Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ "Сын есімнің мағыналыұ тірлері"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ашық сабақ "Сын есімнің мағыналыұ тірлері"

библиотека
материалов

Қазақ тілі

6 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: сын есімнің мағыналық түрлерін түсіндіріп, мысалдар арқылы тақырыпты ашу.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, өзіндік жұмыс жасау әрекеттерін дамыту.

Тәрбиелік: сөздің мағынасына мән беруге тәрбиелеу, білімге деген құштарлық сезімінің артуына ықпал ету.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу жұмыстарын орындау.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Біздің сабағымызға келіп отырған қонақтарға «Қош келдіңіздер!» дей отырып, мен бәрімізге жақсы көңіл-күй тілеймін.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1.Сын есім дегеніміз не?

2.Негізгі сын есім дегеніміз не?

3.Туынды сын есім деп қандай сын есімді айтамыз?

133-жаттығу жұмысын тексеремін.

Негізгі және туынды сын есімдерді жіктеп жазғандарын оқиды.


ІІІ. Жаңа сабақ.

Соңымен, сын есімдер заттың түсін, сынын, сапасын, салмағын, көлемін, иісін, дәмін, адамның мінез қасиетін білдіріп қандай? Қай? деген сұрақтарға жауап береді екен. Сын есімдер жасалуына қарай негізгі сын есім және туынды сын есім болып 2-ге бөлінетінің білдік. Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз түбір күйінде жасалса, туынды сын есім басқа сөз табынан белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады екен.

Сын есімдер мағынасына қарай сапалық сын есім және қатыстық сын есім болып 2-ге бөлінеді.









Сапалық сын есім негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың сынын, түр, түсін тікелей анықтайды.

Мысалы: ащы қымыз, жақсы сөз, қызыл алма, әдемі киім. (сызба)

Сапалық сын есімдер шырай жұнақтарын қабылдайды.

Сын есім басқа сөз табынан да жасала береді. Яғни олар зат есім, есімдік, үстеу сөз таптарына сын есім тудыратын жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Оны қатыстық сын есім дейміз. Мысалы қойлы ауыл, егінді алқап.

Қатыстық сын есімдер – зат белгілерінің басқа бір зат қатысы арқылы анықталуы.



Сонымен, сапалық сын есім заттың түр- түсін, сын- сапасын тікелей анықтаса, қатыстық сын есім заттың сынын басқа сөз таптарының қатысы арқылы білдіреді екен.

ІV. Жаттығу жұмыстарын орындау (тақтамен жұмыс).

146-жаттығу.

Сапалық сын есімдерді бір бөлек, қатыстық сын есімдерді бөлек екі бағанға жазу.


Сапалық сын есімдер

Ақшыл, жасыл, тәтті, үлкен кең, қысқа, қымбат, жаман, ұзын, жарық.


Қатыстық сын есім

Аттылы, сазды,

айтқыш, көргіш, білгір, шексіз, балалы, жігерлі,

отты, егінді, иманды. жазғы, күзгі, былтырғы, жан-жақты,еріншек, алғыр, мінезді


1-тапсырма.

Өлең шумақтарынан сын есімдерді тауып, мағыналық жағынан қай түріне жататынын анықтаңдар. Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдаңдар.


Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім,

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.

Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,

Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім!


2- тапсырма.

Сурет бойынша сын есімдерді пайдалану арқылы мәтін құраңдар.

Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажыратыңдар.

(Сөйлем мүшелеріне талдау)

hello_html_m56b2d0d0.png


3- тапсырма.


Шыдамды сөзін сатылай кешенді талдау.


4-тапсырма.


Флипчарт бойынша сапалық және қатыстық сын есімдерді жіктеп жазу.


Ағылшын тілі мұғалімі сын есім жайлы түсінік береді.


V. Сабақты қорытындылау.

Оқушылар сын есімдер бар мақалдар айтады. Олардың сапалық не қатыстық сын есімдерге жататынын анықтайды.

Интерактивті тақта арқылы сементикалық картаны толтыру.

VI. Үйге тапсырма.

148- жаттығу.

Мәтіннен сын есімдерді теріп жазып, мағыналық түрлеріне ажырату.


«Менің досым» тақырыбына мәтін құрап келу.

Автор
Дата добавления 19.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров116
Номер материала ДБ-041913
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх