Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Ашық сабақ "Үш би" 1 сынып Сауат ашу
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ "Үш би" 1 сынып Сауат ашу

библиотека
материалов

hello_html_5f101088.png

Методические указания Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/05


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Ќазаќ филологиясы кафедрасы








ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША


ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУ





















Павлодар 2007





hello_html_5f101088.png

Лист утверждения к Форма

методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05




БЕКІТЕМІН

ФЖж¤ факультетініњ деканы


_________ Ж.Т.Сарбалаев

« ___» ___________2007 жыл


Ќ±растырушы: ф.ғ.д.,профессор Н.Қ.Жүсіпов


Ќазаќ филологиясы кафедрасы

Єдістемелік н±сќау

Дипломдық жұмыстың орындалуы бойынша

050117-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері ‰шін



Ќазаќ филологиясы кафедрасының « » ________ 2007 ж. Мәжілісінде ұсынылды. Хаттама №




Кафедра меңгерушісі: _____________ Жүсіп Қ.П. «___» ________ 2007 ж.




Филология, журналистика және өнер факультетінің 2007 жылғы «___»_______ әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Мәжілісхат №





ӘК төрайымы:________________ М.В.Семенова







«Қазақ тілі, қазақ әдебиеті» пәндерінен диплом жұмысының орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау


1.Диплом жұмысын орындаудағы басты мақсаты мен міндеттері.


Ғылыми дайындық жоғары оқу орындарының студенттеріне диплом жұмыстарын бекіткеннен-ақ өрісін кеңейте түседі. Жоғары курсқа келіп, диплом жұмысын бекіткен студент – баяндама жасаудың қыр-сырын меңгеріп, курс жұмысын тәмамдаған, студенттерге қатысты ғылыми конференцияларға қатысқан лағыр да зерек студент болуы тиіс. Мұндай баспалдақтардан өткен студент алғашқы, шын мәніндегі ғылыми жұмыстың қиындығына тез төселеді, әрі оны меңгеруде алдында жинаған, жинақталған тәжірибелерін пайдалана біледі.

Диплом жұмысы сағаты оқу жүктемесінде 26 сағат көлемінде бекітілген. Бұл - өте көп сағат емес, сондықтан әр минутты жоғалта бермей, бірден жұмыстың орындалу бағытын белгілеу қажет. Біздіңше, бұл бағыт дипломдық жұмысты орындаудағы басты мақсат пен оны жүзеге асырудағы негізгі міндеттерді саралау болып табылады.

Дипломдық жұмысты орындаудағы басты мақсат – студенттердің төрт-бес жыл дәріс алған, тақырыпқа қатысты саланың шешілмеген тұстарын байқаған, сонда бар ынта-жігерімен тиянақтап жарыққа шығаруы болып саналады. Ал, бұл мақсаттың өзі бірсыпыра міндеттерді жүктейді:

- студенттердің таңдап алған білім саласына етене жақын болуы;

- осы тарапта рефераттық, курстық жұмыс жазып, талқылауға түскендігі, үйренгендігі;

- осы салада қызметте жүрген ұстаздармен ақылдасуы, кеңес алуы;

- осы ғылым саласында семинар, конференцияларға тыңдаушы ретінде қатысуы;

- кітапхана қорында бар тиесілі әдебиеттермен таныс болуы;


ІІ. Диплом жұмысына басшылық жасау


Әдетте, белгілі бір студентке диплом жұмысын бекітукафедра мәжілісінде қаралып, талқылаудан өтеді. Бірақ кафедра профессор-оқытушы ұжымының талқылауынан өткенге дейін, сол слаға қатысты үйірме мәжілісінде баяндалып, үйірме мүшелерінің алдында талқыланып, олардың пікірлерін тыңдап алу артықтық етпейді. Бұл, бір жағынан, студенттің қаншалықты ғылыми жұмысқа дайын екендігін бағаласа, енді бір жағынан, студенттің өзінің де көпшілік алдында сөйлеу мәнерін түзеуіне, баяндау әдіс – тәсілдерін меңгеруіне көмегін тигізеді.

Ғылыми жетекшіге де төмендегідей міндеттер жүктеледі:

а) Ең алдымен, кафедра мәжілісінен өткен тақырыппен студентті тағы бір таныстыра отырып, егер бар болса өзгерістерін, толықтыруларын жеткізу, алғашқы жетіде (10 күн) тақырып жоспарын жасауға тапсырма беру;

ә) Аптаның белгілі бір күнін, уақытын, орнын кеңес күні етіп белгілеу. Бұл студенттің тиянақты жұмыс жазуына көмектесіп, жауапкершілігін арттырады;

б) Тақырыпқа қатысты ұсынған жоспармен танысу және белгілі бір тарауына, тараушасына қатысты тақырып беру, оның орындалу мерзімін тиянақтау. Мұндай жұмыс тыңғылықты жүргізіліп отырылуы қажет;

г) Диплом жұмысының құрылымы туралы мәлімет беру;

ғ) Жұмыстың қолжазба ретіндегі нұсқасын тексеріп, қажетті ескертулер жазу, ақыл-кеңес беру;

д) Дайындалған жұмысқа ғылыми жетекші тарапынан пікір білдіру. Онда жұмыстың өзектілігі жайында мағлұмат беріліп,студенттің жұмысты атқарудағы жетістіктері баяндалады. Кездескен кемшіліктерін де көрсете отырып, оған қатысты түсіндірме де бірінші кезекте тұратын мәселе болып табылады. Пікір соңында «жазылған еңбек - диплом жұмысына қойылатын талаптарға жауап береді (жауап бермейді) және жұмысты қорғауға жіберуге болады» деген сыңайда қорытынды жасалуы тиіс.

Бірақ ғылыми жетекші еш уақытта жұмысты бағалай алмайды, яғни баға қоймайды. Оның үстіне «қорғауға жіберілсін» деген үзілді-кесілді кесім кесілмейді. Бұл кафедра меңгерушісінің құзырындағы міндет. Ал, ғылыми жетекші қорғауға ұсыну жөнінде пікір білдіреді.


ІІІ. Диплом жұмысының құрылымы


Диплом жұмысы кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімнен тұрады. Диплом жұмысының бет санын, көлемін белгілеу дұрыс бола қоймайды. Алайда рефераттық жұмыстан үш есе, курстық жұмыстан екі есе артық болғаны жөн. Алғашқы (титул) бетінің толықтырылуынан кейін (пішіні 1), кезектегі бірінші бет жалпы жұмыста көтерілген мәселелерге қатысты мазмұнда айғақтайды. Әр бөлімнің, тараудың тараушаның бет саны белгіленіп, ол өзінің баяндалар бетіне сәйкес келіп отыруы қажет (пішін 2). Осы жайттардан кейін жұмыс мазмұнын ашуға болады. Ол төменгідей:

Кіріспе бөлім. Мұнда студенттің жұмыс барысында ашуға тиісті негізгі жұмыстары, өзектілігі мен тақырыптың мәні көрсетіліп, негізгі мақсаттар мен міндеттер айқындалуы қажет. Жұмыстың әдістемелік негізінің неден бастау алатындығы, оның қандай практикалық деректемелер арқылы ұштастыратындылығы нақтылы айтылуы тиіс. Осы бөлімде жұмыста басты арқау болатын мәселелердің мәнін Ашу да артықтық етпейді.

Негізгі бөлім. Бұл бөлімде таңдауға түскен тақырып Жан-жақты ашылады. Осы себептен де оның басқа бөлімдерге қарағанда, қомақты болуы да дау тудырмайды. Жұмыс барысындағы пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме жасау, дәйексөз келтіру, өз пікіріңді білдіру осы бөлімде қабаттасып жүріп жатады. Тиесілі мысалдық деректемелерді молынан пайдалану, өз мүмкіндігіңді көрсету де осы бөлімнің еншісінде. Солай бола тұра, дәйек сөзге енген, сілтемеге түскен әдебиеттердегі мағлұматтар ұзақ болмауы керек. Ұзақ сонар көшіріп әкелуге де болмайды. Келтірілген мәліметтеріңіз, қалай болғанда да, өз тарапыңыздан қорытылып отырылғаны жөн, әрі осы айтылым нақты дерекпен ұштасуы жұмыс құндылығын арттырады.

Қорытынды бөлім . Негізінен, студенттің өз бағамдауынан тұрады. Алынған нәтижелер сан ретімен санамаланып тиянақталады. Жұмыс барысында нені мақсат етіп, қандай нәтижесі болды деген сұраққа жауап тапқан орынды. Қорытынды бөлімде түрлі сілтемелер жасауға, дәйексөз келтіруге әуестіліктің қажеті жоқ деп санаймыз.



ІҮ. Әдебиеттер тізімінің жүйесі

Пайдаланылған әдебиеттер (кітап, мақала, т.б.) қатаң әліпби тәртібімен орналасады. Ең алдымен, автордың тегі, қысқартылған жүйедегі аты, әкесінің аты келтіріліп, еңбектің аты, қаласы, баспа аты, жылы мен жалпы бет саны көрсетілуі тиіс. Үлгі:

  1. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы, «Рауан», 1998. -304б.

  2. Исаев С.М. Қос сөздердің көмескі сыңарлары туралы. // «Қазақ әдебиеті» газеті. 1966, 5 тамыз.

2 сан ретімен берілген әдебиеттер тізімі мақалалық деректемеге жасалған сілтемені байқатады.

Сілтеме жасалған әдебиет, келтірілген дәйексөздің берілу тәртібі де қатаң сақталу керек. Мәтін ішіндегі дәйексөзден алынған әдебиетті сол беттің төменгі жағында беріліп, әдебиеттер тізімінде қайталануының еш қажеті жоқ. Одан да келтірілген дәйексөзден соң жақша ашып, соның ішінде қажетті әдебиеттің берілген тізімдегі сандық ретін, әрі дәйексөз алынған бетті көрсетсе жетіп жатыр. Мәселен, /5,130/. Алғашқы сан әдебиеттер тізіміндегі сандық реті жағынан бесінші тұрғанын көрсетеді де, екінші сан сол әдебиеттен алынған дәйексөздің нақты бетін білдіреді.


Ү. Жұмыстағы басқа белгілер


Студент дайын болған еңбек мәтінінің соңғы бетіне және әдебиеттер тізімінен соң қолын қою керек.

Егер студенттер тарапынан түрлі пішінде, кестелер, қосымша материялдар пайдаланылған болса, ол міндетті түрде сандық ретімен реттеліп, жұмыс соңына тіркелуі қажет. Бұл қосымшада түсініксіз сөз, сөздер тізбегінің, түсіндірілмеген цифрлік фактілердің, сызықтардың жіберілмеуі тиіс.

Жұмыстың бет санын белгілеу кіріспеден басталады, оның өзі екінші бет болып саналады. Бет саны пайдаланылған қағаздың үстіңгі жағының тең ортасына екі жағынан арқылы ажыратылуы қажет. Үлгі: - 5-

Диплом жұмысының тақырыбы және оған ғылыми жетекші факультет кеңесінде талқыланған соң, ректордың жаолығымен бекітіледі. Сондықтан да жұмыс тақырыбына қатысты не жетекшісіне байланысты өзгертулер дәлелді себептерден кейін ғана болады. Оның өзі қайта бекітілуден өткізілуі тиіс.



ҮІ. Диплом жұмысына пікір


Пікір білдіруші адамдар кафедра меңгерушісінің ұйғарымымен шешіледі. Қазір екі пікір білдіруші адам бекітіліп жүр. Бірі – ішкі, яғни жұмыс орындалған кафедраның мүшесі де, екіншісі – сыртқы, яғни кафедра, тіпті университет ұжымынан тыс профессор-оқытушы құрамынан.

Пікір – А-4 форматты қағаз бетіне түсіріледі де, тиесілі заң бойынша мөрмен бекітіледі. Әрине, оның бекітілген күні, жылы және оны растаған кадр бөлімінің қолы болуы шарт /пішін3/

Алғашқы /титул/ бетті толтыру үлгісі:

а) бет пішіні жоғары және төменгі жағынан 2 см, оң жағынан 1,5 см және сол жағынан 3 см болуы тиіс;

ә) министрлік пен оқу орнының және кафедраның атауы аралықтары 2 см болып, бірыңғай үлкен әріппен жазылады;

б) 4 см төмендікте «Диплом жұмысы» тіркесі жол ортасында тек үлкен әріппен беріледі;

г) тақырыптан төмен 6 см аралықта беттің оң жақ қапталына қарай «орындаған» мен «ғылыми жетекші» сөздері аралығына 4 см болып безендірілуі тиіс;

д) беттің төменгі жағының ортасына қала аты мен оқу жылы белгіленеді.















Үлгі №1


Ф СО ПГУ 7.18.1/02


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Ќазаќ филологиясы кафедрасы



ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Д.Ж. ХХХХХХ. ХХ-ХХ. ТХ

Тақрыбы_______________

____________________________



Ғылыми жетекшісі

__________________

(дәрежесі)

__________________________

(аты-жөні)


Кеңесшілер

__________________

(аты-жөні)

____________________

(аты-жөні)

____________________

(аты-жөні

Бақылыаушы Студент

_____________________ _________________________

(дәрежесі) (аты-жөні)

____________________________ __________ ______

(аты-жөні) (қолы) (күні)

__________ ______ ______________________________

(қолы) (күні) (тобы)



Кафедра меңгерушісі _____________________________




200_

Ескерту


Бірінші беттің /жұмыс мазмұнының/ толтырылу үлгісі:

а) «Мазмұны» сөзі жоғарыдан 4 см аралықта бет ортасына тең тұскен үлкен әріптермен беріледі;

ә) Әр бөлім тұсына жалпы бет саны көрсетіліп, ішкі тарау, тараушалар сол бет көлемі сәйкестендіріледі;

б) Жеке бөлімнің ішкі тараулары жұмыс барысына қарай кемітіліп, кеңейтіліп отыруына орындау байланысты.





































Үлгі №2


Мазмүны


Кіріспе бөлім .....................................................................3-8

Негізгі бөлім.......................................................................9-45

І тарау /аты көрсетіледі/.....................................................9-29

ІІ тарау /аты көрсетіледі/...................................................30-45

Қорытынды бөлім...............................................................46-50

Әдебиеттер тізімі.................................................................51



































Үлгі №3

Күндізгі оқу бөлімінің ІҮ курс студенті

Жазкенова Алфияның

диплом жұмысына қатысты берілген





ПІКІР




Ғылыми жетекшісі: филология ғылымының кандидаты, доцент

Гүлден Кеңесқызы Қажыбаева


Тақырыбы: Негізгі синтаксистік ұғымдар

Қазақ тіл біліміне қатысты соңғы уақытта көтеріліп жүрген мәселелер Жан-жақты тиянақтауды қажет етеді. Бұл орайда синтаксистік тарауының бұрынғыдай екі саладан - сөз тіркесі және сөйлем жіктелмей, төртке саралануы тілші-ғалымдарды ойландыра бастаған. Осы себептен де диплом жұмысы жаңа ұғымдарды жетілдіріп, тұрақтандыруда біршама қызмет атқарады. Мұндай жаңа бағыт еңбек өзектілігін көрсете алады.

Диплом жұмысы ІІ бөлімнен құрылып, әр бөлім жеке тарауларға бөлінген. Студент Жазкенова А. әр тарауға қатысты зерттемелерге терең ден қойған. Әрі оның бүгінгі күнге дейін орын алып келген тексерулерді қайталап, алға тарта бермей, жаңа бағыттағы жас ғалымдардың зерттемелерін пайдаланғанын атап айтқан орынды. Зерттеуден кейінгі тараушада әрбір тілді бірліктің жан-жақты талдауға түскенін аңғарамыз. Әрі олар студент тарапынан нақты тілді материялдармен дәлелдеп, қажетті жерінде ғылымдар пікіріне сілтеме жасалып отырған. Студент айтылған ғылыми пайымдауларға жығыла бермей, өз пікірін де келтіріп қорытындыларын ұсына білген.

Студент Жазкенова А. мысалдық деректемелерді өз сөзімен түсіндіруі, тілді заңдылықтарды саралай түсіндіруі көңіл аудартады.

Диплом жұмысы жоғары саналықпен және тілдік заңдылықты меңгере білумен жазылған . Жұмыс қойылған талаптарға жауап береді, сондықтан қорғауға жіберуге болады деп ойлаймыз.








Мазмұны


  1. Диплом жұмысын орындаудағы басты мақсаты мен міндеттері ...... 1

  2. Диплом жұмысына басшылық жасау ............................................. 1-2

  3. Диплом жұмысының құрылымы ...................................................... 2-3

  4. Әдебиеттер тізімінің жүйесі ............................................................. 3

  5. Жұмыстағы басқа белгілер ............................................................... 3-4

  6. Диплом жұмысына пікір ................................................................... 4

  7. Үлгі №1 ............................................................................................... 5

  8. Ескерту ............................................................................................... 6

  9. Үлгі №2 .............................................................................................. 7

  10. Үлгі №3 .............................................................................................. 8

  11. Мазмүны ............................................................................................ 9


Общая информация

Номер материала: ДБ-065272

Похожие материалы