Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Рәміздерім-мақтанышым" шағын орталық

Ашық сабақ "Рәміздерім-мақтанышым" шағын орталық

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Рәміздерім - мақтанышым

Мақсаты:

Білімділік: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, халқының тегін білуге

үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына,

халықына адал қызмет етуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Елінің туын, Елтаңбасын, Әнұраның қастерлеп,

бағалау қажеттігін айту;

Сабақтың әдісі: ой – пікір,әңгіме түрінде

Көрнекіліктер: Қ.Р. рәміздері, Тәуелсіздік күніне байланысты газет,

сурет көрмесі

Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қ.Р. Әнұраны айтылады

I. Кіріспе

Тәрбиеші: “Елім менің аңсаған, тас бұғаудан босаған” қоғамда өмір сүруші әрбір адам тәлім – тәрбиесіз, өнер – білімсіз, еңбексіз өмір сүре алмайды. Сондықтан ана сүтімен, әкенің ыстық ықыласымен, ұстаздың ұлағатымен балалық шақтан өмірді таныта тәрбиелеуге мүмкіндік беретін қарым – қатынас құралы – тіл.Осы тіл арқылы баланың әлемді танып білу, ойлау, сөйлеу қабілеті жетіліп, сөздік қоры молая бастайды.....

II. Негізгі бөлім

Жалғанның, жартысындай қазақ елі,

Алғандай көздің жауын сұлу жері

Ақ пейіл, дархан көңіл халқымыз бар,

Болғандай бірі батыр, бірі сері

1-бала; Батырлықтың уызына жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған деп Әнұран

2бала: Қ.Р. Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.

3бала: Иә, бәрі болған қараң сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік өнерде

Жапандағы ең жауынгер халықта,

Кім сенеді “Ту болмады  дегенге?

4 – бала: Бас білгізіп жер тарпыған тарлаңға

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен – таңба

5-бала: 1992 ж 4 маусым – тарихи күн. Сол кезде Республика жоғары Кеңесі тәуелсіз Қ.Р. мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 ж маусым айында тұңғыш президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.

6-бала: Енді бүгін өлген Туым тірілді

Әнұраным жалғап алды ғұмырын

Босаға қалып кеткен Елтаңбам,

Балағына төрге кеп ілінді.

Тәрбиеші: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы нанға толып, көлдері көкке күмістер шашып, тілінің мәртебесі биік болсын!

Барлығы: Тәуелсіздік Туын ұстап, мемлекетіміздің рәміздерін әрқашан мақтан ете білейік.

«Менің Қазақстаным» әні орындалады

III. Қорытынды:

Тәрбиеші: Қазақстан XIX ғ нық қадам жасап, игілікті жаңғырулар жолында едәуір ілгері басты. Бүгінгі таңда бүкіл халықтың, барша жұртшылықтың, және ел басшысының ой – ниеті тұрақтылықты, азаматтық, дінаралық және ұлтаралық татулықты сақтауға, экономикалық өрлеуге жемісті ынтымақтастыққа бағытталып отыр.Сондықтан елдің болашағы да өркені де бүгінгі жас ұрпақ сіздің қолдарыңызда ”Ел үмітін ер ақтар, ер үмітін ел сақтар”демекші ел үмітін ақтау сіздермен өлшенбек.

























Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 29.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров66
Номер материала ДВ-493660
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх