Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ "Ш. Құдайбердиев Еріншек"

Ашық сабақ "Ш. Құдайбердиев Еріншек"


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_186f7884.gifhello_html_2714ff62.gifhello_html_47deb741.gifhello_html_mfb59285.gifКүні:14 наурыз 2012 жыл.

Сабақ:ана тілі.

Тақырыбы: Ш.Құдайбердиев Еріншек.

Мақсаты:

Шәкәрім жайлы мағлұмат беру,өлеңнің тақырыбын ашу,талдау жұмыстарын жүргізу,мазмұнын меңгерту.

Оқушылардың көркем сөзді өз сөздік қорларында қолдана алу,соның нәтижесінде ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,топ-топпен тапсырма беріп,оларды шығармашылыққа,ізденіске баулу.

Жағымсыз қасиеттерден аулақ болып еңбексүйгіштікке,мейірімділікке,ізденіске тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ойлау,ой бөлісу,шығармашылық жұмыс.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайд,оқулық,ақынның портреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық кезең

Балалар бәріміз терезеге қарайықшы,күн қандай?Ашық.

Ендеше сыныпта отырған қонақтарға жылы көңілімізді білдірейік.

Сабақта топпен жұмыс жасаймыз.Білімімізді топ жетекшілері бағалап отырады.

Үй тапсырмасы:Жылқы әңгімесінің мазмұны

Қорыту:Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылған?

Жылқының адамға қандай пайдасы бар?

Әңгімені оқығанда қандай сезімде болдың?

Сені таңғалдырған жайт болды ма?



Жаңа сабақ

Ойланып жауап берейік.Мақалдың жалғасын тап.

Жылқы жаманы-

Жігіт жаманы-

Бүгінгі сабақта Ш.Құдайбердіұлының Еріншек деген өлеңімен танысамыз.

Шәкәрім жайлы не білеміз?

Құдайберді 37 жасында дүниеден өткенде,атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған.Ешқандай жетімдік тауқыметін көрмеген.Жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.Оның ерекше зеректігін байқаған Абай оны өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан»басқа орысша үйренеді.Ақын өмірін ғылым білім қуумен қатар домбыра тарту,гармонда ойнау,ән салу,саятшылық құру,сурет салу,т.б өнерлерге арнайды.Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп,ой өрісі тереңдеп өседі.Ақындық өнерін де таныта бастайды.

Дәптермен жұмыс.

Ал енді еріншек дегенде не ойларына келді?

Ой қозғау

Еріншек



Оқулықпен жұмыс

1.Мәнерлеп оқып беремін.Түртіп алу.

2.Сөздік жұмыс.

Кесел-дерт,ауру

Ғибадат-өнеге

Харакет-әрекет

Құмарлық-қызығушылық.

3.Шумақтап оқу.

Өздерінің жазған ойларымен салыстыру.Дәлелдеу.

Өлеңнен не түсіндіңдер?

Өлеңнің құрылысына назар салыңдар?Кезектес ұйқас.

Өлеңді басқаша қалай атауға болар еді?

Сергіту сәті



Топтық жұмыс

1-топ Өлеңдегі жағымсыз қылықтарды жазу

2-топ Шәкәрімнің айтар қорытынды ойы қандай?

3-топ Еріншек адам қандай болады?

Бекіту.

Еріншекке хат жазу.

Қорытынды

Бүгінгі сабақтан не қорытынды шығардыңдар?

Үйге тапсырма:236-237 бет мәнерлеп оқу

Еріншек туралы мақал-мәтел жинастыру

Шәкәрім жайлы мағлұмат іздеу

Бағалау.Топ жетекшілеріне сөз беріледі.






Автор
Дата добавления 13.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров157
Номер материала ДВ-449354
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх