілісі

Техно- логия

Сату-

шылар

саны

Басқа

тауарлар-

дың

бағалары

Ресурс бағалары



Ұсыныс қисығы тауарды нарыққа шығаруға итермелейтін бағадан басқа факторлар тұрақты деген жағдайда қарастырлады. Бұл жағдайда тауардың бағасы өзгерілуіне байланысты ұсыныс көлемі өзгереді және бұл өзгеріс ұсыныс қисығының бойында болады.

3. Сұраныс пен ұсыныс бір-бірімен өзара байланыста және қайшылықта болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырлады. Бұл сұраныс пен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады. Егер нарықтық баға тепе-теңдік бағадан артық болса, артық ұсыныс пайда болады, немесе ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді. Егер нарықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан басым болады. Тауардың бағасының өзгеруі, тұтынушылардың кірісі мен басқа тауарлардың бағасы сұранысқа әр түрлі әсер етеді. Тауар баға икемділігіне көбірек ие болған сайын оның алмастырушылары көбірек болады.Ұсыныстың иекмділігіне ықпал ететін маңызды фактор – уақыт. Ұсыныс әдетте ұзақ мерзімге икемді (өйткені, өндірісті ұлғайту немесе өндірісті басқа түріне ауыстыруға мүмкіндік бар). Бағаның өзгеруі ұсыныс шамасына әсер етеді

Қандай нарықтық экономикада болмасын, сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігін орнықтыру және ұстап тұру жеңіл міндет емес. Нарықтың тепе-теңдігін сұраныс пен ұсыныс тең болғанда қалыптасатын нарық жағдайы мен бағаның белгілі бір деңгейі деп түсіну керек.

hello_html_m27f6e7bb.gifhello_html_6275eec3.gifД

hello_html_764f3f2.gifS

hello_html_5aeadbdb.gifhello_html_64089363.gifР2

hello_html_m10f9ed94.gifhello_html_2ac1da3a.gif

РS Е

hello_html_76cd672e.gif

Р1

hello_html_m48866872.gif

0 Х Х2 5-график.


Сұраныс және ұсыныс қисығы. Көріп отырғанымыздай,тепе- тендік нүктесі сұраныс пен ұсыныс қисықтарының қилысқан жерінде тұр. Тепе-теңдік нүктесіне сәйкес нарықтық баға – тепе-теңдік баға деп аталады. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне қарай тепе-теңдік нүктесі мен тепе-теңдік бағасы да өзгереді. Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы экономикада сәйкессіздіктің тууына,қоғамдық қажеттіліктер мен өндірістің қозалысында теңсіздіктердің пайда болуына, ақырында, әр түрлі қолайсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға әкеп соқтырады. Бәсеке нарықта баға тепе-теңдігі «Е» нүктесінде болады. Бұл жағдайда сұраныс мөлшері мен ұсыныс көлемі бірдей болады. Енді баға тепе-теңдігінің өзгеруін сұраныс пен ұсыныстың тапшылығымен айырмашылығы жағдайында көрсетейік. Кесте түрінде ол былай көрсетіледі.



hello_html_479f9d03.gif

Д

hello_html_64089363.gifhello_html_63278d8a.gif

hello_html_44489507.gifhello_html_5aeadbdb.gifS

hello_html_m10f9ed94.gifР2

hello_html_2ac1da3a.gif

РS Е

hello_html_76cd672e.gifhello_html_92f47.gifhello_html_m66b345f7.gif

hello_html_m48866872.gifР1

0 Х Х2 6-график.


Бұл процесс сұраныс пен ұсыныстың арасында тепе-теңдік орныққанға дейін созылады. Басқаша айтқанда, біз өндіруге ниеттеніп отырған нарықтық механизм сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігі принцпі бойынша әрекет етеді. Өндіріс барлық уақытта тауарлар мен қызметтерге тырысады. Егер де сұраныс ұсыныстан артық болса, ол өндірісті ұлғайтуды ынталандырады, ал керісінше, егер ұсыныс мөлшері сұраныстан артып кетсе, онда өндіріс көлемі азаяды. Осындай ауытқуларды тіркейтін – нарықтық баға болып табылады.

4. Нарықтық экономиканың негізгі ерекшелігі болып еркін таңдау – өндіруші үшін өндірілетін өнімді таңдау еркі, тұтынушының тауарды, жұмысшының жұмыс орнын таңдау айтылады. Бірақ еркін таңдау экономикалық табысты өзінен-өзі қамтамасыз ете алмайды. Ал оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп алады.

Бәсеке (латын тілінен аударғанда Cocurerre, concurentia тиіп кету, қақтығысу) – бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының арсындағы тауарларды сатып алу және сату барысындағы өндірістегі ең жақсы жағдайлар үшін бақталастық.Басқаша айтқанда бәсеке – бұл ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін күресу, жарысу.

Бәсеке – нарықтық қатынастардың негізгі категориясы, әр түрлі нысанда болады және әр түрлі жолдармен іске асырлады. Ол сала ішіндегі (біртектес тауарлары арасында) және сала аралық ( әр түрлі салалар тауарлары арасында)бола алады. Ол бағалық және бағалық емес бола алады.

Бағалық бәсеке тауарлар мен қызметтерді бәсекелестің бағасына қарағанда төмен бағамен сатуға негізделген. Баға төмендету шығынды азайту немесе пайданы азайту арқылы ғана мүмкін. Оны тек ірі фирмалар ғана іске асыра алады.

Бағалық емес бәсеке техникалық артықшылықтардың арқасында жететі,н тауарлардың жоғарғы сапасымен және сенімділігімен сатуға негізделген.

Нарықтық қатынастардың қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке нарығы деп бөлінеді. Жеке фирмалардың өнім бағасына (базар нарқына) әсер етуі неғұрлым аз болса, соғұрлым нарық бәсекелік деп саналады.





Бhello_html_4fe54c66.gifәске нысандары

hello_html_m49ed8da8.gifhello_html_m736eec21.gifhello_html_m736eec21.gif


Жетілген бәсеке (еркін

бәсеке нарығы). Нарықтың

классикалық үлгісі

Жетілмеген бәсеке

Нарықтың қазіргі үлгілері



hello_html_7ff4c6bc.gif

hello_html_60fe9442.gifhello_html_m560f918f.gifhello_html_m560f918f.gifhello_html_7ff4c6bc.gif

Монополия –

тауардың бағасына

ықпал ететін,

өңдірістің көп бөлігін

бақылайтын бір ғана

сhello_html_m77cbc2fe.gifатушының билігі

Олинополия –

(3-тен5-ке дейін)

бірнеше ірі

фирмалар билейтін

нарық

Монополистік

бәсеке –

біртекті емес,

бірақ ұқсас тауар

ұсынатын

сатушылар саны

көп нарық


hello_html_m161f3a58.gifhello_html_1aa9deb3.gifhello_html_m7ab71e63.gifhello_html_1aa9deb3.gif

Жасанды


Кездейсоқ

Табиғи



Табиғи монополиябұл екі немесе одан да көп фирмалардан гөрі, нарықты шығыны аз қандай да бір тауар, не қызметпен қамтамасыз ететін жалғыз ғана фирмадан пайда болған монополия.

Жасанды монополия сөз байласу немесе бәсекелестіп басып тастау арқылы құрылған моноплия.

Кездейсоқ монополия өз тұтынушылары үшін уақытша сұранысты ұсынатын асырып түсіру нәтижесінде пайда болады, бұл капиталдың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етіледі.

Монополиялардың пайда болуының негізгі себептері - өндіріс пен капиталдың шоғырлануы.

Жетілген бәсеке (еркін бәсеке нарығы) деп нарықты бір-біріне тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатыпалушылар қызмет ететін және тең мүмкіндіктерімен құқықтары бар бәсекенің идеялды бейнесін айтады.

Жетілген бәсекенің негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге шаққанда аз болғандықтан, бөлшек баға әсері өте төмен болады. Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі.

Жетілген бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға болады. Еркін бәсеке деп ХХ ғасырдың ортасында болған бәсекені шартты түрде атауға болады.

Жетілмеген бәсеке бағаға қайдағыбір бәсекелес әсер еткенде пайда болады.

Монополия (грек. moons – жалғыз, polio – сатамын) жеке өндіруші тауар нарығын бақылап және сол нарықта үстем орын алған кезде пайда болады.

Монополиялық бәсекелестіктің нарықтық моделінарықта көп мөлшерде бір-біріне байланыссыз әрекет ететін сатушы және көптеген сатып алушылар болуы.

Нарықтың бұл түріне бәсекенің мынадай сипаты тән:

  • Нарықты салыстырмалы түрде сатушы саны көп, оның әрқайсысының нарықта өз үлесі бар;

  • Фирманың нарықта монополиядағы сияқты ерекше билігі жоқ.

  • Монополиялық бәсекелестіктің ең ерекше белгісі – өнімдердің біріңғай емес, дифференциялды болуы.

  • Өндірушілер арасында бағалық және бағалық емес бәсеке болады, ол көбінесе өнімнің қасиеттеріне, сапасына, қолданудағы сенімділік пен ыңғайлыққа, өнімдерге жаңалық енгізуге, сыртқы келбетіне, стандарттарға сәйкестігіне байланысты болады.

  • Осы нарықта бәсекелестік күрес жағдайында саудалық марка және жарнама маңызды мәнге ие болады.

Саудалық марка – бір сатушының тауарлары мен қызмет түрлерін ұқсастыру үшін, бәсекелес сатушының тауарлары мен қызмет түрлерінен ерекшелендіру үшін арналған белгі.

Монополияның мақсаты – нарықта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы ретінде орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.

Монополиялық бәсеке кезінде нарықта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнеше болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады – өнімнің дифферинциял, яғни өнімнің даярлығы, оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларына айырып тұратын қасиетінің болуы. мұндай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамы, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғарғы деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.

Осындай арықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалды өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист-фирмалар көп болады да, олардың әр біреуі нарықтық бағаны шектелген түрде бақылай алады, бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.

Олигополиялық бәсеке дегенімізбірнеше фирма үстемдік ететін нарық ( грек. oligos - аздаған, polio – сату)ү Оған біртекті немесе әр түрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі – баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.

Олигополиялық бәсеке бірыңғай ( өндірістік тауарлар) немесе дифференциялды (әр түрлі тауарлар) тауарларды өндіруші бірнеше ірі фирмалардың билік етуі.

Монополияның рөлі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабы өндіріс шығындарын азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Жағымсыз жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монополиялық жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарлату ынтасын жоғалтады.

Осыны ескерек келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады. Бұл үшін антимонополиялық заңдар қолданады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдікті мемлекеттік қолдау болып табылатын заңдар пакеті қабылданылады.



4.Жаңа сабақты бекіту

1. Берілген әріптерден 2 топтың топ басшысы жаңа ұғымдарға байланысты сөз құрап (монополия және олигополия ) оларға анықтама береді.

2.Берілген тор көздерді толтыру керек

hello_html_5e319d5c.gif

3.Қажетті сөзді тап.

1.Минералды тыңайтқыштарға бағаның төмендеуі -бидайдың ұсынысын ......

көбейтеді

2.Жаңбырлатқыш қондырғыларға бағаның өсуі – жүгеріні ұсынуды ......

азайтады

3. Университеттерге дотацияларды азайту – жоғары білімді мамандарды ұсынуды .. азайтады


4.Қой еті мен шошқа етіне бағаның төмендеуі – сиыр етіне сұранысты ......

көбейтеді

5. Болашақта мұнайға бағаның төмендеуінің күтілуі, мұнай компанияларының ағымдағы ұсынысын ......

көбейтеді

5.Сабақты қортындылау

Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативтік – құқықтық актілерге негізделген: Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар»,«Теріс пиғылды бәсеке туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» Заңдары.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы «Теріс пиғылды бәсеке туралы» заңы теріс пиғылды бәсекелестікті мойындайтын әрекеттерді белгілейді, теріс пиғылды бәсекені және оның зардаптарын болдырмау және жою механизмін белгілейді. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы теріс пиғылды бәсекенің келесі түрлері бөлінеді:

  • Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану – бұл тұтынушыда өндіруші тауарлы теріс пікір тудыруы мүмкін.

  • Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап енгізуі.

  • Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.

  • Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.

  • Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықтық қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылу және т.б.

Антимонополиялық заңдар 1880жылы АҚШ-та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосылуын бақылау.

Қазақстанда 1996 жылы «Бәсеке және сауда нарығындағы монополиялық қызметті шектеу» туралы заң қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекттік комитет құрылды. Қазақстан Республикасында монополияға қарсы және теріс пиғылды бәсекелестік саласындағы ынтымақтастық туралы көптеген келісімдер жасалды. Мысалы, Өзбекстан Республикасымен (1997 ж. 14 наурызда), Қырғыстан Республикасымен (1999 ж. 15 қазан), ТМД мемлекеттерімен (1993 ж. 12 наурыз) «Монополияға қарсы саясат саласындағы келісім туралы» келісімшарттар бекітілді.

Жаңа ұғымдар:

  • Сұраныc

  • Ұсыныс

  • Нарық тепе-теңдігі

  • Бәсеке

  • Монополия

  • Олигополия

  • Бағалық бәсеке

  • Жетілген бәсеке


5. Оқушылардың жауабын бағалау.

6.Үйге тапсырма.

Г.Жолдасова «Экономика негіздері» 84-101 бет

Я.Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» 119-139 бет

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров665
Номер материала ДВ-406209
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх