Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ "Оқшау сөздер"

Ашық сабақ "Оқшау сөздер"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер.

Сыныбы: 8


Мақсаты: Оқушылардың оқшау сөздер туралы білімдерін тереңдету, түрлерін ажырата білуге, сөйлем ішінде орналасу орнын анықтауға, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету, тапсырмалар орындату арқылы бекіту.

Міндеттері:

  • Жұппен жұмыс жасағанда өз көзқарастарын дәлелдеп, қорғауға, бір – бірінің пікірін тыңдай білуге үйренеді.

  • Тапсырмаларды грамматикалық тұрғыдан сауатты, дұрыс орындауға, уақыт үнемдеуге дағдыланады.

  • Оқушылар бір – біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа , жауапкершілікке , бір – бірін әділ бағалауға үйренеді.


Түрі: жаңа сабақ

Әдістер: ассоциация, сатылай кешендік талдау, жұппен жұмыс, тест, есту (аудирование), венн диаграммасы

Көрнекіліктер: флипчарт, кеспе қағаздар, электронды оқулық, аудиотаспа

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа сабақ.

Бүгінгі көңіл – күйіміз қандай екен? СМАЙЛИКТЕР


Сабақ кезеңдері

Мұғалім


Оқушы

Қызығушылығын арттыру

«Оқшау» сөзінің мағынасы нені білдіреді? Ол сөздің синонимі қандай? Не естеріңе түсті? Сөйлем мүшесінің қандай басты белгілері бар? Барлық сөздер сөйлем мүшелері бола ала ма? Неліктен?

Ол сөздерді қазақ тілінде қалай деп атайды?

Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты не жайында болмақ?

Біз ережелермен танысып, оны жаттығулар орындау, талдаулар жасау арқылы санамызға бекітеміз, жұппен жұмыс жасаймыз, бір- бірімізді бағалаймыз.

Флипчарт



Оқушылар сұрақтарға өз жауаптарын береді.

hello_html_me33d4ef.gif





Мағынаны ажырату

  1. Оқулықпен жұмыс:

  • тапсырманы бөліп береді: ережені дауыстап бастату,

1-қатар: қаратпа сөз;

2-қатар: қыстырма сөз;

3-қатар: одағай сөз;


  • оқушыларға бағыт- бағдар беріп отырады;

  • оқушылардың бір – бірінің пікірлеріне зейін қойғандығын білу үшін жұптарға нақтылау сұрақтарын қояды;

  • тақтада үш қатардың оқыған ережелерін қорытындылап , оқшау сөздердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын атап көрсетеді;

  • қорытынды шығартады;







  1. Бекіту тапсырмасы:

Тақтада берілген сөйлемдердің ішінен оқшау сөздерді табу, тыныс белгілерін қою, түрін анықтау


£££££££ Көз жаттығулары Презентация



  1. Кеспе қағаздармен жұмыс:


  • аудиотаспадан Абайдың 31- қара сөзін тыңдату.

  • кеспе қағаздан мәтінді іштей оқытып, жұптасып оқшау сөздерді таптыру, түрін анықтату;

  • Абай атамыздың қара сөзінің мазмұны не туралы? Естіген нәрсені есте жақсы сақтау үшін не қажет екен? Қара сөзде айтылған мәселе өзекті ме, қазіргі кезде пайдасы бар ма? Қандай жағдайда насихат сөзді қолдана аламыз?

  1. Сатылай – кешенді талдау:

  • Тақтада берілген сөзге дыбыстық – математикалық талдау жасатады;


  • 1 оқушы дауыстап 78- беттегі ережені оқиды сұрақтарға жауап береді;

  • оқушылар 3 қатарда жұптасып 78- беттегі ережелерді бөліп, іштей оқып шығады, бірігіп ой түйеді;


  • барлық оқушылар бірігіп оқшау сөздердің ортақ белгілері мен айырмашылықтарын атап көрсетеді, тақтадағы кестені толтырып қорытынды шығарады;


Флипчарт.


Қаратпа сөз

Қыстырма сөз


Одағай сөз

Ұқсастықтары

Сөйлем мүшесі болмайды,

Үтір арқылы белгіленеді


Ерекшелігі

Назар аудару

Ерекшелігі

Ой реті, айтушы пікірі

Ерекшелігі

Көңіл- күй



  • Тақтадағы сөйлемдерден оқшау сөздерді тауып алып, түрлерін ажыратады, тыныс белгілерін қойып шығады.


Электр. оқулық.

  • мәтінді ауызша тыңдайды;

  • мәтінді іштей оқып, оқшау сөздерді табады, түрін анықтайды;

  • мәтін мазмұнына тоқталады, сұрақтарға жауап береді, өз ойларын ортаға салады;


Флипчарт.


  • тақтаға мәтіндегі асты сызылған сөзді жазып, дыбыстық – математикалық талдау жасайды:

ЫНТАМЕН



Бекіту.


  1. Тақырып бойынша тест сұрақтарын қою:

Кім әрі тапқыр, әрі жылдам? Қандай оқшау сөз бар?
1.Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузына түсті мұртың.
(қаратпа сөз)
2.Өзгелер басын изейді,
-Әрине, - деп мақұлдап. ( қыстырма сөз)
3.Араздығы сөз болса,
«Бәрекелді! Батыр!» - деп,
Мақтап – мақтап қоздырар.
(одағай, қаратпа)
4.Өзгеге, көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтіп қоярсың?
( қаратпа )
5. - Бұрынғыдан мұнысы қиын болды,
Ойбай, уәзір, ақыл тап, қайттік? – деді.
(одағай, қаратпа)
6. – Е, шырағым, жасым сексенге келгенде, біреудің қанын жүктеп не қылайын?
( Мадан ханның шешесінің сөзі, одағай, қаратпа )
7. – Апырмай – ай , менің наубайдың баласы екенімді қайдан білдің?
( Мадан ханның сөзі, одағай)
8. – Сөйлестім, тақсыр! Өзімді сөгіп салды, - деп жауап берді. ( Жиреншенің сөзі, қаратпа )
9. Махамбеттің қандай өлеңі қаратпа сөзбен басталады?
( «Қызғыш құс» )
10. Ы. Алтынсариннің қай өлеңінде қаратпа сөз бар?
( «Кел, балалар, оқылық!»)
Оқшау сөздер дегеніміз не? Оның түрлері қандай? Неліктен оқшау деп аталады?

  • Сұрақтарға ауызша жауап береді



Флипчарт.


Үйге тапсырма

78-79- беттердегі ереже. Абай шығармаларынан оқшау сөздері бар 5 мысал жазып келу, түрлерін анықтау.


Күнделікке белгілеу.

Бағалау

Бүгін сабаққа кімдер белсенді араласып отырды?






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 09.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров385
Номер материала ДВ-139328
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх