Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / Ашық сабақ. Шортанбай Қанайұлы өмірі. «Зар заман» өлеңі. (10-сынып)

Ашық сабақ. Шортанбай Қанайұлы өмірі. «Зар заман» өлеңі. (10-сынып)


  • Русский язык и литература

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы өмірі. «Зар заман» өлеңі

Сабақтың мақсаты: А)Шортанбай Қанайұлының ақындық жолға түсуі, шығармаларының тақырыбы, халық мұңын жырлаудағы және қазақ әдебиетіндегі өшпес орны туралы оқушылардың білімдерін кеңейту.
Ә)Танымдық қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.

Б)Оқушыларды адамгершілікке, жауапкершілікке үйрету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, «шығарма кестесі», «екі жақты күнделік»,

Сабақтың көрнекілігі: Шортанбайдың өміріне, шығармашылығына байланысты интернет желісінен алынған деректер, Шортанбайдың суреттері, өлеңдері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

Сүйінбай Аронұлы өмірі

Өлеңін жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Оқушыларға Шортанбайдың суретін көрсетіп, «Ой қозғау» әдісін пайдалана отырып, сұрақтар қою:
1. Шортанбай ақын туралы не білеміз?

2. Ақынымыз қай ғасыр, қай заман ақыны?
3. Бұл ақынның қандай шығармаларын білеміз?
2.Бейнетаспадан Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тыңдау.

Шортанбай Қанайұлы 1808 жылы қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірінде дүниеге келген. Ақын, діни қайраткер. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. ХІХ ғ. өз дәуірінің шындығын бүге-шігесіне дейін көрсете білген бірден-бір ақын. Шортанбай белгілі бір ортаның немесе аймақтың ғана емес, барша халықтың мұң-мұқтажын толғады, көптің жоқтаушысы болды. Ресей отаршылдығының зорлығын көзімен көріп, жанымен, тәнімен сезінген ақын өзінің “Зар заман”, “Бала зары”, “Тар заман”, “Опасыз жалған”, т.б. толғаулары арқылы ақиқаттың астарын ашып көрсетті.

ХІХ ғасырда өмір сүрген Дулат, Мұрат тағы басқа ақындар замана жайын отаршылдықтың зиянды кесірі деп қарап, ашына, түңіле күйіну сарынында жырлады. Бұл ақындарды заңғар жазушы, классик М. О. Әуезов «зар заман ақындары» деп атаған.

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңдер топтамасы-адам сипатынан түңілген, халық үшін жаны күйінген жанның толғанысы, дәуір айнасы.

3.Жаңа сабақты пысықтау тапсырмалары:

1-тапсырма

1. «Зар заман» өлеңінен үзіндіні оқу.

1.«Зар заман» өлеңі арқылы ақынның айтпақ ойы қандай?

2. Шортанбай ақынның ойынша заманды аздырушылар кімдер?
Олай болса, осы заманды аздырушыларға өлеңдегі іс-әрекетіне қарап, мінездеме берейік.

«Шығарма кестесін»


Өлеңнің аты

Негізгі әрекет

Кейіпкері

Кейіпкерге мінездеме

Зар заман

Байлар ұрлық қылады
Көзіне малы көрінбей


Билер жейді параны

Сақтап қойған сүрідей...


Дуан басы болыс тұр,

Кәпірдің сөзін мақұлдап


Патша жұртын қанады


Жарлының жаны берік екен

Мал үшін он екі ай қой бағып,

Жалғыз тоқты алады.





Бай



Би



Болыс



Патша


Жарлы

 тойымсыз



жемқор



жағымпаз



қатігез


Шыдамды, еңбекқор


Екі жақты күнделікпен жұмыс жүргізейік.

Өлеңнен үзінді

Менің пікірім







Өлең мәтінінен ақын қорқынышының себептері мен зар заман белгілерін тауып оқыңдар.

1.Ақын қорқынышының себептері

2.Тарлығының белгісі

3.Зарлығының белгісі

4.Бағынғанның белгісі

5.Жамандықтың белгісі

6.Білмегеннің белгісі

7.Бүгінгі заман белгілері

2.Өлең құрылысына талдау жасау.
Байлар //ұрлық қылады а
Көзіне мал// көрінбей, б
Билер// жейді параны а
Сақтап қойған //сүріндей. б

/Шалыс ұйқас /7 буынды, 2 бунақты
Жаңа сабақты бекіту.
Шортанбай Қанайұлын сендер қаншалықты таныдыңдар, қай жағынан бағаладыңдар. Мына кестені толтыру арқылы өздеріңді тексеріңдер


Шортанбай Қанайұлы

Иә

Жоқ

Ақын



Діни оқуларын бітірген



Күйші



Заман жыршысы



Шынайы сыншы



Дін ағартушысы



Айтыскер ақын



Батыр



Шыншыл реалист



Үйге тапсырма:1.Ш. Қанайұлы «Зар заман» өлеңінен үзінді жаттау 2.“Шортанбай – ХІХ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілі” тақырыбына эссе жазу Бағалау.




Автор
Дата добавления 24.02.2016
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2342
Номер материала ДВ-482350
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх