Инфоурок Музыка Другие методич. материалыАшық сабақ 5 сынып кіріктірілген 2016

Ашық сабақ 5 сынып кіріктірілген 2016

Скачать материал

 

 

              Талпын ЖОББ мектебі

 

 

 

 

 

               Қорқыт ата                                                                                     

                     Кіріктірілген сабақ                                                                  

      Музыка,әдебиет,технология пәндері

                                5- сынып

 

 

 

  Музыка пәнінің мұғалім:  Жанбаулиева Ш.Ж

 

 

 

 

 

 

                                        2015-2016 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата
Ұшардың ұлуы – тыңдату
«Қорқыт – Қобыз» әнін  үйрету
Мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларға қобызға арналған күйлер, күй атасы - Қорқыт жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: Қобыз аспабын таныстыру. Қобыз күйлері арқылы оқушылардың сана сезімін, ой - өрісін кеңейту. Өткен заман мен қазіргі заманды сабақтастыра отырып баланың өмірге көзқарасын қалыптастыру. Музыка арқылы адал, сезімтал, адамгершілікті, салауатты, инабатты бала тәрбиелеу.
Музыкалық қабілеттерін одан әрі дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Туған жердің табиғатын сүюге, жан - жануарларға қамқор болуға баулу.

Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақ типі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсілі: мәнерлеп оқу, талдау, салыстыру, іздендіру, анализдеу
Пәнаралық байланыс: музыка,әдебиет,технология
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кеспе қағаздар, аудио диск, Қорқыт ата портреті.

Қорқыт атаның нақыл сөздері «Ұл –атадан көрмейінше ,сапар шекпес» «Қыз анадан көрмейінше,өнеге алмас» «Дәулетті ұлың болса,ошағыңның қоры болар,дәулетсіз ұлың болса,атаның көрі болар» «Ер малын қимайынша аты шықпас»
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгелдеу
Музыка әуенімен:

Үлкендерге сіз
Кішілерге біз
Әдеппенен бас иіп
Сәлем бердік біз

Психологиялық тренинг: өз есімінің басқы әріпінен басталатын бойындағы қасиетті айту
Жоспары:

І. Топтастыру:

ІІ. «Болжау» стратегиясы/Мағынаны тану/

ІІІ. «Санквейн» стратегиясы

ІҮ Ой толғау «Кубизм» арқылы сабақты қорытындылау

Балалар бүгін біз 2 топқа бөлінеміз

І топ Алғырларр  тобы

ІІ дарындылар тобы
Жаңа сабақ (слайд)
Фқфофрфқфыфтф фафтфаф
«Ф» әрпін сызып таста сонда сөз оқылады
( Қорқыт ата)Кім оқиды?

Балалар біз бүгін сабағымызды ерекше кіріктірілген түрде өткіземіз, яғни  әдебиет,технология сабақтары бүгін музыка пәнімен бірге.

Жаксы балалар,Қорқыт кім? Міне сол туралы біздер сіздерге мағлұмат береміз.

Қорқыт дегенде балалар көз алдымызға не елестеттік?Әрине қобызды.

Өмірбаяны туралы қысқаша  мәліметті әдебиет пәнінің мұғалімі таныстырады

/Әдебиет/ сабағынан Казақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Уразгалиева Б.Б жүргізеді:

«Қобыздың атасы» атанған Қорқыт баба VIII - IX ғасырда қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағында, Жанкент қаласында өмір сүрген. Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят руынан шыққан, ал анасы - қыпшақ қызы. Қорқыт алдағы күнді болжаған көріпкел және шебер күйші болған. Ол қобызды тек бақсы - балгер мен кезбе дуаналардың қолында жүретін жай құрал есебінде емес, нағыз халықтық музыка аспабы ретінде таныта білді. Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шыққан. Ол «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны береді
Музыка пәнінің мұғалімі: Ш.Ж. Жанбаулиева

Міне балалар Қорқыт туралы білдіңіздер ,енді ол туралы да аңыз көп.
Қорқыт жасынан өте ұғымтал, болып өседі. Ол аспаптардың бәрінде керемет ойнайды. Адам мен жануарлардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді.Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жасап жатқан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен, енді оған нар түйенің терісінен жасалған шанақ, ортекенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың құйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» деп кеңес береді.Қорқыт ұйқысынан ояна сала, осы айтылғандардың бәрін жасап қобызды қолына алған кезде қобыз сайрап қоя береді. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, жүгірген аң - бәрі құлақ түре тыңдапты.Ал қыл қобыздың шығу тарихы былай болған екен деп болжайды.

Қылқобыздың шығу тарихын сонау атам заманнан белгілі бақсы балгерлерді жебеп жасқаушы түркілердің бабасы тұңғыш қобызшы Қорқыт ата есімімен байланыстырып аңыз етіп айтады. Халық арасына кең тараған аңызда былай дейді: « – Қорқыт 20 жасқа толғанда түс көреді. Түсіне кірген адамдар оған 40 жасқа келіп қыршыныңнан қиыласың – депті - мыс». Бұдан кейін Қорқыт өлмеудің қамын ойлап өзінің Желмаясына мініп жер шарлап ел аралап өлімнен қашып жолға шығады. Бірақ Қорқыт қайда барса да кебін киіп өзіне көр қазып жатқан ақ киімді адамдарға тап болады. Міне, содан кейін ол қайда барсаңда «Қорқыттың көрі» екен - ғой деп жер ортасы Сырдарияға қайтып оралады да желмаясын құрбандыққа шалып шанағының жоғарғы жақ үстін Желмаяның терісімен қаптап қобыз жасап Дарияның үстіне кілем жайып қайық етіп отырып алып қыл қобызын ойнап аңыратып «өмір күйін» тарта береді. Қорқыт қобыз күйін тарта берсем ажал келмейді, өлмеймін, өлімді қобыз күйінің күшімен арбаймын, ажал маған жақындай алмайды деп сенеді. Күндердің күні болғанда әбден шаршап қалжыраған Қорқыт қалғып кетеді де, ажал оған Қайрақ - жылан бейнесіне кіріп келіп шағып өлтіреді. Бұл аңыз - әңгіме бізге «Қорқыт» күйінің мазмұны арқылы жеткен тарихи шежіре. Аңыз - құдіретті музыка күшімен күңіренген қасиетті қобыз үнімен өлімді де жеңе білген дегенді білдіреді.
Қобыз – таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Біреулер оны құс даусына ұқсатады: «Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» – дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады (И. Гмелин).
Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп - сүйкеп көсеп - көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою - қошқыл сазды мұңлы болып шығады.Осы қобызымен бірнеше күйлер шығарған. Қобыз аспабын алғаш ойлап тапқан, ұрпақтарға «Желмая», «Ұшардың ұлуы», «Әуппай», «Аққу», «Елім - ай!», «тарғыл тана» т. б. күйлерді қалдырған ұлы өнерпаз қобызшы, күй атасы.

«Қорқыт» сөзі ертедегі түркілердің «Хұр – кісі» және «хыт – құт» сөздерінен шыққан. Ол «Құт әкелуші кісі» деген мағынаны береді.Балалар біз қазір  екінші бөлім

ІІ «Болжау» стратегисы бойынша «Ұшардың ұлуы» күйіне тоқталайық.Күйді үнтаспадан тыңдай отырып,шығу тарихымен танысамз. Мен сіздерге мәтінді оқимын,тоқтаған жерден сіздер өз ойларыңды айтасыздар.

Мәтін: «Ұшардың ұлуы» оқылады. Мәтінді 3 бөлікке бөліп алу.

              "Ұшардың ұлуы" Мәтінін оқу

 І бөлім. Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын "Ұшар" деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдеп - ғұрпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен.

Сұрақтар қойылады.

-Мәтін не жайында?

-Кім туралы?

-Ары қарай не болады деп ойлайсыздар?

Әрбір топтан бір оқушы шығып  өз ойларын айтады.

 

 ІІ бөлім. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол үшті - күйлі жоқ болып шығады. "Ескі жұртта қалған шығар" - деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай - ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай - сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып отыр екен.

Сұрақтар қойылады.

Оқиға  қалай жалғасты

-Не көріп отырсыздар

-Оқиға ары қарай қалай  жалғасады деп ойлайсындар?

 

ІІІ бөлім Мұны көрген анасы да: Жалғызымнан айрылдым, Қанатымнан қайрылдым, Ұшар, Ұшар кә, кә... - деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен иесінің айрылған тазы – екеуі қос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттың осы оқиғаға байланысты тебіреніп шығарған күйі "Ұшардың ұлуы" деп аталады.
Сұрақтар қойылады

-Әңгіме қалай аяқталды

-Көкейіңе не түйдің?

Мәтіннің негізгі идеясы неде екен?

Оқушылардың жауаптарын толықтырып,тиянақтау.

Енді балалар ІІІ бөлім «Санквейн» стратегиясы бойынша осы бүгінгі сабағымызды 5  жолдық өлең арқылы жеткізу

«Санквейн» стратегиясы

1.Зат есім? /кім? Не?/

2.Сын есім /қандай,қай/

3. Етістік /3 сөз/ НЕ істеді

4.1 сөйлем /4 сөз/.

5. «5 жолды өлең»шығару.

Балалар мына слайдқа назар аударайық:/Слайд көрсетіледі/

Суреттегі Қобыздың түрлері: қыл қобыз, прима қобыз.Қобыз туралы  айту.

Қорқыттың ізін жалғастырып келе жатқан қобызшылар: Саян Ақмолда, Ақерке Тәжібаева, әнші, депутат Бекболат Тілеуханов.

 

 

 

Енді сабағымызды ары қарай технология пәніне берелік.Технология пәнінің мұғалімі: Ихсанова Зинеп Сұлтангереевна.

Қобыздың макетін безендіру.

Музыка сабағымызды ары қарай «Кубизм» стратегиясын пайдалана отырып қоржындағы сұрақтар арқылы  қорытындылайық

      Сұрақ-жауап

      Қандай    күйшімен таныстық?

      Қорқыт қай жерде дүниеге келген?

       Қорқыт кім болған?

      Қорқыт қандай аспап жасады?

      Қобыздың түрлерін ата?

      Қорқыттың күйлерін ата?

      Қорқыттың қандай күйін тыңдадық?

      Қорқыттың ізін жалғастырушы кім? Саян Ақмолда, Бекболат Тілеуханов

Балалар енді сабақ соңында дауысымызды жаттықтырып алып, Әнші Гүлнұр Оразымбетованың орындаап жүрген  «Қорқыт - қобыз» әнін  айтып үйренейік.

 

Бағалау

Үйге тапсырма: Қорқыт туралы түсінік айту. Қобыз үнін бүгінгі күнге жеткізіп жүрген қобызшыларды анықтап келу

Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ 5 сынып кіріктірілген 2016"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 512 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2016 681
    • DOCX 74 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жанбаулиева Шаттык Жаксыбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5640
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Музыка")

Учитель музыки

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в детской музыкальной школе

Преподаватель детской музыкальной школы

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении эстрадному вокалу

Преподаватель эстрадного вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 267 человек

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 165 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 138 человек

Мини-курс

Продвижение: от бесплатной рекламы до постоянных клиентов

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе