Предпросмотр материала:
Тақырыбы:Сөйлемдегі сөздердің байланысы.
Ортақ мақсат: Өткен сабақты қайталап, жаңа сабақты меңгерту.Білімдерін тиянақтап, пәнге қызығушылығын арттыру.Білім,білік дағдысын қалыптастыру.
Негізгі идея: Топтық жұмыс арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтай білуге үйрету. Сөйлем құрастыра білуге дағдыландыру, сөз таптары мен сөйлем мүшелері туралы білімдерін бекіту. Сөйлеу мәдениетіне төселдіру.
Модуль: СТО,ОүБ және оқуды бағалау,жас ерекшелігіне қарай оқыту, дарынды оқушылармен жұмыс, .
Әдістер:Сұрақ-жауап әдісі, деңгейлік тапсырма,бағалау критерийлері,ДЖИГСО әдісі,шығармашылық жұмыс,өз бетінше жұмыс.
Дерек көзі:стикер,плакат,деңгейлік тапсырма,АКТ,суреттер,кесте.
|
Уақыт |
Сабақ барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|
І. 2мин |
Ұйымдастыру кезеңі.
«16 Желтоқсан –Тәуелсіздік күні»
|
Сәлемдесу.
Оқушыларды үш түсті лента арқылы топқа бөлу. Сұрақ-жауап арқылы үй жұмысын бекіту.
«16 Желтоқсан –Тәуелсіздік күні» мерекесімен байланыстыру арқылы сабақты бастау. |
Сәлемдеседі.
Мерекеге өз үлесін қосу арқылы сабаққа қызықтыру. |
|
ІІ. 5 мин |
«Миға шабуыл»үй жұмысын қайталау.
Үй тапсырмасын қорытындылау (Ауызша жұмыс)
|
Шеңберге тұрған оқушыларға сұрақтар қоя отырып, үй тапсырмасын пысықтау. (Сұрақтар ақ қағазға жазылған. Оның екінші жағында «16-желтоқсан-Тәуелсіздік күні» деген жазу бар. Жауап алынған бөлігін тақтаға жапсырып тұрады.)
Оқушыларды орындарына лента түстері бойынша топқа бөліп отырғызады.
1 топ – «Оқушылар мектепте оқиды» сөйлемдегі сөздердің байланысын анықта, сұрақ қой. 2 топ – «Жұмысшылар еңбек етеді» сөйлем екендігін анықта. 3 топ – «Балалар далада ойнайды» сөйлем неше сөзден құралған?
Осы сөйлемдер арқылы еліміздегі бейбітшілік өмірге тоқталып кету. |
Оқушылар жауап береді. Өз білімдерін тиянақтайды, жауаптарын мысалдар арқылы дәлелдейді.
.
Топқа бөлінеді
Дәлелдеу.
Анықтау.
Дәлелдеу. |
|
ІІІ. 8 мин |
Жаңа сабақ . Оқулықтан жаттығуларды дәптерге орындау
|
Оқулықта берілген жаттығуларды орындай отырып, бүгінгі сабақтың мақсатын табады. Жаңа сабақты өздері ашады: І топқа тапсырма: сөйлемдерді дұрыс құрап жаз 2 топқа тапсырма: сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет 3 топқа тапсырма:сөйлемдегі сөздерге жалғауларды жалғап, сөйлемдер құра.
|
.
Топтар бір – бірін бағалайды
Смайликтер арқылы бағаланады. |
|
ІУ. 3 мин
У. 6 мин
УІ 9 мин |
Сергіту сәті.
Шығармашылық жұмыс, тәрбиелік жұмыс, еңбекке баулу.
Постер құру.
|
Би
І.Әр топ дұрыс құрастырылмаған сөйлемді тауып ,қатесін түзеп дәптерге жазады. 1 –топ. Дәрігер адамды ауырған емдейді. 2-топ. Шопан бақты қой қора-қора 3-топ. Шахтерлер бұрғылап көмірді қазды. Тапсырма: 1- топ тапсырмасы: Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет. 2 – топ тапсырмасы: Қандай сөйлем түрін жаздың? 3-топ тапсырмасы: Хабарлы сөйлемнен сұраулы сөйлемге айналдыр.
1 топ: Сөйлем туралы анықтама беру. Сөйлем түрлері. 2 топ: Мәтін туралы не білеміз? 3-топ:Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері және сұрақтары |
Би билейді
Дәптерде орындайды.
Дәлелдеу
БАҒДАРШАМ-арқылы бағалау
Топпен топты бағалау |
|
УІІ. 3мин |
Қортындылау |
Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай табамыз? Сөйлем құрағанда сөздер қандай өзгерістерге түседі? |
Анықтамалар айтып,дәлелдеу. Әр топ құрастырған сөйлемдерін оқиды,басқалары жазады.Мәтін деген не? |
|
УІІІ 2мин |
Рефлексия |
Кері байланыс: Түсіндім............... Түсінбедім........... |
Стикер Қызыл көк |
|
ІХ. 1мин |
Үйге тапсырма |
|
Орындау |
|
Х. 1 мин |
Бағалау |
Қортынды баға шығару |
|
А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия
Қазақ тілі
«Сөйлемдегі сөздердің байланысы»
2 «Ә» сыныбы
Мұғалімі: Абдыкасымова Галия Жумановна
Арқалық қаласы
В каталоге 7 585 курсов по разным направлениям
Учебник: «Математика (в 2 частях)», Моро М.И., Бантова М.А., Бельтюкова Г.В. и др.
Тема: Числа от 1 до 100