Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Видеоуроки / Ашық сабақ "Сейтек күйімен жұмыс"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Ашық сабақ "Сейтек күйімен жұмыс"

библиотека
материалов

Ақтөбе облысы

Шалқар қаласы

Қазанғаптілепбергенұлы атындағы Саз мектебінің

Домбыра класының мұғалімі Каринова Гүлжан Ырзабайқызы.

Ашық сабақ:

«Сейтек күйімен жұмыс»

(Сексен ер күйі)



Сабақтың тақырыбы: Сейтек күйімен жұмыс. (Сексен ер күйі)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Сейтек күйшінің өмірбаянымен таныстыру, күйінің орындалу ерекшелігін көрсету.

Дамытушылығы: Күйді ойнап көрсету арқылы оқушының музыкалық қабілетін дамыту, аспапта ойнау шеберлігін арттыру.

Тәрбиелігі: Күй өнерін насихаттау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:Тақырыпқа сай дайындалған буклет,сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: «Контрданс»Л.В.Бетховен.
а) Шығарманы орындамас бұрын хроматикалық жаттығумен қол жүргізу
б) Контрданс шығармасын жатқа ойнау,шығармада кездесетін қиындықтармен жұмыс жасау.

3.Актуалдау: Сөзжұмбақ шешу

  1. Бетховеннің бала кезінде ойнаған музыкалық аспабы

  2. Бетховеннің туған елі

  3. Музыкалық аспап

  4. Бетховеннің пьесасы

  5. Контрданс шығармасында кездесетін қозғау белгі

  6. Контрданс шығармасында кездесетін қағыс түрі

к

л

а

в

е

с

и

н

г

е

р

м

а

н

и

я

г

а

б

о

й

к

о

н

т

р

д

а

н

с

д

и

е

з

п

и

ц

ц

и

к

а

т

о


4.Жаңа сабақ:
Сейтек күйімен жұмыс.
Сейтек Оразалыұлы дарынды күйші, сазгер, қазақтың төкпе күй әдісінің негізін салушы. Ол 1861 - жылы Батыс Қазақстан облысының Орда ауданында туған. 1933–жылы қайтыс болып, Астрахань облысының Қарабайлы ауданында жерленген. Сейтек заманында әділетсіздікке қарсы шыққандығы үшін қудаланып, Орда, Иркутск, Астрахань, Москва түрмелерінде қамауда болған. 1897-жылы Сібірге жер аударылды. Осы кезеңдерде «Айдау», «Түңілдім», «Арман» атты күйлерін шығарған. 1905-жылы каторгадан босап, еліне оралады. Анасымен баласының қайтыс болғанын естіп, өзінің қайғы қасіретін білдіретін, «Жоқтау», «Ғазиз», «Заман - ай» күйлерін шығарған.Бүгінгі сабағымызда Сейтектің «Сексен ер» күйін үйренеміз.

Күйдің шығу тарихы: Ордада құрылған атты әскер полкінің қатары күн санап көбейе берді. Полкке жаңа келген, қазақ жастарынан құрылған 130 адамнан тұратын бөлімшені Бейсен Жәнікешов басқарған болатын. Осы бөлімше 1919-жылы 15-декабрде Ордаға келіп аялдайды. Ал бұл кезде ішкі жаулар мен бандалардың жасырын әрекеттері әлі де тоқталмаған кезі еді. Қолдарында қаруы жетіспеген, әрі әскери тәжірибесі жоқ, жаңадан ұйымдасқан осы бөлімшенің Ордаға келгенін, елін сатқан жексұрын Мылқайдар деген біліп қойып, Анохиннің бастауындағы бандаларға хабарлайды. Түн ортасы ауа Анохиннің бандалары бейқам жатқан 130 жігітті қоршап алады. Тірідей жау қолына түсуді ар көрген Қызыл әскерлер қарулы жаумен арпалысады. Осы соғыста елу адам тірі қалады да, сексен жігіт қаза болады. Осындай халықтың азаматтығы мен бостандығы жолында құрбан болған сексен жігіттің өліміне Бейсен Жәнікешов:
Аттанып Нарынқұмға баралық та,
Қылышты қызыл қанға малалық та.
Кешегі құрбан болған сексен жігіт,
Жолына Мылқайдарды шалалық та! -

деп, қалған сарбаздарын ертіп Нарынқұмға аттанады. Құмдағы шағыл арасында жасырынып, қашып жүрген Мылқайдардың басын кесіп алады. Сексен жігіттің өліміне қатты қайғырған Сейтек: «Қайран, қапыда кеткен ерлерім-ай», -деп «Сексен ер» атты күйін тебірене отырып шығарады.

Күй орындалады.

Сейтек күйлері ішкі мазмұнға бай, талғамдары терең, әуен сазы мүңды болып келеді. Бұған қоса, ол домбыраның бар мүмкіндігін еркін пайдалана білген. Сейтек түрікпен күйлерінде қолданылатын негізгі бас пернені домбыраға пайдаланды. Бұл перне қазір де «Сейтек пернесі» деп аталады.

«Сексен ер» күйі соль минор тональносінде жазылған. Кездейсоқ қозғау белгілері ми бекарь, фа диез. Өлшемдері ауысып отырады: 2/4, 3/4. Ал енді күйді нота бойынша талдаймыз.

5.Дамыту: Күйді нота бойынша талдау, тактілеп жұмыс жасау.

6.Бекіту:
- Сейтек Оразалыұлы қай жылы дүниеге келген ?
- Сейтектің анасы мен баласы қайтыс болғанын естігенде шығарған күйлерін ата.
- Сейтек қай жерде жерленген ?
- «Сексен ер» күйі қандай тональносте жазылған ?
- «Сексен ер» күйінде қандай кездейсоқ қозғау белгілері бар?

7. Қорытындылау: Қазақ халқының біздің өмірімізге дейін сақталған асыл мұраларының бірі-күй өнері. Өткен ғасырларда нота сауаты жоқ кезде, дүниеге келген күйлер өмірмен бірге қайнап, ауыздан-ауызға, қолдан-қолға көшіп, біздің заманымызға жетті. Ендігі біздің мақсатымыз осы күйлерді ұмытпай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу. Қазақ халқының күй өнерін құрметтей білейік.

8.Үйге тапсырма:«Сексен ер» күйін берілген жерге дейін жүргізіп ойнау.

9. Бағалау:





































































Автор
Дата добавления 24.12.2015
Раздел Музыка
Подраздел Видеоуроки
Просмотров200
Номер материала ДВ-282958
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх