Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru
Инфоурок Начальные классы Рабочие программыАшық сабақ: "Сөйлем мүшелерінің байланысы"

Ашық сабақ: "Сөйлем мүшелерінің байланысы"

библиотека
материалов


Астана қаласы

55 орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Молдалиева Жанар Шүкірәліқызы



Қазақ тілі

3 «Б» сынып



Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлем мүшелерінің байланысы туралы алған теориялық білімдерін бекіту. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы оқушылардың байланыстыра сөйлеуін, тіл байлығын, логикалық ойлауын дамыту, елге, жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезім ояту.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларға ұлттық тәрбие беру, таза сөйлеуге тәрбиелеу, елжандылыққа, ұлтшылдыққа, адамгершілікке, тілін, дінін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау, жаттығу, ойын, сипаттау.

Пән аралық байланыс: Әдебиеттік оқу, математика, дүниетану.

Көрнекілігі: Нақыл сөз, таратпа қағаздар, талдау.

Қолданылатын технология: ОСКТ технологиясы

Сабақтың типі: Жаңа сабақ меңгеру.


Сабақтың жоспары:

I Ұйымдастыру кезеңі - 2 минут

а) Психологиялық дайындық

II Үй тапсырмасын тексеру - 7 минут

III Жаңа сабақ - 5 минут

IV Дәптермен жұмыс - 7 минут

а) Көркем жазу жолдарын жазғызу.

б)Сөз сазындық (фонологиялық) талдау.

V Морфологиялық талдау - 5 минут

VI Тақтамен жұмыс - 4 минут

VII Сергіту сәті - 1 минут

VIII « Егеменді» сөзіне математикалық тәсілмен мінездеме беру - 7 минут

IX Синтаксистік талдау - 4 минут

X Қорытынды - 1 минут

XI Үйге тапсырма - 1 минут

XII Бағалау - 1 минут

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын түгелдей сабаққа аудару

а) Психологиялық дайындық

Сатылаймыз, талдаймыз,

Талдаудан еш талмаймыз.

Талаптылар жиналдық,

Білімнен кенде қалмаймыз.


II Үй тапсырмасын тексеру.

Сөйлем мүшелері дегеніміз не? Сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Сөйлем мүшелері толық мағыналы сөздер болады: Марал (кім?) әңгімені (нені?) оқыды (не істеді?).

Бастауыш дегеніміз—Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш дейміз: Жаңбыр жауды. ( не жауды?).

Баяндауыш дегеніміз—Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөйлем мүшесін баяндауыш дейміз. Баяндауышқа не істеді? Не қылды? қайтті? Деген сұрақтар қойылады: Бала жүгірді. ( Бала не істеді?). Күн жарқырады. (Күн қайтті?)

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Досжан-студент. Абай- халық ақыны.

Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің тұрлаулы мүшелері дейміз.

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыштан тұратынын білеміз. Сөйлемнің қалған мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға кімнің? ненің? қандай? кімге? неге? қайда? кімді? нені? қалай? қанша? неше? нешінші? қайдан? қашан? немен? тәрізді сұрақтар қойылады.

Сөйлем мүшелері бір-бірімен байланыста болады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы білуге болады.

hello_html_m47c66958.jpg

5– жаттығу. Қарамен жазыған сөздерді байланысатын сөздерімен теріп жаз.

1.Кешке көлдегі құрбақалар дауысы анық естілді.2.Түнде жарғанат тез ұшады.

3. Орманда жыртқыш аңдар болады. 4. Гүлшат Астанадан ертең келеді.


III Жаңа сабақ.

Сөйлем мүшелерінің байланысы.

Сөйлем мүшелері бір-бірімен байланыста болады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы білуге болады. Мысалы: Үсен қиын есепті тез шығарды.

Үсен (кім?) шығарды.

Үсен (қайтті?) шығарды.

қиын (қандай?) есепті

тез (қалай?) шығарды.

есепті (нені?) шығарды.

IV Дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық.

Қолға қалам алайық.

Түп- түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.


а) Көркем жазу жолдарын жазғызу.

Дыбыс: Ж ж

Ж - бұл дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.

1. Үн мен салдырдың қатысына қарай: ж - ұяң дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда үннен гөрі салдыр басым.

2. Айтылу, жасалу тәсіліне қарай: ж – ызың дауыссыз дыбыс. Себебі, бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жуысып, ауа сүзіліп шығады.

3. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай: ж – тіс дауыссыз дыбысы.


hello_html_m89284f6.jpg

б)Сөз сазындық (фонологиялық) талдау:


Желтоқсан

  1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолына қарай аралас буынды сөз. Себебі, сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан және жіңішке дауыстылар.

  2. Бұл сөз жел-тоқ-сан болп үш буынға бөлінеді. Себебі, сөздің құрамында үш дауысты дыбыс бар.

Жел-тоқ-сан буыны бітеу буын. Себебі, дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталып тұр.

жел-тоқ-сан

˅ ˅ ˅

б.б


  1. Бұл сөз жел-тоқ-сан болып екі жағдайда тасымалданады. Себебі, сөз үш буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сәйкес тасымалданған.

  2. Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты. Сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынына қарай ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін сан-буындағы а-дауысты дыбысына түсіп тұр.

ˏ

Желтоқсан


  1. Сөзде буын үндестігі жоқ. Себебі, түбір сөз.

  2. Сөзде дыбыс үндестігі жоқ. Себебі, түбір сөз.


V Морфологиялық талдау.


Тәуелсіздік

  1. Бұл сөз үш құрамнан тұр: тәуел-сіз-дік

  2. Тұлғасына қарай – тәуелсіздіктуынды түбір. Себебі, синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен негізгі түбірге сөз тудырушы (-дік) жұрнағының жалғануы арқылы жасалған туынды түбір .

  3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.

  4. Тәуелсіздік – не? Деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл – зат есім. Зат есім дегеніміз – Кім? Не? Кімдер? Нелер? т.б сұрақтарға жауап беріп, заттың, нәрсенің, құбылыстың, деректі, дерексіз ұғымдардың атауын білдіретін сөз табы.

  5. Мағынасына қарай:

а) Жалпы есім. Себебі, бір келкі деректі ұғымның жалпылай аталуы;

ә) Жансыз. Себебі, тіршілік иесі емес.

б) Дерексіз. Себебі, көзбен көріп, қолмен ұстап тануға мезгілге берілген атау.

в) Нақты емес. Себебі, дерексіз болған нәрсе нақты болмайды.


hello_html_m5c1075b5.jpg



VI Тақтамен жұмыс.

1-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.


Енді міне біз тәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай
Отан үшін болуға да құрбандық

Өлең жолдарындағы сөздерге сұрақ қойып, сөйлем мүшелеріне талда.


2-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.

Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.

Жақын достарыңды құрметте.

Кемтар адамдарға көмектес.


hello_html_77ebeedf.jpg


VII Сергіту сәті:

Тәуелсіздік – азаттығың мәңгілік,
Соны жырла, соны шырқа, ән қылып.
Соны ғана әспеттеуге арналсын
Барша дәстүр, барша өнер, барша ғұрып.


3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз. Сол сөздердің қай сөзбен байланысатынын айт.

1.Әсел есепті ... шығарды. 2.Суретші ... табиғатты бейнеледі. 3. Асханада ...тамақ пісірілді. 4.Ұшақ ... көтерілді. 5.Достары Айбекті ... құтықтады.

Керек сөздер: жеңісімен, дәмді, тез, әсем, биікке.


VIII « Егеменді» сөзіне математикалық тәсілмен мінездеме беру.


Берілгені: Егеменді сөзінде қанша дыбыс бар, оның нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз екенін бізден сұрайды.

Ол былай өрнектеледі:
Берілгені: Егеменді = О = ---- = ?


Шешуі: Егеменді сөзінде сегіз дыбыс бар. Оның төртеуі – олар: 3е,і дауысты дыбыстар. Себебі бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады. Төртеуі- олар: г,н,д,м дауысссыз дыбыстар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап, ауа қысылып шығады.


Ол былай өрнектеледі:


4( 3е, і) дауысты о

Шешуі: 8о=
4( г,н,м,д) дауыссыз о



*Дауысты дыбыстар

А) Тілдің қатысына қарай:

Төрт дауысты дыбыстың төртеуі- олар :4( 3е, і) тіл алды немесе жіңішке дауыстылар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай созылып, үсті сәл төмендейді.Сөзде тіл арты немесе жуан дауысты дыбыс жоқ.


Ол былай өрнектеледі:


тіл арты немесе жуан Ø

4 =
4( 3е, і) тіл алды немесе жіңішке


Ә) Жақтың ашылу дәрежесіне қарай:

Төрт дауысты дыбыстың үшеуі- олар: 3(3е) жартылай ашық дауысты. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда жақ жартылай ашылып ауа еркін шығады. біреуі- ол:і қысаң дауысты дыбыс. Себебі бұл дыбысты айтқанда жақтар ашылып ауа қысылып шығады. Бұл сөзде ашық дауысты жоқ.


Ол былай өрнектеледі:

Ашық Ø + 3(3е) жартылай ашық

4 =
1(і) қысаң

Б) Ерінмен езудің қатысына қарай:

Төрт дауысты дыбыстың төртеуі-олар: 3е, і езулік дауысты. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ерін жиырылып, езу артқа қарай тартылады. Бұл сөзде еріндік дауысты дыбыс жоқ.


Ол былай өрнектеледі:


еріндік Ø

4 =
4(3е, і) езулік



*Дауыссыз дыбыстар

а) Үн мен салдырдың қатысына қарай:

Сегіз дыбыстың төртеуі-олар: 2(г, д) ұяң дауыссыз. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда үннен гөрі салдыр басым; екеуі-олар:м,н үнді дауыссызы. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда салдырдан гөрі үн басым.


Ол былай өрнектеледі:


қатаң Ø + 2(г, д) ұяң

4 =
2(м, н) үнді


ә) Айтылу, жасалу тәсіліне қарай:

4 дауыссыз дыбыстың екеуі – олар : д, г шұғыл дауыссыздар. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне қатты соқтығысып, ауа кілт үзіліп шұғыл шығады; екеуі - олар: м, н мұрын жолды дауссыз. Себебі, бұл дыбыстарды айтқанда ауа мұрын арқылы шығады. Сөзде ызың, діріл, ауыз жолды дауыссыз дыбыстар жоқ.


Ол былай өрнектеледі:


2(д,г) шұғыл + ызың Ø

4 =
діріл Ø + ауыз жолды Ø + 2(м,н)мұрын жолды


б)Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің қатысына қарай:

4 дауыссыз дыбыстың біреуі ол: 1(м) ерін + 1(н) тіл алды + 1(г) тіл ортасы + 1 (д) тіл мен тіс


hello_html_619acf26.jpg

Ойын: «Бірлік»

Шеңбер құрайық, бірлік сөзін талдайық. Бірлік болса біз үнемі жеңеміз.


IX Синтаксистік талдау.


Ердің атын еңбек шығарады. Мақал

  1. Сөйлемде бір тыныс белгі бар. Ол – нүкте (.). Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр.

  2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі, ой баяндай жеткізіліп тұр.

  3. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден құралып келіп, тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр.


Отан – отбасынан басталады. Мақал

  1. Сөзде екі тыныс белгі бар. Олар –нүкте және сызықша.

а) Нүктенің қойылу себебі ойды аяқтап, сөйлемді тиянақтап тұр.

ә) Сызықшаның қойылу себебі бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса бастауыштан кейін қойылады.

2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі, ой баяндай жеткізіліп тұр.

3. Құрылысына қарай – жай сөйлем. Себебі, бірнеше сөзден құралып келіп, тиянақты бір ғана ойды білдіріп тұр.



hello_html_m46e2535a.jpg



Сипаттау:


hello_html_m70c446a9.jpg



X Қорытынды:

  • Біз бүгін нені білдік? Нені үйрендік?

  • Сөйлем мүшелері қалай байланысады?

  • Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?



XI Үйге тапсырма: 4-5 – жаттығу, 85 бет

XII Бағалау: Оқушылардың белсенділіктері мен дұрыс жауаптарына қарай бағалау.

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Учитель начальных классов
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Методика преподавания информатики в начальных классах»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Оказание психолого–педагогической помощи лицам с ОВЗ»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

Репетиторы онлайн

✅ Подготовка к ЕГЭ/ГИА
✅ По школьным предметам

✅ На балансе занятий — 1

Подробнее