Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Орман тұрғындары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Ашық сабақ "Орман тұрғындары"

библиотека
материалов

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

1 «Балапан» тобы «11» желтоқсан, 2-апта 2015 жыл

Тәрбиеші: Оразова Н.А.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Экология.

Тақырыбы: Орман тұрғындары.

Мақсаты: 1. Білімділік: Жабайы аңдар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды бір-бірінен ажырата білуге, аңдардың қысқы тіршілігімен таныстыру.

2.Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін арттырып, тілдерін дамыту. Ойын арқылы балалардың эмоциялық сезімдерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу. Оқу іс-әрекеті арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау, көрсету, ойын, сұрақ-жауап, қорытындылау.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: әңгімелесу, аңдар туралы тақпақтар жаттау, суретпен жұмыс.

Сөздік жұмыс: жабайы, аңдар, орман, тұрғындар.

Билингвальды компонент: тиін – белка, қоян – заяц, кірпі – еж, орман – лес , тұрғындар – жители.

Көрнекіліктер: әр түрлі дәнді дақылдар, аңдардың суреттері мен мулыждары, орман макеті, слайд.

Құрал-жабдықтар: музыка, қима қағаздан аңдар, ойыншықтар.


Сабақ барысы:

Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

Балалар шеңберге тұрғызып шаттық шеңберін орындайды.

Армысың Алтын күн! (екі қолдарын жоғары көтереді)

Армысың Балабақшам! (қолдарын жан-жағына жаяды)

Армысың достарым! (достарына қарайды)

Сіздерді көргеніме қуаныштымын. (қолдарын шапалақтайды)

Достасайық бәріміз.(бір-бірлерін қолдарынұстайды)

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, (бір қолдарын жоғары, бір қолдарын төменгетүсіреді)

Басымызды сіздерге иеміз біз. (барлығы бірге бастарын иеді).


Педагог:

-Балалар, қараңыздар мына жерде біреудің болғаны сияқты.

Балалар:

-Иә, іздер бар.

Педагог балалармен із бойымен жүреді.

Педагог:

-Кім болды екен?

-Балалар, біз сиқырлы орманға тап болдық.

-Орманда жабайы аңдар мекендейді. Сендерге орман тұрғындары туралы қызықты ма?

Онда мен сендерге олардың аңдардың тіршілігі жайлы айтып берейін.


Түсіндіру. Слайд арқылы.

Педагог: Мен сендерге орманда өмір сүретін, өз қоректерін өздері табатын аңдар туралы әңгімелеп беремін. Жабайы аңдарға: аю, қоян, тиін, кірпі, қасқыр, түлкі т.б. жатады.

Жабайы аңдардың қыста тіршілігі қиындау болады

-Балалар, сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Жұмбақты шешеміз бе?


1. Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

(Қоян).

Балалар:

-Қоян.


Педагог:

Мынау қоян. Қыста қоянның түсі ақ болады. Қыста, ақ қардың үстінде қоянды байқау өте қиын. Ақ түс қорғаныш қызметін атқарады. Қоян сәбізді, ормажапырақты жегенді ұнатады.


Балалар: мұқият, қызыға тыңдайды.


Педагог:

-Балақайлар, менде тағыда жасыратын жұмбағым бар. Кане, ой салып тындайық.


2. Қыста жылы киіндім,

Қоймам толы жаңғаққа.

Іші жылы үйімнің.

(Тиін).

Балалар:

-Тиін.


Педагог:

-Жарайсыңдар, балалар. Әрине, ол біздің кішкентай ағаштан – ағашқа секіріп тыным таппайды тиін. Тиіннің құйрықтары ұзын, жүндері үлпілдек болады. Адамға бауырмал болады. Тиін бүршіктермен, жаңғақтармен қоректенеді.


Педагог:

-Келесі жұмбақ.


3.Қолыңмен тиме,

Үсті толған көп ине.

(Кірпі).

Балалар:

-Кірпі.


Педагог:

-Жақсы, дұрыс. Бұл – кірпі. Кірпі өте сақ, оның инелері өте көп. Өзіне қауіп төнсе домалана қалады. Қыста ұйқыға кетеді. Ұйықтар алдында күзде тойып, қыс бойы ұйықтайды. Кірпі саңырауқұлақты, алмаларды жегенді ұнатады.


Сөздік жұмыс: жабайы, аңдар, орман, тұрғындар.

Билингвальды компонент: тиін – белка, қоян – заяц, кірпі – еж.


Сергіту сәті. (аңдардың қимылын сазды әуенмен орындайды).

Қоян

Ақ қоян – ау, ақ қоян,

Ұзын құлақ, сақ қоян.

Қаша берсең, орманға,

«Қоқағым» деп ат қоям.

Тиін

Мен тиінмін, тиінмін

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

Кірпі

Мен ашулы кірпімін,

Көрінгенге түрпімін.

Үстім толы ине,

Есің болса тиме.


Педагог: балақайлар, қараңыздар менде не бар, «Сандық» (әуен ойнатылады).

Үстел үсті ойыны: «Мозайка» құрастыру. «Қоян», «Тиін» және «Кірпі» аңдарын қима қағаздардан құрастыру.

Шарты: балалар 3-топқа бөлінеді, әр топ берілген аңның суретін құрастырады. Берілген қима-қағаздан аңдардың суреттерін дұрыс құрастыру.


Педагог топпен, жеке жұмыс жүргізеді.


Ғажайып сәт.

Сықырлаған дыбыс естіледі.


Педагог:

-Балалар біреу келе жатқан сияқты.

-О, мынау орманшы ағаймыз екен.


Орманшы:

-Сәлеметсіздер ме! Мен сендердің орманда болғандарынды естіп келдім.

Мына дорбашамды сендерге қалдырам.

Менің уақытым аз мен орманды, аңдарды бақылап қорғау керекпін. Мен сияқты орман тұрғындарына қамқорлықпен қарап, табиғатты аялаңыздар –деп айтуға келдім.

Мен енді жүрейін.

Сау болыңдар!


Балалар қоштасып, қызыға қарайды.



Қорытынды:


Педагог дорбашадан үлкен «Бұйрық» шығарады.

«Бұйрық» міндетті түрде, аңдарды қоректендіріндер.

Осы бұйрық арқылы «Аңдарды тамақтандыру» ойының ойнап шығайық. Осы ойын арқылы аңдардың немен тамақтантынын сендерді түсінгендерінді тексеретін болам..

-Балақайлар, бұйрықты орындап, мына дақылдармен «Аңдарды тамақтандырамыз» аңдарымызды қуантайық.


Балалар аңдарға олардың қоректерін береді.


Сұрақ –жауап.

-Балалар, қысқы орман сендерге ұнады ма?

-Иә, ұнады. Әсерлі болды.

-Біз бүгін қандай аңдармен таныстық? Немен қоректенеді?

-Бүгін біз қоян, тиін, кірпімен таныстық. Қоян – сәбіз, ормажапырақ. Тиін – жаңғақты.

Ал, кірпі – алма мен саңырауқұлақпен. Жұмбақтарды шештік, ойын ойнадық.

-Кім келді бізге қонаққа? Не деп айтты?

-Орманшы, табиғатты аялап, қамқор болыңдар.


Балаларды мадақтау. Рахмет білдіру. Орманшының сыйлықтарын тарату.

Көріскенше күн жақсы.

Сау – саламат болайық.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: орман тұрғындарын танып, ажырата біледі.

Игереді: ойын арқылы жабайы аңдардың тіршілігі мен қорегін біліп игерді.

Меңгереді: сұрақтарға жауап беруді, жануарларға қамқорлықпен қарауды меңгерді.


Автор
Дата добавления 26.03.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров945
Номер материала ДВ-557489
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх