Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ашық сабақ "Сурет сабағында" (4 сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ "Сурет сабағында" (4 сынып)

библиотека
материалов

Бекітемін

«А.С.Макаренко атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ директоры--------------Р.М.Мауленова




Қазақ тілі пәні бойынша өткізілген ашық сабақтар кестесі



Мұғалімнің аты-жөні


Сабақтың тақырыбы

сынып

мерзімі

Альтаева Ш.С.


Сурет сабағы

4 «Б»

23.10.04

Бердібекова Г.Б.


С.Торайғыров

7 «А»

23.10.14

Бабаева К.Т.


Сурет сабағы

4 «Б»

23.10.14

Кудашова Г.К.


Қыркүйек.Қазан. Қараша

6 «Б»

23.10.14

Шұғаева Б.С.


Бос уақыт

5 «Б»

23.10.14









Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Бабаева К.Т.





4 «Б» сынып

Сабақтың тақырыбы: Көп тіл білсең, көк жиегің кең болар

Сабақтың мқсаты: 1. «Уақыт» атты модулінде алған білімдерін тиянақтау, тереңдету, септік жалғауларын ажыратта білуге жағдай жасау.

2. Оқушылар бойында мемлекеттік тілдің маңызы, қызметі, қоғамдағы рөлі туралы түсінік бере отырып, қызығушылығын ояту, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, насихаттау.Ертегі арқылы балаларды сабаққа қызықтыру.

3. «Уақыт» тақырыбы бойынша сөздік қорын анықтау, сөйлесу дағдыларын дамыту, септіктерді қолдана білу

Сабақтың типі: дәстүрлі емес

Сабақтың түрі: Сайыс

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, ізденіш, кластер сызу, деңгейлік тапсырмалар, жекеше, топтық, фронтальдік жұмыс, рефлексия, бағалау парағы.

Сабақ көрнелігі: деңгейлік тапсырмалар, алма ағаштың суреті,сағат, слайдтар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

Сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме, апайлар мен оқушылар!

Біздің тобымыздың аты:

Біздің тобымыздың аты:

Тілектер: «» тобына сәттілік тілеймізІ

«» тобына мейірімді болуға тырысыңдар.

ІІ Мақсат қою

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар,  қадірменді ұстаздар, қонақтар кауымы! Күздің осындай жайма шуақ күні сіздермен қауышып отырғанымызға шексіз қуаныштымыз!

«Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар» атты сыныптан тыс сабағына қош келдіңіздер! Сіздердің алдарыңызда 4 «Б» сынып оқушылары.

Қазақ тілі – дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл—қазақ тілі. Мемлекеттік тілді құрметтей білімуіз керек.

Өткірдің жүзі,

 Кестенің бізі,

Өрнегін сендей сала алмас, - деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де - осы қасиетті тіліміз.

ІІІ Жан-жақты білімді тексеру

  1. Жыл Қарияның балалары туралы ертегі тыңдау.

Ертеде Жыл Қарияның екі қызы, екі ұлы болыпты.Оның қыздары да, ұлдары да өте әдемі, әрі еңбекқор екен. Ең үлкені әдемі, көңілді, көркем қыз екен. Ол ертеден кеш батқанша тынбай еңбектеніп, ағаштарды күтіп баптап, бақтан, бақшадан шықпапты.Оның бағындағы әдемі гүлдердің иісіне елітіп, алыс жақтан әр түрлі құстар ұшып келеді.

--Бұл қыздың ата кім,балалар?

-- Әрине Көктем қыз.

Келесі қызы да ашық- жарқын, мейірімді, жайдары болыпты. Ол қабақ шытып, ашуланбайды екен, әрқашан өзінің жұмысын істеп, айналадағы табиғатты түрлендіріп отырыпты. Ол еңбек еткен адамдарды өте жақсы көріпті және олардан барын аямапты. Ол әрқашан жап-жасыл көйлек киіп жүріпті.

--Бұл қыздың ата кім,балалар?

-- Әрине Жаз сұлу.



Бұдан кейінгі ұлы өте жомарт, берекелі, үнемі тынбай ізденіс үстінде жүріпті.. Ол еңбекқор адамдарға өзінің жиған- тергендерін қиналмастан үлестіріп бере салады екен, ал жалқаулар одан ештеңе ала алмапты. Ол үстіне үнемі сап- сары киім киіп жүреді екен.

--Жыл Қарттың баласының аты—Күз

Келесі баласы үстінен аппақ киімін тастамай киіп жүреді екен. Оның мінезі қатал болыпты., Тек өзінің айтқанымен жүреді екен, бірақ ол да еңбексүйгіш адамдарға мейірімен қарапты., ал жалқаулар оның алдында ызғарына шыдай алмапты.

--Бұл қай мезгіл?

-- Қыс мезгілі.

2. «Әңгіме жарысы», сурет бойынша жыл мезгілдері туралы әңгімелеу.

3. «Ақсүйек» ойыны

4. «Алма жинау» ойыны

5. Топтық жұмысы: Қай топ көп сұрақ қояды?

6. Топтық жұмыс: Сағат қанша?

7. Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей «Менің күн тәртібім» атты әңгіме құрау.

ІІ деңгей «Қоян мен қонжықтың күн тәртібі» атты әңгімені қайталау.

ІІІ деңгей «Диалог» 121- бет, 5- тапсырма қайталау.

ІҮ Бекіту Кластер сызу. Уақыт өлшемдері.

Ү Үйге тапсырма беру Бағалау парағы Өткен модульді қайталау.



Бекітемін

«А.С.Макаренко атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ директоры------- Р.М.Мауленова







Қазақ тілі пәні бойынша 4 «Б» сыныбына арналған ашық сабақ:

Сурет сабағы











Өткізген қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: Бабаева К.Т.











2014-2015 оқу жылы





Атау септік Ілік септік





Барыс септік Табыс септік





Жатыс септік Шығыс септік





Көмектес септік































































Сабақтың тақырыбы: Сурет сабағы

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың тақырып бойынша тілдесім әрекеттерін жандандыру.Осы мақсатта түрлі әдістерді қолданып, оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі меңгерту. 2. Оқушыларды сабақ барысында тәртіліптілікке, бір-бірін көмек қолын беруге даярлыққа және көркемділікті сезінуге тәрбиелеу. 3.Сөздік қорын дамыту. Оқушылардың саналы түрде байланыстырып сөйлеуге дағдыларын дамыту

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру,мәнерлеп оқу,сұхбаттасу,сұрақ-жауап, миға шабуыл, ой шақыру, рефлексия

Сабақтың көрнекілігі мен құралдары: сурет, слайдтар, бағалау парағы

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І

Ұйымдас-

тыру





2-минут

Балалар,алдарыңда жатқан смайликтарды таңдап алыңдар. Қазіргі көңіл-күйлеріңе қайсысы жақын, соны көрсетіңдер.

Яғни, сендердің көңіл -күйлерің өте тамаша екен, сонымен хормен тақпақ айтайық

Таңдаған смайликтарды көрсетеді



Тақпақ

Менің халім тамаша,

Сіздікі де тамаша!

Сенің халің жақсы ма?

Оның халі жақсы ма?

Барлығы да тамаша

ІІ Үй жұмысын тексеру 2 минут

Қазір үй жұмысын тексеріп шығайық, үйге берілген тапсырма--59-бет,5-тапсырма, сөздердің түбірін тауып жазу.Кім дайын?

1,2 оқушы оқиды.

ІІІ Жалпы білімін тексеру 5 минут

Кәне, балалар, өткен сабақтарды қайталап шығайық, бір-бірлеріне сұрақ қоясыңдар

Топтық жұмыс,

Жұптық жұмыс.

ІҮ Сабақтың мақсаты

Бүгінгі сабақ- ашық сабақ

Ой шақыру.

Біз «Мектеп өмірі»атты модульді бастадық. Қазақ тілі сабағы, орыс тілі сабағы,математика сабағы, ән сабағы туралы айттық. Ал, енді тағы бір сабақ қалды. Ол сабақ сендерге өте ұнайды, онда сендер табиғаттың, заттардың көркемділігіне назар аударасыңдар. Ол сабақты кім береді?

Демек, бүгінгі тақырыбымыз қалай аталады? Дәптерлеріңе бүгінгі күнді және тақырыпты жазыңдар





















Сурет сабағы

Ү Жаңа сабақты түсіндіру



5 минут



2 минут







5минут













5 минут







7 минут











5 минут

  1. Енді, балалар, мына жаңа сөздерге назар аударайық, №2 слайд, хормен оқып, тіл жаттықтырамыз.





  1. 3 слайд. Үлгі бойынша сөйлем құрап үйренеміз





  1. «Миға шабуыл». Жаңа сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме немесе сөйлем құрап көрейікші. 59-бет, 1- тапсырма

  2. Келесі, 2- тапсырмаға назар аударайық, бұл жерде не берілген?

Диалогті хормен оқимыз,

Екеуара оқимыз және аударамыз

«Ыстық үстел» атты ойын ойнаймыз

  1. 3- тапсырмаға көшейік, хормен өлеңді оқып шығайық, қалай түсіндіңдер? Тағы хормен оқып шығайық, мылқаулап, көрсетіңдер

  2. Жазбаша жұмыс, сұраулы сөйлем жасау. Тақта алдында.


Сөздік

Сурет сабағы- урок рисования

Сурет салды-рисовали

Бояу- краска

Суретші- художник



Вова ... салды. .... ... бояумен бояды





І , ІІ деңгей әңгіме құрайды.

ІІІ деңгей сөйлем құрайды.

Әңгімені параққа жазады.





Диалог берілген





Жұптық жұмыс



О.О.О--- О сұрақ- жауап



Топтық жұмыс. Проект сызады. Қорғайды.







Жеке жұмыс.60-бет, 5- тапсырма

ҮІ Түсінігін тексеру 3 минут

«Сурет сабағы» атты әңгіме құрау.

Сөздерді сөздіктеріңе жазу.

І,ІІ деңгей

ҮІІ Үйге тапсырма

2- минут

60- бет,3-тапсырма, өлеңді жаттау

Бағалау

Бағалау парағы

ҮІІІ Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу



Бағалау парағы


Оқушының аты -жөні

Сурет бойынша жұмыс

Диалогпен жұмыс

Өлең

Жазбаша жұмыс

Кирилл





Ариша





Ксения





Алина





Бағалау парағы




Оқушының аты -жөні

Сурет бойынша жұмыс

Диалогпен жұмыс

Өлең

Жазбаша жұмыс

Вероника





Владислав





Алина





Милана









Бағалау парағы


Оқушының аты -жөні

Сурет бойынша жұмыс

Диалогпен жұмыс

Өлең

Жазбаша жұмыс

Сабина





Андрей





Егор





Вика





Қазақ тілі пәні бойынша өтілген ашық сабақтың өзіндік сараптамасы

Бабаева К.Т.

4 «Б» сыныбына арналған «Сурет сабағы» атты ашық сабақты алдынан ала жоспар құрып, үш дидактикалық мақсатын ойластырып, қолданатын әдіс- тәсілдерін қарастырып, оқушылардың білім деңгейлеріне көңіл бөліп жоспарланған сабақты жақсы өткізуге тырыстым.

Қазақ тілі пәні бойынша тыңдалым, оқылым, айтылым, тілдесім, жазылым дағдыларын дамытуға, әрекеттерін арттыруға қойылған мақсаттарын қалыптастыруға жағдай жасау керек. Сондықтан тапсырмаларды түрлендірдім. Сабақ ізденімдік, шығармашылық, жұптық, топтық,жеке, жағдаят, рөлдік ойын тапырмаларымен қамтылды. Сабақ тартымды өту үшін интербелсенді тақта қолданылды.

Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде «Көңіл- күйлерің қалай?» деген сұрақ арқылы психология жағынан оқушыларды сабаққа дайындығын, яғни көңілдерін көтеріп, алдарындағы көңілдеріне жақын смайликтарын көрсетіп, «Менің көңілім тамаша» деген тақпақты хормен айтқызылды. Үй жұмысын тексеру кезеңінде 2-3 оқушы дәптерлерінен жазбаша жұмысын оқып, түбірлерін анықтады.Білімді тексеру кезеңінде оқушылар бір-бірлеріне сұрақ қойып жауабын айтып отырды.Жаңа тақырыпқа көшкенде, «Ой шақыру» әдісі қолданылды.Жаңа сөздермен жұмысынан кейін сурет бойынша сөйлем құрауға кірісті, бұл – жеке жұмыс болды .Диалогпен жұмысында жұптық жұмысы ұйымдастырылды. Диалогті еске сақтау үшін «Ыстық үстел» ойыны өткізілді. «Мынау—сары қарындаш» атты өлеңді, түрлі түсті қарындаштарды көрсетіп, хормен айтып, мылқаулап көрсетіп еске сақтау қабілеттерін дамытуға жетелінді. 2-3 оқушы тақта алдында қарындаштарын көрсетіп, өлеңді жатқа айтты. Жазбаша жұмысына көшкенде, берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемге ауыстыру мақсатында деңгейлік тапсырма орындатылды. Бекіту кезеңінде оқушылар түсінгенін сызба арқылы көрсетіп,топтық жұмысын іске асырды.Содан кейін формативті және өзін-өзі бағалау әдістері өткізілді. Сабақтың соңында үй тапсырмасы берілді. Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазып смайликтардың қасына ілді.

Қойылған мақсатқа жеттім деп ойлаймын, сабақта оқушылар өз білімдерін көрсете білді, белсене қатысты.



4

Сабақтың тақырыбы: вокзалда
4 сынып. 
Сабақтың мақсаты :Оқушылардың Қазақстанда мекендейтін жануарлар туралы білім-біліктерін арттыру. 
Міндеттері: 
1.Біліктілік:Қазақстанда мекендейтін жануарлар туралы білімдерін жинақтау, бір жүйеге келтіру.Білгендерін қайталау,тереңдету,дүниетанымдарын кеңейту. Септіктерді қаншалықты деңгейде меңгергенін тиянақтау. 
2.Дамытушылық:Сауатты жазуға, сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жануарлардың мінезін сипаттауға үйрету. Ойлауға, салыстыруға, ізденуге баулу. 
3.Тәрбиелік: Туған өлке табиғатына, онда өмір сүретін жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ. 
Сабақтың әдістері: интерактивтік тақта, компьютермен жұмыс, диалог, ой қозғау. 
Пәнаралық байланыс: дүниетану, информатика,жаратылыстану. 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Оқушылармен сәлемдесу. 
2. Оқушыларды түгендеу. 
3. Сабаққа кіріспе. 
Психологиялық дайындық. 
- Бүгін кезекші кім? 
- Бүгін нешесі? 
- Аптаның қай күні? 
- Жылдың қай мезгілі? 
- Бүгін сабаққа деген көңіл-күйлерін қандай? (смайлик көрсету) 
- Сабаққа дайынбыз ба? 
II. Үй жұмысын тексеру. 
- Оқушылардың дайындап әкелген жануарлар туралы қысқаша мәліметтерін тыңдау.
- Жануарлар туралы жаттаған өлеңдерін тыңдау. 
III. Негізгі бөлім. Сабақтың мақсатын және тақырыбымен таныстыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі: 
- Бүгін қазақ тілі сабағы күндегіден өзгеше, әрі ерекше өтпекші. Себебі, бүгін бізде кіріктірілген сабақ, яғни ресурс орталығы оқытушысымен байланыстырып отырмыз. Және сабағымызда қонақтарымыз бар. Сөз кезегін ресурс орталығының оқытушысына береміз. 

IV. Ой қозғау. Ассоциация. 

Су Құрлық Орман Хайуанаттар бағы 

Адам досы Жыртқыш Табиғат 
а. Сөз тіркестерін құру. Жыртқыш аң, әдемі табиғат, хайуанаттар бағы, қу түлкі, орман қожасы,қорқақ қоян. 
б. Сөйлем құрау. Аю-орман қожасы. Қазақстанның табиғаты әдемі.Мен хайуанаттар бағында болдым. 
V. Сөздік жұмыс. 
Жолбарыс-тигр жыртқыш- хищник 
Күшті-сильный Ірі-крупный 
Зіл-бегемот Мекендейді- обитают 
Керік- жираф Қабан- дикая свинья 
VI. Мәтінмен жұмыс. 
Жануарлардың мекені. 
Алтай,Алатау,Тарбағатай таулары-Қазақстан жануарларының мекені. 
Жабайы жануарлар мен жабайы құстар таулы, орманды, жазық жерлерде тіршілік етеді. Бұл жер- олардың тіршілік ететін тұрақты мекені.Олар осында қыстайды. 
а)Жабайы аңдардың мекенің ата. 
ә)Жабайы аңдарды ата. 
б)Жануарлардың мінезі қандай? 

VII. Сергету сәті. 
VIII. Лексика-грамматикалық тақырып. Септіктерді қайталау. 
1. Септеу. Интерактивті тақтамен жұмыс. 
2.«Жануарларды топтасыру» ойынын өткізу. 
Бір бағанаға үй жануарларын, екінші бағанаға дала жануарларын топтастыру. Интерактивті тақта бойынша жұмыс. 
4. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. 
№1 
Көп нүктенің орнына а немесе ә әріпін қойып,көшіріп жазындар. 
Ж...яу, ж....й, ш...й, д...птер, ...демі, с...біз, с...н, т...р, т...н, с...л. 
№2 
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғандар. 
Ақын, қазақ, ғалым, қала, оқушы, мұғалім, бөлме, ұшқыш, мектеп, сөздік. 
№3 
Көп нүктенің орнына ұ немесе ү әріптерін қойып, көшіріп жазындар. 
Ж...мыс, к...н, қ...с, т...н, т...р, б...гін, с...т, д...кен, б...л, ...шқыш, м...ғалім. 

№4 
Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғандар. 
Өшіргіш, кітап,қағаз, сөре, оқулық, дәптер, қалам, қарындаш, сөмке, сурет дәптер. 
5. Ребус бойынша жұмыс. 
IX. Сабақты бекіту. (Рефлексия) 
1.Бүгін сабақта қандай жұмыс жасадық? 
2.Не білдік? 
3.Ең жүйрік қандай аң? 
4.Қоянның неше түрін білесіндер? 
Көңіл-күйлерін қалай? (смайлик көрсету) 
X. Бағалау. Оқушылардың сабаққа қатысуына, білімдеріне байланысты бағалау. 
XI. Үйге тапсырма. «Үй жануарлары мен жабайы жануарлардың ортақ қасиеттерін жазу», сөздік жаттау.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-511077

Похожие материалы