Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ "Құстардың тіршілігі"

Ашық сабақ "Құстардың тіршілігі"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Құстардың тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға құстардың тіршілігіндегі басты ерекшелігі,ең қажетті жағдайы жөне табиғатта болатын өзгерістердің тірі табиғатқа әсері туралы мәлімет алу арқылы сабаққа қызығушылығын арттыру.

2.Оқушылардың дүниетанымын,ой-өрісін,көру,шығармашылық қабілеттерін,сөздік қорын,белсенділігін,қызығушылығын,қиялын,тілін дамыту.

3.Оқушылардың дүниетанымын дамыта отырып,табиғатты сүюге,құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,сөзжұмбақ,ойын.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабақ өтуге әзірлеу.

Жаңа сабақ:Құстардың тіршілігі.

Қазір дүниетану сабағы.Бұл сабақта біздер табиғат жайында білім аламыз.Табиғат өлі және тірі табиғат болып бөлінеді.Тірі табиғатқа өсімдік,жануар,адам,ал өлі табиғатқа аспан,ай,күн,тау,тас,су,өзен,көл кіреді.Өткен сабақта біздер аңдардың тіршілігі туралы түсінік алдық.Аңдар табиғаттың маңызды бір бөлігі.Олар да жабайы аңдар және үй жануарлары болып бөлінеді.Жабайы аңдар табиғатта өздігінен тіршілік етеді.Ал үй жануарларына жылқы,түйе,сиыр,қой,ешкі кіреді.Оларды мал деп те атайды.Малды адам қолда бағып өсіреді.Мал да,жабайы аңдар да төлдейді,төлдерін емізіп,сүтпен қоректендіреді.Сол үшін оларды сүтқоректі жануарлар деп атайды.Адам малды жылы қорада ұстайды.Оларға жем,шөп,су беріп,күтіп-бағады.Себебі олар адамға сүт,ет,тері,жүн береді.Ол адам үшін азық және киім-кешек болады.Ал жабайы аңдар өздерінің азықтарын орман ішінен іздеп табады.Өзінен әлсіз аңдарды ұстап жейді,кейбірі ,бұтақты азық етеді.Жабайы аңдарға арыстан,жолбарыс,түлкі,қасқыр,аю,тиін,бұғы және т.б.жатады.

Енді жаңа сабаққа өтеміз.Құстар тіршілігі жайлы түсінік аламыз

Құстарды қанатты жануарлар деп атайды.Олар да аңдар сияқты үй құстары және жабайы құстар болып бөлінеді.Осы құстарға байланысты мен сендерге бір ертегі айтып беремін.

-Ерте,ерте,ертеде ешкі құйрығы бөртеде,сонау ежелгі ата-бабам жерінде бір данышпан жасапты.Оның үш шәкірті болыпты.Олар білім үйреніп.ілім үйреніп болды-ау деген уақытта,данышпан оларды алдына шақырып былай дейді:-Шәкірттерім,мен сендердің әр біріңе бір қалтадан алтын беремін,сендер оларды қалай жұмсайсыңдар ? –деп сұрайды.

Сонда үлкен шәкірті былай дейді:-Ұстаз,мен ол алтынның бәріне кітаптар сатып алып,мектеп ашамын,-дейді.

Екінші шәкірті тұрып:-Мен ол алтындарға ауруларға дәрі-дәрмек,кәріп-қасырларға азық-түлік алып беремін,-дейді.

Ал үшінші шәкірті тұрып:-Мына біз отырған жерлер өте құнарлы,бірақ ол жерлерде ешбір ағаш жоқ.Мен сол алтындарға жеміс ағаштарының тұқымын алып,осы шөл далаға әкеліп егер едім.Сонда бұл жер үлкен бақ болып,жолдан шаршағандар дем алып,жемісі азық,көлеңкесі дем алу орны болатын әсем жер болар еді,-дейді.

Сөйтіп үшінші шәкірт бір қалта алтынды алып қалаға кетеді.Қалаға барса,алдынан бір керуен кездеседі.Керуендегі түйелердің үсті толы торлар,торларда табиғаттағы неше түрлі құстар қанаты қайырылып,зарланып,қиналып келе жатыр.Бала керуен басшысына барып былай дейді:-Уа,мәртебелім,мына құстар қатты қиналып келе жатыр,оларды азаптамай,босатып жіберіңіз,-дейді.-Мен оларды сату үшін алып келемін,оларды ұстау үшін бір қалта алтыным кетті.Ал сен маған не бересің -дейді.-Мен сізге бір қалта алтын берейін,-дейді бала.-Ол аз ғой,осы жерге алып келгенше қанша жем кетті,олардың ақысына не бересің ? Бала үндемей қалды.Сонда керуен басы:-Егер сен маған құстардың аттарын толық айтып берсең,мен оларды босатамын,-дейді.

-Келің,балалар,мына балаға көмек берейік.Табиғатта қандай құстар бар?:Балалар өздері білген құстардың аттарын атайды.Мысалы:дуадақ,бүркіт,қарлығаш,ләйлек,сандуғаш,қаз,үйрек,бұлбұл,қырғауыл,торғай,қараторғай,тоқылдақ,қарға,тырна,көкек,бірқазан,сауысқан,шымшық,шіл,кептер және т.б.

-Бәрекелді,балалар,міне,сөйтіп,біздің көмегіміздің арқасында құстар азат етіліп,ұшырыл жіберілді.Көкке қарап қуанып тұрған бала,бірден өзгеріп,төмен қарады.Себебі бір қалта алтынды құстар үшін төледі ғой.Ұстазға өтірікші болдым-ау,енді кері қайтып бар шындықты айтамын,-деп кері жолға түседі.Шөл даланың ортасында шаршап,бала ұйқыға кетеді.Түсінде құдайдың көп құстары тұмсығымен жер шұқып отыр,олар қазған шұқырға басқа құстар тұқым салып жатыр,ал тағы бір құстар тұмсығымен су әкеліп құйып жүр.Бала оянып қараса әдемі бақта жатыр.Бала қуаныштан жүрегі алып-ұшып,ұстазына асығады.

Сол баққа бір күндері жолбарыс келіп жасай бастайды.Оның баласы алан құстармен достасып,көңілді өмір сүреді.Бір күні аланға тырна хат әкеліп береді.Алан хатты анасына оқытпақшы болып,үйге қарай асығады.Бірақ жолда хатты түсіріп алады.Үйіне барғанда хатты таба алмайды.Іздеп-іздеп,зер-зебіл болады.Көмекке құстар келіп,олар да іздейді,бірақ таба алмайды.Сонда кәрі үкі келіп,былай дейді:-Ол хатты сауысқан тауып алып,өлмес Кащейге берді,Кащей оны жұмыртқаға салды,жұмыртқаны үйрекке,үйректі қоянға,қоянды сандыққа салды.Сандықты биік еменге ілді.Оны алу үшін Өлмес Кащейдің шарттарын орындау керек,-дейді,-әрбір шартты дұрыс орындасаң,хатқа тез жетесің.Алан еменге қарай жол алды.

-Балалар аланға көмек беріп,шарттарын бірге орындайық.

Кащейдің 1-шарты:Үй құстары нелер және адам оларды не үшін бағады? Кәне балалар аланға көмек берейік.Үй құстары мыналар:қаз,үйрек,тауық,күркетауық.Адам олардың жұмыртқасын,етін азық етіп,пәрін жастық етеді.Сол үшін адам оларды үйде күтіп,жем береді,бағады.Алан дұрыс айтты.Бәрекелді,балалар,қараңдар,сандық жерге түсті.

Енді Кащейдің 2-шартына келейік:Жабайы құстар нелер және олар қалай қоректенеді ? Балалар көмек беріңдер.Жабайы құстар мыналар:кептер,дуадақ,тоқылдақ,құр,шіл,торғай,бұлбұл,бүркіт,қарға,сауысқан,шымшық,тотықұс және т.б.Олар жеміс-жидектерді,құрт-құмырсқаларды азық етеді.Бәрекелді,балалар,Алан дұрыс айтты.Ұараңдар,сандық ашылды.Бірақ қоянды ұстау үшін Кащейдің 3-шартын орындайық.-Құстар ұша ма,жүзе ме,жүре ме? Қалай әрекет етеді? Қәне балалар көмекке асығайық.Құстар ұшады,жүзеді,жүреді.Бәрекелді,балалар,өте дұрыс.Қараңдар алан қоянды ұстап алды,бірақ одан үйрек ұшып кетті.Енді оны ұстау үшін Кащейдің 4-шартын орындауымыз керек.-Жыл құстары деп неге айтады ? Көмек берің балалар.Күзде жылы жаққа кетіп,көктемде қайтып оралатын құстарды жыл құстары дейміз.Жарайсыңдар балалар,алан үйректі ұстады,бірақ одан жұмыртқа шығып,көлге түсті.Енді не істейміз? Өлмес Кащейдің 5-шартын орындайық.Отырықшы құстар деп неге айтылады? Жылы жақтарға кетпей,қыста туған жерде қалатын құстарды отырықшы құстар деп атайды.Олар:сауысқан,қарға,ала қарға,торғай,шымшық.Жарайсыңдар балалар,міне аланға шортан көмек беріп,жұмыртқаны алды.Енді оны ашу үшін Кащейдің келесі 6-шартын орындайық.Бұл шарты сөзжұмбақ:

1.Тұмсығымен шымшып,Құрт тереді .......

2.Тоқылдатып мазаны ап,Тұмсығымен шоқып ап,

Ағаштарды емдейді,Емші атанған....................

3.Мықты құс бар сондай,Суықта да тоңбай,

Іздеп жүріп дән тапқан,Ұшып-қонған.........................

4.Қара түсті қарқылдақ,Ұшып-қонып жалпылдап,

Қоқыстарды шоқиды,Жем іздейді там-тұмдап.

Тамағы егер кездессе,Екі шоқып,бір қарар,

Қар үстінде жорғалар,Дейміз оны...................................

5.Ала шапан киеді,Қыпылықтап жүреді,

Секектеп бір тұрмайды,Өреден құрт ұрлайды,

Қалдықты жеп тауысқан,Аты оның.........................................

6.Күндіз жоқ,Түнде бар....................

7.Тал басында,Түндіксіз отау............................

8.Қайталап атымды,Көктемде ән салам,

Кез келген ұяға,Жұмыртқа қоя алам............................

9.Таң атқаннан айғайлап,Ұйқымды менің бұзады...........................

10.Жерде де жүреді,Суда да жүзеді,

Балпаңдап ермегі,Дән шоқып жүреді.......................

Бәрекелді балалар,Жұмыртқа ашылды.Қараңдар балалар,мынаның ішінде және бір жұмыртқа бар ғой.Бұл несі А,бұл Өлмес Кащейдің соңғы шарты ғой.Қәне балалар,құстар туралы өлең білеміз бе ? Ән айту.Бәрекелді балалар,мына жұмыртқа да ашылды-ау.Қараңдар ішінде алан жоғалтқан хат бар.Қәне оқып көрейік:

-Қадірлі алан,сізді Жамбыл атындағы 26-орта мектептің бастауыш сынып оқушыларымен ұшырасуға шақырамыз,-деп бүлдіршіндер.



Құстар туралы қызықты мағлуматтар:

-Дүниедегі ең кішкентай құс-колибри деп аталады.

-Оңтүстіктен ең бірінші ұшып келетін құс-қараторғай.

-Өте сәнді құс-тауыс.

-Әлемдегі үлкен құс-африкалық түйе құс.

-Дүние жүзінде саны жағынан құстардан бірінші орынды торғайлар алса,екінші орынды үй тауығы алады.

-Кейбір колибри қанатын минутына 200 рет қағады,оның ұясының үлкендігі жаңғақтың жартысындай,ал жұмыртқасының салмағы 2 грамм болады.



Ертеде құстардың дауысына,қимылдарына қарап ауа райын да болжаған екен:

-Әтеш кешкісін шақырса ауа райы өзгереді.

-Көктемде қарлығаш келісімен күн күркіреу басталады.

-Сұр қарлығаштар төмендеп ұшса,жауын болады.

-Тырна келісімен күн жылынады.

-Тауықтар құмға шомылса,ауа райы бұзылады.

-Құр мен шіл қар астын қорғаласа,кешікпей-ақ боран болады.

-Сары шымшық ысқырса шынымен күз болғаны.

-Ерте көктемде қарға суға шомылса,күн жылынады.

-Халықта «Құста сүт жоқ «деген сөз бар.Бірақ,жұрттың бәріне мәлім бір құс – бұл кәдімгі көгершін.Жұмыртқаларын жарар алдында көгершіннің бауыры жуандайды.Демек,желіндейді.Бездері іседі.Ол балапандарын жарық дүниеге әкелісімен,өз сүтімен асырайды.Сондықтан,барлық құста бірдей сүт жоқ деу бекер екен.

Құстар болмай қалса,не болады Апат болады.Ормандар,далалар үнсіз қалады.Құстар туралы өлеңдер мен тақпақтар жазылмайды.Зиянды жәндіктер мен кеміргіштер қаптап,бақтар мен бақшаларды қаңыратып тастайды.Құрттар,қабық қоңыздар ормандарды кеміріп тастайды.Орман жемістерінің тұқымдарын тарататын ештеңе қалмайды.

Құстарға жемшашар жасап,ағашқа іліп қою керек.Жемшашарға жем салу керек.























26 Жамбыл атындағы орта мектеп



Дүниетану







«Құстардың тіршілігі»

C:\Users\Public\Pictures\Sample Pictures\Penguins.jpg

Бастауыш сынып мұғалімі:Құрбанбаева Маржанай Садвакасовна









Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров231
Номер материала ДВ-394448
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх