Ондық бөлшектерді қосу
(математика 5 сынып).
Сабақтың
мақсаты:
Білімділігі:
оқушылардың
ондық бөлшектерді қосу тақырыбынан
алған білімдерін деңгейлік тапсырмалар орындату
арқылы қорытындылау.
Дамытушылық:
логикалық
ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын
жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін
арттыру, пәнге қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік:
оқушылардың
өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге,
жылдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: оқушылардың білімін жинақтау, жүйелеу.
Әдісі:
ауызша,
жазбаша есептер шығару, деңгейлік
тапсырмалар орындау.
Көрнекілігі:
деңгейлік
тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі: (2
мин) оқушыларды сабаққа дайындау.
2.Өткен
сабақты қайталау: (10 мин) үй тапсырмасын сұрау.
3.Ауызша
жұмыс (слайд
көрсету) 8 минут.
4.Деңгейлік
тапсырмалары: (20 мин) екі нұсқада беріледі.
5.Үйге
тапсырма беру: (3 минут)
6.Қорытындылау
(2 мин)
Өткен
сабақты қайталау.
1.Ондық
бөлшектер қалай қосылады?
2.Ондық
таңбаларының саны әртүрлі ондық бөлшектерді қалай қосады?
3.Ондық
бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?
4.Үй
тапсырмасын сұрау: №954,956.
Ауызша есептер шығару: (слайдпен көрсету)
Есептеңдер:
1)
6,405+12,8
2)
7+15,3
3)
6,2+2,8+1
4)
0,009+0,991
5)
4,27+6
6)
1,2+1,13
7)
13,5+12
8)
8,92+1,270
Деңгейлік
тапсырмалар.
І-нұсқа
1.Ондық
бөлшектерді қосуды орында
13,6+5,2+3,8
2.Жай
бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазып, есепте.
4,64+2
3.Ондық
бөлшекті жай бөлшек түрінде жазып, есепте.
4,5+6+2
ІІ-нұсқа
1.Ондық
бөлшектерді қосуды орында
2,7+13,3+8
2.Жай
бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазып, есепте
12,45+6
3.Ондық
бөлшекті жай бөлшек түрінде жазып, есепте.
19,6++3
Үйге
тапсырма беру: №958; 960.
Қорытындылау:-ондық бөлшек деп қандай
бөлшекті айтамыз?
-ондық бөлшектер қалай қосылады?
Бағалау:Сыныпта белсенді қатысып
отырған оқушылар бағаланады.
А.С.Ахметжанова
Математика пәнінің мұғалімі.
Сарыбастау орта мектебі КММ.
Кербұлақ ауданы.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.