Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Ашық сабақ "Скважина туралы түсінік"

Ашық сабақ "Скважина туралы түсінік"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



















Тақырыбы: «Скважина туралы түсінік»

Пәні: «Мұнай және газ скважиналарын пайдалану»





























Оқытушы: Құбашева Райгүл Қибатоллақызы

Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің арнаулы пән оқытушысы



Тақырыбы: «Скважина туралы түсінік»

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың әдіс- тәсілдері:Құралдарды көрсету,сұрақ-жауап,шығармашылық

жұмыс,ізденіс ойы,ой шақыру.

Сабақтың мақсаты:Студенттерге скважинаның мұнай өнеркәсәбінде

алатын рөлін түсіндіру.Скважинаның конструкциясымен

таныстыру, олардың қолданылуы жайлы мағұлымат беру

1. Білімділік: Студенттердің өз жетістіктерін,білім-білік дағдыларын

қалыптастыру.

2.Тәрбиелік: Студенттерді ойландыруға,өз ойларын ашық айтуға,дұрыс

сөйлей білуге,өз бетімен ізденіс жұмысын жасауға үйрету.

3.Дамытушылық: Студенттердің алған теориялық білімдерін практикада

қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Кұрал-жабдықтар: Көрнекі құралдар:кеспеқағаздар,суреттер,буклеттер,слайд

Сабақтың техникалық құралдары:Компьютер,итерактивті тақта.

Сабақтың көрнекіліктері:  Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы,скважинаның тірек

сызбасы,суреттер,скважина туралы бейнежазба;

Сабақтың пән аралық байланыстары: «Мұнай және газ скважиналарын пайдалану»

«Жалпы мұнай және мұнай кәсіпшілік геологиясы»

Оқыту әдістері: топтық,сұрақ-жауап,түсіндіру, баяндау;

Сабақтың өткізілу барысы: 90 мин;

Пайдаланылған әдебиеттер:«Мұнай және газ скважиналарын бұрғылау

техникасы мен технологиясы», Қараулов;

«Мұнай және газ кен орындарын пайдалану»

М.Сақтағанова, «Ұстаздық ізденістер» журналы

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

I.Сәлемдесу,студенттердің сабаққа қатысын тексеру,

олардың дайындығына және аудиторияның тазалығына назар аудару. /2мин/;

II.Үй жұмысын тексеру

III.Сұрақ-жауап

IV.Жаңа сабақ

V.Сабақты бекіту.

VI.Cабақты қортындылау.Кеспе қағазбен жұмыс

VII.Үйге тапсырма.

VIII.Студенттерді бағалау.



Үй тапсырмасын тексеру:/23мин/

1.Мұнай және газды іздеу мен барлаудың әдістері/ түсінік айту,слайд материалын дайындау/

2.Мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы/ түсінік айту,слайд материалын дайындау/



2.Студенттердің назарын сабаққа аударып,ой шақыру әдісін пайдалана отырып мына сұрақтарды қою./Қойылған сұраққа нақты жауап беру сұралады/

1.1899 жылы Атырау облысының Жылыой ауданына қарасты алаңында №7 скважинадан мұнай фонтаны атқылаған.

Бұл алаң қалай аталады?

2. Кеніш дегеніміз не, қандай түрлері бар?

3. Қабат қысымы деп нені айтамыз?

4. Энергия дегеніміз не?

5. Мұнай кенішінің режимдері нешеге бөлінеді?

6. Қабаттың мұнай бергіштік коэффициенті дегеніміз не?





I.ЖАҢА БІЛІМДІ МЕҢГЕРУ.

Жаңа тақырыпты баяндау, мақсатын қою. /40 мин/

Жер қойнауында мұнай–газ кенінің бар екенін анықтау, ашу, олардың қорларының санын есептеу және кен орындарының игеру жобаларын жасау мақсатында жүргізілетін жұмыстарды іздеу және барлау жұмыстары деп атаймыз.

Іздестіру–барлау жұмыстарына алаңды геологиялық, геофизикалық және геохимиялық зерттеу жатады. Одан кейін кен орынды түгелдей барлап, кемерлеу үшін скважина казу әдістері белгіленеді.

Іздеу жұмыстарының өзі бірнеше кезеңнен тұрады.

1) Жалпы геологиялық көрініс картасы жасалады.

2) Зерттелетін алаңның геологиялық құрылысын, негізгі қабаттардың тұрпаты мен пішінін көрсету мақсатында құрылымдық скважиналар қазылады.

Мұнай, газ кен орындарын геологиялық зерттеу, іздеу, барлау және пайдалану мақсатымен бұрғыланатын барлық скважиналар төмендегідей топтарға бөлінеді.

  1. Тіректік скважиналар

  2. Параметрлік скважиналар

  3. Құрылымдық скважиналар

  4. Іздеу скважиналары

  5. Барлама скважиналары

  6. Пайдалану скважиналары: бағалау, бақылау, айдау скважиналары

  7. Арнайы скважиналар

Құрылымдық скважиналар деп, геологиялық карталар жасауға керекті деректер жинауға арналған ұңғыларды айтады. Кейбір жағдайларда құрылымдық ұңғылар кен орындарын іздеу үшін де бұрғыланады. Ондайда бұрғылау барысында кездескен тиімді горизонттарға зерттеулер жүргізіледі.Іздеу скважиналары геологиялық іздеме жұмыстар жүргізіліп дайындалған учаскелерде жаңа кен орындарын ашу үшін бұрғыланады. Барлама скважиналар кен орны барлығы анықталған учаскелерде, сол кен орнының өндірістік санаттағы қорын дайындау үшін және оны өндірудің жобасын жасау үшін бұрғыланады.Пайдалану скважиналары сұйық, газ тәріздес пайдалы қазба және минералдық кен орындарын аршу және өндіру үшін бұрғыланады.


Анықтама:Бұрғы қашауларының (долото) көмегімен қазылатын тереңдігі диаметрінен бірнеше есе үлкен болып келетін тау – кен құрылысын скважина деп атаймыз.Бұрғылау ұңғымалары бірнеше түрге бөлінеді: карталау, тіректі, құрылымдылық, іздестіру, барлау және өнімдік пайдалану (эксплуатационное) бұрғылаулары. Бұрғылау ұңғымасының жер бетінен көрініс беру, яғни басталу орны ұңғыма ернеуі немесе сағасы (устье) деп аталады. Бұрғылау процесінің әрбір сәтінде бұрғыланып өткен ұңғыма оқпаны барып тірелетін жазықтық ұңғыманы түбі (забой скважины) деп аталады.Ұңғыманың цилиндрлі беті ұңғыма оқпаны (ствол) деп аталады. Оқпанның осі арқылы ернеуден ұңғыма түбіне дейінгі қашықтық ұңғыманың ұзындығын, ал проекцияның тіке өлшемі оның тереңдігін береді.



hello_html_m129cf9ac.jpg

Ұңғымалар: а,б – вертикалды (құбырлы бұрғылау); в – көлбеу; 1- сағасы; 2 – оқпаны немесе қабырғасы; 3 – осі; 4 – түбі; 5 – тасбаған (керн); Н, Lсәйкесінше ұңғыманың тереңдігі мен ұзындығы

Ұңғыманың бүйір қабырғалары пайдалану кезінде құлап қалмауы үшін темір құбырлармен бекітеді. Оны тізбектелген шеген құбыр деп атайды (обсадные колонны). Оның диаметрі жоғарыдан төмен қарай азая береді. Ең жоғарғы шеген құбырды бағыттаушы шахталы құбыр дейміз. Оның тереңдігі 5 – 10 м., диаметрі 200 – 500 мм. Негізгі міндеті – жердің жоғарғы жағындағы топырақты бекіту және саз балшық ерітіндісінің айналымын қамтамасыз ету. Оның ішінен жоғарғы су қабаттарының ағымын сақтау мақсатымен сағалық құбыр кондуктор жіберіледі. Тереңдігі жоғарғы су қабаттарының орналасуына байланысты 40 м – ден 400 м – ге дейін жетеді. Кондуктордың ішінен ұңғыманың тереңдігіне және қазу қабаттарының орналасу ерекшеліктеріне байланысты бір немесе екі қосымша шеген құбырларын жібереді. Ең соңына пайдалану құбырын жібереді. Оның диаметрі 146, 168 мм, тереңдігі 4500 – 5000 м шамасында болады. Мұнай мен газ өндіру үшін оның сағасына кіші диаметрлі мұнай мен газ көтергіш құбырларын жібереді. Оның диаметрі 40 – 70 мм аралығында.

hello_html_60a6f737.pngҰңғыма конструкциясы: 1 –шегендеу құбырлары; 2 – цементті тас; 3 -қабат; 4 – шегендеу құбыры мен цементті тасты перфорациялау; I – бағыттаушы құбыр; II - кондуктор; III – аралық колонна; IV – пайдалану (эксплуатационная) колонн

II.Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:/10мин/

1.Скважинаның басталатын жері қалай аталады?

2.Скважинаға екінші жіберілетін тізбек қалай аталады?

3.Скважинаның цилиндрлі беті қалай аталады?

4.Скважинаға ең соңғы жіберілетін тізбек?

5.Скважина қайда қазылады?

6.Cкважина деп тереңдігі.............бірнеше есе үлкен болып келетін тау кен құрылысы

7.Скважинадан алынатын үлгі тас қалай аталады?

8.Скважинаға ең алғаш жіберілетін тізбек қалай аталады?



III. Сабақбойыншақорытынды. /12мин/

Сызбамен жұмыс.Студенттерге кеспе қағаз беру арқылы жаңа сабақты қорытындылау.







IV.Үй тапсырмасын беру. /3мин/

Скважина туралы слайд жасау,түсінгенін айту,қосымша мәлімет жинақтау



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров49
Номер материала ДБ-355820
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх