Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ 9-сынып. Әдебиет "Сұлтанмахмұт Торайғыров"

Ашық сабақ 9-сынып. Әдебиет "Сұлтанмахмұт Торайғыров"

Скачать материал

Мұғалім туралы мәлімет

Аты-жөні: Cайлау Гулжамал

Мекен жайы: Алматы қаласы, Алатау ауданы,Өжет ықшам ауданы, №156 ЖББМ , Әуезов көшесі №47, мектеп телефоны:

298-13-64.

Сабақтың тақырыбы : Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек жыры»

Туған жылы: 08.14. 1982 жылы

Ашық сабақ өткен сынып: 9 «Е»

Еңбек өтілі: 7 жыл

Біліктілік санаты: 2 /екінші/

Почталық индекс: 050024. Алматы қаласы, Алатау ауданы. Байбесік ықшам ауданы, Ер Жәнібек көшесі 141 үй

Байланыс телефоны: 87026083399, 87714508607



Жаңа форматтағы cабақ жоспары

Пән мұғалімі: Сайлау Гулжамал

9 «Е» сынып

Қазақ әдебиеті

Сабақ атауы

Cұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы.

«Алаш ұраны» өлеңі

Жалпы мақсаттар:

1.С. Торайғыровтың өмірі , шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту. «Алаш ұраны» өлеңін оқып, мазмұнын ашу. Оқушыға өз ой-пікірін айтқызу.

2. түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін білдіруге үйрету, шығармашылыққа баулу.

3.өлең арқылы адамгершілікке, елін, жерін сүйе білуге, ақын-жазушыларды құрметтеуге, мейірімділікке баулу, оқу-білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.


Оқыту нәтижелері:

1 С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтеді.

2.Өз тұжырымын көркем сөздермен жасай алады.

3.Өлеңнің идеясын түсінеді. Тарихпен сабақтастырады.

4.Жұптық, топтық жұмыс кезінде диалогтік атқару арқылы сөздік мәнері жетіледі.

5.Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

6.Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

7.Өлеңді құрылысына қарай талдай алады..

8.Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.

9. АКТ-ны тиімді пайдалана отырып, ақын туралы мағлұмат алады.

10.Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.


Негізгі идеялар:

Өздерінің оқуға қабілетті екендігіне сенімді оқушылар материалды тез әрі жақсы игереді. Олар ойларын оңай жинақтайды, терең ойланады, оқудан ләззат алады. Топтық міндет; өз ойларын толық айтады, бірін-бірі тыңдайды.Достық сезімдері артады.

Оқыту әдістері:

СТО әдістері, Ассоциация, «6 қалпақ», СКТ.

Көрнекілігі:

Инерактивті тақта, кеспе қағаздар, флипчарттар, стикерлер, «Алаш ұраны» өлеңінің видеосы,, «Алаш» тобының әні, С.Торайғыровтың кітабы, , смайликтер, түрлі-түсті қағазадар, «Күту ағашы».

Сабақтың барысы:

1-әрекет. Ұйымдастыру кезеңі. (1,2,4 -модульдер)

сәлемдесу, түгендеу, балалардың назарын сабаққа аудару;

Сабақ барысында оқушылар ұстанатын қағидаларын қалыптастыру.

-Бір-бірімізді тыңдаймыз! –Басқаның пікірін сыйлаймыз! –Тақырып көлемінде ғана сөйлейміз.

-Бағалау парақшасы туралы түсінік беру.

2-әрекет. Психологиялық ахуалды қалыптастыру (1,2,3-модульдер)

  • «Шаттық шеңбері» арқылы оқушылардың көңіл -күйін білу, сыныптың жағымды эмоциялық ахуалын қалыптастыру.

Оқушыларды топтастыру. Алдыңғы сабақта бөлінген топтың құрамын сақтай отырып, топ ережесімен танысу.Топ жетекшілерін анықтап сайлап алу.

І топ- «Әдебиетшілер»

ІІ топ – 2. «Тарихшылар»

ІІІ топ - «Зерттеушілер»

ІYтоп -.«Сарапшылар»

3-әрекет. Үй тапсырмасын сұрау; (1,2,3,5- модульдер)

  • Түсінік сұрау.

  • Зымыран сұрақтар.

1.1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетіне қысқаша сипаттама беріңдер.

2.Әдебиеттегі сыншылдық бағытты дамытқандар кімдер?

3.Қазақ халқын сауаттандыру ісіне қол ұшын бергендер кімдер?

4. Әйел теңдігін суреттеудегі шығармаларды ата.

4- әрекет. Қызығушылығын ояту (1,2 модульдер) (интерактивті тақтадан көрсетіледі)

«Ой қозғау» стратегиясы :

  1. Адам болу деген не?

  2. Адам өмірге не үшін келеді?

  3. Біздің өмірдегі мақсатымыз не?

(экраннан С.Торайғыровтың суреті көрсетіледі.) Мұғалім: Мына суретте кімді көріп отырсыздар?

Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында өмір сүрген, Абайдан кейінгі жазба әдебиетінде өзіндік орны бар, адам сезімін шеберлеудің қас шебері, өзіндік болмысы мен үнін, азаматтық шеберлігін қалдыра білген С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы және «Таныстыру» өлеңі жайлы болмақ. Алаштың ардақты ақынының өмірі қиындыққа толы болды. Ақын 1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Шешесінен ерте айырылады. Мұқан, Тортай, Әбдірахман деген молдалардан тәлім алады. Ақын 27 жыл ғұмырында артына көптеген шығармаларын қалдырды. «Алаш ұраны» өлеңі Алаш Орда үкіметінің құрылуын қолдап жазған өлеңі. Өлең 1917 жылы жазылған.

5-әрекет. Жаңа сабақ (1,2,3,4,7-модульдер)

Мағынаны тану. «Кубизм» стратегиясы

  1. Суреттеңіз Оқулықтан ақынның Алаш идеясының көрінісін сипаттайтын жерін тауып оқы. Қандай көркемдегіш тәсіл қолданылған?

  2. Салыстырыңыз. «Мен -қазақпын» өлеңімен салыстыр.

  3. Зерттеңіз. Өлеңнің тақырыбы қандай? Өлең қай жылы жазылған?

  4. Қолданыңыз. Өлеңде ақынның қандай көңіл-күйі бейнеленген?

  5. Талқылаңыз. Осы өлеңді жазуына не себеп болды?

6-әрекет (1,2,3,6,7-модульдер)

Дарынды оқушымен жұмыс: Қазір сіздерге сыныбымызда әдебиетші мен тарихшы болуды мақсат етіп жүрген оқушыларымыз С.Торайғыровтың өмірі , шығармашылығы туралы өз ізденіс жұмыстарын қорғайды. Мұқият тыңдап өмірі, шығармашылығы жайлы дәптерімізге жазып отырайық.

(Таныстырылым. Алдын ала берілген ізденіс жұмыстарының негізінде Әдебиетші мен Тарихшы оқушы слайд бойынша өз жұмыстарын қорғайды.)

(Шығармадағы баяндалатын оқиға жайлы оқып меңгеру)

Интерактивті тақта бойынша суреттер көрсету арқылы әңгімелеу.

«Әдеби оқу» стратегиясы бойынша өлеңді мәнерлеп оқып, талдау жасау.

Мұғалім сөзі: Балалар, С.Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы туралы білдік. Енді ақынның 1917 жылы жазған «Алаш ұраны» өлеңін мәнерлеп оқиық. Енді экранға назар аударайық.

«Алаш ұраны» өлеңіне подкаст жасау, тыңдату. «Алаш ұраны» әнін «Алаш» тобының орындауында тыңдтау.

Балалар, өлеңді оқулықтан да мәнерлеп оқыдық, экраннан да дыбыстық жазылуын естідік, енді әр топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.

Постер қорғау. Әр топқа «Алаш ұраны» өлеңінен үзінді беріледі. Сол үзіндіден ақынның айтпақ ойы мен идеясын постерге жазып қорғау.

7-әрекет. (1,2,3,6,7-модульдер)

«6 қалпақ» ойыны.

1. Ақ қалпақ- нақты мәндегі сұрақтар қояды. Жарнама жасау.

2. Қызыл қалпақ- ішкі сезім, эмоцияны білдіреді. Алған әсері, неге көзі жетті. Неге сенімді.

3. Сары қалпақ- оптимизм, ашықтық,позитивті ойдағы ұсынысты білдіреді. Жағымды жағы, жетістіктері.

4. Жасыл қалпақ - жаңа идеядағы сұрақтар қояды. Өлеңнен туған жаңа идея.

5. Қара қалпақ-негативті ой, мүмкін емес, қарсы шығу. Кері әсері, жағымсыз жақтары.

6. Көк қалпақ-ойды қорытындылап жауап беру. Өлең бойынша барлық қалпақтардың бағытын бақылау.

1. Ақ қалпақтың сұрағы. 20 ғасырдың басындағы туған шығармалардың бүгінгі күн талабымен жазылған шығармаларымен қандай үндестігі бар?

Жауап: 20 ғасырдағы шығармалармен тығыз байланысы бар деп ойлаймын.Себебі, білімге, оқуға деген үндеуі бірдей.Қай заманда да білім өз маңызын жойған емес.


2.Қызыл қалпақтың сұрағы. «Алаш ұраны» өлеңін оқығанда өзіңнің ішкі-көңіл күйің қандай болды?

Жауап: мен осы өлеңді оқығанда қазақ елінің ерекше халық екенін, қанша қиындық көрсе де мойымағанын, біз еліміздің болашағы екенімізді түсіндім. Мен «Алаш ұраны» өлеңін бәріңізге оқып, жаттап алуға ұсыныс беремін. Оны әнұран ретінде жаттап алуымыз керек.

Мен ерекше патриоттық сезімде болдым.


3.Сары қалпақтың сұрағы. Егер сен ақынмен кездессең не айтар едің?

Жауап: Егер мен ақынмен кездессем, патриоттық шығармаларды көп жазуын, өз арманына жетуді, қазақ елінің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуына тілектес болар едім.


4.Жасыл қалпақтың сұрағы. Сұлтанмахмұт атамыз қазіргі таңда өмір сүрсе, қандай өлең жазар еді.

Жауап: Сұлтанмахмұт атамыз қазіргі таңда өмір сүрсе, ғылымға, техникаға, білімге арнап өлең жазар еді. Сондай-ақ Астана туралы, қазіргі қоғамдағы мәселелер туралы жазар еді.


5.Қара қалпақ-барлық пікірді мүлде теріске шығару. Айтылған пікірлерге қарсы пікір айту.

Жауап: Ақ қалпақтың сұрағы: 20 ғасырдың басындағы туған шығармалардың бүгінгі күн талабымен жазылған шығармаларымен қандай үндестігі бар? ХХ ғасырдағы өлеңдермен тығыз байланысты деді. Мен бұл пікірге қарсымын. ХХ ғасырдағы өлеңдер қиыншылықты, ұлтшылдықты жырлады. Бүгінгі күнде ондай тақырыпта жазылған шығармалар өте аз.

2.Қызыл қалпақтың сұрағы. «Алаш ұраны» өлеңін оқығанда өзіңнің ішкі-көңіл күйің қандай болды?

Жауап: Мен «Алаш ұраны» өлеңін бәріңізге оқып, жаттап алуға ұсыныс беремін. Оны әнұран ретінде жаттап алуымыз керек. «Мен ерекше паториттық сезімді болдым»,- деді.

Мен оған былай жауап берер едім: тек осы «Алаш ұраны» өлеңі ғана емес, басқа да қазақтың ақындарының патриоттық өлеңдері бар ғой, соларды да жаттап өсуіміз керек.

3.Сары қалпақтың сұрағы. Егер сен ақынмен кездессең не айтар едің?

Жауап: Мен сары қалпақтың жауабымен келіспеймін.мен бұған қарсымын.Ол ақынның бұл заманға дейін өмір сүруі екіталай дүние. Жеткеннің өзінде де басқаша өлең жазуы екі түрлі іс.

4.Жасыл қалпақтың сұрағы. Сұлтанмахмұт атамыз қазіргі таңда өмір сүрсе, қандай өлең жазар еді. Жаңа заманға сай технология жайлы жазады ,-деді.

Жауап: мен бұл жауаппен де келіспеймін. Ол дұрыс емес сияқты. Ол жазар еді Астана жайлы, Сырдария, өзендер жайлы, еліміз жайлы жазар еді.

  1. Көк қалпақ. Барлық пікірді жинастырып, қорыту.

Мен балаң жарық күннен сәуле қуған,- деп ақын өзі жырлағандай Сұлтанмахмұт атамыздың артына қалдырып кеткен мұрасы ұрпақтарына орасан күн сәулесін шашып тұр. Ақынның өмірі, шығармашылығы, өлеңдері біз үшін баға жетпес құнды дүние болып қала бермек. Бүгінде ақынның атында музей, көше аттары, оқу орындары бар. Ақынның есімін ұрпақтары ешқашан ұмытпауы тиіс.

8-әрекет. (1,2,3,6,7-модульдер)

Шығармашылық жұмыс:

Сатылай кешенді талдау әдісі арқылы жинақтау.

«Талқылау» кестесін толтырады.

Авторы:


Жанр түрі:


Тақырыбы:


Идеясы:


Кейіпкерлері:


Көркемдік ерекшелігі:


Құрылысы:



Қорытынды сұрақтар қою.

9-әрекет.

Бағалау парағы бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.

( критериалды бағалау )

Бағалау.


10-12 балл – «

7-9 балл – «4»

5-7 балл –«з»

2-4 балл – «2»

Өзін-өзі бағалау. ( Критериалды бағалау)


Аты -жөні

Тірек сызба толтыру.

Топпен жұмыс

Кесте толтыру

Сұрақтарға дұрыс,нақты жауап беруі








10-әрекет.Рефлексия (1,2,,3,4)

Оқушылар алдыларында тұрған түрлі –түсті қағаздарды көтеру арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді.

hello_html_6a691837.gifhello_html_m241f5b93.gif

Үйге тапсырма: «Алаш ұраны» өлеңінен үзінді жаттау. «Таныстыру» поэмасын оқу.


Тексердім:------------------------

1. Ақ қалпақ- нақты мәндегі сұрақтар қояды. Жарнама жасау.

2. Қызыл қалпақ- ішкі сезім, эмоцияны білдіреді. Алған әсері, неге көзі жетті. Неге сенімді.

3. Сары қалпақ- оптимизм, ашықтық,позитивті ойдағы ұсынысты білдіреді. Жағымды жағы, жетістіктері.

4. Жасыл қалпақ - жаңа идеядағы сұрақтар қояды. Өлеңнен туған жаңа идея.

5. Қара қалпақ-негативті ой, мүмкін емес, қарсы шығу. Кері әсері, жағымсыз жақтары.

6. Көк қалпақ-ойды қорытындылап жауап беру. Өлең бойынша барлық қалпақтардың бағытын бақылау.











































1. Ақ қалпақ. Жарнама жасау. «Алаш ұраны» өлеңіне жарнама жасаңыз.




2. Қызыл қалпақтың сұрағы. «Алаш ұраны» өлеңін оқығанда өзіңнің і шкі-көңіл күйің қандай болды?




3.Сары қалпақтың сұрағы. Егер сен ақынмен кездессең не айтар едің?



4.Жасыл қалпақтың сұрағы. Сұлтанмахмұт атамыз қазіргі таңда өмір сүрсе, қандай өлең жазар еді.


5.Қара қалпақ-барлық пікірді мүлде теріске шығару. Айтылған пікірлерге қарсы пікір айту.





6. Көк қалпақ-ойды қорытындылап жауап беру. Өлең бойынша барлық қалпақтардың бағытын бақылау. Тілек білдіру.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ 9-сынып. Әдебиет "Сұлтанмахмұт Торайғыров""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер по обслуживанию многоквартирного дома

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 650 512 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2016 11703
    • DOCX 650.5 кбайт
    • 23 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сайлау Гулжамал Сайлау. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сайлау Гулжамал Сайлау
    Сайлау Гулжамал Сайлау
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24423
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 473 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек

Мини-курс

Преодоление расстройств: путь к психическому здоровью"

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек