Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Ашық сабақ "Сөз - ойдың айнасы"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ашық сабақ "Сөз - ойдың айнасы"

библиотека
материалов

Музыка залы жaңа жыл мерекесіне сай безендірілген.

Музыка ойналып балалар музыка залына кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата-аналар және қонақтар! Міне көптен күткен қыс мезгілі де ортамызға келіп жетті. Ағаштар ақ көрпесін жамылды. Қыс айында бәріміз асыға күтетін тамаша бір мереке бар. Ол қандай мереке айтыңдаршы. Ол жаңа жыл мерекесі.

Жаңа жыл келді, міне , жерімізге,

Әкелсін құт береке елімізге.

Жақсылық пен қуаныш жылы болып,

Қиындықты жолатпасын бәрімізге.

Жаңа жылды тойлау үшін осы әсем шыршаның жанында барлығымыз жиналып отырмыз.

Шыршаға арнап ән айтамыз

1Ән : «В лесу родилась елочка» «Шырша біздің ортамызда».


1Тақпақтар: Катя, Дияна,Алдияр,Ернар, Меруерт,Даниял.Алан.

Шыршаның астынан сауысқан шығып Аяз атадан келген хабарламаны оқиды.

Сауысқан: -Хабарлама, хабарлама. «Құрметті менің кішкене бүлдіршендерім, сендерге асыққаным сонша, талға келіп іліп алдым, қолымдағы қабымды . Қабымды жыртып алып, ішіндегі бар сыйлықтарыды шашып алдым. Сыйлықтарымды жинап алғанша, сендерге, Ақшақар немеремді жіберемін. Мейірімді балалар, бірақ байқандар, реңжітпеңдер менің немеремді.»

Жүргізуші:

-Оркестірді ойнатып біз, қарсы аламыз ақшақарды.

Балалар музыкалық аспаптарда ойнайды. Сол кезде ақшақар болып киініп алған Мыстан кемпір келеді.

Мыстан кемпір:

-Келдім міне мен, міне мен...

Жүргізуші:

-Сен кімсің?

Мыстан кемпір:

-Қалай кім? Немере қыз.

Жүргізуші:

-Ах, сен Аяз атаның немересі екенсің ғой?

Мыстан кемпір:

-Солай... Немерені қарсы алыңдар, аман сау болыңдар.

Жүргізуші:

-А сен ақшақар екенсің ғой, ал Аяз ата қайда?

Мыстан кемпір:

-Оның асыққаны сонша, ыстықтап, барлық сылдырмақтарды шашып алды.

Жүргізуші:

-Ол не деген сылдырмақ?

Мыстан кемпір:

-Қалайша, қапшық жыртылып барлық сылдырмақтар шашылды емеспе.

Жүргізуші:

-Біздің балалар сылдырмақпен ойнамайды, сен ешқандайда Аяз атаның немересі емессің, сондықтанда аман-сау тұрғанда кет бұл жерден, ал біз мерекені тойлауды жалғастырамыз.

Мыстан кемпір:

-Бірақ Аяз ата айтты емеспе «Менің немере қызымды реңжітпеңдер деп» а?

Жүргізуші:

-Балалар мүмкін ол шынымен де ақшақар шығар?

Балалар:

-Жоқ.

Жүргізуші:

-Кім сонда бұл болғаны?

Балалар:

-Мыстан кемпір!

Мыстан кемпір:

-Мен сендермен мерекеде қалғым келеді.

Жүргізуші:

-Балалар қалдырамыз ба?

Жарайды қал, бірақ біздің ақшақарды алып кел.

Мыстан кемпір кетеді.

2тақпақтар:Ералы,Камила,Ажар,Уразова Томирис,Анар, Ермұрат,Илья.

Тақпақтардан кейін мыстан кемпір қайтып келеді де өзімен бірге ақ киімге оранған пиратты алып келеді.

Мыстан кемпір:

-Балалар міне сендердің ақшақарларын

Жүргізуші:

-Ақшақар сен неге сонша оранып алғансың, даусың да бір түрлі?

Пират:

-Мен шторм кезінде суық тигізіп алдым... ой балалар мен сендерге жұмбақ айтып берейін:

Ой балалар мен сендерге жұбақ әкелдім,

Өз төртбұрыш,төбесі оның үш бұрыш бұл не?

Балалардың жауабы:

-Үйшік.

Пират:

-Дұрыс айтасыңдар балалар

Жүргізуші:

-Міне қызық екен, ақшақар сен не мыстан кемпірмен доссыңба?

Пира(аузың жауып):

-Ой, жоқ,жоқ әрине.Ал қане оданда бәріміз билейік.

Музыка қосылып балалар, мыстан кемпір және пират билейді.Пираттың қызып кеткені сонша, ыстықтап үстіндегі киімін шешіп тастайды да, өзінің кім екенің көрсетіп қояды. Музыка тоқтайды.

Жүргізуші:

-Балалар, бұл Ақшақар емес, Пират қой. Қанекей мыстан екеуін байлап тастайық.

Балалар пират пен мыстан кемпірді байлайды, ал олар қарсылық көрсетеді.

-Бұл әділ емес, кешіріңдер...кешіріңдер...

Жүргізуші:

-А-ааа, қорықтыңдарма,ал қайда біздің ақшақар?

Мыстан кемпір:

-Қазір,қазір алып келеміз.

Балалар оларды шешеді, олар кетеді.

Жүргізуші:

-Балалар, ақшақарды шақырайық. Ол біздің күтіп отырғанымызды білсің.

Барлығы:

-Ақшақар,ақшақар,ақшақар!

Ақшақар көңілсіз келеді:

-Жаңа жылдарынмен.

Жүргізуші:

-Ақшақар саған не болған, неге көңілсізсің? Күлімдемейсің? А,а,а мүмкін сені сыйқырлап тастаған шығар,не істейміз? Балалар біз көңілді тақпақтар мен ән айтсақ сиқырды алып тастармыз, ақшақар сен отырып, біздің балалардың өнерлерін тамашала.

2 Ән: Аяз ата әні

3Тақпақтар:Асылбек Томирис,,Айша,сұлтан, Қыстаубаева Томирис, Адилия, Тамерлан.

Ақшақар:

-Балалар рахмет сендерге, мен бұрыңғы қалпыма келдім.

Алыстан аяз атаның даусы естіледі.

Жүргізуші:

-Балалар аяз ата жақындап қалды, қане атамыз адасып кетпеу үшін оны шақырайық.

Балалар:

-Аяз ата, аяз ата, аяз ата!

Аяз ата келеді, өінің құттықтау сөзін айтады.

Аяз ата:

-Міне менің шыршам,, аяздан қашып, балабақшаға келіпті ғой.

Жүргізуші:

-Аяз ата біздің шыршаыздың шамы жаңбайды.

Аяз ата:

-1,2,3 шырша біздің жайнай түс.(таяғымен 3 рет тарсылдатады)

Ән : аяз ата әні.

Жүргізуші:

Енді Жаңа жылды қарсы алайық

Жаңа жыл келіп тсөзін айтады.

-Аяз ата алыс сапардан келдіңіз, отырып біздің ертегіні тамашалаңыз.

Көрініс: «Қоян мен түлкі»ертегісі.

Аяз ата:

-Рахмет сендерге балалар, ертегілерін тамаша екен, ал сендерге қыс мезгілінде көңілді ме?

Балалар мен ақшақар:

-Қорықпаймыз аяздан да, қорықпаймыз суықтан да.

Аяз ата қорықпайсыңдар аяздан?!!

Ендеше ойын ойын ойнайық.

Ойын: «Қатырамын»

Жүргізуші:

-Мейірімді аяз ата, ал сен бізбен бірге «Ойлан ,тап» деген ойынды ойнап көрші.

Балалар:Мен ойнаймын ля , ля, ля.\ скрипка\

Аяз ата:Шаштарынды тарап жатырсындар ма?

Балалар :Мен ойнаймын ду ду ду \сыбызғы\

Аяз ата: Сендер сүт ішіп жатқан шығарсыңдар?

- Балалар :Мен ойнаймын дин, дин,дин.\пионино\

Аяз ата: Күрішті тазартып ішіп жатқан шығарсыңдар?

Жүргізуші:

-Аяз ата ештенеде таба алмадын. Одан да кел бізбен бірге би биле.

Аяз ата балалармен билейді.

Аяз ата балалармен билейді.

Аяз ата:

-Ох, ыстық екен сендерде. Ақшақар салқын су әкеліп берші. Ақшақар үлкен шыныаяқ әкеледі.

Оның ішінде конфети болады. Аяз ата ішкен болып, кенет шыны аяқтың ішіндегі конфетиді ата-аналарға шашып жібереді.

4 Тақпақтар:Риза, Дияс,, Алишер, Мадина, Махамбет, Анель, уразбаева Томирис.

Ән: Аппақ екен сақалы.

Би: Ұлдардың орындауында «Аяз ата»биі.

Аяз ата балалармен билеген кезінде, мыстан кемпір келіп оның таяғын ұрлап алады.

Ақшақар:

-Аяз атасен сыйлық жайында ұмытып кеткен жоқсынба?

Аяз ата:

-Қазір мен сиқырлы таяғымды алайын.Сиқырлы таяғым қайда?Балалар көрмедіңдерме?

(Мыстан кемпір аяз атаның артында болады. ) Аяз ата бұрылып,таяғын алады да:

-Тағы да бастадыңба? Зұлымдықтан басқа не білесің осы сен?Қазір сені қатырып

тастаймын. Айланды,айланды. Қол-аяғы байланды..мыстан кемпір айқайлайды.)

Мыстан кемпір:

-Ой,ой, керек емес, ой-ой-ой.

(Қызық қалыпта қатып қалады.)Пират жүгіріп келіп мыстан кемпірді аяйды.

Пират:

-ах,мыстаным менің, қалайша мен сенсіз енді боламын.Аяз ата, аяз ата мен саған фокус көрсетіп берейін, егер саған ұнаса сен мыстанды жібересің.

Пират фокус көрсетеді.

Аяз ата:

-Жарайды, кешірейін соңғы рет.

Есілді, есілді аяқ-қолы шешілді.

Мыстан кемпір:

-Ой маған не болды.бір түрлі жақсы істер істегім келіп тұр.

Аяз ата:

-Қандай?

Мыстан: Балаларға сыйлық сыйлағым келеді. (Сықырады, Сықырлап үйшік билеп келеді.)

Үйшік:

-Мыстан кемпір, мыстан кемпір.

Мыстан кемпір:

-Кім мені шақырып жатқан, маған алдыңмен, ал шыршаға артынмен бұрыл.

Үйшік:

-Аяз ата қайда, ол балаларға сыйлық әкеле жатқан. Қапшығын оның орманда таптым,қар болып қалмасын деп үйшікке кіргізіп қойдым.Терезені 3 рет қақсаң, сыйлықты аласың.

Аяз ата мен мыстан кемпір терезені тағады, ішінен сыйлық шығады.

Аяз ата:

-Рахмет саған үйшік,бірақ қалған сыйлықтар қайда?

Үйшік:

-Балалар маған жақсы би сыйласа, қалған сыйлықтың қайда екенің айтамын.

Би: Арива.

Үйшік:

-Қалған сыйлықтар шыршаның астыңда.Ал маған кету керек, сау болыңдар балалар.

Аяз ата сыйлықты сыйлап, балалармен қоштасады.

Жүргізуші:

-Осымен біздің аңа жыл мерекесі өз соңына жетті. Келіп тамашалағандарынызға көп рахмет. Сау болыныздар.








Адилия:Ертегі «Қоян мен түлкі»

Автор Адилия: Ертеде қоян мен түлкі болыпты. Түлкінің үйі мұздан, ал қоянның үйі ағаштан болады. Көктем келеді. Түлкінің үйі еріп кетеді, ал қоянның үйі қалпынша тұрады. Түлкі қоянға келіп.

Түлкі -\Риза\: Қоян,қоян, мен бір түн түнеп шығайыншы.

Автор Адилия:Қоян түлкіні кіргізеді, ал түлкі қоянды қуып шығады.Қоян жолмен жылап келе жатады, алдынан ит шығады.

Ит:Гаф,гаф,гаф, қоян неге жылайсың?

Қоян Мадина: Түлкінің үйі мұздан, ал менің үйім ағаштан болды. Түлкі мені үйімнен қуып шықты.

Ит: Жүр, мен саған көмектесемін.

Автор Адилия:Екеуі түлкіге келеді.

Ит: Гаф,гаф.гаф, шық үйден түлкі.

Түлкі-\Риза\: Шықпаймын, қазір мен шықсам, жаман болады саған, кет бұл жерден, аман тұрғанда.

Автор- Адилия: Ит қорқып қашып кетеді.Қоян жолмен жылап келе жатады, алдынан аю шығады.

Аю \Алишер\: Қоян, неге жылайсың?

Қоян Мадина: Түлкінің үйі мұздан, ал менің үйім ағаштан болды. Түлкі мені үйімнен қуып шықты.

Аю: \Алишер\: Жүр, мен саған көмектесемін.

Қоян Мадина: Жоқ, сен шығара алмайсың, ит қуду-қуды шығара алмады. Сен де шығара алмайсың.

Аю: \Алишер\: Жоқ, шығарамын, жүр.

Автор - Адилия: Екеуі түлкіге келеді.

Аю: \Алишер\: Түлкі, шық үйден!

Түлкі-\Риза\: Шықпаймын, қазір мен шықсам, жаман болады саған, кет бұл жерден, аман тұрғанда.

Автор - Адилия: Аю қорқып қашып кетеді.Қоян жолмен жылап келе жатады, алдынан бұқа шығады

Бұқа\Махамбет\:Му,му.му Қоян неге жылайсың?

Қоян Мадина: Түлкінің үйі мұздан, ал менің үйім ағаштан болды. Түлкі мені үйімнен қуып шықты.

Бұқа\Махамбет\:: Жүр, мен саған көмектесемін.

Қоян: Жоқ, сен шығара алмайсың, ит қуду-қуды шығара алмады, аю қуды-қуды шығара алмады.Сен де шығара алмайсың.

Бұқа\Махамбет\:; Жоқ, шығарамын.

Автор Адилия: Екеуі түлкіге келеді.

Бұқа\Махамбет\::Му,му,му шық түлкі үйден!

Түлкі-\Риза\:: Шықпаймын, қазір мен шықсам, жаман болады саған, кет бұл жерден, аман тұрғанда.

Автор Адилия: Бұқа қорқып қашып кетеді.Қоян жолмен жылап келе жатады, алдынан әтеш шығады

Әтеш:Ку-ка-ре-ку! Қоян неге жылайсың?

Қоян Мадина: Түлкінің үйі мұздан, ал менің үйім ағаштан болды. Түлкі мені үйімнен қуып шықты.

Әтеш: Жүр, мен саған көмектесейін.

Қоян Мадина: Жоқ, сен шығара алмайсың, ит қуду-қуды шығара алмады, аю қуды-қуды шығара алмады, бұқа қуды-қуды шығара алмады. Сен де шығара алмайсың.

Әтеш: Жоқ, шығарамын жүр.

Автор Адилия -: Екеуі түлкіге келеді.

Әтеш: Ку-ка-ре-ку! Шық түлкі үйден, қолымда орағым бар, басынды шабамын қазір!

Түлкі-\Риза\:: Киініп жатырмын, киініп жатырмын.

Әтеш: Ку-ка-ре-ку! Шық түлкі үйден, қолымда орағым бар, басынды шабамын қазір!

Түлкі-\Риза\:: Киініп жатырмын, киініп жатырмын

Әтеш: Ку-ка-ре-ку!

Автор Адилия -: Түлкі қорқып қашып кетеді. Содан қоян мен әтеш дос болып, тату-тәтті өмір сүреді.

Автор Адилия: рольдерде: қоян- Мадина, түлкі-Риза, ит-Камила, аю-Алишер; бұқа-Махамбет ;әтеш- Ернар.

Ернар айтады: автордың сөзін оқыған- Айдана.








«Қостанай қаласы әкімдігінің

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

11 бөбекжай-бақшасы»

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.









«Жаңа жыл келді,

міне , жерімізге!»




Өткізген:Досатова К.Д.

Рүстемова А.Б.

Ересек «Қарлығаш» тобы.










Қостанай қаласы.

2012-2013ж.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-389332

Похожие материалы