Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "8 наурыз Халықаралық Аналар мерекесі"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Ашық сабақ "8 наурыз Халықаралық Аналар мерекесі"

библиотека
материалов

Брейн-ринг

8 наурыз Халықаралық Аналар күні" мерекесінің кұрметіне орай өткізілгеп Брейн-ринг ойынының өткізілу тәртібі.

Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіріледі. 8-наурыз күніне арналған қабырға газеті, кітап көрмелері жасалынады. Залдың төргі жағында екі топ орналасады. Ш.Қалдаяқовтың "Ана туралы жыр" әні баяу естіліп тұрады.

Жүргізуші:

Бәpi де, ана, бip өзіңнен басталады,

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба?

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба?

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәpi де, ана, өзіңнен басталады,

Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды.

Еркелесем, бip өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба?

Тек өзіңнен жасқандым.

(Қ Мырзалиев)

Құpмeттi қонақтар, оқушылар!

Біздің бүгінгі Брейн-ринг ойынымыз 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесінің кұрметіне орай өтпекші. Жер бетіндегі тipшіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесіне арналады.

Осы ұлы мерекеге лайық бүгінгі ойынымыздың сұрағы да сан-салалы болмақ. Олар: ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алатын ұлттық тәрбиеміз бен салт-дәстүрімізге, eciмiн тарих қастерлеп, иci қазақ жұртына мәлім болған халқымыздың ару қыздарына, талай өлең-жыр, романдарға арқау болған әйелдер бейнесіне, махаббатты, сұлулықты, ерлікті жырлаған ақындардың өлеңдеріне байланысты болады.

Мен қазір сіздерді бүгінгі сайыстың төрешілер алқасымен таныстырып өтейін

өрешілер алқасы 3 адамнан тұрады).


1-шарты. біз сыныбымызды екі топқа бөлдік:

Жас қыран. Бұл команда аты. Белгісі жасыл.

Ұлытау. Бұл да команда аты. Белгісі қызыл.

Таныстыру. Енді командалар өзін таныстырып өтсін. (Сайысқа қатысушы топ өздерін көрерменге таныстырады. Оның, үлгісін әр топ өздерінің қалаулары бойынша жасайды).


2-шарты: Сұрақ – жауап сайысы.

Әpбip дұрыс жауапқа бip ұпай. Сұраққа ең бipiнші жауап берген команда ұпай алып отырады.

Ойлануға бip минут уақыт беріледі. Сұраққа дайын топ белгісін көтереді.

Жүргіуші:Ал енді кезек сұрақтарға келді:


1- сұрақ:

Сорқұдықтың басына

Copғa бола қонды атам.

Жалмауызға жалғызын

Жанынан қорқып берді атам.

Бұл сөзді кім, қандай ертегіде айтқан?

Жауабы: "Ер Төстік", Кенжекей сөзі.

2-сұрақ: Шыдамдылық пен көнбістік, ақылдық пен қанағат, ұрпақ тазалығын сыйлаушы, ойлы көзді, орта бойлы әулие ана кім?

Жауабы: Нұрилә әже Домалақ ана.

3 - сұрақ: Б.э.д. VI ғасырда өмip сүрген сақтардың патшайымын атаңыздар?

Жауабы: Томирис.

4 - сұрақ:

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма.

Өлеңнің авторын атаңыздар.

Жауабы: А. Құнанбаев.

5-сұрақ: Орынбор-Ташкент жолының бойында Москваға кетіп бара жатқан жолда Шалқар станциясындағы соңғы станция қазақтың, белгілі жазушысының романындағы бас кейпкердің атымен аталған. Ол қандай станция?

Жауабы: F. Мұсіреповтың "Ұлпан" романы. Ұлпан станциясы.

Өте жақсы сұрақ – жауап сайысын болдық енді ойынға кезек берейік. Ойынымыздың аты «Соқыр теке» деп аталады. Онда екі топтың басшысы тақтаның алдында тұрған конвертті алып ішіндегі тапсырманы орындайды. (бірақ ол конвертті алу үшін топ басшыларының көзін байлаймыз, олар көздері байлаулы қалпы тақтаның алдына барып конвертті алып, орындарына сол қалпы келіп отырады. Орындарына келген уақытта көздерін шешіп конверттегі тапсырманы топпен орындайды)


3-шарты: Келесі сайыс: "Жылдам жарыс" ойыны.

Ойын шарты: екі топқа кезек – кезек сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

1-топтың, сұрағы:

Айша-бибі мавзолейі қай жерде?

Жауабы: Таразда.

2.Күйші ана?

Жауабы: Дина Нұрпеисова.

3. Сандық бұйым жасайтын адам?

Жауабы: зергер.

4.Қорқыт бабамыз әйел адамды қанша түрге бөлді?

Жауабы: 4.

5.Әйел көркі неде?

Жауабы: ақылда.


2-топтың сұрағы:

Халқымыздың батыр қыздары?

Жауабы: Ә. Молдағұлова, М. Мәметова.

ұлу" деген сөздің синонимі?

Жауабы: ару.

Қазақтын атақты бишісi кім?

Жауабы: Шара Жиенқұлова.

4.VIII ғасырдың 30-40 жж. Ресей империясын кім басқарады?

Жауабы: Анна Ивановна.

5.Әйелдің күші аз, нeci көп?

Жауабы: айласы.

Сергіту сәтін жүргізіп алсақ. 8 сыныптың көңілді тапқырларын қарсы алыңыздар.


4-шарт:

Сөзжұмбақтар сайысы. Екі топ бір – біріне сөзжұмбақтар жасап алып келген еді. Енді сол сөзжұмақтарын алмастырып шешсе. Топ басшылары сөзжұмбақтың дұрыс жауабын қазылар алқасына тапсырып қойыңдар. Сөзжұмбақты шешіп болған соң қазылар алқасына тапсырасыңдар. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.


5 шарт: Тілектер бұрышы!

Бізде тілектер откырткасы бар және менің алдымда жеребелер жатыр ол жеребелерде аналарың мен мұғалімдердің есімдері жазылған. Қазір сендер осы жеребені суырып откыртаканың ішіне келген аналарың немесе мұғалімнің атын жазып тілегін оқып табыстайсыңдар.


Ойын « Күшің болса сайсып көр »

Әр топта 2 қыз, үш ұлдан. Енді бұл сайыста қызарымыз бен ұлдарымыз өздерінің күштері мен тазалықтарын көрсетеді. Әр топқа үш карточкадан берілген. Ойынның шартына келетін болсақ біздің қыздар кезекпен карточканы аршыйды ал ұлдарымыз кезекпен отжимания жасайды.


6 - шарт: "Арқан тарту".

Әрқайсының аралығы 1 м үш параллелъ сызық сызылады. Арқанның тең ортасындағы белгі шүберек орталық сызыққа дәл келтіріліп қойылады. Ойнаушылар екі командаға бөлініп, арқанның ортасынан 1м қашықтықтан бір-біріне қарама-қарсы ұстап тұрады.

Белгі бойынша әрбір команда арқанды өз жағына қарай тартады. Үш рет тартқаннан кейін екі ретінде де арқанды өз жағына тартып шығарған команда жеңеді. Әрбір тартыстың ұзақтығы 30-40 секунд болуы керек. Тартыс аралығында 1-1,5 минут үзіліс жасалады. Әр жеңіске 1 ұпай беріледі.

Ән: «Ана туралы жыр» әнін жазған Ш.Қалдаяқов, сөзін жазған Ғафу Қайырбеков. Орындайтындар: Темірғали Индира, Нурымова Асия, Кунчинова Айгерім.


Сабақтың қортындысы: біздің әділқазыларымыздың қолында. Сол кісілерге сөз беріп қай тобымыз жеңгенін біліп алайық.

Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін ананың еселі еңбегін ешкім де ешуақытта өтеу алмасы хақ. Алайда, оның есімін ұлықтап, құрмет көрсету әрбір перзенттің парызы. Ананың орнын ешкім баса алмас. Ананың аялы алақанын ешбір дүние алмастыра алмас. Анаға қаншама ән шырқалып, жыр жазылды. Соның бірі - «Ана туралы жыр». Қазақ әнінің падишасы Шәмші Қалдаяқовтың бұл әнін естіген бойда кез келгеннің жүрегі елжіреп, анасына деген ыстық сағынышы басылады.





















Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров367
Номер материала ДБ-006747
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх