Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Видеоуроки / Ашық сабақ: "Салалас құрмалас сөйлем. Қазақстанның белгілі ғалымдары"

Ашық сабақ: "Салалас құрмалас сөйлем. Қазақстанның белгілі ғалымдары"

57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Жакупова Қарлығаш Жұмабекқызы, Екібастұз гуманитарлық-техникалық колледжінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Уақыты: 11.00 с

Күні:

 90 минут

Пәні: Қазақ тілі

Топ: ДЗ-11

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем. Қазақстанның белгілі ғалымдары.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: сыни тұрғысынан ойлау,  диалог, топтық жұмыс, іздену, оқып- оқытамын

 Керекті жабдықтар: кеспе қағаздар, интербелсенді тақта, семантикалық кесте, тест сауалдары, смайликтер, бейнебаян

Пәнаралық байланыс: өзін-өзін тану, қазақ әдебиеті

Негізгі  түсініктер: Тақырып бойынша  алған білімдерін жүйелеу

Қазақ әдебиетімен байланысы: ғылыми еңбектері, зерттеушілік жұмыстары

Бағалау:

*Бақылау

* Жұмысты бағалау (формативті бағалау)

* Сапалы  білімді  бағалау

Көрнекіліктер: смайликтер,

бағалау парақшалары, тапсырмалар, семантикалық кесте

Сабақтың  мақсаты:

Грамматикалық тақырыпты игере отырып, лексикалық тақырыпты меңгеру, оқушылардың ойын қазақ тілінде жеткізуге жетелеу.

Міндеттері: 1. Сөйлем құрғанда сөздердің орын тәртібін дұрыс қолдануға үйрету. А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету; Қазақстан ғалымдары туралы білімдерін кеңейту, алған мәліметтерді қолдануға үйрету.
Ә) Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту, талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту; Тақырып бойынша түсіріп тыңдау, байланыстырып сөйлеу, баяндау машықтарын дамыту.
Б) Тәрбиелік: Сөз қадірін түсіне білуге, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының белгілі тұлғаларын білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: тақырып бойынша әңгімелеседі, тапсырмаларды орындайды. Өз бетімен жұмыс жасап, ойларын білдіріп, мәтін құрап, бейнебаяннан көргендерін әңгімелеп, сұрақтарға жауап бере алады. Сөйлемдерді талдай алады.

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушының әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру

Топ жетекшісі бағалау парақшасына баға қойып отырады

Сабақтың тақырыбын, мақсатын ашу  

Жаңа сабақ

Түсіну

Бағалау

Қолдану

Смайликпен бағалау

Талдау  Жинақтау

Бағалау

Грамматикалық тақырыпты бекіту.

Лексикалық тақарып

Бағалау

Смайликтер арқылы бағалау

Бағалау

Бағалау

Лексикалық тақырыпты бекіту

Үйге тапсырма

Оқушылар-

мен қоштасу.

Сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу.

Ынтымақтастық атмосферасын  орнату үшін «Тілек білдіру» ойыны, оқушылар допты бір-біріне бере отырып, шын жүректерін тілектерін айтады (бір сөзбен).

  Топтарға біріктіру

Балалар біздің бүгінгі көңіл-күйіміз қандай? Кәне бәріміз смайликтер арқылы көңіл-күйімізді білдірейік.

Сұрақ-жауап

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша жүзеге асады. Оқушыларға сұрақтар қойылады.

  1. Үстеулер құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)

  2. Үстеулер тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? (негізгі және туынды)

  3. Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

(1. Мекен үстеу

2. Мезгіл үстеу

3. Себеп -салдар үстеу

4. Қимыл-сын үстеу

5. Мөлшер үстеу

6. Күшейткіш үстеу

7. Мекен үстеу)

  1. Үстеу қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады? (көбінесе пысықтауыш)

  2. Өткен сабақтаға лексикалық тақырыпты

Сабақтың тақырыбын ашу. Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлем. Қазақстанның белгілі ғалымдары.

Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік? (оқушыларға жазғызу әр топқа)

Әр топтың алдында құрмалас сөйлем, салалас құрмалас сөйлем туралы мәлімет тарату. Өздері конспекті меңгере отырып, салалас құрмалас сөйлемдерге қатысты мәлімет алу. ( 1 топқа ережесін айтқызу, 2-топқа салалс құрмалас сөйлем туралы, оның түрлері , 3 топқа жасалу жолдары.

«Түртіп алу» стратегиясы

1-тапсырма (1 топ) Сөйлем бөліктерін қосыңыз.

1-тапсырма (2-топ) Тиісті шылауды қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

1-тапсырма (3-топ)
Жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлем жасаңыз.

Семантикалық карта

Интербелсенді тақтаға семантикалық карта шығарылады. Әр топтың мүшелері кезекпен жалғаулық шылауларды қойып, салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін атап шығады.
Жеке жұмыс.

Әр топқа жай сөйлемдер беріледі, сол сөйлемдер арқылы салалас құрмалас сөйлем құрастыру қажет.

Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік?

Салалас құрмалас сөйлем туралы не білдік?

Салалас құрмалас сөйлемге қатысты тест тапсырмасын беру. Тест жауабын интербелсенді тақтаға шығару.

Лексикалық тақырып: Қазақстанның белгілі ғалымдары. Қаныш Сәтпаев

Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік? (Әр топқа жазғызу. Қазақстанның белгілі ғалымдарынан кімдерді білеміз? )

Оқытушы қазақстан ғалымдары туралы слайд көрсетіп, оқушыларға Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы мәлімет береді.

Осы мәліметтерден кейін оқушыларға сұрақтар қояды.

Интербелсенді тақтаға сұрақтар шығады, сұрақтарға әр топ кезекпен жауап береді.

Жаңа сөздер.

(интербелсенді тақтаға шығарып, дәптерлеріне жазғызу)

Оқушылар біз бүгін танымал ғалымдардың ішінен өзіміздің жерлесіміз Қаныш Имантайұлы Сәтпаевқа тоқталып өтеміз. Ендеше келесі бейне баянға көңіл аударайық.

Қ.И.Сәтпаев туралы бейнебаянды тыңдату.

«Миға шабуыл» стратегиясы

1. Қаныш Сәтпаев кім ?

2. Қай жылы қай облысты туылған?

3. Қандай ғылым академиясын ұйымдастырған ?

4. Қандай іске белесене араласады?

5. Неге жол ашылады?

6. Қаныш Сәтпаев есімі неге берілді?

«Түртіп алу» стратегиясы

Әр топқа мәтін таратылады. Мәтінде не туралы айтылғанын айтып беру.

Тапсырма: Берліген жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлем жасаңдар.

Сөйлесім.

Топтық жұмыс.

Әр топқа қазақстанның белгілі ғалымдарының суреттерін, басқада қажетті суреттерді беру (яғни оқушылар дизайн мамандығында оқығандықтан стедтті безендіру). Безендіріп болғаннан кейін топ басшылары шығып, жасаған жұмыстарын қорғау.

«Сұрақ-жауап» бойынша білімдерін бекіту

1.Қазақстанның белігілі ғалымдарынан кімдерді білеміз?

2. Қаныш Сәтпаев кім?

3. Ш.Уәлихано ауыз әдебиетіне қандай эпос зерттеп қалдырған?

4. Жүсіп Баласағұни қандай ғылым салаларына үлес қосқан ?

5. Мұрат Айтхожин қандай ғылымда қызмет еткен?

6.Семенов география ғылымына қандай атаулар енгізді?

Не білеміз? Не білгіміз келеді? Не білдік? (оқушалрға жазғызу, әр топқа. Қазақстанның белгілі ғалымдары туралы не білдік? )

Рефлексия

Коучтың іс – әрекеті

1.Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерге жазу

Коучтың іс – әрекеті

«Қазақстанның белгілі ғалымдары», «Қаныш Сәтпаев». Салалас құрмалас сөйлем.

Оқушылар амандасады

Тілек айту

Оқушылар көіңл-күйлеріне қатысты смайликтерді алып жапсырады

Сұрақтарға толық жауап береді.

Сұрақтарға орындарында отырып жауап береді 

Ребусты шешіп, сабақтың тақырыбын болжайды

Сын тұрғысынан ойлау

  Топ басшысы жаңа сабақты (топпен талқылып барып) түсіндіреді (Оқып-оқытамын әдісі)

Ережені айтады. Мысал келтіреді. Дәптерлеріне тақрыпты ережені жазады

Сөйлемдерді топ ішінде жазады. Оқып, түсіндіреді.

Әр оқушы өз бетімен тапсырманы орындайды.

жаңа сабақтан түсінгендерін тапсырма арқылы көрсету

Әр топ Қазақстан ғалымдарынан кімдерді білетіндерін айтады. (қазақ тілінде өз ойларын, білетін материалдарын айта білу) слайд көрсету

Жазылым

Бейнетаспаны тыңдай білу.

Әр топ бейнебаяннан қандай мәлімет алғандарын айту (сөйлеу)

Осы сұрақтарға әр топ ойланып, ақылдасып жауап беру

Мәтіннен алған мәліметтерін ортаға салу. (Оқып-оқытамын әдісі)

Грамматикалық тапсырманы қоладан отырып, лексикалық тапсырманы да орындау

Стенд ерекшеліктерді айту

Оқушыларға өз ойларын, не меңгергендерін айтқызу

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын айту

Бағалау

Үй жұмысын жазып алады.

1 мин

3 мин

2 мин

4 мин

3 мин

2 мин

7 мин

10 мин

10 мин

5 мин

4 мин

6 мин

2 мин

10 мин

5 мин

5 мин

5 мин

10 мин

6 мин

5 мин

3 мин

2 мин

3 мин

Тыңдалым

  1. Тыңдаңыз. Сұрақтарға толық жауап беріңіз.

  1. Мәтіннің тақырыбы қалай аталады?

______________________________________________________________________

  1. Қазақ халқы қандай шаруашылықпен айналысқан?

______________________________________________________________________

  1. Қазақ халқының негізі асы не болған?

______________________________________________________________________

  1. Сүттен қандай тағамдар әзірленген?

______________________________________________________________________

  1. Тағамдарды сақтау әдісін кім білген?

______________________________________________________________________

  1. Сүт өнімдерінің қандай пайдасы бар?

______________________________________________________________________

  1. Мәтінде шұбат туралы не айтылған?

______________________________________________________________________

2. Тыңдаңыз. Тағамның дайындалу әдісінің ретін нөмірлеңіз.

Кәдіні екіге бөліп кесеміз және оның ішінен жұмсағын аламыз.

Пиязды сәл қуырамыз да, ұсақтап кесілген сарымсақ пен қызанақты қосамыз.

Тағамды 180 градус температурада 45 минут пісіру керек

Кәдінің жарты бөліктеріне ет салып, зәйтүн майының қалғанын құйып, қысқа толқынды пешке қоямыз.

Ыстық су құйылған үлкен кастрөлде 7-8 минут бойы кәдіні пісіру керек те, суын төгіп, суыту керек.

Барлығын 10 минут бұқтыру керек және бұқтырудың соңына қарай туралған ақжелкен себу керек.

Жұмсағын турап, көкөністермен араластырамыз да, қалауымыз бойынша лимон шырынын және дәмдеуіштермен дәмдейміз.

Жазылым.

Тапсырма № 1. Сөйлем бөліктерін қосыңыз.

  1. Мәтінді оқып болдым, алайда уақытым болмай жүр.

  2. Шет тілін үйренгім келеді, бірақ кейбір сөздерді түсінбедім.

  3. Жұмыс табу қиын, дегенмен сатып алды.

  4. Ол шет тілінде еркін сөйлейді бірақ жабық екен

  5. Тілдік кедергіні жоюға болады, дегенмен іздеп көруге болады

  6. Ол кітап сатып алғысы келмеді, алайда ол оңай емес.

  7. Мен кітапханаға бардым, сонда да кешігіп келді

  8. Ол жұмысқа таксимен келді, әйтсе де білмейтін сөздері көп.

Жазылым.

Тапсырма № 2. Тиісті жалғаулықтарды қойып, сөйлемді толықтырыңдар.

  1. Шет тілінде еркін сөйлегім келеді, ..... сөздік қорым жетпейді.

  2. Мәтіндер дұрыс секілді, ........ қайта тексеріп шығу керек.

  3. Ол бүгін ерте тұрды, ......... жұмыстарын аяқтай алмады.

  4. Оның киноға келуге мүмкіндігі болмады, ........ келуге тырысты.

  5. Фильмді көрдім де, _______________________________________________.

  6. Жұмысқа келдім де, ______________________________________________.

  7. Пиязды қуырдым және ____________________________________________.

  8. Жазғы демалысымды алдым да, _____________________________________.

Оқылым.

  1. Оқыңыз.

Қазы - қазақтың бір бренді

2011 жылы 23 қаңтарда Шыңжаңның Құлжа қаласында Мақтал және Рахат есімді қазақ азаматтары бастаған бес ағайынды жігіт ұзындығы 213 метр, салмағы 1256 келі болатын қазы жасап шықты. Сөйтіп, дүниежүзі Гиннес рекордтарын бағалау комиссиясы «Дүниежүзіндегі ең ұзын қазақтың ұлттық қазысы» деген арнаулы атақ берді де, қазақтың тағамы әлемге танылды.

http://adyrna.kz

Оқылым.

  1. Оқыңыз.

Қымыздың қызығын шетел көріп жатыр .....

Қытайлардың 75 пайызы қымыздың қаншалықты пайдасы бар екенін біледі. Қытайлық БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, мұндай нәтижені халық арасында жүргізілген сауалнама көрсеткен. Қытай халқы қымызға қызығушылық білдіріп отыр, әрі оны медицинада пайдаланып жатыр. Мысалы, оның көп ауруға ем екенін зерттеп, одан дәрі өндіруге бет бұруда.

Германия қазір қымыздың ұнтағын табелтка пішінінде шығартып жатыр. Сонымен қатар одан балмұздақ жасап, кәмпит, косметикалық тауарлар өндіруге кіріскен.

http://adyrna.kz

Оқылым.

  1. Оқыңыз.

Қымыздың пайдасы

Қымыз ішуде әдетке айналдырсаң, басқа сусындардан оның артықшылығын сезінесің. Осы шипла сусын аштық пен шөлді бірден басады да, денені салқындатады. Егер қымызды үзбей ішсең, бір аптадан соң өзіңді сергек сезінесің. Денсаулығың түзеліп, тынысың жеңілдейді, жүзің жарқырып шыға келеді. Оны басқа қорек түрлерімен еш салыстыруға болмайды.

http://adyrna.kz

Сөйлесім.

  1. Оқыңыз. Топтық жұмыс. Өз еліңіздің немесе басқа халықтың ұлттық тағамдарына қатысты осындай ерекшеліктерді білесіз бе? Білсеңіз, сол туралы бір-біріңізге айтып беріңіздер.

Қазақ халқында бас тарту – дәстүрі бар. Бас үлкен адамдар, ақсақалдар, құрметті қонақтарға тартылады. Басты алған кісі өзі бірінші ауыз тиеді де, қалған адамдарға бастың мүшелерін бөліп береді. Мысалы, құлақты «сақ құлақ» болсын деп, тілді «шешен» болсын деп балаларға, таңдайды «әнші» болсын деп қыздарға ұсынған.

Есіңде сақта!

Қазақта тек жылқының басы тартылмайды, ал қалған түліктің басы тартылады. Ірі малдың басы бөілініп асылады.

Қазақ халқының дәстүрлеріне сәйкес тек үлкен адамдарға бас тартылады. Яғни, жас адамдарға басты ұстауға немесе оны үлкендерден бұрын ауыз тиюге болмайды. Сондықтан, жастарға бас тартылмайды.

Қалай ойлайсыз ?

Тағамға қатысты өзге ұлттардың қандай дәстүрлерін білесіз? Өз ұлтыңыздың бір дәстүрі туралы айтып беріңіз.

Грек халықының ұлттық тағамдары.

Ұлттық тағамдарды гректер тек мерекелерде және ерекше салтанатты жағдайларда ғана дайындайды. Гректерге тән тағамдар әбден пісірілген тауық еті қосылған ұнтақталған бидай жармасынан дайындалған бидай ботқасы болып табылады. Жарманы тауықпен бірге, тауық еті тарамдалып кеткенше үнемі араластырып отырып пісіреді. Сонымен қатар қуырылған жұмыртқа және жүзім жапырақтарына немесе орамжапырақтың жапырақтарына оралған туралған ет пен күріштен голубцы дайындалады. Қазіргі понтийліктерге айналадағы грек емес халық пайдаланатын тағамдардың барлығы тән болып табылады.

Неміс халықының ұлттық тағамдары.

Неміс диаспорасы дәстүрлі тағамдары – тауық кеспесі, үзбе кеспе қосылған көже, жеміс көжесін жасаудың шеберлері. Мерекелерде қырық қабат қосылған шошқа немесе қаз етін дайындап, бәліш пісіреді. Оны «кухе» деп атайды.  

Орамалар – штрудельдердің бірнеше түрі кеңінен тараған. Қыстың қамын ерте ойлайтын немістер шошқа майын, ет және балықты сүрлейді, шұжықтың әр түрін жасап дайындайды.  

Ерекшелігі: Германия аумақтары сондай-ақ, асханасымен ерекшеленеді. Кейбір неміс тағамдары географиялық жердің аттарына ие болған, мысалы, Шварцвальд немесе Вестфаль ветчинасы немесе Нюрнберг пряниктері.  Шницель - неміс тілінен аударғанда “schnitzen” – кесу деген мағынаны білдіреді. Бұзау, шошқа, қой және тіпті тауық немесе күркетауықтың кесек еттері жұқалап туралуы мүмкін. Егер тағам құс етінен дайындалса, тек қана оның төс еті пайдаланылады. Кесек ет ұнға аунатылып, қуырылады.

Орыс халықының ұлттық тағамдары.

Орыстың ас үйін орамжапырақсыз елестету қиын. Славяндықтар бұл мәдениетті тоғызыншы ғасырда-ақ өмірге әкелген. Бүгінде орыс әйелдері орамжапырақпен жасалатын ондаған тағам түрлерін біледі.

Орыс халқының дәстүрлі азық-түліктері негізінен ұннан жасалған тағамдары болған. Қара бидай ұнынан, қышқыл қамырдан жасалған үлкен домалақ нандар пісірген. Құймақ, жұқа құймақтардың жұқа нандардың алуан түрі пісірілген. Дәнді дақылдар жармаларынан сұйық ботқалар дайындалатын болған. Орал маңында тары жармасынан жасалған щи, оңтүстікте – бидайдан жасалған быламық ерекше cүйіп жейтін тағам болған. 19 ғасырдың аяғында күріш пайда болды. Бал немесе балы бар су қосылған үгітілмеген бидай, тары жармасынан жасалған ботқа - кутья кеңінен таралған. Бақша өсімдіктері ішінен ас үйде орамжапырақ жас күйінде де, тұздалған ашытылған күйінде де көп пайдаланған. Сонымен қатар картоп та кеңінен танымал болған, оны қуырып, пісіріп тағам жасаған. Картоп пен тұздалған қияр орыс халқының негізгі тағамдары болған. Оған қоса қара нан, ботқа және щи қосып желінетін болған. Орыс халқы сонымен бірге еттен дайындалатын тағамдар да жасаған. Негізінен олар шошқа, сиыр, қой етін сирек пайдаланған. Жылқы етін жемеген, ал, балықты тамаққа жиі пайдаланған. 

Жарайсың !!!

Тамаша !!!!

Бәрекелді !!!

Озатсың !!!

5 есе жарайсың !!!

Сірне –бағланның, кепенің етін қазанға жілік-жілігімен қуырып даярлайтын өте дәмді ас. Ол көбінесе сыйлы қонақтарға арналып әзірленеді. Үйітілген бас-сирақ , ішек-қарны, мүшеленіп бұзылған еті түгелдей қазанға салынып, малдың өз іш майына  және еттің өз сөліне бұқтырылып пісіріледі. Ол үшін қазанның бетіне бу шықпайтындай ғып ыдыс төнкеріп, от мейлінше баяу жағылады. Қазанның түбі күймес үшін аздап ғана су құюға болады.

Жент (қоспа) – аса кәделі дастарқан дәмі. Ол қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. Жент былғау шеберлікті талап етеді.  Ақталған тарыны келіге түйіп (диірменге немесе  аз—аздап кофе тартқышқа салып) ұнтақтайды. Оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік салып араластырады. Содан соң қазанға жылқының майын құйып ысытып, жаңағы араластырған тары мен ірімшікті салып, оттың болмашы табында араластырады. Жент майды бойына сіңірген соң ыдысқа салынып, салқын жерге қойылады. Әдетте жент ешкінің немесе қойдың қарнына салып сақталады. Ол ауа өткізбейді де, жент өзінің иісін, дәмін жоймай, ерімей жақсы сақталады. Жылқы майы болмағанда сары майға былғаса да болады (тоң майға араластыруға болмайды, ол қатып қалады да, жеуге жайсыз болады). Жент көбінесе соғым  сойған кезде әзірленеді. 5 стақан тары жармасы, 4 стақан кепкен ірімшік, 2 стақан құмшекер, 2 стақан май керек.  Майға илеп пісіріп кептірген бауырсақтың ұнтақталғанын, не бидай талқанын және аздап мейіз қосуға болады.

Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.

Наурыз көже жасау

Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз.Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыңыз дәмді болсын!

[1]

Семантикалық карта

Семантикалық карта

1. Тиісті жалғаулық шылауларды қойып, сөйлемді жалғастырыңыз.

  1. Ол кітапты оқығысы келмеді, .................. оқуға тура келді.

  2. Оның Қазақстанға келгісі келді, .............. қазақ тілін үйреніп жүр.

  3. Мен қазақ тілін білуім керек, ............. мен Қазақстанда тұрамын.

  4. Телефон нөмірі дұрыс, ............ тағы бір рет қарайсың.

  5. Бұқтырылған етке бұрышты салады .... оларды жақсылап қуырады.

1. Жай сөйлемдері бір-бірімен шылаулар арқылы байланыстыр.

  1. Бүгін Астанадамын. Іссапарға келдім.

  2. Құжаттарды қайта тексеру керек. Ертең қол қоюға береміз.

  3. Техника тілін жақсы білу керк. Заман талабы сондай.

  4. Ақпаратты ғаламтордан аламын. Маған жылдам ғаламтор керек.

1. Тиісті жалғаулық шылауларды қойып, сөйлемді жалғастырыңыз.

  1. Сағат кешке беске ......., Марат келіп кетті.

  2. Бауыржан Момышұлы ойын ...... қазақша, ...... орысша жеткізеді.

  3. Анам ......... қазандағы етке қарайды, ........ сүтке қарайды.\

  4. Асқар ... Марат қазақтың ұлттық тағамдарын дайындайтын мейрамханада жұмыс істейді.

  5. Наурыз көжеге ...., бидай көжеге ... сүт өнімдерін қосады.

Біліп жүріңіз !

А дәрумені

Қасиеттері: - иммунитетті, сүйектерді, көздің көруін және теріні жақсартады.

Кездесетін тағамдар: - бауыр, сүт, сары май, жұмыртқа, балық, сәбіз

Д дәрумені

Қасиеттері: - теріні күннен қорғауға көмектеседі;

  • Сүйектің мықты болуын қамтамасыз етеді;

Кездесетін тағамдар: бауыр, жұмыртқа сарыуызы, сүт, май.

Е дәрумен.

Қасиеттері: қартаюды баяулатады;

- өкпені улы заттардан қорғайды;

- жүрек жұмысын жақсартады;

- рактың алдын алады;

Кездесетін тағамдар:

  • Тәтті картоп, жержаңғақ майы, шекілдеуік, шпинат, жаңғақ.

Семантикалық карта

Семантикалық карта

Видеобаян

Қазақ қонаққа ерекше мән берген, мал сойып, дастарханнан дәм татырған. Күн суып қыс түсер кезде соғым сою дәстүрі қалыптасқан. Қазақтар жылқы немесе ірі қара сойған. Елді, көршілерін соғым асып шақырған. Яғни соғымның етімен алдымен көршілерімен бөліскен. Үлкен кісіліреге арнап сыбаға сақтаған. Сыбағаға: қазы, қарта, жал-жая, жамбас сақтаған. Қос табақ құдаларға тартылған. Денсаулыққа пайдалы құнарлы тамақтарды пайдаланған. Малдың сүтінен жасалған тағамдардың орны бөлек болған. Ақтан жасалған тамақ ағзаға пайдалы болған. Құрт, сүзбе, ірімшік, қатықтың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеп білген. Ұлттық тағамдардың құнары жоғары болған. Әсіресе сары ірімшік ерекше болған.

Автор
Дата добавления 21.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Видеоуроки
Просмотров15
Номер материала ДБ-375587
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх