Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ "Сүт қалай ұйықтады" (2 сынып)

Ашық сабақ "Сүт қалай ұйықтады" (2 сынып)

Скачать материал

Пәні: Әдебиеттік оқу. 2-сынып
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?
(Ертегі)
Сабақтың мақсаты:
Біліктілігі: мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны, ұғыну арқылы ертегінің мазмұнын меңгерту;

Дамытушылығы: дәлелді сөйлей білуге үйрету, ой өрістерін, тілдерін, сөздік қорларын молайту;
Тәрбиелігі: салақтық, ұйқышылдық, мақтаншақтық, өсек айту, еріншектік, жалқаулық сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау-жинақтау, болжау әдісі, топтастыру,топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар: жұмбақ, мақал-мәтелдер, көріністер,танымдық тапсырмалар.

                                         Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
    - Балалар, көңіл-күйлерің қалай?

    - Ендеше, сабағымызды бастайық.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

   1. Балалар, біз «Адам болам десеңіз» атты бөлімді бастадық. Өткен сабақта қандай жаман қасиеттен аулақ болуды білдік?

- Салақтық.

- Жақсы. Шығарманың авторы кім? Ол туралы не білеміз?

 - Ыбырай Алтынсарин. 1841 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.Ақын. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келіп, алғаш мектеп ашқан ағартушы ұстаз.

 

Мәтіннің мазмұнын айтқызу./ жеке-жеке айтады/

 

2. Мағынаны ашу

Жұмбақ шешу. Шешуі: ұйқы.

Ұйқы туралы сұрақтарға жауап беру:

-         Балалар, ұйықтағанды жақсы көресіңдер ме?

-         Неше сағат ұйықтайсыңдар?

-         Ұйқыдан сендерді кім оятады?

-         Ұйқышы деп қандай адамды айтамыз?

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ
1. Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  -Балалар,  бүгін өтетін тақырыбымыз «Сүт қалай ұйықтайды?» ертегісі. Бұл ертегіні жазған  Оспанхан Әубәкіров.

2. Автормен таныстыру.
    Оспанхан Әубәкіров 1934 жылы 4 мамырда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер.

    1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді. Өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан. Әзіл - сықақ жанрының шебері. Шығармаларында қоғамға жат қылықтарды өлеңмен,өткір тілмен сынап отырған.

3. Оқулықпен жұмыс:

1.Мәтінді тұтас мәнерлеп оқып беру;

2. Сөздік жұмыс:

Ұйып қапты- қоюланды

Ел-жұрт-халық, көпшілік, қауым

Қайран қапты-таң қалды

Берекесі қашыпты- мазасызданды

Ашыпты-көпіршіді

Құтырыпты-көтерілді

Іріп қапты-бұзылды

Ұя салыпты- ауыспалы мағынада

Бұлапты-жылапты

Еңіреп- дауыстап, қайғырып

Сары су - ашыған сүттен аққан су

 

3. Іштей оқыту;

4. Тізбектеп, кезекпен оқыту

Сүт бір күні ұйықтапты.
Қатты ұйықтапты.
Ұйықтағаны соншалық,
Ұйып қапты.
«Ойбай, сүт ұйықтап қапты,
Ұйықтап қапты!
Қарап отырып,
Айран бопты»,-
Деп ел - жұрт қайран қапты.
Сүт ұйқысын қоя алмапты,
Айқайлап жатса да оянбапты,
Мүлде берекесі қашыпты,
Айран болу оңай ма?
Бықырып тұрып ашыпты.
Ашыған айран быжынап,
Қазанға сыймай құтырыпты.

Сүт ұйқысын қоя алмапты,
Аттандап жатса оянбапты.
«Ұйқы -дұшпан» деген ғой,
Сүт бір күні іріп қапты.
Сүттің мұндай қылығын
Әжем ғана біліп қапты,
Не дерін білмей тұрып қапты.
«Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты»
Депті де әжем айранды
Бір дорбаға құя салыпты.
Сүт сонда ғана оянып,
Еңіреп тұрып жылапты,
Көзінің жасын бұлапты.
...Бәлкім жұрттың өсегі,
Әңгіме ғой кешегі.
«Дорбадан аққан сары су-
Сүттің көз жасы, деседі.

«Мұнымыз өтірік» десең де,
Ертегіге сыяды – ау.
Әй, дегенмен, балалар,
Көп ұйықтаған зиян- ау.

 

 

5. Жоспар құру:

1.Сүт ұйқысы

2. Сүттің құртқа айналғаны

3. Жылаған сүт

4.Көп ұйқы-зиян

 

Сергіту сәті: Көңілді күн

4. Слайд: Сүт тағамдары.

 

5.  Дәптермен жұмыс.

Топтастыру:  Сүт тағамдары: май, қаймақ, айран, қатық, сүзбе, ірімшік, уыз, құрт.

 

Жұмбақ шешу.

1.Сылдыр сұйық су емес,

   Ішсең шөлің қанады.

   Ақ болса да қар емес,

   Шешуін кім табады? /Сүт/

 

 

 

 

2.Мал төлдеп әр ауыл

   Пісірдік ақ бауыр.Бұл не? /уыз/

3. Күбіге құйып піскен не? /Қымыз/

4. Ұйытып қойып ішкенім не? /айран/

5. Кілегей шайқап алғаным не? /май/

6. Сөреге кептіріп жайғаным не? /Құрт/

 

 

-Балалар, бұл ертегіде қандай жаман қасиет туралы айтылады?

-Ұйқышылдық.

-Ол туралы мәтінде қандай нақыл сөз берілген?

-Ұйқы- дұшпан.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. Артық ұйқы адамға зиян. Ертегідегі көп ұйықтаған сүт құртқа айналды.   Ал өмірде бұл сүттің орнына адамды қойсақ, ол адамды қандай деп айтамыз? / оқушылар өз ойларын айтады./

 

                Мақал-мәтелдер:

           1.Ақымақ күлкіге тоймайды,

  Жалқау ұйқыға тоймайды.

2.Еңбекқор ұйқыдан ширап тұрады,

   Жалқау ұйқыдан қирап тұрады.

3.Ұйықтаған ұйқы алады,

   Ұйықтамаған жылқы алады,

   Еріншек дүниеден құр қалады.

4.Ұйқышы  жастық таңдамайды.

 

6. Жаңылтпаш айту:
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.

 

Эссе жазу:

Ақ сиырдың сүтін іш,

Сүт береді саған күш.

Жылы мөлдір суға түс,

Тұмау тисе, қуа түс.

 

ІV. Сабақты қорытындылау:

 

Блиц-турнир сұрақтары. «Кім жақсы меңгерді?»/ топпен жұмыс/

1-қатарға:

1.Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттеген?

2.Сүттің аянышты халін кім байқады?

3.Жұрт « сары су» жайлы не дейді?

4.Ертегінің авторы кім?

 

 

 

2-қатарға:

1.Бір күні сүтке не бопты?

2.Сүт неліктен жылады?

3.Ақын осы ертегі арқылы не айтпақ болды?

4.Оспанхан Әубәкіровтың туған жылы?

3-қатарға:

1.Ел-жұрт неге қайран қалды?

2.Ұйықтаймын деп сүт қандай күйге ұшырады?

3.Өлең неліктен ертегіге жатады деп ойлайсың?

4.Оспанхан Әубәкіровтың туған жері?


V. Оқушылардың білімін бағалау


VІ. Үйге тапсырма: Ертегіні мәнерлеп оқу, қара сөзбен әңгімелеп айта білу.

 



 

 

 

Начало формы

Конец формы

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IMG_20160420_091314

 

 

 

 

 

 

2016-04-20 09

 

 

2016-04-20 09

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Сүт қалай ұйықтады" (2 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 024 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.12.2016 8318
    • DOCX 2 мбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургалиева Айнур Советкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нургалиева Айнур Советкановна
    Нургалиева Айнур Советкановна
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8401
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 590 человек

Мини-курс

Предпринимательские риски

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе