Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Отынның энергиясы"

Ашық сабақ "Отынның энергиясы"

Международный конкурс по математике «Поверь в себя»

для учеников 1-11 классов и дошкольников с ЛЮБЫМ уровнем знаний

Задания конкурса по математике «Поверь в себя» разработаны таким образом, чтобы каждый ученик вне зависимости от уровня подготовки смог проявить себя.

К ОПЛАТЕ ЗА ОДНОГО УЧЕНИКА: ВСЕГО 28 РУБ.

Конкурс проходит полностью дистанционно. Это значит, что ребенок сам решает задания, сидя за своим домашним компьютером (по желанию учителя дети могут решать задания и организованно в компьютерном классе).

Подробнее о конкурсе - https://urokimatematiki.ru/


Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Физика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: §11,12. Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы.
Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жылу мөлшері ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, отын жанғанда бөлініп шығатын энергия, механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.
Тәрбиелігі: Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
1. Жылу мөлшері дегеніміз не?
2. Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысалдармен түсіндір.
3. Ішкі энергия мен жылу мөлшерін қандай өлшем бірліктермен өлшейді?
4. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?
5. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі қандай? Денені суытқандағы жоғалтқан жылу мөлшерін қай формуламен есептеуге болады?
6. Үйге берілген есептердің шығарылуын түсіндіру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарымен қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді (35 - сурет)


C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\Новая папка (3)\Изображение 080.jpg

Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.
q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг.
Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек:
Қазақстан Республикасында отын - энергетикалық ресурстардың мол қоры бар. Соңғы жылдары еліміздің отын - энергетикалық баланс құрылымында аса көп өзгерістер болды. 50 - жылдары отынның негізгі түрі көмір болса, қазіргі кезде көмірсутекті шикізат – мұнай мен газ алдыңғы қатарға шықты.
Қазақстанда 300 - ден астам көмір кен орындары белгілі, олар көбіне Орталық Қазақстанда шоғырланған. Бұл аймақтарда тас көмір көп, ал еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде қоңыр көмір жиі кездеседі. Көп қолданысқа ие болған көмір кен орындарына Қарағанды және Екібастұз кен орындары жатады. Қарағандының тас көмірінің жану жылуы 33, 5 - 33, 6 МДж/кг, ал Екібастұз таскөмірінің жану жылуы 31, 8 - 34, 3 МДж/кг, ал Торғай өңірінің көмірінің жану жылуы 27, 2 - 28, 9 МДж/кг, Майкөбенің қоңыр көмірінің жану жылуы 29, 3 - 31, 4 МДж/кг.
Көмірсутекті шикізаттың жалпы қоры бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ресей мемлекетінен кейін екінші орынды иеленеді, ал әлемдік деңгейде Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерімен қатарласа алады. Жанатын пайдалы қазбаларға жататын мұнай мен газ бассейні Қазақстанның батыс аймағында кездеседі. «Атырау, Ембі, Маңғыстау».
Өткен ғасырдың 80 - жылдарынан бастап ас ірі мұнай қорын игеру басталды. Ол – Атырау облысының оңтүстік - шығысындағы «Теңіз» мұнай кен орны.
Отын - энергетикалық өндірістің болашағы газ болып табылады, себеі газ жанады, ауаны ластамайды және құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады. Қазақстандағы ірі газ кен орны – Қарашығанақ, онда еліміздегі бүкіл газ қорының 70%- і жинақталған.














C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\Новая папка (3)\Изображение 081.jpg

C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\Новая папка (3)\Изображение 082.jpg


16 және 36 – суреттерде көрсетілген тәжірибелерге назар аударайық. Қорғасыннан жасалған шар қорғасын тақтаға соғылған кеде шардың толық механикалық энергиясы шар мен тақтаның ішкі энергиясына айнала алтындығын көрсетеді.


Егер цилиндрдегі газды қыздырсақ (38 – сурет), онда қыздырғыштан газға берілетін Q жылу мөлшері, оның hello_html_1f1cc2e9.gif ішкі энергиясының артуына әкеледі., сол мезетте поршеньді hello_html_m45e1a1c4.gif биіктікке В жағдайдан С жағдайға көтеру үшін жұмыс атқарылады. Бұл газдың ішкі энергиясының артуы және өзінің ұлғаюы кезінде поршеньді көтеріп жұмыс істеуі, оған біршама жылу берілгендіктен болатындығын білдіреді. C:\Documents and Settings\Администратор\Рабочий стол\Новая папка (3)\Изображение 083.jpg

Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.


Механикалық W энергия мен ішкі U энергияның қосындысын денелер жүйесінің толық энергиясы деп атайды және Е деп белгілейді:


E = W + U = En + Er + U


Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған ортамен жылу алмасу болмас, онда ол тұйықталған және жылулық оқшауланған болады.
Энергияның сақталу және айналу заңы:
Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы - осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.
ІV. Есептер шығару.
1 – деңгей.
7 - жаттығу.№1, №2, №3 №4
2 – деңгей.
1. Массасы 20 кг құрғақ ағаш толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері: (Құрғақ ағаштың меншікті жану жылуы 1, 0•107 Дж/кг).
A) 2•10 - 6Дж. B) 2•107Дж. C) 2•102Дж. D) 2•108Дж. E) 5•105Дж.


2. Ұзындығы 100 м, ені 6 м, тереңдігі 2 м бассейндегі суды 150С - тан 250С - қа қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (с = 4200 Дж/кг•0С)
A) 4•108 Дж. B) 400 кДж. C) 5, 04•1010 Дж. D) 400 Дж. E) 20 кДж.


3. Отынның меншікті жану жылуы деп
1) отынның толық жануы
2) отынның жануы


4. Массасы 1кг отын түгел жанғандағы жылу мөлшері


5. 1954ж салынған бірінші атом электростанциясы 1 күнде массасы 30г ядролық жанғыш зат шығарғанда қанша жылу береді? ( q=8*10кДж/кг)
1) 9, 2*10кДж 2) 10кДж 3) 2, 4*10кДж 4) 2, 4*10кДж 5) 4, 6*10кДж


6. Жылуы 2, 3*10Дж энергия алу үшін қанша бензин жағу керек?
1) 10кг 2) 5кг 3) 3кг 4) 15кг 5) 8кг


V.Оқушылар дайындаған жұмбақтарды шешу:

  1. Көк аспанның төрінде

Бұлттар жүзіп барады

Күн күркіреуі тегін бе?

Жаңбыр неге жауады?

Жауабы: Булану, конденсация есебінен,

Көктен жаңбыр жауады дер едім мен.

Ауаның да біркелкі қызбауынан,

Тағы оның себебін көремін мен.

  1. Жылдың төрт мезгілінде де,

Мазасыз жел соғады.

Әлде бұл өздігінен бе?

Себебі, бұл неден болады?

Жауабы: Температура бірдей болмай ауадағы,

Жылы ауа ағыны таралады.

Конвекция процесі пайда болып,

Біздіңше ол, жел соқты деп саналады .

  1. Қыста аспан түнеріп,

Қар жауады себелеп.

Себебін бізде білелік,

Сұрақ қойдың «неге» деп.

Жауабы: Қыс күнінде қардың жауу себебін,

Ауадағы су кристалдануы дер едім.

Жерге қарай оның құлап түсуін,

Ауырлық күші әсерінен көремін.

  1. Отынды жаздай қураған,

Пешке неге жағады?

Үйлердегі мұржадан,

Түтін неге шығады?

Жауабы: Отынды жақсаң қураған,

Конвекция процесі жетегімен.

Түтін шығады мұржадан,

Жалпы ауаға ілесіп, көтерілген.


VІ. Қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма: §11, 12; 7 - жаттығу. №5, №6, №7, №8.
VІІІ. Бағалау













Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy



Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров486
Номер материала ДВ-356339
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх