Инфоурок Начальные классы КонспектыАшық сабақ "Ою- өрнек түрлері"

Ашық сабақ "Ою- өрнек түрлері"

Скачать материал

Ашық сабақ
Тақырыбы: Ою – өрнек түрлері және
дайындау реттілігі
Сабақтың тақырыбы: Ою – өрнек түрлері және дайындау реттілігі
Мақсаты:
1. Ою – өрнектің түрлерімен таныстырып, оның бүктеу және қию әдістерін үйрету;
2. Оқушыларды халқымыздың салт – дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой - өрісін дамыту;
3. Оқушыларға ою – өрнектер өнерін үйрету үстінде эстетикалық талғамдары мен өнерге деген шеберлік ынта, қабілетін арттырып, көркемдікпен, әсемдікпен жасалғанына көздерін жеткізе отырып тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: аралас, сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, өрмекші әдісі, проблемалық әдіс, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, геометрия, тарих, әдебиет.
Көрнекілігі: ою - өрнек түрлерінен жасалған буклет, слайд, видео роликтер, оюлардың үлгілері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша өрмекші әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. Ең көне ою - Қошқар мүйіз
2. Бұл оюға қарасақ қазақтың кең даласы елестейді - сұлама
3. Магиялық ою - Тұмарша
4. Түйе баласына қатысты ою - Ботагөз
5. Өте кең тараған ою - Сыңар мүйіз
6. Аспан әлеміне қатысты ою - Жұлдыз
7. Тұскиізге салынатын өсімдік тектес ою - Қызғалдақ
8. Аққу оюы нені бейнелейді - Махаббатты, адалдықты
9. Қос дөңгелек оюы нені білдіреді - Әділеттіліктің бейнесі
10. Тасбақа оюы нені білдіреді - Мәңгі өмір
Ою - өрнектер туралы видео роликке назар аударыңдар (слайд – ою ролик көрсету)
ІІІ. Жаңа сабақ
Проблемалық сұрақтар
• Ою дегеніміз не? (Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті кесу арқылы өңдеу)
• Композиция дегеніміз не? (Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру, жүйелеу)
• Ритм дегеніміз не? (Ою – өрнекте бір элемент қайталанып келсе, мұны ритм дейміз)
• Орнамент дегеніміз не? (Қазақтың ою және өрнек қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді, мағынасы – сәндеу, әсемдеу, әшекейлеу)
• Симметрия дегеніміз не? (Симметрия дегеніміз – ою - өрнектің екі жағының тең болуы)
• Колорит деген не? (Бұйымға салынатын ою – өрнектің бояу түрлерінің бір - бірімен үйлесіп, жарасым табуы – колорит деп аталады)
Жайлаудың шырынды шөптерінің арасында, тау етегінде ауыл сұлап жатты. Алау түтіні, қойлардың маңырағаны, иттердің үрі, балалар күлкісі – осының бәрі ауылға жақындағанда естіледі. Міне, киіз үйлерде тұр. Қазақ халқы көшпенді ел болып, жаз – жайлауда, қыс – қыстауда заман ағымына сәйкес киіз үйде тұрмыс құрып өмір сүрген. Сол ата – бабаларымыздан қалған асыл мұра – қазақтың киіз үйі.
Бүгін көп қызықты заттар көріп, ою – өрнек туралы білуіміз үшін және шығармашылық жасау үшін киіз үйге кіріп – шығуға шақырамыз.

а) - Қане, бірінші киіз үйге кіріп көрейік.
«Өнер – таусылмас азық, жоғалмас байлық»,- дейді халық даналығы. Халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы – ою – өрнектер.
• Ою – өрнек не үшін қолданылады? (Ою – өрнек тұрмыста, бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек)
• Халқымыз оюмен нені әшекейлеп безендірген? (Ою – өрнек әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып халқымыздың жиі пайдаланатын заттарында – өру, тігу, құрау, қию арқылы үй жиһаздарына, зергерлік бұйымдарға, кілем, сырмақ, текемет, қоржын, ыдыс - аяқтарға, киім – кешектерге безендіріліп салынған)
Кезінде өнертанушы В. Чепелев «қазақтар тек ою – өрнек әлемінде өмір сүрген сияқты»,- деп атап көрсеткен.
Ежелден қолөнерді қастерлей білген халқымыздан мұра болып келе жатқан тұрмысқа оюланған қажетті бұйымдар өте көп.
ә) - Ал, енді білейік, қандай ою түрлері бар. Ою – өрнектің атауы мен түрлері өте көп. Ғалымдар бүгінге дейін 200 - дей түрін анықтаған.
«Ою – өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?» - деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:
Таудың бұлағынан,
ойдың құлағынан
Апамның киізінен
Ешкінің мүйізінен, - деген өлең жолдары жоғарыда айтылғандардың дәлелі.
б) Әр түрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ ою – өрнегінің шебері – оюшы.
- Балалар, әжелеріміз ою үлгісін жасауды, оюды кімдерден үйренген? Оларды өз әжелерінен, аналарынан, әпкелерінен үйренген. Осылай ұрпақтан ұрпаққа ауысып, бүгінге жеткен. Бізде ою ойып көрейік.
Мына оюлардың қию нұсқасына назар аударыңдар (слайд – қағазды бір бүктеу әдістерін көрсету)
IV. Сарамандық жұмыс
• Балалар, мүйіз оюын қиып үйренейік. Қию алдында, қайшымен жұмыс
техникалық қауіпсіздік ережесін қайталайық.
1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау қажет.
2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме
3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасының көңілін бөлме.
5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.
- Жарайсыңдар, енді жұмысымызға кірісейік. Мына мүйіз оюын қию нұсқасына назар аударыңдар (слайд – қағазды бір бүктеу әдісін көрсету)
1) Топпен жұмыс
Оқушылармен бірге ою қию
2) Слайдтан оюдың түрлерін көру
3) Сұраққа жауап
- Қазақ оюының кең тараған түрі (мүйіз оюы)
- Қыз есімімен аталған өрнек (ботакөз)
- Гүл оюы нені бейнелейді? (қуаныш)
- Үзілмейтін бағыт, мәңгілік нышаны не? (дөңгелек оюы)
V. Сабақты қорытындылау.
- Ою – өрнек қанша топқа бөлінеді? Және қандай?
- Ою дегеніміз не?
- Симметрия дегеніміз не?
Менің білетінім Менің үйренгенім Менің үйренгім келеді

VІ. Бағалау
Оқушылардың белсенділігімен, сабақта жинаған жұлдыздарын есепке ала отырып бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: Бүктеу, қырқу тәсілдері бойынша ою – өрнек түрлерін орындап келу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Ою- өрнек түрлері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 863 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 2386
    • DOCX 18.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Омарова Гаухар Бабашевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Омарова Гаухар Бабашевна
    Омарова Гаухар Бабашевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20914
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 144 человека из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 845 человек

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 414 человек

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе