Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ !! Су-еріткіш.Суда еритін және ерімейтін заттар.Судың маңызы.

Ашық сабақ !! Су-еріткіш.Суда еритін және ерімейтін заттар.Судың маңызы.


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 2 «б»

Пәні:Дүниетану

Тақырыбы: Су-ерткіш.Суда еритін және ерімейтін заттар.Судың маңызы.

Мақсаты:

Білімділік.Судың адам өміріндегі маңыздылығы,оны қорғау қажеттілігі туралы әңгімелеу.Әр түрлі тәжірибелер нәтежесінде судың қасиеттерімен оқушыларды таныстыру.Су туралы ғылыми түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың байқағыштығын,білімге деген құштарлығын дамыту.Әр түрлі деңгейлік тапсырмаларды бере отырып,оларды шығармашылық ізденіске баулу.

Тәрбиелік: Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап аялауға үйрету.

Көрнекілігі: сызбалар,суреттер,мақал-мәтелдер,жұмбақтар, схемалар,тәжірибеге қажетті құралдар.

Сабақ барысы :І.Ұйымдастыру кезеңі:

Күндей күлімдеп

Айдай арайланып

Жұлдыздай жарқырап

Судай мөлдір таза көңілмен ,

Біз сабақты бастаймыз.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Ой шақыру:

Жұмбақтың шешуін табу арқылы топқа ат қою.

1.Сынаптай жылтырап

Биіктен сырғиды.

Ән салып былдырлап,

Іздейді ылдиды .

І.Топ: Бұлақ

2.Көп бытыра қорғасын,

Көбейтіп жердің олжасын.

ІІ.Топ: Жаңбыр

3.Жапалақтап жауады,

Жердің бетін басады.

ІІІ.Топ: Қар

Поэзия минуты арқылы бүгінгі өтілетін сабақтың тақырыбын ашу,яғни сумен байланысты екенін аңғарту.

Су деген тіршіліктің қаны емес пе

Су деген табиғаттың жаны емес пе.

Су жоқ жерде өмір жоқ ол ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе.

(М.Хакімжанова)

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Үйге берілген «Су» мәтіні бойынша 3-4 оқушыға мазмұнын айтқызу.

2.Оқушылардың өздеріне сұрақ қойып қорыту.

ІV.Ой толғаныс:Өткен материалды бекіту.Әр топ үй тапсырмасына берілген мәтін бойынша ,өткенді қайталау.

Топтық жұмыс.

1.Бұлақ тобы: Судың қандай қасиеті бар?

2.Жаңбыр тобы: Су қандай күйде болады?

3.Қар тобы: Адам өміріне не қажет?

VІ. Жаңа сабақ. Тәжірибе жасау.

1.Суға тұз салып қорытынды шығарамыз.

2.Суға ас содасын салып қорытынды шығарамыз.

3.Суға сазды салып қорытынды шығару.

-Балалар шыққан қорытындыны дәптерге жазайық.

Сонда суда еритін және ерімейтін заттар болады екен.Сонда нелер ериді,басқа тағы қандай заттарды білеміз?

Мұғалімнің тәжірибесі:Таза суды шыны бетіне тамызып астынан май шаммен қыздыру .Су буға айналып ұшып кетеді.Ал шыны бетінде ақшыл дақ қалады.Таза судың өзінде еріген заттар бар.еріген заттар ащы суларда көп болады.бұл суда еритін заттар.Ал суда ерімейтін заттар суды лайлайды.

V.Көпір тапсырмасы :«Су туралы не білеміз?»

VІ. Оқулықпен жұмыс : Судың маңызын тізбектеп оқыту.

Суда мекендейтін жануарлар: Су өрмекшісі өзіне үйшігін су астына тұрғызады.

Құндыздың ұясы үйілген шөп –шаламға ұқсас. Кіретін есігі су астында болады.

Су бүркіті ұясын балыққа бай өзен жағасына салады.

Суда өсетін өсімдіктер: лалагул ,қамыс, балдыр.

VІІ. Шығармашылық жұмыс.Мақал-мәтел, тиым сөздер айту.

VІІІ .Артық болмас білгенің.

Сусыз тіршілік болмайды. Су бар жерде бау-бақша, орман, тоғай, бітік шыққан егін, мыңғырған мал бар. Сондықтан қазақ «Сулы жер- нулы жер» дейді. Адам денесі де судан тұрады. Салмағы 70кг адам денесінің 50кг су болады. Қазақ халқы суды қадір етумен қатар, оны жалпы халыққа, жан- жануарлар дүниесіне өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған. Жер шарында көп тараған сұйық зат су. Оның көлемі құрлықтан 3 есе. Жер бетін 70% су алып жатыр. Көптеген жануарларда адамдар сияқты су ішеді. Олар сусыз тіршілік ете алмайды. Кесіртке, түйелердің шөлге төзімділігі туралы әнгімелеу.

ІХ.Бекіту.Венн көрсету.Су мен ауа


Х.Үйге тапсырма. Бағалау .Топты бағалау және жеке оқушыны бағалау.

Үйден оқулықтағы 44-47 бетті оқу, «Сусыз-тіршілік жоқ» тақырыбына эссе жазу.


Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров182
Номер материала ДВ-265645
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх