Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Ашық сабақ « Солтүстік Американың ішкі сулары »

Ашық сабақ « Солтүстік Американың ішкі сулары »


  • География

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың ішкі сулары.



Мақсаты: Солтүстік Американың ішкі суларының ерекшеліктерін анықтау , материктің ішкі суларының орналасу ерекшеліктерін анықтау. Сулардың материк үшін маңыздылығын меңгерту.

Күтілетін нәтиже: Өзен – көлдерді анықтайды, ішкі сулардың орналасу ерекшеліктерін біледі. Материк үшін сулардың маңыздылығын меңгереді.

Сабаққа қажетті құрал- жабдықтар: интерактивті тақта, Дүние жүзінің физикалық картасы, Солтүстік Американың физикалық картасы, слайд, флипчарт.

Сабаққа қолданылатын әдіс-тәсілдер: « топтастыру», « топтық жұмыс», сипаттау, анықтау, жинақтау.



Сабақ барысы:



Дағдылар



Мұғалімнің іс- әрекеті



Оқушының

іс - әрекеті

Білу



I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта психологиялық ахуал туындату үшін « Жүректен жүрекке» әдісін қолдану. «Атлант мұхиты» , «Тынық мұхит», «Солтүстік Мұзды мұхит» ұғымдары жазылып қиылған қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлу. Бағалау парақшасын үлестіру.




Оқушылар жүрек стикерлерге жаңа сабаққа қатысты бір- біріне жақсы тілектерін жазып, қиылған түрлі түсті

қағаздардағы жазылған сөздер бойынша топқа бөлінеді.





II.Үй тапсырмасын сұрау.

« Гүл тереміз» ойыны.

Әр гүлдің артында сұрақтар жасырылған.

1.Солтүстік Америка жерінің ауданы?

2.Солтүстік Америкадағы ең ұзын тау?

3. Солтүстік Америка құрамына енетін ең үлкен арал?

4. Кордильера тауының шыңы?

5. Материктің теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері?

6. Материктің ең ыстық жері?

7. Материктің жауын- шашын ең аз түсетін жері?

8. Торнадо деген не?

9. Ураган дегеніміз не?

10. Солтүстік Американы қандай климаттық белдеулер кесіп өтеді?




Үй тапсырмасын еске түсіріп , сұрақтарға жауап береді.






III. Жаңа тақырыпқа шығу

Топқа бөлінген кезде мұхиттар атымен бөліндік , себебін анықтайды . смайликтер арқылы марапаттап отыру.

«Солтүстік Американың ішкі сулары»





Дәптерді ашып , тақырыпты жазу.



Түсіну



IV. Жаңа сабақ

Слайд – шоу «Солтүстік Американың сулары»

Өзара оқыту стратегиясы , мәтінді бөліп беру . Мазмұнын түсініп , талқылап , постерға салып қорғау.



Топтық жұмыс.

1-топ. Солтүстік Мұзды мұхиты, Атлант мұхиты алабының өзендері.

2-топ. Тынық мұхиты, ішкі тұйық алап өзендері. Үлкен Каньон.

3-топ. Солтүстік Американың көлдері. Ниагара сарқырамасы.




















Топтар тапсырманы мұқият тыңдайды.

1.Жеке танысады

2.Топта талдайды

3. Қорғайды

Қолдану



V. Адасқан объектіні тап.





1-топ.

  1. Мексика шығанағына құятын ірі өзен.

  2. Солтүстік Мұззды мұхит алабына жататын ірі өзен.

2-топ.

  1. Калифорния шығанағына құятын ірі өзен.

  2. 470 с. е. 900 б. б. орналасқан көл.

3-топ.

  1. Миссисипи өзенінің ірі саласы

  2. 450 с. е. 830 б. б. орналасқан көл.




Талдау



VI. Венн диаграммасын толтыру.Оңтүстік Америка мен Солтүстік Американың ішкі суларын салыстыру.



Екі материктің ішкі суларын салыстырады, талдайды.



Жинақтау



VII. Тест тапсырмалары

1.Солтүстік Американың ең үлкен өзен жүйесі:

А) Маккензи; Ә) Миссисипи Б )Миссури;

2.Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің қоректенуі:

А) Жауын-шашынмен; Ә) Қар суымен; Б) Мұздықтармен;

3. Солтүстік Американың ішкі тұйық алабына жататын өзендер:

А) Үлкен ауданды алып жатыр;

Ә) Аз ғана ауданды алып жатыр;

Б) бүкіл материкті алып жатыр;

4. Солтүстік Америкадағы ең үлкен көл:

А) Мичиган көлі; Ә) Эри көлі;Б) Жоғарғы көл;

5. Жоғарғы, Эри,Гурон көлдерін не байланыстырады:

А) Барлығы Тынық мұхит алабына жатады; Ә) Көлдер бір- бірімен өзендер арқылы байланысқан;

6. Ниагара сарқырамасы мына көлдер арасында қалыптасқан:

А) Эри – Онтарио;

Ә) Жоғарғы – Мичиган;

Б) Миичиган – Гурон;

7.Үлкен каньон қай өзенде қалыптасқан?

А) Колумбия; Ә) Миссури; Б) Колрадо;

8. Ұлы көлдер Атлант мұхитымен байланысады:

А) Ұлы Лаврентий өзені арқылы;

Ә) Маккензи өзені арқылы;

Б) Колорадо өзені арқылы;






Тест

тапсырмаларын орындайды.

Бағалау шкаласына қарап өз жұмыстарын бағалайды

Рефлексия

Кері байланыс.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.






Сабақтан алған әсерлерін , ұсыныстарын стикерлерге жазады

Бағалау

VIII. Қритерийлер бойынша бағалау , топтық бағалау.

Өздерін бағалайды, мұғалім бағасы.

Дискрипторлар арқылы бірін –бірі бағалайды.

Үйге тапсырма беру

Слолтүстік Американың өзендері мен көлдері туралы қызықты материалдар жинақтап әкелу. Ішкі суларын кескін картаға түсіру














Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров160
Номер материала ДВ-531881
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх