Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Ашық сабақ : "Өсімдіктер қандай болады?"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ : "Өсімдіктер қандай болады?"

библиотека
материалов

.

Пән: Дүниетану 
Тақырыбы: Өсімдіктер қандай болады? 


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ылғалсүйгіш, су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсу ортасы жайлы түсінік беру. Оқушыға берілетін тақырыпты тереңдете, жан – жақты әрі жеңіл түрде игерту.
Дамытушылық: Оқушылардың өздігінше ізденуін дамыта отырып, пәнге және жалпы білім алуға қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.


Оқыту нәтижесі: 
1. Өсімдіктердің түрлерін білу; 
2. Өсімдіктер не үшін қажет екенін білу; 
3. Суретпен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрену. 
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу. 
Сабақтың типі : жаңа сабақ меңгеру

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, тәжірибе,түсіндірмелі,бейнеролик. Сабақтың көрнекілігі: қағаз, дәптер, оқулық, гүл шоқтары, ноутбук, слайд, жұлдызшалар,топтардың аттары жазылған қағаз. Сабақтың формасы:топтық, ұжымдық, жұптық.

Өзекті сүрақ: Өсімдіктер бірдей жағдайларға бейімделіп өсе ала ма?

Сабақтың барысы:


Сабақтың барысы: 


І.Қызығушылықты ояту (2мин.)
 
1.Психологиялық көңіл-күй.Оқушылармен амандасу. 
Бағалау критерийлерімен таныстыру. 
1. Үй тапсырмасын орындап келуі;

2.Жұмбақ шещу: 
3. Жаңа тақырыпты меңгеруі; 
4. Топпен жұмыс жасауы; 
Әр тапсырма сайын оқушыларға «жүрек жылуларын» тарату арқылы бағалап отыру. 
«5» – 5 - 6 жылу 
«4» – 3 - 4 жылу 
«3» – 1 - 2 жылу 
2.Үй жұмысы. 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Біз қазір қандай тірі табиғат иесімен танысудамыз?
- Өсімдік әлемімен.
Оқушылардың ауызша берген жауаптарын тыңдау. Ең негізгі оқушылардың өсімдіктердің өсуі үшін қандай жағдай керектігін және тіршілік ету ортасын түсінуі.

2 – 3 оқушының жауабын тыңдау.
- Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
- 3 топқа
- Ағаш, бұта, шөп

Жұмбақтар шешу.
Жұмбақтардың жауабын өсімдіктер тобына орналастыру.
1) Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Күннің көзі болмаса,
Бұғып қана өсермін.
(Күнбағыс – шөп)
2) Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да,
Айналар нанға да.
(Бидай - шөп)

3) Іші толған шербет,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты -
(Жүзім - бұтақ)

4) Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - (
Жаңғақ - ағаш)

5) ) Жапырақты тасалап,
өсетін жері – бақша - бақ.
Күрең қызыл, шіркін - ай,
Оның аты -
(Таңқурай - бұта)

6) 6) Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - (
Шабдалы - ағаш)

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. 
Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім? 

Топтарға бөліну 
-Ал, қазір топқа бөлініп, жұмысымызды жалғастырамыз. Әр топтан бір оқушы шығып, өздеріне топ таңдап алады. 
1-топ «Ағаш», 2-топ «Бұта», 3-топ «Шөп». 
ІІ.Мағынаны тану

Өзекті сүрақ: Өсімдіктер бірдей жағдайларға бейімделіп өсе ала ма?


Өсімдіктер қандай ортада өседі?Осындай өсімдіктерді қалай атайтынымызды білу үшін тапсырмалар орындаймыз. 
1-тапсырма 


1топ «Ағаш» .Ылғалсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді тауып анықтама береді.

 
2топ «Бұта».
Жарық сүйгіш өсімдіктер және көлеңкеге төзімді өсімдіктерді тауып анықтама береді.

 
3-топ «Шөп» Жылу сүйгіш өсімдіктер және суыққа төзімді өсімдіктерді тауып анықтама береді.

 
Әрбір топтың жауабын тыңдап жүрекшелермен бағалау
.

 Сергіту сәті.
Күз желі ызғарлы,
Гүлдері солдырды.
Жапырағын түсіріп,
Ағаштарды тоңдырды


2-тапсырма
 
Кез-келген өсімдік туралы кішігірім зерттеу жұмысын жүргізу.Барлық топқа бірдей өсімдіктің аты беріледі.Суретін салу. 


1топ «Ағаш» Сол өсімдіктің тіршілігіне қолайлы жағдайларын жазу.

 
2топ «Бұта»
Өсімдік тіршілікке қалай бейімделеді?

 
3топ «Шөп»
Өсімдік туралы жұмбақ,өлең ойла немесе тауып жаз


ІІІ.Ойтолғаныс 


1топ «Ағаш» Жылу сүйгіш өсімдіктер және суыққа төзімді өсімдіктердің ерекшеліктерін көрсетеді.

 
2топ «Бұта» Ылғалсүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің ерекшеліктерін көрсетеді. 


3топ «Шөп» Жарық сүйгіш өсімдіктер және көлеңкеге төзімді өсімдіктердің ерекшеліктерін көрсетеді

 

Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма? 
Рефлексия
Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім? 
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық. Ол үшін әркім өз бағыттау парағына назар аударып, кестені толтырамыз. 

Жүрек жылуларын санап қорытынды шығару: 
«5» – 5 - 6 жылу 
«4» – 3 - 4 жылу 
«3» – 1 - 2 жылу 
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. 83-86 бет.жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырма 37-бет.Сұрақтарға жауап беру. 
Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-051569

Похожие материалы