Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ "Құстар біздің досымыз"

Ашық сабақ "Құстар біздің досымыз"

Скачать материал

Құстар біздің досымыз».

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Білім саласы:       Әлеуметтік орта

Оқу іс-әрекеті:    Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:         «Құстар біздің досымыз»

Мақсаты:             Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту.

Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.

Интеграция:        Көркем әдебиет, сауат ашу, музыка, ҚМТҚ.

Көрнекілік:          Атрибуттар, Құстардың суреті, Тақта, кеспе әріптер, үнтаспа.

Әдіс-тәсілдері:    Психологиялық сәт,сұрақ-жауап, түсіндіру, жазу, сергіту сәті.

Психологиялық сәт:

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз.

 Жарқырасын күніміз,

Жайнап тұрсын гүліміз.

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық сабақ бүгін біз.

Ұйымдастыру кезеңі:   Ал қане балалар орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді бастайық.

–       Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

–       Бір жылда 4 мезгіл бар.

–       Қазір жылдың қай мезгілі?

–       Қазір жылдың көктем мезгілі.

–       Ендеше кім көктем туралы тақпақ айтып береді?

– Осы көктем айларын тақтаға кім жазып береді?

–       Бір жылда неше ай бар? Кәне кім атап бере алады?

–       Бір жылда 12 ай бар.

–       Аптада неше күн бар?Апта туралы санамағымызды айтып көрейікші.

–       Бүгін аптаның қай күні?

–       Қазір бізде қай сабақ?

–       Қоршаған ортамен таныстыру.

–       Ал енді балалар менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.  «Тал басында тамаша үй». Ұя

–       Жарайсыңдар, осы ұяны нелер мекендейді?

–       Ұяны құстар мекендейді.

–       Құстар туралы сендер не білесіңдер?

–       Құстар адамға дос. Олар ағаштарды құрт-құмырысқалардан қорғайды.

Осы кезде, ертегі ханшайымы келеді.

–       Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегі алып келдім. Қане құлақ салып тыңңдаңыздар.

Автор: Ертеде бір бұлбұлдың балапаны болыпты. Балапан өсе келе мінез шығарады. Бірде ол:

—         Неге ұяны жерге емес, басқа құстардай биікке салмайсыңдар? Неліктен алып құстадай ірі болмайсыңдар?– деп ата-анасының мазасын алады.

Оны естіген ата бұлбұл:

–       Саңқылдап сұңқар, қарқылдап қапға, тыраулап тырна бола алмайсың, шырағым. Ақылың болса өз сәніңмен, өз әніңмен ата жолын жалға, – деп өсиет айтады.

Ерке бұлбұл ата сөзіне құлақ аспайды. Өзінің қандай құс екенін білмейтін ол әсем дауысымен баурап алар серік іздеп, ұясын тастап ұшып кетеді.

Ерке бұлбұл құстар әлемін ұзақ аралайды.

Сөйтіп ерке бұлбұл келе жатып қарғаға кездеседі.

–Қарға :     мен қарғамын, қарғамын,

Көп қой менің арманым. Қарқ-қарқ, келе ғой бұлбұлжан.

–Бұлбұл:    Өзі қап-қара , даусы қандай жаман еді. Ұнамайды маған.

–Сауысқан: Кел бұлбұлым, Сауысқанмын саңқылдаған,

                                     Қонақжаймын аңқыылдаған.

–Бұлбұл:  Қалай дауыстайды? Даусы нашар екен.

–Торғай: Бұлбұлжан келе ғой.

 Мен торғаймын, торғаймын,

Ағаштарды қорғаймын.

–       Бұлбұл: Қызық қой мынау өзі, шамаңа қарашы.

–       Бүркіт:  Мен бүркітпін, бүркітпін,

Құстың бәрін үркіииім,ха-ха-ха.

–Бұлбұл: қорқыныштысын-ай, үлкенін-ай.

–Қарлығаш: Келе ғой бұлбұл.

Қарлығашпын қалықтаған,

                                                      

 

 

 

  Ұшудан ешбір жалықпаған.

–Бұлбұл: Қандай ідемі құс еді, бірақ неге құйрығы айыр? Ұнамайды маған. Деп ұша жөнеледі.Қанша құстардың сан алуан түрлері мен тіршіліктерін көреді. Бірақ жүрегіне жақын үн , жанына жайлы ұя таба алмайды. Шаршап-шалдығып өз ұясына оралады.

Балапанын көріп қуанған ана бұлбұл құбылтып ән салады. Сазды әуеніне табиғат тамсанады.

Ән тербеген ерке бұлбұлдың бойы балқып, ұйқыға кетеді. Ертеңіне таңмен бірге оянып:

                Туған жерім – қымбат мекен,

                 Өскен ұям ыстық екен.

                   Бұлбұл үні – өз тіліме,

                   Ешбір әуен жетпейді екен, – деп сан алуан ырғаққа салып сайрайды. Ерке бұлбұлдың сазды әуенін  барлық құстар қызыға тыңдайды.Осы күннен бастап әнші бұлбұлдың даңқы бүкіл әлемге жайылады.

Сергіту сәті:

Балалар сендер  ертегі тыңдап шаршаған боларсыңдар, шаршағанымызды басу үшін сергіту жаттығуын жасап алайық.

         Мынау менің жүрегім,

         Бәрі осыдан басталған.

         Мынау басым ақылды,

         Барлық істі атқарған.

         Мынау менің оң қолым,

         Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

Жарайсыңдар балалар енді орнымызға дұрыстап отырайық.

 

 

–Ертегі ханшайымы: Балалар менің әкелген ертегім сендерге ұнады ма?

–       Иә.

–       Ертегі не деп аталады?

–       Ерке бұлбұл.

–       Ертегіде қандай құстар кездесті?

–       Қарға, қарлығаш, сауысқан, бүпкіт, торғай.

–       Жарайсыңдар.Аленді сендер маған жақсы бір ойын көрсетіп беріңдерші.

–       Дидактикалық ойын: «Жақсы мен жаман» ойынын ойнату.

–       Жарайсыңдар балалар біз осы оқу іс-әрекетінен қандай жақсы нәрселерді үйрендік?

–       Құстарға қамқор болуды, оларды күту керектігін т.б. Ендеше бізоқу іс-әрекетімізді

Құстарымыз аман болсын

Бейбіт тыныш заман болсын, деп бір тамаша «Қарлығаш» әнмен аяқтайық.

 М  

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Құстар біздің досымыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 478 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2016 636
    • DOCX 16.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карамырзаева Кынагул Саулебековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4595
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 147 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек