- 15.02.2016
- 859
- 1
Сабақтың тақырыбы: «Шешендік сөздер»
Сыныбы: 11 «А»
Күні: 15.02.2016ж
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгісі – шешендік өнер туралы білімдерін толықтыру;
ә) дамытушылық: тақырып аясында ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту;
б) тәрбиелік: топтық жұмыс арқылы оқушыларды ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу,сауатты әрі әдемі сөйлеуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: әртүрлі тапсырмалар жазылған кеспе қағаздар,
постер,түрлі-түсті қарындаштар, стикер, «Тілек ағашы»
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдіс- тәсілдері : топтық жұмыс, сұрақ – жауап, түсіндіру,түртіп алу стратегиясы
Пәнаралық байланыс : әдебиет, орыс тілі, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу
Әнұран орындау
оқушыларды түгелдеу
«Шаттық шеңбері» сабақта білім шыңына жету үшін шеңберге тұрып,
бір – бірімізге игі тілектер айтамыз.
ІІ. Оқушыларды топқа бөлу: Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар,оқылық!», А.Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңдерінің әр жолы жазылған кеспе қағаздар арқылы екі топқа бөлу
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Шешендік өнер туралы жалпы мәлімет беріп, оқушылар шешендік сөздердің негізгі тақырыптарын дәптер-леріне түртіп отырады
«Мәтінмен жұмыс» : әр топқа тақырып бойынша мәтін беріледі,оқушылар оқып аударады
1 топ: Шешендік өнер
Қазақтың шешендік сөз тарихы Майқы би, Аяз биден басталады. Шешендік өнердің кеңінен дамып, биіктеген кезеңі – ХV-XVIII ғ.ғ. Бұл кезең – қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жылдары еді. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиетінің туындыларынан, ертегі, аңыз-әңгімелерден кездестіреміз.
кеңінен – широко
күрес жылдары – годы борьбы
туынды – произведение
басқыншылар – воины
2 топ: Шешендік өнер
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Халқымыздың даналығының үлгісі – шешендік сөздер ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. Шешендік өнерге ерте заманда-ақ үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған.
даналық – мудрость
сын – критика
жеке пән – отдельный предмет
падиша – король
«Әңгімені жалғастыр» кеспе қағазда «Балабидің жұмбағы» әңгімесінің жартысы берілген, өз ойлары бойынша аяқтайды
Балаби қартайған шағында халқын жинап:
- Жерден ауыр не?
- Судан терең не?
- Оттан ыстық не?
- Көктен биік не? – деп төрт сұрақ берген екен. Алайда шешуін ешкім айта алмапты.Сонда Балаби өзі айтқан сұрақтарын өзі былай шешкен екен...
Сәйкестендіру стратегиясы: әр топқа дұрыс жауап жазылған қағаздар беріледі, оларды сәйкестендіріп,постерге жабыстырады, мұғалімнің көмегімен дұрыстығын тексереді:
Жерден ауыр дегенім- ақыл, білім
Судан терең дегенім – оқу, ғылым
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі
Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі
Топтастыру стратегиясы: «Шешендік өнер дегеніміз не?» деген сұраққа кеспе қағазда берілген зат есімдерден тиістісін постерге жазу
ғимарат,тапқырлық,ой,шешім,үй,сана,мағына,мұра,күлкі,әлем,даналық,әдебиет,мән,оқырман,белгі,ата-баба, шешен,мұхит,дау,сезім
Сөздің мағынасын ашу: екі топқа берілген кеспе қағазда «көтерді» сөзінің бірнеше мағыналық түрлері берілген
білімін көтерді - көңіл көтерді -
қиындықты көтерді - сөзін көтерді -
аяғын көтерді - айғай-шу көтерді -
танауын көтерді –
Топтастыру стратегиясы: «Шешендік қандай өнер ?» деген сұраққа кеспе қағазда берілген сын есімдерден тиістісін постерге жазу:
құнды,әдемі,ерекше,биік,түзу,асыл,дөңгелек,өшпес,мәнсіз,арзан,қысқы,қымбат,заманауи,саяси,жазбаша,қисық,дәмді,тарихи,тұзды,ежелгі.
ІҮ.Сабақты қорытындылау: Оқушылардың сабақта алған білімдерін сұрақ – жауап арқылы пысықтау
Ү. Оқушыларды бағалау: әр топ біліміне қарай бағаланады
ҮІ. Үйге тапсырма: 91 бет, «Жетес шешен» мәтінін оқу,аудару,мазмұндау
Кері байланыс: бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы пікірлерін стикерге жазып, «Тілек ағашына» іледі.
Настоящий материал опубликован пользователем Бадирова Куралай Насыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалучитель казахского языка
Файл будет скачан в форматах:
Материал разработан автором:
Преподаватель
Настоящая методическая разработка опубликована пользователем Сексембаева Манара Ануаровна. Инфоурок является информационным посредником
Бұл презентация «Адалдық нұры» тақырыбын талқылайды. Бұл тақырып әлеуметтік жауапкершілік, этика және адалдық туралы маңызды мәселелерді қамтиды. Болашақ ұрпақ, мектеп оқушыларының жақсы қасиеттерін нығайту, дамыту мақсатында әзірленген. Сынып сағаты, тәрбие сағаты, қосымша сабақ, ашық сабақ, көркем құрал. Профилімде басқа да тәрбие сағаттары, сынып сағаттары мен ашық сабақтарға арналған материалдар (презентация+кроссворд+шығармашылық тапсырмалар+викториналарымен) бар:
Перезентация Мамандық таңдау. Жақсы кәсіп - толық ырыс. Түлектермен сынып сағаты
Презентация Денсаулық - зор байлық. Денсаулықты күту, денсаулықты сақтау, денсаулық маңызы
Презентация "Сыйластық пен ізгілік - береке нәрі, сынып сағаты, ашық сабақ, тәрбие сағаты"
Презентация Адалдық нұры ашық сабақ, сынып сағаты, тәрбие сағаты, көркем құрал
Презентация Харассмент туралы ақпарат. Қосымша сабақ, сынып сағаты, тәрбие сағаты
Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
Курс профессиональной переподготовки
Еще материалы по этой теме
Смотреть
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
7 236 330 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 214 769 материалов из нашего маркетплейса.
Мини-курс
3 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.