Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Ашық сабақ Сұхбат деген не
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Ашық сабақ Сұхбат деген не

библиотека
материалов

«Қаламгер» балалар баспасөз орталығының

ашық сабағының жоспары

Сабақ тақырыбы: «Интервью, және оның түрлері»

Сабақ түрі: Ашық сабақ

Сабақ мақсаты: Интервьюдің түрлері туралы оқушыларға мағлұмат беру, практикалық тапсырмалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

1.Білімділік: Сұхбат жайлы толық мағлұмат беру, сұхбаттың түрлеріне тоқталып, оқушыларға кең түсіндіру, сұхбат алуды үйрету, Павлодар облыстық балалар-жасөспірімдер «Сенің әлемің» газетіне «Қаламгер қадамы» айдарына келесі нөміріне ашық сабақта қолданылған материалдарды негізге алу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорларын дамыту, сабақта істеген жұмыстарын қорғай білу, ең бастысын айқындауды жүйелендіру, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, жеке қабілеттерін ашу.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық, этикалық, бір-бірлерін сыйлай білу қасиеттерін тәрбилеу. Жалпы адамгершілік қасиеттерін, мейірімділік сыпайы болу қасиеттерін тәрбиелеу.

Сабақтың әдістемелік жабдықтауы: Интервьюдің түрлері туралы слайд материалдар, «Жас тілші» радиохабары, слайдқа жазылған ата-анаға кеңестер, суретті мақал-мәтелге керекті плакаттар,маркерлер.

Сабақтың оқыту әдісі: сұхбат, сұрақ-жауап, топтық, дербес.

Сабақ формасы: топтық, дербес.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

- сәлемдесу;

- оқушыларды түгендеу;

- оқушылардың сабаққа дайындығын көздеу;

- оқушыларды жұмысқа бейімдеу;

- сабақтың жоспарын оқушыларға айту.

2. Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру.

3. Оқушылардың білімдерінің өзектілігін тексеру. Өткен материалды қайталап, жаңа сабаққа көшуге бейімдеу, жаңа өнімді шығаруға оқушылардың білімдерін қалыптастыру.

- Интервью дегеніміз не? (өткен сабақты еске түсіру)


3.1. Оқушылар мұғалімге сұрақ қояды.

- Мұғалім, Интервьюдің түрлері қандай?

- Неше түрге бөлінеді?


4. Ұстаздың жаңа материалды түсіндіруі, сабақ мазмұның әдісін құралын баяндау.

Жаңа сабақты баяндау. слайд

Интервью және оның түрлері – Оқушылардың көңілін слайдқа тақтаға бөлу. Мұғалім тақтаға қарап, интервью және оның түрлері туралы баяндайды.

5. Практикалық жұмыс (фото конверт, ата-ана, ұстаз)

- Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. («Атамекен» тобы, «Бәйтерек» тобы )

- Екі топ келген екі қонақтардан интервью алады, (Ұстаздан, ата-анадан)

6. Ата-анаға кеңес, слайд

Мұғалім ата-аналарға мақал-мәтелдерді баяндайды.

7. Практикалық жұмысты баяндау. Әр топ өз схбаттарын айтып береді.

10. Оқушылардың алған білімдерін бекіту. (рефлекция).

11. Ата-аналарға, оқушыларға, қонақтарға алғыс айту, қоштасу.


  1. Ұстаздың сабақ кіріспесі:

Сабақтың мотивациясы - өткен сабақты еске түсіру.

2. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды.

* Интервью дегеніміз не?

* Интервью алу үшін қандай жабдықтар болу керек?


  1. Оқушылар мұғалімге сұрақ қояды. 1 мин

  • Мұғалім интервьюдің қандай түрлері бар?

  • Бар болса, неше түрге бөлінеді? Соны білгіміз келеді?



  1. Жаңа сабақты түсіндіру. (Оқушылардың назарын слайдқа бөлу)

Интервью және оның түрлері (мұғалім жаңа сабақты түсіндіреді) 7 мин

Интервьюдің түрлері

Зерттеу кезеңіне байланысты

  • Алдын-ала интервью. Алдын-ала дайындаған сұхбат, ең алғашқы сұхбат.

  • Негізгі интервью. Ең негізгі материалдар негізінде болады.

  • Бақылау интервью. Негізгі материалдарды толықтыру үшін қолданады.

Қатысушының санына байланысты

  • Дербес интервью дегеніміз — бір тілші сұрақ қояды, және сұраққа жауап беретін бір адам болады.

  • Топтық интервью дегеніміз — екі немесе одан да көп тілшілер сұрақ қояды.

  • Бұқаралық интервью дегеніміз — жүзден аса тілшілер немесодан да көп тілшілер сұхбат алады.


Интервьюдің классификациясы

Н.Г. Богданов
және Б.А. Вяземскийдің «Журналист анықтамасында»

Интервью - композициясына қарай, формасы мен ерекшелігіне қарай тағы да, интервью-диалог, интервью-монолог, коллективтік интервью, интервью-бейнелеу және сауалнама деп жіктеледі.

Интервью-диалог дегеніміз – өте көп кезесетін интервьюдің түрі, сұрақ-жауап ретінде келеді.

Интервью-монолог дегеніміз – Тілші бір ғана сұрақ қойып, тақырыпты айтады, кейін сұхбат берген адам өзі жауап айтып, көбіне өзі сөйлейді. Саясаткерлердің берген сұхбаты, жеке кәсіпорындардың есеп-сұхбатын жатқызуға болады.

Коллективтік интервью дегеніміз – бірнеше адамдармен сұхбат жүргізіледі,тілші сұрақ қояды бірнеше адам жауап береді. Интервьюдің бұл түріне дөңгелек стол, пресс-конференция және брифингтерді жатқызуға болады.

Интервью-бейнелеу дегеніміз – Тілші сұрақты қоя отырып, өзінің ойын толық айтады, өз көзқарасын білдіреді, қысқаша мінездемелер беріп отырады.

Сауалнама дегеніміз – Интервьюдің бұқаралық түрі, тілші өзінің оқырмандарымен сырттай сөйлеседі, әлеуметтік сұрақтар қойылады. Мысалы: Сіздің сүйікті актеріңіз, сіздің сүйікті машинаныңыз т.б.


  1. Практикалық жұмыс Оқушыларды екі топқа бөліп, тапсырма беру. («Атамекен» тобы, «Бәйтерек» тобы )

Екі топ келген қонақтардан интервью алады, сұрақтарды оқушылар өздері тауып,өздері қояды.

«Бәйтерек» тобының сұрақтары – Сабаққа келген қонаққа қойылады.

1 сұрақ. Балалар журналистикасы дегеніміз не?

2 сұрақ. Сіз балалар журналистикасымен неше жыл айналысып келесіз?

3 сұрақ. Мақаланы қалай жазамыз?

4 сұрақ Журналистика қиын мамандық, бізге болашақ тілшілерге беретін кеңестеріз қандай?

5 сұрақ. Журналист

«Атамекен» тобының сұрақтары – Оқушының ата-анасына қойылады.

1 сұрақ. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

2 сұрақ. Болашақта балаңыз кім және қандай болсың деп армаңдайсыз?

3 сұрақ. Балаларыңыз игілікті іс істесе, қалай мадақтайсыз, теріс әрекет жасаса, қалай жазалайсыз?

4 сұрақ. Балаңыз «Қаламгер» үйірмесіне қатысып жүргені сізге ұнай ма, сізді қуанта ма?

5 сұрақ. Еліміздің тәуелсіздік жылдары сіздің отбасыңызға жақсы өзгерістер әкелді ме?



  1. Ата – анаға кеңес. (Оқушылар тапсырманы орындағанша, ата-аналармен сұхбат)

  • Құрметті ата-ана, тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы, дейді. Сіздерге мақал сөздің, мәйегі демекші, мақал- мәтел оқып беруге рұқсат етіңіздер! Слайдқа шығару

Мақалдарды оқу.

  1. Ата-бәйтерек,

Бала жапырақ.

  1. Адам ақылымен сымбатты,

Ұрпағымен қымбатты.

  1. Балалы үйдің еңсесі биік.

  2. Ұлы бар үйде қуат бар,

Қызы бар үйде бақыт бар.

  1. Баланы қақпай өсірсең,не басын жарады,не басыңды жарады.

Ата-анаға сұрақ-жауап.

  1. Балдан тәтті не? (бала)

  2. Қара шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

  3. Балаға кім сыншы? (ата)

  4. Әкеден балаға берілетін зат (мұра)

  5. Үйде кім, елде кім қадірлі? (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде хан,әкім,ұстаз қадірлі)

  6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

  7. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан қабылданады? (2002 жыл,8-тамыз)

  8. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (14 жас)

    1. Оқушылар, дайындаған сұрақтарын оқиды, сұхбат алады. 10 мин



7. Интервьюді өңдеу. (Обработка интервью) 5 мин

Әр команда алған сұхбаты қысқаша айтып береді.

8. Ойын минуты.

Кім жылдам? Әр команда бойының ұзындығы, шашының ұзындығы, аяқ размерінің , туған күн айы бойынша қатарға тұрады.

8. Сабақты қорытындылау. Өткен материалға байланысты жылдам тест жүргізу, (тест слайдқа шығады - балалар орындарынан жауап береді- балалар орындарынан жауап береді)

9. Оқушылардың алған білімдерін бекіту. Сабақ туралы рефлекция жазу. 3 мин

  • Сабақ жайлы өз ойларынды айтыңдар:

  • Сабақтың мақсатына жеттік пе?

  • Сабақ сендерге ұнады ма?

  • Қаламгер туралы бес жол өлең шығарту

10. Сабақты қорытындылау. 5 мин

11. Оқушыларды мадақтау, келген қонақтарға алғыс айту
































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.10.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров382
Номер материала ДБ-240240
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх