Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Өрнектер "

Ашық сабақ "Өрнектер "

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Математика



Сабақтың тақырыбы: Өрнектер а+2; а-2



Сабақтың мақсаты: 1. Әріпті өрнектің мәнін табуға үйрену.

Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін кеңейту.

2. Танымдылық қабілетін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Білімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: дидактикалық материалдар, киіз үй макеті, суреттер.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, пысықтау

Сабақтың түрі: Ойын сабақ

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

- Оқушылар бүгінгі сабағымыз ерекше болайын деп тұр. Сабағымызда көптеген ойындар ойнаймыз. Сондықтан бар ойымызбен, ынтамызбен бүгінгі сабаққа қатысып, білімімізді көрсетіп, жақсы бағалар алуға тырысамыз.

ІІ Өткен сабақты пысықтау.

- Өткен сабақта қандай өрнектердің түрлерімен таныстық ?

- Санды және әріпті өрнектер (әрқайсысына түсінік беру)

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктемде ең алғаш шығатын гүлдің аты?

- Бәйшешек

- Олай болса, бәйшешек гүлін тереміз.

( екі құмыраға санды және әріпті өрнектерді бөліп салу)

ІІІ.Жаңа сабақ

-Алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- Наурыз мерекесі.

- Наурыз мерекесі қарсаңында далаға нелер тігіледі?

-Наурыз мерекесінде далаға киіз үйлер тігіледі.

- Киіз үй сүйектерін атайық ( кереге, шаңырақ, бақан, уық, сықырлауық) Киіз үйдің сыртын туырлық және түндікпен жабады.Олар киізден жасалады. Олай болса, бүгінгі сабағымызда мереке қарсаңында киіз үй құрамыз.

- Бірінші киіз үйдің керегесі керіледі.Ол үшін керегедегі тапсырманы орындауымыз керек

(Кітаптағы №1 есепті орындау)

-Кестелерді толтыру арқылы жаңа сабақты бекіту.

а 0 1 2 3 4 5 6 7 8

а+2 2 3

а 10 9 8 7 6 4 5 3 2

а-2 8 7

- Тапсырма орындалды. Енді керегені құрамыз.(бір оқушыға керегені тауып қойғызу)

ІV Оқулықпен жұмыс

  • Екінші киіз үйдің ортасына бақанмен шаңырақ көтеріледі. Ол үшін шаңырақтағы тапсырманы орындауымыз керек. (Кітаптағы №2 есепті орындау

Шаңырақты орнату)

  • Үшінші шаңырақ пен керегенің арасын уықтармен бекітеді. Ол үшін уықтардағы тапсырманы орындауымыз керек.(Кітаптағы №3есеп Уықты орнату)

V Сергіту сағаты

«Қаражорға» биін билету

VІ «Кел , ойнайық!»

  • Екі оқушы сатымен жоғары көтеріліп, есептерді шығару. Кім бірінші жоғарға шықса, сол оқушы киіз үйдің сықырлауығын орнатады. (Сықырлауықты орнату)

  • Сөзжұмбақ шешу. Сөздердің шешуін тапқан оқушылар киіз үйдің туырлық пен түндігін жауып, оюмен әшекейлейді.( 5 оқушы қатысады, киіз үйдің беттерін ауыстыру, ою жапсыру )

  • Міне, бүгінгі киіз үйімізді құрып болдық. Енді киіз үйіміздің ішін келесі сабақта жабдықтап,мерекеге дайындаймыз.

VІІ Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы орындау.

(Өрнектердің мәндеріне сәйкес түстермен бояу)

VІІІ Қорытынды

  • Бүгінгі сабақта «а+2, а-2» әріпті өрнектерінің мәнін қалай таптық?

  • Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау













Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров68
Номер материала ДВ-418999
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх