Инфоурок Математика КонспектыАшық сабақ "Ондық бөлшектерді көбейту"

Ашық сабақ "Ондық бөлшектерді көбейту"

Скачать материал

Күні:

Пән: математика

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ондық бөлшектерді көбейту ережесін түсіндіру, ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығаруға үйрету.

Тәрбиелік: Математикалық мәдениетке тәрбиелеу, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз-өзін реттеуге, бір-біріне көмектесуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:  Түсіндірмелі, деңгейлік тапсырма, сергіту сәті, өзін-өзі бағалау, семантикалық-салыстырмалы карта стратегиясы, математикалық лото, рефлексия «бағдаршам әдісі», «ой қозғау» топтастыру стратегиясы,  ұжыммен, топпен, жұппен, жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада презентация, өзін-өзі бағалау парағы, семантикалық карта, бағдаршам түсті карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдасыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру (сигналдық карточка арқылы)

ІІІ. Жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысы («Қайталау – оқу анасы» сәйкестік тест)

ІV. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты (оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру)

V. Жаңа сабаққа дайындық («Ой қозғау» топтастыру стратегиясы)

VІ. Жаңа сабақты түсіндіру

VІІ. Практикалық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)

VІІІ. Сергіту сәті

ІХ. Сабақты бекіту

Х. Рефлексия («Бағдаршам отырғызу»)

ХІ. Сабақты қорытындылау

ХІІ. Үй тапсырмасын беру

ХІІІ. Бағалау

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу, сыныптың сабаққа дайындығын, сабаққа қажетті құрал-жабдықтардың барлығын тексеру.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Психологиялық дайындық:

- Қанекей балалар, бүгін барлығымыз бір-бірімізге не тілейміз? (оқушылар орнына тұрып мұғалімге қарап: «сізге шығармашылық табыс» және бір-біріне қарап: «бізге көтеріңкі көңіл-күй», - деп айтады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, себебі осы сабақта әрбір оқушының өз біліктілігін, жалпы өткен тақырыпты қаншалық игергенін көрсететін мүмкіншілігі болады. Жаңа сабақты меңгеруде тірек болатын оқушылардың үй тапсырмасының дұрыстығын сигналдық карточка көмегімен тексерейік. Үй тапсырмасының жауаптары тақтада жазулы тұр, ал сендер дәптерлеріңдегі жауаптарымен салыстырасыңдар. Дұрыс жауабы болса, жасыл түсті картаны, дұрыс болмаса қызыл түсті картаны көтерулерің керек (тексерудің соңында оқушылар бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасын қояды).

ІІІ. Жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысы.

Сабақты жаңа тақырыпта меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалды еске түсіру үшін «Қайталау – оқу анасы» дегендей, сәйкестік тест өткізіледі. Бірінші бағанда ондық бөлшекті натурал санға көбейтуге арналған есептер берілген. Ал оқушылар бағанның сол жағында тұрған есептің дұрыс жауабын тауып, берілгеннің қасына  магнит көмегімен жабыстырамыз (дұрыс жауап үшін оқушылар бағалау парағына мұғалімнің айтқан бағасын қояды)

Сәйкестік тест

ІV. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты (оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру)

Алдымызға қойған негізгі мақсатымыз ондық бөлшектерді көбейту ережесін түсініп, ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығаруға үйренуіміз керек. Оның бірінші шарты: алған білімдеріңді жинақтап, орынды қолдана білу.

V. Жаңа сабаққа дайындық («Ой қозғау» топтастыру стратегиясы)

Интерактивті тақтада ондық бөлшектерді көбейтуге байланысты 2 есеп жазулы тұрады, ал оқушылар бұл  есептердің дұрыс санын табулары керек.

VІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Ондық бөлшектерді көбейту үшін:

үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейтуді орындау керек;

көбейткіштердің екеуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек.

1-мысал.

Түсіндіру. Ондық бөлшектерді үтірге назар аудармай, көбейтіп, 20496 санын аламыз. Көбейткіштердің екеуінде үтірден кейін барлығы үш цифр тұр. Сондықтан көбейтіндіде оң жақтан үш цифрды үтірмен ажырату керек. Сонда 20,496 шығады.

7,32*2,8=20,496

Егер көбейтіндідегі цифрлар үтірмен ажыратуға тиісті цифрлардан аз болса, онда көбейтіндінің сол жағына қажетінше нөлдерді жазу керек.

VІІ. Практикалық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)

Жақсы оқитын оқушылар оқулықтағы С деңгейінің, орташа оқитын оқушылар В деңгейінің, төмен оқитын оқушылар А деңгейінің есептерін шығарады.

VІІІ. Сергіту сәті.

Мынадай тұжырымдамалар айтамын. Оқушылар қолдарын белдеріне қояды, егер де қате болса солға бұрылады, дұрыс болса оңға бұрылады.

Ø Натурал санға кері сан – алымы 1, ал бөлімі сол натурал санның өзі болатын бөлшек сан;

Ø 1 саны өзіне-өзі кері сан;

Ø Санды нөлге бөлуге болады;

Ø Көбейтуге кері амал бөлу амалы;

Ø Азайтуға кері амал көбейту амалы.

ІХ. Сабақты бекіту.

*    Ауызша өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап.

*    «Оқылуына сәйкес санды тап» (сандарды дұрыс тапса, сандардың астындағы әріптерден ең кішкентай құстың атын оқиды)

*    «Қатені тап!» (тақтада жазылған есептерден оқушылар қатені анықтау қажет)

*    «Кім жылдам?» (тақтада көрсетілген амалдарда өшіп қалған үтірлерді қою қажет)

Х. Рефлексия («Бағдаршам әдісі»)

- Енді бағдаршамды тұрғызайық (тақтада бағдаршамның суреті).  Бағдаршам – жаңа сабақта өтілген тақырып, ал жарықтары – сіздердің алған білімдеріңіз (оқушылар өздері таңдаған түсті тақтада тұрған бағдаршамға жабыстырады). Жасыл түс – сабақ маған ұнады, тақырыпты меңгердім. Сары түс- тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналамын. Қызыл түсті – сабақ маған түсініксіз.

ХІ. Үй тапсырмасын беру

ХІІ. Бағалау.

Оқушы өз-өзін, оқушылар бір-бірін және мұғалім бағалайды.

Бағалау парағы:

 

 №

Кезеңдер

Бағасы

 

1

Үй жұмысын тексеру

 

2

Сәйкестік тест

 

3

Деңгейлік тапсырмалар

 

4

Сабақты бекіту

 

 

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Ондық бөлшектерді көбейту""
Смотреть ещё 5 615 курсов

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пән: математика

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ондық бөлшектерді көбейту ережесін түсіндіру, ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығаруға үйрету.

Тәрбиелік: Математикалық мәдениетке тәрбиелеу, жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз-өзін реттеуге, бір-біріне көмектесуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:  Түсіндірмелі, деңгейлік тапсырма, сергіту сәті, өзін-өзі бағалау, семантикалық-салыстырмалы карта стратегиясы, математикалық лото, рефлексия «бағдаршам әдісі», «ой қозғау» топтастыру стратегиясы,  ұжыммен, топпен, жұппен, жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтада презентация, өзін-өзі бағалау парағы, семантикалық карта, бағдаршам түсті карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдасыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру (сигналдық карточка арқылы)

ІІІ. Жаңа тақырып пен өткен тақырыптың байланысы («Қайталау – оқу анасы» сәйкестік тест)

ІV. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты (оқушыларды сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру)

V. Жаңа сабаққа дайындық («Ой қозғау» топтастыру стратегиясы)

VІ. Жаңа сабақты түсіндіру

VІІ. Практикалық жұмыс (деңгейлік тапсырмалар)

VІІІ. Сергіту сәті

ІХ. Сабақты бекіту

Х. Рефлексия («Бағдаршам отырғызу»)

ХІ. Сабақты қорытындылау

ХІІ. Үй тапсырмасын беру

 

ХІІІ. Бағалау 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

7 243 957 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Скачать материал
    • 26.02.2015 1724
    • DOCX 25.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаппасбева Гулумжан Курмашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаппасбева Гулумжан Курмашевна
    Жаппасбева Гулумжан Курмашевна

    Учитель математики

    • На сайте: 10 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30927
    • Всего материалов: 11

    Об авторе

    Мен, Жаппасбаева Гулумжан Курмашевна 1966 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келдім. Әулиекөл ауылында орта мектепті бітіріп, Рудный индустриялдық институтына түсіп 1989 жылы бітіріп шықтым ҰСТАНЫМЫ: “ОРТАША МҰҒАЛІМ БАЯНДАЙДЫ, ЖАҚСЫ МҰҒАЛІМ ТҮСІНДІРЕДІ, ТӘЖІРИБЕЛІ МҰҒАЛІМ КӨРСЕТЕДІ, ҰЛЫ МҰҒАЛІМ ШАБЫТТАНДЫРАДЫ” Уильям АрТУР УОР

Оформите подписку «Инфоурок.Маркетплейс»

Вам будут доступны для скачивания все 220 575 материалов из нашего маркетплейса.

Мини-курс

Теория и практика воспитательной работы

2 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Проектное управление

4 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология восприятия и работа с возражениями в продажах и переговорах

3 ч.

699 руб.
Подать заявку О курсе
Смотреть ещё 5 615 курсов